Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

МУМИНУН 4 страница




Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз бет бұруда. (1)

Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды. (2)

Олардың жүректері боста. Жасырын кеңескен залымдар: “Бұл сендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?”,- (деп күңкілдесті). (3)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Раббым; жер, көктегі сөйленгенді біледі. Сондай-ақ Ол, толық естуші, білуші” деді. (4)

Олар: “Олай емес. Бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, өзінің жасандысы. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бізге бұрынғы елшілерше бір белгі келтірсін” деді. (5)

Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент (халқы) иман келтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме? (6)

Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар. (7)

Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес. (8)

Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып, оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та, шектен шығушыларды жоқ еттік. (9)

Сендерге ішінде өздеріңе үгіт болған бір Кітап жібердік. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (10)

Қаншалаған халқы залым кентті талқандадық та, одан кейін басқа ел жараттық. (11)

Сонда олар азабымызды сезген сәтте, ол жерден қаша бастады. (12)

“Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар” (деді). (13)

Олар: Өкінішке орай біз залым екенбіз” деді. (14)

Осы дауыстары; біз оларды орылған шөп, сөнген отқа айналдырғанға дейін сенбеді. (15)

Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қып жаратпадық. (16)

Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақ өз қасымыздан-ақ жасап алар едік… (17)

Егер өтірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді де сонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендей өкініш. (18)

Көктер мен жердегілер Алланікі. Оның қасындағылар, Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да, шаршамайды. (19)

Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды. (20)

Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктерді тірілте ме? (21)

Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк. (22)

Ол, істегендерінен сұралмайды да, олар сұралады. (23)

Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма? (Мұхаммед Ғ.С.): Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардың Кітабы және менен бұрынғылардың Кітабы” де. Олай емес, олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады. (24)

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік. (25)

Сонда олар: “Алланың баласы бар” деді. Алла одан пәк. Олай емес, періштелер ардақты құлдары. (26)

Олар, Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар, Оның әмірін ғана орындайды. (27)

Алла олардың өткенін де, келешегін де біледі. Олар, Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннан тітірейді. (28)

Олардан кім: “Алладан өзге мен де тәңірмін!,- десе, оны тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тарттырамыз. (29)

Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме? (30)

Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық. Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық. (31)

Аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса, мұндағы белгілерден бет бұрады. (32)

Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді. (33)

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма? (34)

Әркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар. (35)

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңді мүлде тәлкектеп: “Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?”,- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы. (36)

Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімді көрсетемін. Менен тез тілемеңдер. (37)

Олар: “Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?”,- дейді. (38)

Егер қарсы болғандар; оттан беттерін де, арқаларын да қорғай алмайтын мезгілді білсе еді. (39)

Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да, өздеріне мұрса да берілмейді. (40)

Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да ажыуаланған. Сонда мазақтағандардың, тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен. (41)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерді күндіз-түні Алладан кім арашалай алады?”,- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда. (42)

Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма? Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды. (43)

Әрине, оларды да, аталарын да ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық. Ал енді олар, жерді айналасынан (апаттар арқылы) кеміткенімізді көрмей ме? Сонда жеңіске солар ие бола ма? (44)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді” де. (45)

Рас, егер оларға Раббыңның азабынан азғантай ғана жетсе, олар: “Нендей өкініш! Біз залым екенбіз” дейді. (46)

Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз. (47)

Рас Мұса мен Һарұн (Ғ.С.) ға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік. (48)

Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді. (49)

Бұл Құран біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған да қарсы келесіңдер ме? (50)

Рас, бұрын Ыбырайым (Ғ.С.) ға да туралық берген едік. (51)

Сол уақытта ол; әкесіне, еліне: “Мына сендер шоқынған мүсіндер не?”,- деді. (52)

Олар: “Біз аталарымызды осыған табынған түрде таптық.”,-деді. (53)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Рас сендер де, аталарың да адасудасыңдар” деді. (54)

Олар: “Сен бізге шындықты әкелдің бе? Ойнап, жүрсің бе?”,- деді. (55)

“Олай емес. Негізінде сендердің Раббыларың, көктер мен жердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ болушыларданмын” деді. (56)

“Аллаға серт етемін! Сендер бұрылып кеткеннен кейін әлбетте пұттарыңа соқтығамын” (деді). (57)

Сонда оларды быт-шыт қылып, бәлкім осыған айналар деп, үлкенін ғана қойды. (58)

Олар: “Бұны тәңірлерімізге кім істесе де ол, анық залым екен” десті. (59)

“Ыбырайым деген бір жігіттің осыларды сөз қып жүргенін естідік” десті. (60)

“Оны, көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер” десті. (61)

“Әй Ыбырайым! Осыны тәңірлерімізге сен істедің бе?”,-десті. (62)

“Бәлкім мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар” деді. (63)

Олар өзара: “Шынында сендер залымсыңдар” десті. (64)

Сосын олар, мүсеуірей сүлкиіп: “Расында бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой” деді. (65)

“Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?” (66)

“Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?”,- деді. (67)

Олар: “Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымды өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер” десті. (68)

“Әй от! Ыбырайымға салқын, зиянсыз бол” дедік. (69)

Олардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға қастық істегілері келді. Бірақ өздерін сәтсіздікке ұшыраттық. (70)

Лұт (Ғ.С.) ты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жерге жеткіздік. (71)

Ыбырайым (Ғ.С.) ға Ысхақты артықша Яғқұпты бердік. Бәрін де түзу кісілер еттік. (72)

Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық. Олар бізге құлшылық қылушы еді. (73)

Лұт (Ғ.С.) қа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді. (74)

Оны рахметімізге бөледік. Рас ол жақсылардан еді. (75)

Бұрын жалбарынған Нұх (Ғ.С.) тың тілегін қабыл етіп, оны әрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік. (76)

Оны, аяттарымызды жасынға шығарған елден қорғадық. Өйткені олар, сұмпайы ел еді. Сонда оларды түгел суға батырдық. (77)

Дәуіт пен Сүлеймен (Ғ.С.) ді есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. (78)

Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен де әрқайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дәуіт (Ғ.С.) пен бірге Алланы дәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік. (79)

Дәуіт (Ғ.С.) ке сендерді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау өнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме? (80)

Сүлеймен (Ғ.С.) ге қатты желді бағындырдық. Оның әмірімен, біз мүбарак қылған жерге жүреді. (81)

Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан да мойынсал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік. (82)

Әйүп (Ғ.С.) те Раббына: “Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың” деп, жалбарынды. (83)

Сонда тілегін қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып, сондай-ақ құлшылық қылушыларға ғибрат үшін өзіне семьясын және олармен бірге бір есе артық мәрхамет етіп, бердік. (84)

Ысмайыл, Ыдрыс, Зүлкәфил (Ғ.С.) дерге де (мәрхамет еткен едік). Солардың барлығы да сабырлы еді. (85)

Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар, игілерден еді. (86)

Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды да біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтың қарнында): “Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым” деп, жалбарынды. (87)

Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз. (88)

Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: “Раббым! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің” деп жалбарынды. (89)

Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхияны бердік. Әрі жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар, жақсылықтарға ұмтылады. Бізден үмітпен қорқу арасында тілейді де, бізге бәйек болады. (90)

Сондай абыройын қорғаған (Мәриям) ға рухымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де, ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық. (91)

Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар. (92)

Олар араларында дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығы бізге қайтады. (93)

Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істесе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз. (94)

Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес. (95)

Яжұж, Мажұж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. (96)

Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: “Әттеген-ай! Біз бұдан кәперсіз залым екенміз” дейді. (97)

Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер. (98)

Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлде қалады. (99)

Олар, тозақта ыңыранып, олар ол жерде еш нәрсе естімейді. (100)

Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады. (101)

Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады. (102)

Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: “Міне бұл сендерге уәде етілген күн” деп қарсы алады. (103)

Ол күнде, көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз. (104)

Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: “Жерге игі құлдарым мұрагер болады” деп жаздық. (105)

Күдіксіз осы Құранда, құлшылық қылған елге, әрине бір ұқтыру бар. (106)

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік. (107)

“Шын мәнінде маған, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір деп уахи етілді. Онда Соған бой ұсынасыңдар ма?”,- де. (108)

Ал сонда егер олар жүз бұрса: “Сендерді тегіс құлақтандырдым. Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па? Жақын ба? Білмеймін” де. (109)

“Күдіксіз Алла, сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі.” (110)

“Білмеймін. Бәлкім бұл (мерзім) сендер үшін бір сынау, бір заманға дейін пайдалану шығар.” (111)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым, туралықпен үкім ет. Жасама суреттеулеріңе, мейірімді Раббымыздан жәрдем тіленеді” деді. (112)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе, (1)

Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты. (2)

Адамдардың кейі, Алла жайында білмей таласады да қасарысқан шайтанға ілеседі. (3)

Негізінде кім шайтанды дос көрсе; ол, оны адастырып, тозақ отына бастайды деп жазылған. (4)

Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді. (5)

Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла; Ол, хақ. Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді. Өйткені, әр нәрсеге күші жетеді. (6)

Әлбетте қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз Алла, қабірдегілерді тірілтеді. (7)

Адамдардың кейі; білімсіз, жолбасшысыз және сәуле беруші кітабы да жоқ. Алла жайында таласады. (8)

