КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Білім - максималды 100 балл 1 страница
* Пән бойынша баллдық-рейтингтік бағалау өзгерістері №2 үлгіде көрсетілген Емтиханды жүргізу және бағалау технологиясы Қорытынды бақылау: дифференциалды сынақ, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) ауысша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларды тексеру және т.б.)
қорытынды бақылауда білім алушының білімін бағалау. E= (Е1+Е2)/2 × 0,4 мұнда, Е1 -емтиханның I кезеңінің балдары Е2 – емтиханның II кезеңінің балдары.
Студенттің емтиханға жіберілу рейтингі қорытынды бағада 60% кем болмау керек, сондықтан да, пән бойынша семестрлік бағалау келесі формула арқылы анықталынады: Rд = t × 0,6 мұнда t – күнделікті бақылау
Қорытынды баға жіберілу рейтингімен және қорытынды бақылау бағасының қосындысынан тұрады: I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда I – қорытынды баға R – емтиханға жіберілу рейтинг бағасы E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан) Қорытынды рейтинг 60% жіберілу рейтингтен және 40% қорытынды бақылау бағасынан тұрады. I = Rд + (Е1 + Е2) /2 х 0,4, мұнда I – қорытынды баға Rд – жіберілу рейтинг бағасы Е1 – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша тестілеу) Е2 – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша әнгімелесу) Рейтинг I - 60%, емтихан I - 40% құрайды. Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік бағасы
«Қоғамдық денсаулық» пәні бойынша
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Құрастырғандар: м.ғ.к., доцент Пругло Г.Ю., м.ғ.к., доцент Кожекенова Ж.А., м.ғ.к., аға оқытушы Нурбакыт А.Н.
Курс: үшінші Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ Мақсаты: Студенттер қоғамдық денсаулықтың анықтамасын, негізгі ұғымдарын, пәні мен зерттеу әдістерін білуі тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 1948 жылы «денсаулық деген ауру- сырқаулықтың, кемістіктің жоқ болуы ғана емес бұл физикалық рухани және әлеуметтік салауаттылықтың сақталуы» деген ұғым қалыптастырған. Қалыптасқан ұғым бойынша денсаулықты зерттеудің 4 деңгейі бар: 1 – ші деңгей — жеке адамның денсаулығы. 2 - ші деңгей — кішігірім топтардың немесе этностардың денсаулығы — топтық денсаулық. 3 – ші деңгей — халық денсаулығы, немесе, белгілі бір әкімшілік – аумақтық жерде тұрушылар (облыс, қала, аудан, және т.б.) денсаулығы. 4 - ші деңгей — қоғамдық денсаулық — қоғам денсаулығы, бұл бір мемлекеттің, құрлықтың, әлемдегі елдерді алғандағы жалпы денсаулығы Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау жеке медициналық ғылым ретінде әлеуметтік жағдайлардың және сыртқы ортаның халық денсаулығына әсерін зерттеп халықты сауықтыру мақсатымен профилактикалық шараларды жүргізу және медициналық қызмет көрсетуді жетілдіруді көздейді. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау нақты тарихи жағдайда тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы әр түрлі медициналық салалардың, әлеуметтік, экономикалық, басқарушылық, философиялық мәселелердің кең аясын зерделеумен айналысады. «Қоғамдық денсаулық — қоршаған ортаның әр түрлі себепшарттарының және өмір сапасы мен қауіпсіздігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрғындардың өмір салтынымен негізді еліміздің маңызды экономикалық және әлеуметтік потенциалы». Әр түрлі клиникалық пәндерге қарағанда қоғамдық денсаулық жекелеп алынған тұлғалардың денсаулығын ғана емес, өмір жағдайлары мен салтына байланысты ұжымдардың, әлеуметтік топтардың және толығымен қоғам денсаулығының жай-күйін зерделейді. Қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтік, жүріс-тұрыстық, биологиялық, геофизикалық және басқа да себепшарттардың кешенді әсерлерімен бірдей сипатталады. Осы себепшерттардың көпшілігі қауіп себепшарттары ретінде анықталуы мүмкін. Қауіп факторлары — жүріс-тұрыстық, биологиялық, генетикалық, экологиялық, әлеуметтік сипаттағы, аурулардың дамуын, олардың белең алуы мен сәтсіз аяқталу ықтималдылығын жоғарылататын қоршаған және өндірістік ортаның денсаулық үшін аса қауіптілігі. Аурулардың тікелей себептеріне қарағанда (бактериялар, вирустар, қандай да бір микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артықтығы және басқалар) қауіп себепшарттары әсер етеді, аурулардың пайда болуы мен әрі қарай дамуы үшін қолайсыз жағдайларды тудырады. Қоғамдық денсаулықты зерделеу кезінде оны анықтайтын факторлар, әдетте, келесі топтарға біріктіріледі: 1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар (еңбек жағдайы, тұрмыс жағдайлары, материалдық игіліктер, тамақтану деңгейі мен сапасы, демалыс және т.б.). 2. Әлеуметтік-биологиялық факторлар (жас шамасы, жынысы, тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігі мен т.б.). 3. Экологиялық және табиғи-климаттық факторлар (тіршілік ортасының ластануы, орташа жылдық температура, экстремалды табиғи-климаттық себепшарттар және т.б.) 4. Ұйымдастыру немесе медициналық факторлар (тұрғындардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің сапасы, медициналық-әлеуметтік көмектің қол жетімділігі және т.б.) Қоғамдық денсаулықтың өзіндік әдіснамасы мен зерттеу әдістері бар. Мұндай әдістеріне статистикалық, тарихи, экономикалық, экспериментальдық, хронометраждық зерттеулер, әлеуметтік әдістері кіреді. Қоғамдық денсаулықты сипаттайтын негізгі критерилеріне: — медициналық-демографиялық (туушылық, өлім, табиғи өсім, сәбилер өлімі, шала туылған балалардың туылу жиілігі, болашақ өмір сүрудің орташа ұзақтығы; — аурушылық (жалпы, жұқпалы, уақытша еңбекке жарамсыздық, медициналық тексеру мәліметтері бойынша, негізгі эпидемиялық емес немесе жұқпалы емес, ауруханалық); — алғашқы немесе біріншілік мүгедектік; — физикалық даму көрсеткіштері жатады. Денсаулық (аурулық) жағдайлары туралы мәліметтерді жүргізілген медициналық тексерулер мен халықтың медициналық көмекке жүгінуі негізінде, арнайы таңдамалы зерттеулер нәтижесінен, өлім себептері туралы мәліметтерден және т.б. алуға болады. Қоғамдық денсаулық өзінің әдістемесі мен зерттеу әдістеріне ие. Ондай әдіс болып табылады: санақтық, тарихи, экономикалық, тәжірибелік, жылнамалық зерттеулер, әлеуметтік әдістер және т.б. Тұрғындардың немесе олардың жеке топтары денсаулығының жағдайын талдау дәрігердің қызметінде міндетті болуы тиіс. Денсаулықты және оларды анықтайтын себепшарттарды кешенді зерделеудің негізгі элементтері болып табылады: 1) денсаулықтың жағдайы туралы ақпарат жинау; 2) денсаулықтың жағдайы туралы ақпаратты өңдеу және талдау; 3) денсаулықтың жағдайымен ортаның себепшарттарын байланыстыру туралы гипотезаларды алға тарту; 4) ортаның себепшарттарын бағыттай зерттеу мен денсаулықтың сипаттамасын тереңдете зерттеу; 5) ортаның себепшарттары мен денсаулық сипаттамаларының арасындағы сапалық тәуелділікті анықтау; 6) аурудың алғашқы алдын алу үшін қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шешімдерді қабылдау; 7) қабылданған шешімдерді жүзеге асыру; 8) қабылданған шешімдердің тиімділігін тексеру. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд. Әдебиет: 1. Лисицын Ю.П., Сахно А.В. Здоровье человека – социальная ценность. – М.: Мысль, 1989.–270 б. 2. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б. 3. Общественное здоровье и здравоохранение /Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – М.: МЕДпресс-информ, 2003. – 528 б. 4. Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: Учебное пособие для вузов. – М.: ГЭОТАР-медиа, 2008. – 64 б. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 б. Бақылау сұрақтары: 1. Халықтың және адамның қоғамдық денсаулығының анықтамасы. 2. Қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістері. 3. Денсаулықтың зерттеу деңгейлері. 4. Денсаулықты анықтайтын факторлар. 5. Қоғамдық денсаулықты сипаттайтын критерилер. Тақырып 2. ДЕМОГРАФИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ Мақсаты: Студенттер медициналық-демографиялық жағдайды бағалауды және есептеу тәсілдерін білуі керек Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген. Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.
Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 577; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |