Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Психолого–педагогическая характеристика дошкольника. 2 страница




 

I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

ІІ. Азаматтық қорғаныс міндеттері.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

Жағдайлар туралы» ҚР Заңы

ІІ. Құтқару әліппесі экстремалдық жағдайлар

Кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқауы

Жер сілкіну.

ІІІ. Төтенше жағдайлар

АДАМ НАНҒЫСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚАЛАЙ ШЫҒЫУҒА БОЛАДЫ (Джоуш Пайвелен мен Дейвид Боргенихттің «Аман қалудың ең нашар көрінісі» кітабынан)

I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар туралы» ҚР Заңы

(2006.10.01 берілген өзгерістер мен толықтырулар)

5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері

Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;

- төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнінде хабардар етуге;

- қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдістерін үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға;

- қарауындағы өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;

- заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға міндетті.

ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың пайда болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерін жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер құрылуын, дайындалуы мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

 

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МІНДЕТТЕРІ.

 

· Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;

· Шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;

· Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;

· Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайындықта ұстау;

· Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;

· Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;

· Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техногендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;

· Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;

· Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;

· Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың, катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;

· Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі және олардың зардаптары;

· Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және қажет күш-құралдар санын анықтайды;

· Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік қызметкерлерге және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;

· АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;

· Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).

ҚҰТҚАРУ ӘЛІППЕСІ ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЫ

Жер сілкінуіне дейін:

Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.

 

Алдын-ала дайын болыңыз:

· Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;

· Үш күнге жететін тамақ пен су;

· Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;

· Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;

· Жылы киім мен аяқ киім.

 

Алғашқы жер сілкінісі кезінде:

· Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;

· Газ, су және жарықты сөндіріңіз;

· Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

 

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):

· Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;

· Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;

· Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;

· Лифтіні пайдаланбаңыз.

 

Егер көшеде болсыңыз:

· Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;

· Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

 

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:

· Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

 

Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:

· Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;

· Сынған терезелердің құлауы;

· Үзілген электр желілері;

· Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;

· Өрт;

· Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.

Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісен кейін:

· Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;

· Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;

· Радиоқабылдағышты қосыңыз;

· Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;

· Ашық отты пайдаланбаңыз;

· Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.

 

Назар аударыңыздар!

Радио үнемі қосулы тұрсын!

Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!

Өрт

· Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

· Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;

· Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;

· Автокөліктен шыққан жалынға;

· Күн күркірегендегі найзағайларға;

· Майланған материалдың үйкелісіне;

· Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

 

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

· Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

· Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

· Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

· Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

· Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

· Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

· Жаңа басталған өртті сумен, Қалай жылыну керек

Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз.

Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.

Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз.

Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз.

Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

· ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;

· паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;

· ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.

 

Паналайтын жерде отырып не істеу керек:

· паналаған орынды белгілеу керек;

· бір-біріңе жақын отыру керек;

· барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;

· Су киімді сығу керек;

· ыстық шәй, кофе ішу керек;

 

Түн уақытта не істеу керек:

· Ішімдік ішпеу;

· отты қараусыз қалдырмау;

· орынды себепсіз қалдырмау.

 

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

· машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;

· автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;

· қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;

· пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.

 

Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:

· даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;

· егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;

· егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.

 

Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.

Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

· ваннада (40 С жооғары емес);

· ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.


 

Табиғатқа шығар кезде
Жыланның шағуы Сыртқы көрінісі Алғашқы көмек
Шаққан кезде жақын орналасқан екі жара, қастарындағы майда жара және ұлы емес тістердің ізі қалады Кез келген жыланның шағуынан кейін удың қанға кетпеуіне шара қолдану керек. Уды тез арада сорып, түкіріп тастау қаже. Бұл 10-15 минут бойында жалғасады. Зардап шегушіге тыныштық жағдайын жасаңыз. Шаққан кезде қолды жұмулы қалыпта ұстаңыз. Аяқты шаққан кезде бірінші аяқты келесісіне таңып тастаңыз. Сұйықтықты жиі ішіп (шәй, минералды немесе күнделікті су), ауруды бәсеңдететін бір-екі дәрі ішу қажет. Таңу құралын шаққан жерден жоғары тағуға болмайды, тек қана шаққан жерді таңып немесе кесіп, отпен күйдіру қажет.
Кененің шағуы Кене теріге еніп, оның сілекейі денені салдандырып тастайтын қасиетке ие, сондықтан оны тез анықтауға болады. Терінің нәзік жерлеріне тексеру жасау керек. Кененің сорған жерін келесі жолдармен жояға болады: кененің арқасына кез келген өсімдік майының тамшысын тамызады, одан кейін ақырын қысқашпен қасып, жай қозғалтып алып тастайды. Қысқаш болмаған жағдайда, жай жіпті алап, адамның денесі мен терінің ортасынан айналдырып қысады. Шаққан жерді иод тұнбасымен, спиртпен немесе зеленкамен сүртеді. Шаққан жерді кесіп немесе күйдірудің қажеті жоқ. Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін емханаға алып бару артықтық қылмайды.

 

 
 

Алғашқы медициналық көмек.

Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары:

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

· Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

· Зардап кезеңдерін анықтау;

· Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

· Талаптарға сай көмек көрсету.

 

Қатты қан кету




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 315; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.