КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жауап: Александрович. 2 страница
Эмоциялар бас миының қыртыс - қыртыс асты құрылымдарының қызметіне негізделген күрделі интегралды үрдіс. Эмоция интеграциясы үрдісінде бірінші дәрежелі рөл гипаталамусқа қатысты - ол бас миының төменгі және жоғары жатқан бөліктерімен ағзаның сыртқы және ішкі ортасымен, барлық сезімтал және атқарушы жүйелер мен мүшелер арасындағы әр түрлі байланыстардан тұратын ерекше диспетчерлік пункт болып саналады. Гипотоламус қозғыштығына және ондағы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтарына байланысты эмоция пайда болу факты және олардың сапалық ерекшеліктері түсіндіріледі. Өзін-өзі реттеу ортақ үрдісі шеңберінде әрекуетке түрткі түзіледі (субьектитивті күйзеліс түріндегі эмоциялық қозғалыс) және алдағы әрекеттің энергетикалық қамтамасыздалуы дайындалады (соматовегетативті және алмасулық өзгерістер формасында). Сондықтан барлық эмоциональды реакциялар пульс өзгеруімен, артериялық қысым өзгеруімен, тыныс жиілігінің, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің, биохимиялық көрсеткіштердің және т.б. өзгеруімен жүреді. Қорқыныш немесе ашу жағдайында, жүрек қызметі күшейеді, пульс жиілейді, артериялық қан қысымы көтеріледі, газ алмасу артады, қандағы глюкоза мөлшері өседі, жұмыс жасап жатқан мүшелерге, әсіресе қаңқа бұлшық еттеріне қоректік заттар мен оттегінің түсуі жоғарылайды; бұл кезде қанның ұйығыштығы жоғарылайды, осының әсерінен күрес кезінде (жануарларда) қан ағуы тоқтайды. Басым жағдайда адам эмоциялары саналы қабылданады; эмоция және оның белгілері саналы түрде тежеледі немесе жасырын болады; кез – келген эмоциялық күйзеліс сөз арқылы шақырылуы мүмкін. Эмоцияның объективті белгілеріне тәннің қалыпты көріністері - мимика, поза және оқшау қимылдар (патомимика) жатады.. Адамдарда бұл реакциялар адамзаттың әлеуметтік мәніне қарай, тәрбиеге байланысты өзгеріске ұшыраған және санамен бақыланады, бірақ эмоциялардың физиологиялық механизмі өзгермейді. Егер адам күшпен столды ұрса, онда ол еріксіз тістенеді және тісін қайрайды. Жылау, күлу және басқа мимикалық әрекеттер туғаннан пайда болады, олар әр адамда бірдей және кішкене балалар да мұны жеңіл түрде түсінеді. Мимика және пантомимика адамдардың қатынас құралы болып табылады /эмоциональдық деңгейдегі қатынас/. Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері Эмоциялық көріністер төмендегідей бөлінеді: 1) эмоциялық жағдай 2) эмоциялық реакция 3) эмоциялық қарым-қатынас. Бұзылыс осы аталған топтардың әрқайсысын қамтуы мүмкін. Эмоциялық жағдай. Эмоциялық жағдай жөнінде айтқанда, ұзақ уақыт сақталатын белгілі бір жүйкелік-психикалық тонусты түсінеміз. Эмоциялық жағдайларға ең алдымен жалпы бейтарап сипаттағы, бірақ ағзадағы жайлылық немесе жайсыздық жағдайын бейнелейтін адам көңіл-күйін жатқызамыз. Сонымен қатар, көңіл-күй қалыпты жағдайда адамның әрқилы күйзелістері мен әсершілдігіне байланысты тербелмелі болып келеді. Патологиялық жағдайда көңіл-күй кенет өзгеріп, көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін; ол кенет өзгеріске ұшырауы мүмкін немесе ұзақ уақыт бірқалыпты болуы мүмкін, және де адекватсыз, ситуацияға, адамның психикалық немесе физикалық жағдайына сай болмауы мүмкін. Эмоциональды жағдайдың өзгеруі науқастың психикалық қызметіне мақсатты әсер етіп, мүгедектікке соқтыруы мүмкін. Көтеріңкі көңіл-күй маниакальды жағдайдың басты симптомы болып табылады. Көңілді және қуанышты көңіл-күй күндерге, апталарға, айларға созылады. Науқас өзін бақытты сезінеді, күші және энергиясы тасып, ешқандай дерті және физикалық бұзылысы жоқ тәрізді болып, қоршаған ортадағы жайттардың барлығы қызықтырып, өмір сүруге құштар болады. Олар әр уақытта күлімдеп жүреді, көп қозғалып, көп сөйлеп, сөз тапқыш болып келеді. Осы суреттелген көңіл-күй көтерілуі маниакальды-депрессивті психоздың маниакальды