Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Телефон желісі




 

Телефон байланысың жүйесі: телефон желісі мен абоненттік терминалдардан тұрады.

Жалпы жағдайда телефон желісі дегеніміз – коммутация түйіндерінің жиынтығы. Телефон желісінің ролін автоматты телефон станциялары (АТС) орындайды. АТС қызметі, коммутация түйіндеріндегі байланыс арналары мен абоненттік арналарды жалғайды, абонент терминалдарын АТС-пен байланыстырады – бұның барлығы біріншілік желі. Абоненттік арналарды көбінесе «соңғы миль» арнасы деп, немесе жай ғана «соңғы миль» деп атайды.

Абоненттік терминалдар (оларға абоненттік телефон аппараттары, офистік АТС немесе компьютерлердің жатуы мүмкін) желіге әдетте мыс сым жұптары арқылы – абоненттік жол (желі) арқылы қосылады. Абоненттік жолдың желіде өзінің бірегей нөмірі (абонент нөмірі) болады; оның ұзындығы қағида бойынша 7-8 км аспау керек, және де оның бойымен ақпараттың берілуі көбінесе аналогты формада жүргізіледі.

Еліміздегі телефон байланысы құрамына: жалпы қолданыстағы телефон желісі (ТфОП) мен жалпы қолданыстағы жылжымалы радиотелефонды байланыс желісі (РТОП) кіретін телефонды байланыс жүйесінен (СТфС) тұрады.

Жалпы қолданыстағы екіншілік телефон желісі дегеніміз – автоматты телефон станцияларының (АТС), автоматты коммутация түйіндерінің (УАК), абоненттік аппараттар мен жолдардың, сонымен қатар біріншілік желіден алынған тарату арналарының жиынтығы. Бұл екіншілік желіде біріншілік желінің ярустарына ұқсас иерархия бар.

Ереже бойынша абоненттер бұл иерархияға осы желінің төменгі ярусы болып табылатын жергілікті (қалалық немесе ауылдық) байланыс желілері арқылы қосылады. Жергілікті желілер аймақ ішілік біріншілік желінің байланыс арналары арқылы аймақтық желілермен (ортаңғы ярус) біріге алады. Әр түрлі аймақтар (жоғарғы ярус) арасындағы байланыс біріншілік магистральді желілердің арналары арқылы іске асырылады.

Ауылдық телефон желілері (АТЖ-СТС) радиалды немесе радиал-түйінді әдіс бойынша құрылады.

 

жолдарды (арналарды) жоғарғы дәрежеде қолданатын түзу жол

жоғары сапалы қызмет көрсететін айналмалы немесе түзі жол

 

3.1-сурет. Ауылдық телефон желілерінің құрылу сұлбасы

 

Аймақ ішілік желі негізінен радиал-түйінді принцип бойынша құрылады.

Автоматты қалааралық телефон желісі өзінде екі принципті үйлестіреді: радиал-түйінді және «әрқайсысы әрқайсысымен».

Телефон желілерінің арналары үшін (телефонды арналар) тональді жиілікті (ТЧ) типтік арналар мен әр түрлі тарату жүйелеріндегі (кабельді, талшықты-оптикалық, радиорелелік, спутниктік және т.б.) цифрлы тарату арналары қолданылуы мүмкін. Телефон желілерінің жолдары үшін физикалық тізбектер, ТЧ арналары мен цифрлы тарату жүйелерінің арналары қолданылуы мүмкін. АТС-тер бір-бірімен жалғаушы жолдар арқылы байланысады – қазірге кезде жалпы қолданыстағы барлық желілерде 4-сымды цифрлық жолдар қолданылады (әрбір бағыттағы сигналдарды тарату үшін – бір АТС-тен екіншісіне және керісінше, бір сым жұбы қолданылады).

Телефон желілері аймақтық телефон желілері мен қалааралық телефон желілерінен тұрады.

Аймақ дегеніміз – телефон желісінің барлық абоненттері бірыңғай жеті мәнді нөмірленумен қамтылатын мемлекет территориясының бір бөлігі. Аймақ шегарасы тұрғындардың максималды саны мен елдің әкімшілік бөлінулерін, конфигурациясы мен көлемін ескере отырып, аймақтағы телефондар санымен анықталады. Аймақтың шегарасын анықтау барысында келесі факторлар ескерілуі керек:

- желінің 20 жылдан кем емес дамуын ескере отырып, аймақтағы жергілікті телефон желісінің нақты (теориялық) сыйымдылығы барлығын қосқанда 8 млн. нөмірден аспау керек;

- аймақ ішінде

- аймақ әкімшілік ауданның территориясын қамту керек; бір аудан территориясында бірнеше аймақ ұйымдастырыла алады.

Аймақ автоматты қалааралық телефон станциясын (АҚТС-АМСТ) орнату арқылы ұйымдастырылады.

Аймақтық желі аймақ пен аймақ ішілік телефон желісінің территориясында орналасқан жергілікті телефон желілерінен тұрады.

 

Радиобайланыс жүйелері

 

Телефон байланысының сымсыз жүйелері әдетте радиотелефонды байланыс жүйелері деп аталады, ал шет елдерде - Wireless Local Loop (WLL). Соңғы жылдары радиотелефонды байланыс жүйелері кеңінен дами бастады. Олар көбінесе мобильді байланысқа (mobil – жылжымалы) арналған аймақтық телефон жүйелері ретінде қолданылады, сонымен қатар, сымды телефон жолдары болмаған кезде (мысалы, жаңа құрылыс орындарында, ауылдық жерлерде және т.б.) стационарлы объектілермен байланысу үшін қажет.

