Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пікір бергендер




XI. Правила применения семафоров

 

Согласно приказа 326/Н к пункту 120 ИСИ «Семафорная сигнализация на ГЖД не применяется»

 

 

Шүлембаева К.Қ. - ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, б.ғ.д.

 

Абылайханова Н.Т. – биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, б.ғ.к., доцент

 

3 Негізгі оқу бағдарламасы 5В070100 –Биотехнология мамандығы бойынша білім беру-кәсіби бағдарламасының маманданымына сәйкес әзірленген

 

4 Ғылыми-әдістемелік кеңестің №___хаттамасы, «___» ________ 2013 ж. мәжілісінде ҚАРАЛҒАН

 

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

«Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» курс бағдарламасы кредиттік технология негізінде «5В070100-Биотехнология» мамандығы бойынша бакалавр-студенттерді дайындайтын университеттерге арналған.

Соңғы онжылдықта геномды зерттеу процестерін іске асырудың нәтижесінде адам және жануарлардың гендерін молекулалық клондау және оның құрылымын зерттеу мүмкіндігі туды. Осыған байланысты жануарлар жүйелерін қолданумен биотехнологиялық жұмыстар саны кеңеюде. Кәделі селекция және мутагенез жұмыстарымен бірге қажетті белгілерімен жаңа түрлі жануарлар алу мүмкіндігі туды. Сонымен бірге клондау және аллофенді жануарлар алу әдістері дамуда.

Медицина және мал шаруашылықтарындағы маңызды мәселелер биотехнологиялық әдістер көмегімен шешілуде. Атап айтқанда, түсімдерін арттыру, тез көбейту, ауыл шаруашылығына бағалы және жоғалып бара жатқан түрлерді сақтау; генетикалық өзгертілген дарабастар алу; молекулалық диагностика және тұқым қуалайтын немесе өмір сүру барысында пайда болған аурулардың гендік терапиясы, т.б. Жануарлар биотехнологиясының дамуы адам және жануарлар физиологиясы, жеке даму биологиясы, генетика және молекулалық биология салаларындағы фундаментальды зерттеулер үшін үлкен үлес қосады.

Осы курста жануарлар биотехнологиясында қолданылатын әдістер түбегейлі берілген, сонымен қатар қолданылатын құрылым деңгейлері қарастырылған.

Жануарлар биотехнологиясының негізгі методологиялық әдістеріне ерекше көңіл аударылған: аллофенді жануарлар (генетикалық химералар) алу, генетикалық клондау және трансгенді жануарларды алу. Жануарлардың ұрық және соматикалық генетикалық трансформациясы, клеткалық және эмбриологиялық инженерияны қолдану, жасанды ұрықтандыру әдістері, ұрық және жыныс клеткаларын криоконсервациялау, гендік инженерия. Биотехнологияның негізгі бағыттары, биотехнологиялық әдістерді қауіпті ісік мәсеелелерін зерттеуде қолдану және т.б. жұмыстардың негізгі кезеңдері түбегейлі көрсетілген.

Осы курсты оқу нәтижесінде студенттер: жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негізін, клеткалық және эмбриологиялық инженерияның экспериментальды әдістерін, клондау принциптері мен жануарлардың соматикалық және жыныстық клеткалардың генетикалық трансформациясын білулері қажет. Студенттер биотехнологиялық әдістердің ғылымда және медицинада және жануарлар практикасында қолданылатыны жайында мәліметтер алулары қажет.

Теориялық білімдерін ғылымға және практикаға ендіруді және жануарлар биотехнологиясы бойынша эксперименттерді сауатты қоя білуі керек. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын негiзгi объектiлер, әдiстер және принциптер туралы; биотехнологияның әртүрлі салаларының қазiргi жағдайы туралы; жануарлар биотехнологиялық өндірістері мен биотехнологиялық өнiмдеріне қойылатын талаптары туралы түсінігі болуы тиіс;

жануарлар биотехнологиясының теориялық және қолданбалы міндеттерін шешімдер негізін; биотехнологияның даму келешегін; қоғамның биотехнологиялық өнiмдерге сұранысын білуі тиіс;

қызметтiн ғылыми негiзде ұйымдастырудан; биотехнологиялық объектiлердi зерттеудiң әдiстерi мен әдiстемелерiн игеруден; ақпараттарды iздеу, жинау, сақтау және өңдеудiң қазіргі ақпараттық іздеу технологияларынан білігі болуы қажет;

жануарлар биотехнологиясының құрал-жабдықтарын пайдаланудан,зертханалық жануарлар объектілерін (дрозофила, тышқан, үй қояны, қой), микроскоптық техниканы (әртүрлі микроскоп құрылысы, микроманипуляторлар, микроинъекторлар) және хирургиялық инструменттерді қолданудан дағдысы болуы қажет;

биотехнологияның қазiргi мәселелерiн; жұмыс берушілер мен серіктестерді тартатындай кәсiби құзыретті болуы тиіс.

Пререквизиттер: химия, физика, математика, биотехнология нысандары, жануарлар биотехнология негіздері.

Постреквизиттер: биотехнологиядағы процесстер мен аспаптары және элективті кәсіптік пәндер.

 

 

ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

 

№№ Тақырыптың аты
  Кіріспе. Жануарлар биотехнологиясының заманауи әдістері және даму перспективалары
  Жануарлар биотехнологиясының биологиялық ғылымдармен байланысы
  Қолдан ұрықтандыру және эмбриондар трансплантациясының заманауи әдістері
  Сүт қоректілердің химерасын қолдану аймағы
  Жануарларды клондау және бағаналы клеткалар технологиялары
  Жануарларда қолданылатын генетикалық трансформация әдістері
  Криоконсервациялау әдістерінің болашағы
  Эмбриоинженерия әдістерінің негіздері

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1084; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.