Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Асов Александр - Атлантида и Древняя Русь




Доклад

Құрметті мемлекеттік аттестациялау комитетінің төрағасы және мүшелері, сіздердің назарларыңызға «Көп қабатты үйлерді сумен жабдықтайтын сорғы қондырғысының автоматтандырылған электр жетегі» атты дипломдық жобаны ұсынамын.

Дипломдық жобаның мақсаты тұрғын үйдің сорғы қондырғысы үшін автоматтандырылған электр жетегін жобалау және тиімді реттеу тәсілін таңдау.

1-ші слайд. Сорғы қондырғылары өндірістік-тұрмыстық сферасында, жылу жүйесінде сұйықты қайта айдауды іске асыру үшін арналған. Ортадан тепкіш сорғылар ең көп кең таралған динамикалық гидравликалық машиналардың бірі. Олар сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, су тасымалдауда, жылу энергетикасында, химия өндірісінде, атом өндірісінде, авиациялық және ракеталық техникасында кеңінен қолданылады.

2-ші слайд. Ортадан тепкіш сорғы –ортадан тепкіш күш әсер еткенде, сұйыққа қысым түсіру арқылы, сорғыда сұйықтың қозғалуы, жұмыстық доңғалақ қалақшасы әсерінен судың тасымалдануы жүретін қондырғы. Бұл суретте ортадан тепкіш сорғы қондырғысы көрсетілген. Жұмыс істеу принципін білу.

3-ші слайд. Берілген тапсырмаға сәйкес 1Д типті сорғыны таңдадым. 1Д типті сорғылар өнеркәсіпті сумен қамтамасыз ету, қалалық сорғы станциясындарында суды айдап шығу үшін қолданылады.Сорғының техникалық мәліметтері бойынша қозғалтқыш білігіне түсетін номиналды қуатты есептеп, соған сәйкес етіп 4АМ250М2УЗ сериялы 90 кВт –ты қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты таңдадым.

4-ші слайд. Жиiлiк түpлeндipгiштepi- қopeктeндipeтiн кepнeyдiң дeңгeйiмeн жиiлiктiң өзгepyі apқacындa үш фaзaлық acинхpoнды қoзғaлтқыштapдың aйнaлy жылдaмдығын бacқapy үшiн apнaлғaн.

EL-P7012 типті HYUNDAI фиpмacының жиiлiк түpлeндіргiшiн тaңдaдым. Бұл жиiлiк түpлeндipгiшi вeктoрлық басқаpуы жәнe жoғapғы динaмикaлық cипaттaмaмeн қaмтaмacыз eтeтiн унивepcaлды түpлeндipгiш. Элeктр жeтeгiндe aз ғaнa уaқыттың iшiндe жүктeмeнi өзгepтeдi. Сұлбаны білу.

5-ші слайд. Асинхронды қозғалтқыштың табиғи механикалық сипаттамасы көрсетілген. Бұл сипаттаманы электромагниттік моменттің сырғанаудан тәуелділігі Клосс формуласы бойынша есептелініп,тұрғызылды.Сырғанау өлшемін 0-ден 1- ге дейін деп алып, бұрыштық жылдамдық және сырғанау арасындағы тәуелділікті біле отырып, бұрыштық жылдамдығының моментке тәуелді механикалық сипаттамасы есептелді. Электр механикалық сипаттамалар статор тогы мен ротор тогының сырғанауға тәуелділігін көрсетеді. Мұнда сырғанаудың мәнін 0 ден 1- ге дейін бере отырып, ротор тогының сырғанауға тәуелділік графигі тұрғызылды.

6-ші слайд. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың табиғи механикалық сипаттамасы алынған кейін, әр түрлі айналу жиіліктері үшін жасанды механикалық сипаттама тұрғызылды. Бұл сипаттамада жиілікті өзгерте отырып, тұрғызылды. Жанындағы суретте статор тогының сырғанауға тәуелді графигі тұрғызылды.

7-ші слайд. Электр жетегі ретінде «Жиіліктік түрлендіргіш-асинхронды қозғалтқыш (ЖТ-АҚ)» жүйесі таңдалды. Бұл әдіс көмегімен сорғыш электрқозғалтқыш жылдамдықтарын сатылы емес реттеу үшін қолданылады. Электр қозғалтқышының жылдамдығы мен қорек көзінің кернеуін өзгертумен реттеледі. Керекті сұйық қысымын азайтқанда, электр энергияны пайдалануды азайтады. Бұл слайдта электр жетегінің функционалды сұлбасы көрсетілген. Электр жетегінің автоматты басқару жүйесі, басқару объектісінен және реттеуіштен тұрады. Басқару объектісі ретінде, энергияны түрлендіретін электр жетек жиынтығын, электрқозғалтқышты қоректендіретін, және жұмыстық органы ретінде ортадан тепкіш сорғы қондырғысы муфт арқылы қозғалтқыш білігімен бірге бірлескен. Реттеуішті есептеу және іске асыру, электр жетегі автоматты басқару жүйесінің берілген тапсырма бойынша есептеу арқылы іске асырылады. Бұл кезде реттелетін өлшем- желідегі сұйықтың қысымы. Жиілік түрлендіргіште реттеуіш жүзеге асырылған, электрқозғалтқышты қоректену үшін таңдалған.