Алланың жолынан адастыру үшін тоң мойындық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде, жандырушы азаптың дәмін таттырамыз. (9)

“Бұл бұрыннан қолекі істегендеріңнің сазайы”. Расында Алла құлдарына зұлымдық қылушы емес. (10)

Адамдардан Аллаға немқұрайлы құлшылық қылатындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да, егер оған бір кесір тисе жалтарып, дүние, ақыретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян. (11)

Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтын нәрселерге сиынады. Міне сол ұзақ адасу. (12)

Сөйтіп олар, пайдасынан зияны жақын біреулерге сиынады. Әрине нендей жаман қожайын! Нендей жаман сыбайлас! (13)

Күдіксіз Алла, иман келтіріп, түзу іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Шынында Алла қалағанын істейді. (14)

Кім Алла дүние, ақыретте пайғамбарға әсте жәрдем етпейді деп, ойласа, дереу бір жіппен төбеге асылып, сосын соны кессін де көрсін. Оның бұл амалы ызаланған нәрсесін келтіре ала ма? (15)

Сөйтіп Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. Рас Алла, қалағанын тура жолға салады. (16)

Расында иман келтіргендер, Яһуди болғандар, Сабилар, Христиандар, Мәжүсилер және Аллаға серік қосқандар, күдіксіз Алла, осылардың арасына билік айтады. Шын мәнінде Алла әр нәрсеге айғақ. (17)

(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді. (18)

Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен безенеді. Ондағы киімдері де жібек болады. (23)

Олар, көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салынғандар. (24)

Шынында қарсы болғандарға, Алланың жолынан сондай-ақ Біз; оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Месжіт Харамнан тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз. (25)

Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) ды Кағбаның орнына: “Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста” деп, орналастырған едік. (26)

Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді. (27)

Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер. (28)

Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып, ыхрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап кылсын. (29)

Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында қайырлы. Сендерге арамдығы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс пұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар. (30)

Нағыз құл болып, Аллаға ортақ қоспаңдар. Кім Аллаға ортақ қосса; сонда ол, көктен түсіп, оны құс іліп, әкететін немесе оны, ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты. (31)

Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан. (32)

Құрбандықтан белгілі мерзімге дейін пайдалануларыңа болады. Сосын ол Кағбаның жанындағы орнына апарылады. (33)

Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр. (34)

Олар, қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді. Өздеріне келген ауыршылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. (35)

Түйе, сиырды сендер үшін; Алланың белгілері (құрбандықтары) қылдық. Мұнда сендер үшін қайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оған Алланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса) жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін; малды еріктеріңе бердік. (36)

Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаға үлгірмейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. Сендерге тура жол көрсеткен Алланы, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік. (Мұхаммед Ғ.С.) жақсылық істеушілерді қуандыр. (37)

Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді. (38)

Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа ұшырағандарға, соғысу үшін рұқсат берілді. Күдіксіз Алланың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді. (39)

Олар, сондай жазықсыз: “Раббымыз Алла” дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла адамдарды, бірін-бірі арқылы қорғамаса, манастырлар, шіркеулер, яһудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер құлатылар еді. Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз Алла, аса көруші, тым үстем. (40)

Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән. (41)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар, сені жасынға шығарса, рас олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың елі және Ғад, Сәмүд елі де жасынға шығарған болатын. (42)

Сондай-ақ Ыбырайым (Ғ.С.) елі және Нұх (Ғ.С) елі де. (43)

Сондай-ақ Мәдяндықтар да жасынға шығарып, Мұса да жасынға шығарылған еді. Сонда ол кәпірлерге мұрса беріп барып, сосын қолға алдым. Танымау қалай екен? (44)

Қаншалаған залым болған кенттерді типыл қылдық. Міне ол, үсті-астына түсіп жатыр. Және иен қалған құдық, ойран болған сарай. (45)

Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінер жүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр. (46)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде Алланың қасындағы бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең. (47)

Қаншалаған кенттерге ол залым бола тұра мұрса беріп барып сонан соң қолға алдым. Әрине барар жері де Біз тарап. (48)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй адамдар! Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертуші ғанамын” де. (49)

Ал иман келтіріп, түзу іс істегендер, оларға жарылқау әрі құрметті несібе бар. (50)

Сондай аяттарымызды бұзуға тырысқандар, міне солар тозақтық. (51)

(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да, елші не пайғамбар жіберген болсақ, қашан ол үміттенсе, үмітіне шайтан күдік салды. Алла шайтанның салатынын жойып, сосын өз аяттарын бекемдейді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (52)

Шайтанның салатынын; жүректері қатайғандарға, сынақ үшін. Залымдар, әрине ұзақ бір қайшылықта. (53)

(Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір ақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды. (54)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 330; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.