Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Модульдік кітап




Модульдің атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір

 

Шығарылған мерзімі:

Нұсқасы: 1

 

 

Еуропалық кредиттер саны – 11

Студенттердің сағаттық жүктемесі – 315 сағат

Орыс тілі – 135 сағат

Қазақстандағы тұрақты даму және экология – 90 сағат

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – 90 сағат

Дене тәрбиесі – 30 сағат

 

 

Астана – 2014

 

 
 


Модульдің жауапты үйлестірушісі Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы

Модульді үйлестірушісінің электрондық поштасы __ [email protected]

Модульді үйлестірушісінің телефон нөмірі 8775 391 82 05

Модуль координаторының қолы _________________________

Жоғары мектебінің директора _____________ Жолаев Р.К.

МОДУЛЬ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Модуль атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір:

Ø Орыс тілі. Тіл экологиясы - Қазақстанның тұрақты дамуы факторларының бірі.

Ø Экология. Мазмұнды және тұрақты (ғаламдық) экономиканың даму принциптері

Ø Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. Өмірлік қауіпті жағдайлардың алдын алу және жою.

Ø Дене тәрбиесі (оқытудың қосымша түрі)

Модуль пәндері экологиялық даму, қауіпсіз даму, мәдени даму аясында бір- бірімен тығыз байланысты.

Модульді оқып үйрену студенттерге қазақ тіліндегі білімдер негізінде теориялық, қолданбалық, коммуникативтік дағдылар саласында жалпы құзіреттерге ие болуға мүмкіндік береді, қазақ халқы мен Қазақстан аумағында тұратын басқа да этностардың экологиялық мәдениетіне сыйластықпен қарауға баулиды.

Студенттер проблемаларды шешудің тиімді жолдары туралы хабарлама жасауға және осы ақпараттарды өмірлік жағдайлардың аспектілеріне қатысты қолдануға, өзінің қауіпсіздігін дұрыс сақтауға үйренеді.

Модуль мақсаттары:

«Қазақстандағы тұрақты өмір» атты модульді оқыған кезде студент алған білімдерін жүйелей алуы, базалық тарихи категорияларды анықтай алуы тиіс, «Тіл экологиясы - Қазақстанның тұрақты дамуы факторларының бірі» пәні бойынша модульдің мақсаты – оқыту үдерісінде академиялық жазу мәдениеті дағдыларын дамыту; орыс әдеби тілінің нормаларына сәйкес эссе жазу қағидаттарын үйрету.

«Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері» модуль пәнінің мақсаты – Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелерді қарастыру, олардың себептерімен шығу жолдарын анықтау.

«Өмірлік қауіпті жағдайлардың алдын алу және жою» модуль пәнінің мақсаты табиғи және техногенді сипаттағы қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда адамдардың қауіпсіз іс-әрекеті туралы, қауіпті және төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы, мемлекетті қорғау бойынша азаматтардың міндеттері туралы білімді зерделеу және меңгеру болып табылады. Сонымен қатар, студенттер жеке қорғаныс құралдарын қолдануды, зардап шегушілерге дәрігерге дейін көмек көрсету дағдыларын меңгеру болып табылады.

Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы

 

Модульде қамтылған пәндерді біріктіретін және модуль тақырыбына қатысты пәнаралық топтық тапсырмалары ретінде эссе жазылады. Эссе жазуға ұсынылатын тақырыптар:

1. «Шекарааралық өзендердің экологиялық проблемалары»

2. «Әлеуметтік сипаттағы қауіпті жағдайлар».

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:

1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).

2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.

3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын …), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.

4. Модуль тапсырмасын орындауға қойылатын талаптар: жазбаша түрде бастауыш топқа 300 сөз, жалғастырушы топқа 500 сөз, 14 шрифт, интервалы 1. Тапсырма орыс тілінде орындалып, қорғалады..

Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

¾ эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;

¾ мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;

¾ жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;

¾ өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;

¾ мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;

¾ ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;

¾ ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;

¾ жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.

 

Курс бойынша бағалау схемасы

 

РЕЙТИНГ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Бақылау түрлері Бақылау формасы Балдары Жұмыс саны
  Ағымдық (АғБ) Семинар/тәжірибелік сабақтарына тапсырмалар 1-100 (24%) 1 кредит - 2 2 кредит - 4 3 кредит - 6 4 кредит - 8 6 кредит - 12
  Аралық (АрБ) Аудиториялық бақылау (4 және 8-апталар) 1-100 (16%)  
Модуль бойынша бақылау Модульдік тапсырма (8-апта) 1-100 (20%)  
Қорытынды (ҚБ) Емтихан 1-100 (40%)  
Қорытынды баға   100%  

 

Аралық бақылау 4 және 8-аптада кеңес сағаттарын жүргізетін оқытушылардың өткізетін аудиториялық бақылау тапсырмаларының негізінде көрсетіледі. Ағымдық және аралық бақылаулардың қорытындысы бойынша 4 және 8-аптада студенттердің рейтингісі қорытындыланады, Аралық бақылауды өткізу міндетті. Аралық бақылау өткізілмесе рейтинг шығарылмайды.

Р1 / 2 = АғБ*0,6 + АрБ* 0,4 = 100%

Емтиханға рейтингтен 50%-дан жоғары балл алған және модульдік тапсырманы 50%-дан жоғары балл жинаған студент жіберіледі.

Пән бойынша емтихан 9-10-апталарда өткізіледі. Емтихан материалына осы курс бойынша оқытылған барлық материал енгізіледі, атап айтқанда: дәріс, семинар/тәжірибе/зертхана сабақ материалдары.

 

МОДУЛЬ ПӘНДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-29; Просмотров: 571; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.