8-ші слайд. Электр жетегінің басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы көрсетілген. Бұл құрылымдық сұлба электр жетек басқару жүйесінің, «Жиілік түрлендіргіш-АҚ» математикалық сипаттамасы болып табылады.

Интенсивтілік задатчигі, үлкен уақыт тұрақтысынан tзи тұратын апериодикалық буын болып табылады. ФП- функционалды түрлендіргіш, таратып жіберу қисық формасының қолданып, қорек көзінің кернеуі U және салыстырмалы жиілік a берілген мәні бойынша түрлендіреді. Апериодикалық буын тұрақты уақыттымен Тэ электрқозғалтқыштың электрмагниттік қасиеттерін ескереді. М (U, w, a) блогы электрқозғалтқыштың моментін және келесі шамаларды (критикалық моментті және критикалық сырғанауды) қорек көзінің кернеуінің тәуелділіктерін(қорек көзінің жиілігін, қозғалтқыштың жылдамдығын) есептеу жүргізеді. Моментті алдынғы бөлімде Клосс формуласы бойынша, критикалық сырғанауда, критикалық моменттке де есептеу жүргізілген.

Құрылымдық сұлбаның ықшамдалған түрі. Электр жетектің басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы бір ғана апериодикалық буыннан –интенсивтілік задатчигі, ал оның тұрақты уақыты электр жетектің басқару жүйесінің инерциондық қасиеттерін анықтайды.

Қысым бойынша кері байланыс коэффициенті кос

Электр жетегінің беріліс функциясыWэп СУЭП (Электр жетегінің басқару жүйесі)

Беріліс коэффициентін кнас.

Тұрақты уақытпен Т0 = 0,01 с берілген апериодикалық буын, сорғының су шашырау қысымын бақылап тұрады. Қысым арқылы болатын кері байланыс коэффициенті былай анықталынады:

Кос = Uз max / Нmax, (6.4)

мұндағы, Нmax – желінің максималды қысымы (25 м);

Uз max – тапсырма бойынша максималды кернеу, 10 В деп

алдық.

Сондықтан, Кос = 10/25 = 0,4 м/В.

9-ші слайд. Асинхронды қозғалтқыштың матлаб пакеті ортасында виртуальды моделі құрылып, асинхронды қозғалтқыштың параметрлері енгізіліп, және де қажетті элементтердің параметрлері енгізіліп, өтпелі үрдістердің графиктері алынды. Бірінші режимде қозғалтқыш жүктемесіз іске қосылады. Айналу жылдамдығының және моменттің уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген.

10-ші слайд. Екінші режимде тең жүктеме қозғалтқыш кезінде Статикалық момент номиналды моментке тең кезде, f=50 Гц, Uл=380 В, ал Мс=290 Нм=Мном. Айналу жылдамдығының және моменттің уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Үшінші режимде жүктеме секірісі кезінде бірінші графигінде ротордың айнлау жылдамдығының және екіншісінде электромагниттік моменттің уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген.

11-ші слайд. Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімінде Өрт сөндірудің дренчерлік жүйесі, өрт ошағының жануын және олардың автоматикалық өрт сөндіру жүйесі қарастырылды.

12-ші слайд. Электрқозғалтқыштың тиімді жүйесін техника-экономикалық бөлімде, бұл бөлімде екі электрқозғалтқыштың салыстыруды қарастырды. Салыстырылатын қозғалтқыштар үшін қаржы бөлу және келтірілген шығындар есептелді. Реттелмейтін электр жетегі мен реттелетін электр жетегі салыстыру жүргізілді. Реттелмейтін электр жетегінің кемшілігі электр энергияны көп тұтынады. Реттелетін электр жетегінің негізгі шығыны жиіліктік түрлендіргіш болып табылады. Экономикалық негізде талдауға сәйкес құрамында жиілік түрлендіргіші бар электр жетегі тиімді болып табылады.

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

 

 

Древняя история и предыстория Руси, Атлантида и античная история Европы, ведическая религия славян и Гиперборея…

А. Асов, морской эколог и геохронолог, исследователь, переводчик и интерпретатор знаменитых «Книги Белеса», «Звездной книги Коляды» и других уникальных литературных памятников Древней Руси, освещает в своей монографии взаимосвязь этих и других великих тайн человечества, раскрывая множество неизвестных или малоизвестных фактов и событий, предлагая по‑новому взглянуть на удивительную близость славянской и мировой мифологии.

Может, таинственный древний Китеж и был знаменитой исчезнувшей в водах Атлантидой?..

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 690; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.