Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Метафораның тілдік құбылыс ретіндегі ерекшелігіне тоқталған зерттеу жұмысымызды қорытындылар болсақ




Метафораның тілдік құбылыс ретіндегі ерекшелігіне тоқталған зерттеу жұмысымызды қорытындылар болсақ, төмендегідей ойтүйіндеулеріне келеміз:

Метафора - тілдегі әмбебап құбылыстардың бірі. Ол тілдің аталымдық-когнитивтік сұранысын өтеуші болып табылады.

Адамның әлемді тануы оның тікелей қатысуымен жүзеге асады, сондықтан метафора «антропоөлшемділігімен» ерекшелінеді. Қоршаған әлем адамның өз бақылауы, бағалауы, сезінуі, қабылдауы арқылы танылады. Соған сәйкес, метафора да «антропоөлшемді».

Адам ойлау қабілетінде метафоралану, яғни әр заттың сипатын өзге затпен салыстыру, сол арқылы жаңа ұғымның қалыптасуы ойлаудың негізгі үрдісі болып табылады. Сондықтан адам ойының бейнелі көрінісі ретінде атаулар, оның ішінде көптеген сөзқосым атауларының да метафоралы ойлаудың жемісі ретінде қабылдануы орынды.

Метафоралы жасалған аталымдардың ішкі мағыналық құрылымы бейнелілігімен ерекшелінеді. Бейнелілік категориялық ауысулар нәтижесінде пайда болады.

Адамның жоғарғы ойлау жүйесіндегі танымдық операциялар аталымдық қажеттіліктен нысандардың қасиетін аша түсуде және жаңа ұғымдарды қалыптастыруда нақты нысандардың білім қорындағы ақпараттарды алмастыру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, метафоралар адам ойлау жүйесінің құрылымдық қасиетін ескере отырып, фреймдік құрылымдар арқылы сипатталады.

Метафоралы аталымдар тілдік метафоралар ретінде аталымдық, когнитивтік және прагматикалық қызметтеріне қарай: атауыштық, когнитивтік-атауыштық және бейнелі-бағалауыштық метафоралы аталымдар деп жіктеледі.

Когнитивтік-атауыштық метафоралар дерексіз ұғымдарды таңбалауда немесе ассоциациялық байланыстар негізінде аталым жасаудағы тілдік бірліктер болып табылады.

Бейнелі-бағалауыштық метафоралар тілдік бірліктердің қолданымдық ерекшеліктеріне байланысты бағалауыштығымен, бейнелілігімен ерекшелінетін метафоралар болып табылады. Метафоралы аталымдар шынайы болмыстың тілдегі бейнесін түзуде когнитивтік қызметімен ерекшелінеді.

Комбинаторлы қатынастың үшінші сипатының негізінде метафораның құрамындағы етістіктердің семантикалық валенттілігін құраушы эмосемалардың мақсат пен контекстке байланысты өзектенуі жатыр. Бұл сипаттағы метафораларға біріккен айқын конататтық компоненті бар, тіпті асемантикалық синтагматикалық байланысқа ие құбылған семантикалық валенттілік қасиеті бар метафоралар жатады. Н. А. Басилая мұндай метафоралық тіркестерді бинармдар деп атайды, яғни мағыналық өрісі мен тіркесу қабілеттері әртүрлі сөздердің бірі метафораланып(мағынасы ауысып) екіншісі метафоралап (қасындағы сөздің мағынасын ауыстырып) тіркесуі бинармды метафора деп аталады.

Бұл топтағы эпитет және метафораларда комбинаторлы – синтагмалық қатынас денотаттық, сигнификаттық және коннотаттық, факультативті макрокомпоненттердің өзара және араласа үйлесуінен, сондай-ақ, кеңейген көлемде келуінен көрінеді. Бұрын қолданылмаған сөз орамдарында айту арқылы дәстүрлі метафоралардың тіркесі шеңберін әрі қарай кеңейтуге болады. Тіпті, бұл дәстүрлі метафоралардың өзгеруіне де әкелуі мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991.-463 б.

2. Қасым Б.Қ. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері: Фил. ғыл. док. дисс. - Алматы, 2002. -313 б.

3. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. - Алматы: Ғылым,1987.-269 б.

4. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы.-Алматы,1966.-205 б.

5. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы:Ғылым, 1989.-366 б.

6. Болғанбайұлы Ә; Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-Алматы: Санат, 1997. - 256 б.