фазасында, кезеңді шизофенияда, орталық жүйке жүйесінің органикалық ауруларында кездеседі. Көтеріңкі көңіл-күй вариантының бірі - эйфория деп аталады. Эйфория кезінде көңіл-күй шектен тыс шабытты жағдайға /маниакальды науқастардағыдай/ дейін көтерілмейді. Бас миы ісігімен, және бас-ми жарақатының жедел кезеңінде және бас миының басқа да органикалық ауруларында қозғалыстық қозумен, алаңғасарлықпен және оғаш жүріс-тұрыспен эйфория жағдайы бақыланады, бұл жағдайды - мория деп атайды. Шизофрения /гебефрения/ ауруындағы есалаңдықты мания мен эйфориядан айыру қажет. Ауру бет аузын қисайтып, тілін көрсетеді, секіреді, билейді, домалайды, кенеттен қатты айқайлап күледі. Бұл «көңілдену» қоршаған адамдардың эмоциональды резонансын тудырмайды, себебі ол бос көңілділік: көңіл-күйдің көтерілуі және оған сәйкес келетін ассоциативті белсенділік болмайды. Көңіл-күй төмендеуі депрессивті жағдайларға тән. Бұл жағдай науқастарда апат тәрізді субъективті күйзеліс. Бұл жағдайдың негізгі белгісі ауыр қайғы-мұңмен көрінеді, кейде бұл жағдай өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізеді. Мұң сезімі кейде аса айқындалады: науқастар жан ауруына, жан немесе жүректегі ауырлық сезіміне шағымданады. Осындай, жүректік мұң (anxietas praecordialis) деп аталатын сезімнің пайда болуы, оған ұқсас стенокардия ұстамасымен дифференциальды диагностика жасауға негіз болады; оны ажырату әсіресе егде тартқан адамдарда және қантамырлық жеткіліксіздігімен адамдарда депрессия жағдайы дамығанда қиындық тудырады. Ауыр депрессия кезінде, әсіресе қартайған шақта кейбір сыртқы тітіркенгіштердің /инфекциялар,ауруды қарау,және т.б./ әсерінен мұң күрт күшеюі мүмкін: raptus melancholicus жағдайына дейін жететін ауыр меланхолиялық қозу жағдайы байқалады. Мұндай науқас аласұрады, қайда болсын жүгіруге тырысады, басын қабырғаға ұрады, шашын жұлады, өзін-өзі өлтіруге дейін барады. Циклотимиялық депрессия кезінде төмен аффект мұң ретінде сезілмейді; науқас өзін нашар сезінетініне, жабырқаулыққа шағымданады. Депрессия қызығушылықтың, әуестіктің, талпыныстардың төмендеуімен жүреді; классикалық депрессияға қозғалыстық және идеаторлы тежелу тән. Кейбір депрессиялық ауруларда anaesthesia psychica dolorosa – жанға бататын сезімсіздік симптомы байқалады. Науқас сезу қабілеттілігінің жоғалғанына, қуаныш, жақын адамына деген махаббатын, аяушылық сезімін жоғалтқанына шағымданады. Науқас бояу қанықтығын /«солғын тартқан»/, тамақтың дәмін /«тамақ шөп сияқты»/ және кейде өз денесін де сезбейтіндігін айтады. Бұл жағдайдың апатиядан айырмашылығы, бұл кезде науқас ауыр күйзеледі. Апатия - бос эмоциональды күй, барлығына толық немқұрайдылық, эмоциональды топастық /тупость/- дефицитарлы симптомға жатады. Апатия шизофрениялық үрдіске, тотальды органикалық деменцияға тән. Дисфория жағдайы - тітіркенгіштік, қаталдық, ызалылық, өзі мен айналасындағыларға көңіл толмаушылықпен, атылғыштықпен, агрессивті және күйрететін әрекеттерге бейімділікпен жүретін өзгерген көңіл-күй кезеңдері. Бұл жағдай теріс және оң да эмоциямен көрінуі мүмкін. Тітіркенген-мұңлы жағдай аяныш сезімін тудырмайды, ал ызалы көңілділік айналадағылардың көңілін көтермейді. Дисфориялар эпилепсияның үлкен ұстамасының эквиваленті болып табылады, және де алкоголизммен наркоманиямен науқастар абстенсенциясы жағдайында, психоорганикалық синдромда бақыланады. Жігерсіздік - эмоциялық әлсіздік, сезімдер сферасындағы лабильділік жағдайы. Болмашы нәрсеге қатысты көңіл-күйдің үнемі тербелісімен сипатталады; тез арада жылайды, ал көңіл-күй көтерілгенде – сентиментальдылық бақыланады. Бас миының қантамырлық зақымдануында, соматогенді астенияда байқалады. Абдырау - өзіндік сана және заттық сана бұзылысымен психикалық қызметтердің жедел бұзылысының дамуымен бірге жүретін шатасу жағдайы. Көздері кеңінен ашылған, кезбе көзқарас, сенімсіз қозғалыс, сұрамшыл сөз – науқастың бар кескіні өз жағдайы мен болып жатқан жайтты түсінбейтіндігін суреттейді. Абдырау шизофренияда симптоматиканың онейроидты сана күңгірттенуіне бағытталуы кезінде айқын көрініс береді. Эмоциялық реакция - биологиялық немесе әлеуметтік мәні бар тітіркендіргішке эмоциональды жауаптар. Көңіл-күймен салыстырғанда эмоциональды реакция қашанда нақты болып келеді. Эмоциональды реакция эмоциялық жағдаймен салыстырғанда қысқа және интенсивтілігі жоғары болып келеді. Эмоциональды жауап бергеннен кейін адам қалыпты эмоциональды күйге қайтып келеді. Интенсивтілігі бойынша шамадан тыс эмоциялық реакция аффект деп аталады. Аффект дәрежесіне дейін кез-келген эмоция - теріс және оң, күшеюі мүмкін. Бұл қаһар, ашу, қорқыныш немесе экстаз, энтузиазмның шегіне жеткен көрінісі болуы мүмкін. Көрініс ерекшеліктеріне қарай аффект физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді. Физологиялық аффектте эмоциялық жауап күші бойынша тітіркендіргішке сәйкес келеді, одан асып, реакция шыңында сана тарылуымен бірге жүруі мүмкін, бірақ өз жүріс-тұрысын бақылай алады және осы кезеңде орын алған оқиғалар жөнінде естелік қалады. Патологиялық аффект - психикалық үрдістердің қажуына алып келетін, тітіркендіргіш күші мен сапасына сәйкес келмейтін, буырқанған қимылдық және вазовегетативті көрністермен, сананың күрт тарылыуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматизацияланған әлеуметтік қауіпті сипаттағы жүріс-тұрыс мақсатсыздығымен көрінетін максимальды анық эмоциональды реакция. Патологиялық аффект бірнеше минуттан 1-2 сағатқа созылады, артынан аффективті жүріс-тұрыс кезеңінің толық амнезиялануымен терең ұйқыға ауысады. Осылайша, патологиялық аффект деп психикалық қызметтің жедел қысқа уақыттық бұзылуларының эмоциогенді дамуын айтамыз, осы уақытта адам өзінің істеріне жетекшілік ете алмайды, өз істерінің қателігін түсінбейді, артынан – осы жағдайда жасаған заңға қайшы әрекеттеріне жауап бере алмайды /кісі өлтіруге дейін/. Бас-ми жарақатымен, эпилепсиямен,алкоголизммен, наркоманиямен зардап шегетін адамдар аффективті реакцияларға бейім болып келеді. Дисфориялық реакция - дисфория жағдайындағы науқас адам реакциясы. Бұл эмоциональды пароксизм, ол тек сырттай қоршаған орта тітіркендіргіштеріне жауапты ызалы-агрессивті реакция ретінде көрінеді, бірақ өзінің мәні жағынан мидағы алмасу үрдістерінің тербелісінің салдары болып табылады. Қатал кеюмен күйрететін реакция болмашы себептен, кейде онсыз да пайда болады, ол науқастың өзіне немесе жансыз заттарға бағытталуы мүмкін. Дисфория жағдайындағы адамның қозуы брутальдылықпен, бірбеткейлікпен сипатталады, және оны шақырушы тітіркендіргіш ликвидациясынан кейін де тоқтамайды. Өзінің типті түрінде эпилепсия кезінде көрініс береді. Эмоциональдық қатынастар - эмоциялық таңдамалылық, эмоцияның белгілі бір оқиғалармен, адамдармен немесе заттармен тұрақты байланысы. Біз өзімізді қандай-да бір заттармен қоршаймыз, тек со, нақты адамдармен байланыс жасаймыз, бір нәрсеге талпынамыз және бір нәрседен қашқақтаймыз, симпатия және антипатия сезінеміз – осының барлығы эмоциональдық қатынастарымыздың белгісі болып табылады. Эмоциональдық қатынастардың күрт өзгеруі, мысалы, жақын адамын жоғалту дертті күйлер – невроздар және реактивті психоздардың шақырушысы болуы мүмкін. Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар Ерік - бұл саналы, мақсатты психикалық белсенділік. Ерік қызметі ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады: 1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы; 2) қабылданған шешімді орындау. Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және таңдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуальдық және т.б.) сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін. Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек - нақты объектке саналы талпыныс. әуестік ситуацияны ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, таразыға салынып бағаланады. Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады. Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау - адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М.Сеченов кез-келген психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимыл арқылы іске асатынын көрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз қозғалыс шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде қолды тартып алу); еріксіз қозғалысқа сонымен қатар эмоциямен байланысты мимикалық қимылдар, және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті қозғалыс негізінде И.П. Павлов анықтағандай шартты рефлекторлық үрдіс жатыр. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үрдістің кез-келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация, қозғалыс және толық жүріс-тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Клиникалық тәжірибеде зейін, әуестік патологясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады. Зейін бұзылысы Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану қабілеті түрінде активті және пассивті болуы мүмкін. Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады. Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды. Зейіннің жиі бұзылыстары қажуы, алаңдаушылығы және патологиялық қадалу болып табылады. Зейін қажуы астениялық жағдайға тән. Мұндай науқас әңгімелесу және ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап қайтару сапасы төмендейді, ақыл қызметі төмендейді. Бұзылыс негізінде ішкі тежелудің жетіспеушілігі жатыр. Зейін алаңдаушылығы маниакальды ауруларға тән. Науқас зейіні үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектке шоғырлануы, бір орында отыру мүмкін болмайды. Зейіннің патологиялық қадалуы депресивті ауруларда байқалады. Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта ойында бір ғана тақырып қайталанады - өз күйінен шығар жол жоқтай. Әуестік бұзылысы Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюімен немесе әлсіреуімен, сапалық бұзылысы - бұрмаланумен көрініс береді. Барлық әуестіктер мен тілектердің күшеюі, тежеусізденуі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайларға тән: науқас мешкей, сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірдей бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты соңына дейін аяқтамайды, тез тастап кетеді, кеңпейілді болады; таңдаусыз жыныстық байланысқа түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия (полифагия) – семіздікке алып келетін тәбеттің патологиялық күшеюі; полидипсия – басылмайтын шөл; гиперсексуальдылық - жыныстық инстинкттің күшеюі бақыланады. Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы (абулия) депрессивті жағдаймен жүреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады (анорексия), сексуальды сезім басылады. Тіпті күшті өзін-өзі сақтандыру инстикті тежеледі, нәтижесінде суицидальды қауіптілік жоғарылайды. Абулия шизофрениялық дефектке тән немқұрайдылық (апато-абулиялық жағдай) жағдайында көрініс береді. Тамақтан бас тарту (анорексия) - психикалық аурулар кезіндегі жиі құбылыс. Тамақтан бас тарту себептері галлюциянациялар (тиым салушы, немесе науқас тағамнан жағымсыз иіс сезеді), уландыру, өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өзін күнахар, тамақ жеуге құқым жоқ деп санайды), ипохондриялық (науқас тамақ сіңбей, қуысқа түсіп жатқанына сенімді) сандырақ идеялары, негативизм және ступорлық қозғалыссыздық болуы мүмкін. Жүйкелік анорексия атауы мәлім, толып кету алдындағы қорқынышқа байланысты арықтауға ұмтылу. Осы жағдайлардың барлығында тамақтану рефлексі мен өзін-өзі сақтау инстинкті әлсіреген. Осылайша, анорексия біріншілік, яғни тамаққа әуестік бұзылысымен байланысты, және екіншілік, психикалық қызметтің басқа сферасының патологиясы әсерінен болады. Тамақтан бас тартқан науқастарды шұғыл психиатриялық ауруханаға жеткізіп, емдеу қажет, өйткені бұл жағдайлар өмірге қауіп төндіреді. Суицидальды тенденциялар (өзіне қол жұмсау тақырыбындағы ойлар, сөздер, әрекеттер) галлюцинациялармен (дауыстардың өзіне-өзі қол жұмсауға бұйрық беруі), соңына түсу сандырағымен (науқас соңына түсушілерден қорғана мерт болады), өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өмір сүруге құқым жоқ), қызғаныш (сүйген адамын, артынан өзіне өлтіреді), ипохондриялық сандырақпен (қауіпті, дауасы жоқ аурудан құтылу үшін), айнала фрагментарлы және біржақты болуымен көрінетін сана күңгірттенуімен байланысты болуы мүмкін. Кең өрісті өзіне қол жұмсау жағдайлары мәлім, бұл кезде науқас өзін өлтіру алдында жақын туыстарын өлтіреді, науқас оларды алдағы қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан құтқарып жатқандай сезімде болады. Суицидальды тенденцияның күшеюі науқасты ауруханаға шұғыл жатқызуға көрсеткіш болып табылады. Ауруханаға жатқанға дейін науқас қатаң қадағалауды қажет етеді. Әуестік бұрмалануы (парабулия) жарамайтын заттарды – нәжіс (капрофагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге, перверсияларда жыныстық қанағат сезімін алуға (гомосексуализм, садизм, мазохизм және т.б.) құштарлықпен көрінеді. Бұндай бұзылыстар тұлғаның ауыр патологияларында, психопатияларда, психопатия тәрізді жағдайларда, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі. Импульсивті құбылыс- жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс. Клептомания оқтын оқтын ұрлық жасауға бағытталған күшті талпыныс. Импульсивті әрекет аяқталған соң ұрланған зат иесіне қайтарылып беріледі, немесе лақтырылып тастайды. Пиромания – ешқандай зұлым ойсыз өрт шығаруға құштарлық. Дромомания - қаңғыруға құштарлық. Дипсомания – салынып ішуге алып келетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болатын күшті құштарлық. әуестік қалай кенет басталса, солай аяқталады. Салынып ішулер араларындағы интервалдарда ішімдікке әуестік болмайды, ауру салауатты өмір салтын ұстанады. Амбиваленттілік – қарама - қарсы сезімдердің, тілектердің, әуестіктердің бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып табылады, ол шизофренияға тән.). Қозғалыстық бұзылыстар Қозғалыс бұзылыстары психотикалық жағдайларда жиі кездеседі. Қозғалыстың және толықтай жүріс-тұрыстың бұзылысы қоршаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аудартады және олармен психикалық дерт белгісі ретінде дұрыс қабылданады. Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде бөлінеді - гипо-, гипер- және дискинетикалық – яғни қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, күшеюіне немесе бұрмалануына байланысты бөлінеді. Қимылдық мелшиіп қалу Қимылдық қозғалыстың күрт азаюымен немесе толық қозғалыстың тоқтауымен мелшиіп қалу ступордың клиникалық суреттемесін береді. Органикалық гипо- және акинезиядан ступордың айырмашылығы - моторлы зонаның тежелуінен туындаған қайтымды жағдай. Ступор терең жалпы қатып қалу түрінде толық және қозғалыс сферасын толық қамтымайтын, тұрақсыз, толық емес болып бөлінеді. Толық ступор кезінде науқас бір қалыпта қозғалыссыз, кейде ыңғайсыз позада жатады. Қоршаған ортаға ешқандай реакциясы жоқ, өзін күтпейді, ұқыпсыз болады, табиғи қажеттіліктерін төсекке жібереді. Науқастың өзінің тамақтануы мүмкін емес. Тамақты аузына салғанда шайнамайды және жұта алмайды; тек зондпен тамақтандыру және күтім көрсетілген. Терең ступор жағдайында науқаспен сөздік қатынас мүмкін емес; науқастар сөйлеспейді және жауап қатпайды. Ступормен науқастардағы сөйлемеу мутизм деп аталады. Бұл кезде айналадағы адамдардың сөздерін және болып жатқан жайттарды түсінеді; ступор жағдайынан шыққан науқастар кейде қатып қалу жағдайында неге куә болғанын анық айтып бере алады.
Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 405; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |