Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пойызды диспетчерлік байланыс

Пойызды диспетчерлік байланыс пойыз диспетчерінің кезекшісімен (ДНЦ) пойыз қозғалысын басқаруға арналған. ДНЦ пойыз қозғалысы графигінің және басқару учаскесінде кезекті жоспар тапсырмаларының орындалуына жауап береді. Басқару учаскесі пойыз қозғалысының қарқындылығымен, жүк жұмысының көлемімен, сонымен қатар станциялар санымен анықталып, 100 ден 120 км дейін таңдалады. Басқару учаскелерінің шегарасын әдетте сұрыптаушы, учаскелік станциялар мен қала маңындағы құрамдардың айналым станциялары белгілейді. Басқару учаскелерінің санын бөлімшелік жол шегінде, теміржолдың үйлесімділі мен ұзақтығы анықтайды. Диспетчерлер отыратын орын жол бөлімшесінің ғимаратында немесе арнайы жабдықталған димспетчерлік басқарц орталықтарында болады.

Пойызды диспетчерлік байланыс пойыз қозғалысын жедел басқару үшін қолданылады, сонымен қатар локомотив машинисттерімен ДНЦ-ның сөйлесулерін қамтамасыз ете отырып, сол басқару учаскесінде орналасқан қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатады. ПДС арқылы диспетчерге жүру жолындағы жылжымалы құрамның бұзылғаны туралы және учаскедегі жүк және пойыз жұмыстарынына әсер ететін басқа жағдайларда (жол құрылғысының, желі түйіспесінің, автоблокировканың және т.б. істен шығуы) сол мезетте хабарлайды.

Кезекті қабылдаушы және тапсырушы диспетчерлер, станциялардағы барлық кезекшілерге мағлұмат беретін, кезекті өткізетін бұйрықтарды қалыптастырады. Кезекшілер сағаттарын диспетчерлермен біруақытта салыстырады.

Пойызды диспетчерлік байланыс абоненттері. Учаскедегі пойыз қозғалысын технологиялық басқару процессі ПДС-ке абонент айналымы бойынша қойылатын талаптарды анықтайды. Техниканы пайдалану ережесінің (ПТЭ) 6.41 пункттіне сәйкес ПДС арнасына, станция бойынша кезекшілердің, маневрлік диспетчерлердің, операторлардың, ауыстыру пункттері мен локомотив деполарындағы кезекшілердің, локомотив диспетчерлері мен энергодиспетчерлердің, сонымен қатар сигнал беру және байланыс дистанцияларының кезекші инженерлерінің жұмыс орындарында орнатылатын аралық пункт аппаратураларын қосуға болады. Диспетчерлік орталықтандырылған (ДЦ) учаскелерде МПС белгілеген заңға сәйкес, переезд кезекшілерінде орнатылған аралық пункттерді қосуға болады.

Пойызды диспетчерлік байланыс арнасына аралықта локомотив машинисттері мен дрезина жүргізушілерінің (пойыздың еріксіз тоқтауы кезінде), қалпына келтіруші және өрт сөндіруші пойыз бастықтарының, СЦБ электромеханиктері мен қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен қоректендіру құрылғылары бойынша жүргізілетін жұмыстардағы жетекшілердің тасымалдаушы телефон аппараттарын уақытша қосып тұруға рұқсат етіледі.

ПДС арнасына әрқашан қосылып тұратын абоненттердің жалпы саны, тональді шақыру аппараттарының мүмкіндігімен анықталады. Қолданыстағы жүйе арнаға 34 абонент желілерін қосуға рұқсат етеді.

Постанциялық байланыс

Постанциялық байланыс (ПС) аралық станциялардағы жұмысшылардың бір-бірімен және учаскелік станциялардағы жұмысшылармен қызметтік сөйлесулеріне арналған. ПС арналары жалпы қолданыстағы жолды телефон байланысы желілерінің құрама бөлігі болып табылады және разъездерде немесе аралық пунктерде орналасқан кез-келген абонет желісімен, жолды абоненттермен жалпықызметтік сөйлесулерді жүргізу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Постанциялық байланыс ереже бойынша, аралық станциялардағы жұмысшылардың жалпымемлекеттік байланыс желісіндегі абоненттерімен қалааралық сөйлесулерін жүргізу үшін қолданылады. Постанциялық байланыс бөлімшелік байланыстың басқа түрлерімен салыстырғанда, жұмысшылары аралық пункттерде орналасқан теміржол көлігінің әр түрлі бөлімшелеріндегі өндірістік жиналыстардан бастап, осы жұмысшылардың жалпықызметтік сөйлесулеріне дейін уақытша қолданылады.

ПС абоненттеріне аралық станцияларда тұратын немесе жұмыс істейтін және басқа ОТС түрлеріне қосылмаған, әр түрлі бөлімшелердің жұмысшылары жатады. Бір ПС арнасына қосылған абоненттер саны, келіп түскен жүктемені және талап етілетін қызмет сапасын ескеретін, телефонометриялық есептеулермен анықталады.

ПС арнасына станциялардағы және тартым (тяговая) станция бөлімшелеріндегі кезекшілерде, сонымен қатар телефон аппараттары жоқ ЖАТС (теміржол АТС-тері) түйіспелі желілердің дистанциялық пункттерінде, телеграфтарда, аялдама пункттеріндегі билер кассаларында, жүк және техникалық конторларда, қарауылдардың қорғалатын объектілердегі орындарында, сонымен қатар жедел байланыс керек болған жағдайда, аралық станцияларды тұратын теміржол көлігі жұмысшарының квартираларында орнатылған аралық пункт аппаратурасын қосады. Бұдан басқа, аралық станциялардағы ПС арнасына, ПС абоненттерінің АТС абоненттерімен екіжақты байланысы үшін, аз сыйымдылықты жергілікті АТС қосылады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Желілі-жолды байланыс
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 2815; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.