7. Құрманбайұлы. Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі: Фил. ғыл. док. дисс. -Алматы, 1998. - 250 б.

8. Сабанбаева А.С. Қазақ тіліндегі концептуалды метафораның қызметі: ф.ғ.к.дисс.-Алматы, 1999. - 130 б.

9. Мұратбаева И.С. Қазіргі қазақ және орыс тілдеріндегі метафораланған терминдердің семантикасы: Фил. ғыл. канд. дисс. -Алматы, 2000.-165 б.

10. Резуанова Ғ.Қ. Қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлар: Фил. ғыл. канд. дисс. -Алматы, 1999.-251 б.

11. Античные теории языка и стиля.- М: Наука, 936. - 156 б.

12. Аристотель Об исскустве поэзии.- М: Наука,1957. - 183 б.

13. Жоль К.К. Мысль. Слово. Метафора. -Киев, 1984. - 303 б.

14. Ричардс А. Философия риторики// Теория метафоры.- Москва: Прогресс, 1999.-44-100 б.

15. Уилрайт.Ф. Метафора и реальность //Теория метафоры.- Москва: Прогресс, 1999.-100-153 б.

16. Блэк М. Метафора ]]Теория метафоры.- Москва: Прогресс, 1999. -153-171б.

17. Арутюнова Н.Д. Метафора и дискурс //Теория метафоры. -М:Прогресс, 1996-12 б.
18. Хосе Ортега-и-Гассет Две великие метафоры //Теория метафоры.- Москва: Прогресс, 1999. -68-82б.

19. Пол Рикер Живая метафора //Теория метафоры.- Москва: Прогресс, 1999.- 416-435 б.

20.Скляревская Г.Н. Метафора в системе языка.- СПб: Наука, 1993. -150 б.

21. Арутюнова Н.Д Тождество и подобие // Проблемы структурной лингвистики. - М: Наука, 1983-4-22 б.

22. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. - Алматы,2001. -205 б

23. Жарықбаев Қ; Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. - Алматы, 2000.-190 б.

24. Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры. Опыт исследования. - М:Языки русской культуры, 1997.-824 б.

25. Телия В.Н. Метафора как модель смыслопроизводства и ее экспрессивно-оцночная функция //Метафора в языке и тексте. - М:Наука, 1988. -20-52 б.

26. Харченко В.К. Переносные значения слов.-Воронеж, 1989.-195 б.

27. Телия В.Н. Метафоризация и ее роль в создании языковой картины мира //Роль человеческого фактора в языке. - М: Наука,1988. -172-204 б.

28. Москвин В.П. Русская метафора: параметры классификации // Филологические науки.-М,2000.-66-75 б.
29. Арутюнова Н.Д. Языковая метафора //Лингвистика и поэтика.-М:Наука,1979.- б.

30. Гак В.Г. Метафора: универсальное и специфическое //Метафора в языке и тексте. -М: Наука, 1988.-11-26 б.

31. Чудинов А.П. Россия в метафорическом зеркале //Русская речь.-М: Наука, 2001, №1.-35-38 б.

32. Кубрякова Е.С. Когнитивная лингвистика и проблемы композиционной семантики в сфере словообразования //Известия АН.-2002.-Т.61, №16. -13-24 б.

33. Жаналина Л.К. Способы верификаций знаний // Когнитивная лингвистика: концепты и парадигмы.-Алматы, 1996. -3-14 б.
34. Баранов А.Н; Караулов Ю.Н. Очерк когнитивной теории метафоры //Русская политическая метафора: Материалы к словарю. -М,1991.-184-193б.

35. Маккормак Э. //Теория метафоры.- Москва: Прогресс, 1999.-356-386 б. б.

36. Филлмор Ч. Основные проблемы лингвистической семантики //Зарубежная лингвистика.-М: Прогресс, 1999.-303-350 б.

37. Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы: Ғылыми монаграфия. – Алматы: «Үш қиян», 2009. 488б.
38. Кекілбаев Ә. Дүние ғапыл. - Алматы: «Жазушы», 2009. 350б.
39. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 440 б.
40. Ахметжан Т. Мұң. – Алматы: «Қазақпарат» баспасы, 2003. – 236 б.
41. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. - Алматы: «Атамұра», 2003. 274б.
42. Әуезов М. Қорғансыздың күні. - Алматы: «Жазушы», 2009. 468б.
43. Нәжімеденов Ж. С. Темірқазық: Өлеңдер мен поэмалар. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1982. – 344 б.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1049; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.