Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Семейное законодательство 5 страница




С) Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады

F) Сенаттың он бес депутатын Президент тағайындайды

Сенат депутаттығына кандидатқа қойылатын талаптар:

А) Жасы отызға толуы керек

D) Жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы болуы қажет

H) Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұруы қажет

Соңғы конституциялық реформалар негізінде:

A) Мәжілістің құрамына байланысты өзгерістер енгізіп, депутаттар санын жүз жеті депутат ретінде бекітті

B) Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл деген нормамен алмастырды

C) Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асыратын жаңа норма енгізілді

Сот билігінің мәні:

В) сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады

E) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді

H) Конституцияның, заңдардың, өзге де актiлердiң, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi

Судьяға қатысты қолдануға болмайтын шаралар:

В) тұтқынға алу, күштеп әкелу

D) сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану

G) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, ҚР Президентiнiң (Сенаттың) келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту

Судьяның қызметi сыйыспайды:

С) депутаттық мандатпен

E) кәсiпкерлiкпен айналысумен

H) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен

Судьяның өкiлеттiгi тоқтатылады:

E) қайтыс болса не соттың шешімі бойынша қайтыс болды деп жарияланса

G) iс-әрекетке қабiлетсiз не iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса

H) оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде

Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру негіздері:

С) ҚР Президенттiгiне, Парламент не мәслихат депутаттығына кандидат болып тiркелсе

E) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе

H) судья әрекет қабілеттігінен айырылса

 

Т

Тарихи миссиясына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне өмiр бойына тиесілі болатын құқықтар:

A) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк құрылыстың аса маңызды мәселелерi бойынша бастамалар жасау

E) Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкiметтiң отырыстарында ел үшiн маңызды мәселелердi талқылау кезiнде сөз сөйлеу.

H) Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына кiру

Тeң сайлау құқығы келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:

C) Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады

D) Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады

E) Үміткерлердің сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi

Төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығын байқатады:

А) жоғары тұрған прокурорлардың нұсқауларының төменгiлер үшiн мiндеттiлiгi

D) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруы

F) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюы, өзгертуi

У

Учаскелiк сайлау комиссиялары:

A) сайлау учаскесiнде депутаттардың және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi

B) сайлау өтетін жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады

C) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды

Ү

Үкімет мүшелерінің мәртебесі:

D) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады

F) өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие болады

H) өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi

Үкiмет мүшелерінің орнынан түсуiне негіз болады:

В) Өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы

Е) Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбеуі.

G) Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы

Үкіметтің Республиканың қауіпсіздігіне қатысты құзыреті:

С) Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады

Е) Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады

H) Республиканың мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады

Х

Халық егеменділігінің ҚР бекітілуі келесі конституциялық нормаларда көрініс табады:

А) Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық

В) Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады

С) халық өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi

 

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 255; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.