Радиотелефон жүйелерін құру қымбат бағалы телекоммуникацияларды төсеуді, күрделі инженерлік жұмыстарды жүргізуді талап етпейді, санаулы күндер ішінде жер бедері мен ауа райы шарттарына қарамай-ақ, байланыс ұйымдастырылуы мүмкін.

Радиотелефонды байланыс технологиялары телекоммуникация жүйелері дамымаған үлкен қалаларда, тез үлкейіп жатқан қала маңы мен саяжай қоныстарында, кішкене қалалар мен аз тұрғыны бар ауылдық жерлерде байланыстың қажеттілігін қамтамасыз ете алады.

Радиотелефонды байланыс сымды телефонияның орнына әрдайым қолдануға арналған бәсеге қабілетті балама (альтернатива) болуы мүмкін, өйткені сымды телефония бірталай ақша қаражаты мен күнделікті қызмет көрсетуде көп еңбекті талап ететін күрделі шаруашылық болып табылады, және де дәл уақытында қажетті жедел жалғауды қамтамасыз ете алмайды.

Қарапайым сымды телефон жүйесімен салыстырғанда, сымсыз байланыс маңызды артықшылықтарға ие:

- ауа райы шарттары мен телекоммуникация инфрақұрылымынының болуына қарамастан, кез-келген жағдайларда орнатылу мүмкіндігі;

- жылжымалы (мобильді) тұтынушылармен сенімді және жедел байланысты қамтамасыз ету;

- жүйені ұйымдастыру бойынша көп еңбек сіңіруді талап етпейді, және де қолданысқа енгізу қарқыны айтарлықтай жылдам;

- оны құруға арналған қаражат шығыны 2-3 есеге аз;

- жүйенің өзіне жұмсалған қаражатын шығару мерзімі аз;

- жүйені басқару мен ақпараттарды қорғау бойынша жан-жақты қызмет көрсетеді.

Радиотелефонды жүйелердің ішінде олардың мынадай түрлері болады:

- ұялы радиотелефонды байланыс жүйесі;

- транкингті радиотелефонды байланыс жүйесі;

- радиотрубкалы телефондар;

- радиотелефонды ұзартқыштар;

- дербес спутникті радиобайланыс жүйелері.

Қазіргі уақытта әлемде радиотелефон жүйелерінің жұмыс істейтін протоколдарын анықтайтын, елуге жуық әр түрлі стандарттары бар.

 

Құжатталған электр байланыс желілері

 

Телеграфты байланыс – электрлік сымды байланыс арналарының бойымен қысқа құжатталған хабарларды автоматты түрде қабылдап/таратуға арналған.

Телеграф байланыстың ежелгі түрлерінің бірі болып табылады. Бірінші электрлі телеграф аппаратын 1832 жылы орыс оқымыстысы П. Л. Шиллинг ойлап тапқан, 1837 жылы өзінің телеграф аппаратын америка тұрғыны С. Морзе жасап шығарды. Бұл телеграф аппараттарындағы ақпараттар қағаз ленталарында нүкте мен сызықша символдарының комбинациялары («Морзе әліппесі») түрінде тіркелетін болған.

Кейінірек XIX ғасырдың аяғында әріп теруші телеграфты аппараттар – телетайптар пайда болды. Барлық ақпараттар телетайптарда қағаз беттерінде басылады, ал қажет кезде перфоленталарда тіркеледі. Қабылдаушы аппаратта да ақпарат дәл осылай басылым құжатында және перфолентада тіркеле алады. Ақпарат тікелей байланыс арнасымен дербес компьютерге де енгізіле алады. Барлық телетайпты аппаратуралар қайтымды болып табылады, яғни ақпараттарды қабылдаушы ретінде де, таратушы ретінде де жұмыс істей алады. Телетайптардың көпшілігінде ақпараттарды тарату жылдамдығы 50,75 немесе 100 бит/с (400-800 белгілер/мин) тең.

Телетайпты қабылдап/таратушы аппаратурасының байланыс арнасы ретінде телеграфты, сондай-ақ телефонды арналар да қызмет ете алады. Бірақ телефонды арнада келістіруші аппаратура (модем) қарастырылуы тиіс.

Телефон арнасымен құжатталған текстті ақпаратты таратуды көбінесе дейтефонды байланыс деп атайды. Дейтефонды байланыс ақпараттарды тарату үшін телефонды байланыс арналарын қолданады, ал қабылдап/таратушы аппаратура ретінде модемдермен біріктірілген қарапайым телетайп аппаратурасы да, әлеуметтік (социальная) аппаратура да қолданыла алады.

Факсимильді байланыс (facsimile communication) – жылжымайтын бейнелер мен тексттерді қашықтан (дистанционно) таратуға арналған процесс; оның негізгі қызметі жіберушінің қағаз беттеріндегі құжаттарын алушының қағаз беттеріне жіберу болып табылады; бұндай құжаттар ретінде тексттер, сызулар, суреттер, фотосуреттер және т.б. болуы мүмкін. Негізінен ақпараттарды факсимильді әдіспен таратуды, құжаттардың қашықтан көшірмесін алу деп түсінуге болады.

Бұрындары факсимильді байланысты фототелегрфты байланыс деп атаған, бірақ МККТТ ұсыныстары бойынша «фототелеграфты байланыс» терминін тек жартылай тонды бейнелерді тарату жүйесі үшін ғана қолдануға тура келеді; ал жартылай тонды құжаттарды да, сондай-ақ штрихты құжаттарды да тарату жүйесі үшін, «факсимильді байланыс» термині ортақ болып табылады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 8552; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.