Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

После получения уведомления о прибытии

Астана, 2016

АУРУ ТАРИХЫН ЖАЗУ ТУРАЛЫ

ОРГАНИЗАЦИЯ ВОЙСКА

В XIV - XV вв. основную массу великокняжеских войск составляли отряды великих князей, состоявшие из холопов и других слуг, а также отряды "служебных князей" и бояр, обязанных являться на "государеву ратную службу" со своими послужильцами. В крупных походах участвовало крестьянское и городское ополчение - "посоха". Оно также использовалось при строительстве оборонительных сооружений. При комплектовании полков широко применялся территориальный принцип: в поход шли отряды "тверичей", "новгородцев", "дмитровцев" и т.п.

Основной военной опорой при Иване III становится уже войско служилых людей (дворян), являвшихся регулярно на военную службу"конно и оружно". Число ратных людей, а также характер вооружения определялись размерами поместья.

Большое значение имело введение в войске огнестрельного оружия. Сравнительно широко артиллерия (в основном переносная) стала применяться во второй половине XV в. (древнейшая из сохранившихся пушек была отлита в 1485 г.). Однако-создание современной для того времени артиллерии было делом длительным.

Первые сведения о массовом применении ружей - "пищалей" - относятся к началу XVI в. Обычно упоминаются "казенные пищальники" - ратные люди, находившиеся на государственной службе, и "пищальники з городов", т.е. ополченцы.

На протяжении XVв. пятиполковая система войска (большой полк, передний полк, полки правой и левой руки, сторожевой полк) стала обычной. К концу XVв. численность армии резко увеличилась и достигла 200 тыс. человек.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

І. Паспорт бөлімі

1. Аурудың аты-жөні

2. Жасы

3. Жынысы

4. Білімі

5. Мамандығы

6. Қызмет бабы мен жұмыс орны

7. Аурудың мекен-жайы

ІІ. Аурудың шағымдары

1. Аурудың емхана түсердегі шағымдары. Оның ішіндегі негізгі шағымдары мен жалпы шағымдары.

2. Әр шағымды жан-жақты жеке талдау. Бір жер ауырады деген шағымды талдағанда оның мынандай жақтарын анықтау керек: Қай жері ауырады және ауыру қай бағытта тарайды, аурудың пайда болуы.

3. Тыныс алу жүйесі:

Мұрын арқылы дем алуы: еркін, қиындықпен, мұрын арқылы толық дем алудың мүмкінсіздігі, көмейде құрғақтық және ауру сезімі пайда болуы, дауысының жуандауы, дауыстың жоғалуы.

Кеуде клеткасының ауруы: ауырсынған жердің сипаты (жедел, шаншып, қадалып, сырқырап т.б.), аурудың күші, ұзақтығы, оларға күш түсірудің, дем алудың және жөтелудің әсері.

Демікпе: үздікті немесе үздіксіз, жылдам жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде, жатқанда демікпенің күші мен ұзақтығы, дем алудың қиындауы, дем шағарудың қиындауы.

Тұншығу: пайда болу уақыты, ұзақтығы.

Жөтел және оның ерекшеліктері: үздікті немесе үздіксіз, құрғақ немесе қақырықпен болуы және оның сипаты. Қақырықтың еркін, біркелкі немесе қиындықпен өте күшті жөтелден соң түсуі, қақырықтың түсуінің уақыты (таң ертең, күндіз, түнде). Мөлшері (тәуліктегі және бір реттегі), оның иісі мен түсі.

Қан қақыруы: пайда болу уақыты, таза қан немесе қақырықпен араласқан қан, қанның мөлшері, сипаты (сұйық немесе ұйындымен), түсі (алқызыл, қара, сары).

4. Жүрек-тамыр жүйесі:

Жүрек маңындығы және кеудедегі ауру сезімі: сипаты (шаншып, қысып, басып). Күші, ұзақтығы, үздіксіз немесе үздікті, тарауы. Ауыру себебі, қандай жағдайда бәсеңдейді.

Жүректің қатты соғуы: үздікті немесе үздіксіз, жүрек ырғағының бұзылуы, ұзақтығы. Дамуына себепші болатын жағдайлар (күш түсу, қобалжу, тамақ ішу).

Демікпе: қалыпты жағдайда немесе күш тускенде. Қай жағдайда күшеюі немесе бәсеңдеуі сезіледі (жатқанда, отырғанда, тұрғанда).

Ісіктер: орналасқан жері, пайда болу уакыты (таңертең, кешке), күш тускенде.

5. Ас қорыту жүйесі:

Тәбеттің өзгерісі: төмендеуі, тәбеттің болмауы, тәбеттің күшеюі, тағам емес заттарға құштарлық. Тамақтан (әсіресе еттен) безіну, жылдам тою.

Дәм: аузында жағымсыз дәм білінуі, ащы дәм, тәтті дәм немесе дәмді сезінбеу.

Ауыздың құрғауы: толқыған кезде, шөлдегенде, дене қызуы көтерілгенде.

Сілекейдің бөлінуі: көп бөлінуі (қай жағдайда болады).

Жұтыну: ауырсынып, қиналып жұтынуы, олардың тұрақты немесе тұрақсыз болуы, құрғақ немесе сұйық тамақты жұтынудың қиындауы.

Кекірік: бос (ауамен), ащы, қышқыл, жеген тамақтың немесе шіріген жұмыртқаның иісімен кекіру.

Қыжылдау: пайда болу мерзімі, жиілігі, ұзақтығы.

Жүрек айну: пайда болу жағдайы, жиілігі, ұзақтығы.

Құсу: аш қарынға немесе тамақтан соң, тамақтан кейін қанша уақыт өткен соң, тамақтың түрімен және дәріні қабылдаумен байланыстылығы. Құсықтың дәмі: түсі, қан араласуы, таза қан түсі. Құсқаны жеңілдік әкеле ме, жоқ па?

Іштің ауруы: нақты ауырған жері, тарау бағыты, түрі, қабылдаған тамақтың сапасымен және мөлшерімен байланысы. Тамақ қабылдағаннан кейін қанша уақыттан соң пайда болады, неден басылады?

Ішектің кебуі немесе іштің салдырлап-гүрілдеуін сезінуі.

Нәжіс: қалыпты, сұйылуы, қату, қан аралас, кілегей аралас, қой құмалағы тәрізді. Дәретке отырғанда ауыруы, тәуліктің мөлшері және жиілігі.

Газ шығу: бос, көп, иісті, иіссіз.

6. Зәр шығару жүйесі:

Бел аймағындағы ауру (оң жағында, сол жағында), қандай жағдайда болады, аурудың таралуы (зәр шығару жолымен, қуыққа қарай, зәр шығару өзегіне) тұрақты немесе ұстамалы. Ауырсыну түрі – сыздап ауру, кернеп ауру, солқылдатып ауру. Қандай жағдайда ауру пайда болады – суық тиіп қалу, ұзақ жүргеннен, секіргеннен кейін, селкілдеп жүру.

Зәр шығару: еркін, еріксіз, қиындықпен, күндіз немесе түнде жиілеуі. Зәр шығарған кезде қуықтың ауруы. Зәр ағуының өзгеруі: бөлініп-бөлініп, тамшылап, сызаттап. Тәуліктік зәрдің мөлщері. Түсі, тұнба болуы, іріңді болуы, шырыштың, қанның болуы.

Ісік: қабақта, бетте, жалпы денеде.

Көз көрінуінің нашарлауы.

7. Тірек-қимыл жүйесі:

Аяқтың сүйегі, буыны, бұлшық еттерінің ауруы, ауру сипаты. Буынның қозғалысы (бос, шектелген). Бұлшық еттің күші, оның босаңсуы, жиырылуы.

Нерв жүйесі:

Науқастың өзіндік мінездемесі: салмақты, қызба, күйгелек, сөзшең немесе тұйық, күдікшіл.

Ұйқы: бұзылмаған немесе бұзылған (сергек, шошымалы), үзілмелі, ұйқышыл немесе ұйқысыз.

Бас ауруы: ауру сипаты, жиілігі, ұзақтығы, пайда болу уақыты және нақты ауырған жері.

Басының айналуы: мерзімі: жиілігі, басымдылығы. Есінен тануы.

 

ІІІ. Қазіргі ауру тарихы

 

Қазіргі ауру тарихын зерттегенде анықтайтын жағдайлар:

1. Аурудың қашан басталғанын; қалай басталғанын: күрт әлде біртіндеп, алғашқы көрінісі. Аурудың басталуын ескі аурудың асқынуымен шатастырудан сақ болу керек.

2. Аурудың даму ерекшеліктері, ол немен байланысты.

3. Ауру себептері (науқас адам бойынша) және оны тудырған жағдайлар (жарақаттану, күш түсу, тағамнан, суықтан және т.б.).

4. Бұған дейін жүргізілген зерттеулер.

5. Қандай лабораторлық-инструментальды зерттеу жүргізілген (қан, несеп анализі, рентген, электрокардиография) олардың нәтижесі.

6. Емдеу және олардың нәтижелері.

7. Аурудың әрбір қозғанында басынан аяғына дейін осы тарау бойынша сұрастыру (қашан, қалай басталганын, қалай емделгеніне дейін).

 

ІV. Ауру адамның өмір тарихы

 

Аурудың өмір тарихында анықтайтын жағдайлар:

1. Науқас адамның туған жылы, туған жері, өскен ортасы.

2. Әлеуметтік-тұрмыс жағдайы: әке-шешесі, олардың жасы, жанұяда нешінші бала, қанша жастан оқи бастады, қашан оқу бітірді.

3. Әскери қызметте болды ма? Егер болмаса не себептен болмады? Әскери борышын өтегенде залал келтіретін жағдайлар болды ма?

4. Жанұялық жағдайы және жыныс қатынасы: үйленген ба, балалары бар ма, неше бала, дендері сау ма?

Әйелдерде етеккір жағдайын анықтау: қашан басталады, қалай өтеді, тұрмыста қанша жастан. Бала көтерді ме, неше баласы бар, түсік тастаған жоқ па, аборт болды ма? Бедеулік жоқ па? Климакс неше жаста болды, қалай өтті?

5. Еңбек тарихы: қай мезгілден бастап жұмыс істей бастады, жұмысының түрі және жағдайы, кәсібі, залалдары. Қазіргі мезгілдегі еңбек жағдайы.

6. Бұрын ауырған аурулары немесе олардың белгілері.

7. Тұқым қуалаушылық ерекшеліктері: жақын тумаларының денсаулығы туралы мәлімет: әкесі не шешесі жағынан тумалардың ішінде қандауй аурулар жиі кездеседі.

8. Тұрмыс күйі, баспана жағдайы, тамақтану ерекшеліктері, дене шынықтыру және спортпен айналысы.

9. Денсаулық зиянды әдеттер: шылым шегу, апиын қолдану, ішімдікке салыну.

10. Жұқпалы аурулармен (туберкулез, мерез, соз және т.б.) ауырған жоқ па?

 

Аллергологиялық анамнез

 

1. Науқастың және оның жан ұясының (ата-анасы, туыстары, апа, аға, қарындастары және балалары) жоғары сезімталдығына бейімділігін анықтау (тері бөртпесі, қышыма, беттің ісінуі және т.б.). Көрсетілген реакциялар мынадай жағдайлардан болуы мүмкін: дәрі-дәрмектен, кәсіби зияндардан, үй тұрмысында (пәтердегі микроклимат, бөлмедегі өсімдіктер, ауа-райының өзгеруімен, климаттық, физикалық әсерлерінен (салқындауы, қызуы т.б.) және күш түсуі, теріс эмоциялардан болуы мүмкін, соларды анықтап сұрау.

2. Профилактикалық егулер жүргізіледі ме, қай кезде, қандай реакциялар болады? Қан, плазма, қанды алмастыратын заттар құйылғанын анықтау.

 

V. Науқастың қазіргі жағдайы

Жалпы қарау

Сана-сезімі: анық, есеңгіреу (ступор), сопор, ессіз күйі (кома).

Төсектегі қалпы: белсенді (активті), әлсіз (пассивті) мәжбүр қалып.

Жалпы жағдайы: қанағаттандырарлық, орташа, өте ауыр, агональді.

Дене құрлысы, конституциясы (нормостениялық, гиперстениялық, астениялық) бойы, салмағы, дене қызуы.

Терінің күйі: түсі (қалыпты, бозаруы, қызаруы, көгеруі, сарғаюы, қола түсті болуы). Терінің гипер және депигментациясы.

Терідегі бөртпелер және олардың түрлері: эритема, розеола, түйіншек (папула), көпіршік (везикула), күлдіреуік (уртика). Теріге қан құйылу, қасығаннан қалған із, тыртықтар, ойықтар және жаралар. Тері түгінің (шаш, қас, тырнақ күйі: формасы, түсі, сынғыштығы). Күйлілік жағдайы.

Тері асты тамырлары: кеңейген, варикозды кеңеюі.

Лимфа түйіндері: мөлшері, тығыздығы, формасы, орналасуы, байланыстары.

 

Дененнің жеке бөлімдерін қарау.

 

Бас: атопикалық формалар (гидроцефалия, микроцефалия және т.б.) бастың еріксіз дірілдеуі.

Бет: бет әлпеті (тері, әбігерленген, шаршаған, қиналған, қызарған т.б.).

Қабақтары: түсі, ісіктігі, птоз. Көздің шүңірейіп кетуі, бадырақ көз, кірпіктің дірілдеуі.

Мұрын: формасы, үлкейуі және қалыңдауы. Танаудың жиегіндегі бөрткен.

Еріндер: бұрышы, симметриясы, еріннің түсі (бозарған, көгерген, герпетикалық бөртпе, еріннің жарылуы, кебуі).

Ауыз қуысы: иіс (қышқыл, іріңді, ацетонды,мочевиналы).

Шырыш түсі.

Таңдай: бозғылт, қанауы.

Тістер және қызыл иек: кариозды, қозғалғыштығы т.б.

Тіл: формасы, көлемі, ылғалдылығы (құрғақ, ылғалды), тілдің ортасындағы жағында.

Тілшік түсі, ісінуі, кілегей қабаты, бөртпелер, құрғақтық.

Мойын: қан тамырлар, пульсациясы, мойын тамырлары кеңеюі.

Қалқанша безі: көлемі (қалыпты, үлкейген, түгелдей немесе оның бөлімдері), алқымы, тығыздығы, сипағанда ауруы, мөлшері.

Бұлшық ет жүйесі: бұлшық ет дамуының жалпы анықтамасы (жақсы, орташа, әлсіз, гипертрофия, атрофия), бұлшық ет күші, дірілі.

Сүйек жүйесі: деформациялардың болуы, омыртқаның алға қарай қисаюы (лордоз), омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (сколоз), омыртқаның артқа қарай қисаюы (кифоз), оның мойын, көкірек, бел бөлімдеріндегі, қозғалу дәрежесі, ауыруы, «барабанды саусақтардың» болуы, сүйектердің жұмсаруы, қалыңдауы, пальпациялағанда олардың ауруы.

Буындар: пішіні, ісігі, тері гиперемиясы, олардың үстінде терінің температурасы, ауруы және функциясы.

 

Тыныс мүшелерін тексеру.

 

Кеуде сарайын қарау: оның формасы (нормостениялық, гиперстениялық, астениялық, эмфиземалық-куб тәрізді, паралитикалық цилиндр тәрізді, рахиттік және т.б.). Кеуденің бір жақты үлкеюі немесе семуі. Кеуденің екі жағы дем алуға бірдей қатысуы. Тыныс алу түрі, тереңдігі, ырғағы (қалыпты, Чейн-Стоксты, Биотті, Куссмауль).

Демікпе, оның түрі (инспираторлық, экспираторлық, аралас).

Кеуде сарайын пальпация арқылы тексеру: кеуденің ауыратын жері, кеуде сарайының серпімділігі, дауыс дірілі және оның өзгерістері, плевра беттерінің үйкелісін пальпациялап сезіну.

 

Өкпе перкуссиясы.

 

Салыстырмалы перкуссия: перкуссиялық дыбыстың сипаты (айқын, бәсең, тынық, дабыл (тимпанитті) дыбысы. Патологиялық дыбыстың орнын көрсету.

Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігі алдынан және артынан анықтау.

Белгі сызықтар бойындағы өкпенің төменгі шекарасы:

Белгі сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

Төс жанындағы сызық

Бұғана ортасы сызығы

Қолтықтың алдыңғы сызығы

Қолтықтың ортақ сызығы

Қолтықтың артқы сызығы

Жауырын сызығы

Омыртқа жанындағы сызығы

Өкпе шеттерінің экскурсиясы

Өкпе аускультациясы: тыныс шуларының сипаты (везикулярлық тыныс, везикулярлық тыныстың әлсіреуі, күшеюі, тынысты шығару фазасының ұзаруы, патологиялық бронхикалдық тыныс, афора тынысы, металл тынысы, аралас бронхо-везикулярлық тыныс, тыныстың естілмеуі).

Қосымша тыныс дыбыстары: сырылдар, олардың естілеу орны, түрі (құрғақ, ылғалды). Ылғалды сырылдң үнділігі және мөлшері (калибрі). Крепитация. Плевраның үйкеліс шулары. Бронхофония (әлсіреуі, күшеюі), қай жағында өзгергені байқалады.

 

Жүйрек-тамыр жүйесін тексеру.

 

Жүрек маңын қарау: жүрек ұшы соққысы және оның сипаттамасы. «Жүрек» томпағы, көзге көрінетін соққысы.

Пальпация: жүрек ұшы соққысын пальпация арқылы тексеру, оның қасиеттері (көлемі, күші, орны, биіктігі). Систолалық және дастолалық дірілі («мысық пырылы»).

Перкуссия: жүректің шала тұйық (тынық) дыбыс шектері. Жүректің толық тұйық дыбыс шектері. Нәтижесін былай жаз.

 

Шекарасы Шала тұйық дыбыс Толық тұйық дыбыс

Оң жақ

Жоғарғы

Сол жақ

 

Жүрек көлденеңін өлшеу. Тамыр будасының өлшемі.

Аускультация: жүрек тондары және олардың сипаттамасы (күші, ұзақтығы), екіге бөлінуі, жүрек соққысының жиілігі, ырғағы (қалыпты, экстрасистолалар, маятник тәрізді ырғақ, жыбыр аритмия, эмбриокардия, үш мүшелі ырғақ).

Жүректің шулары: жүрек фазасының қайсысында естілетіні (систолалық, диастолалық), өзгермелі ұзақтығы, қалпы. Жүректен тыс пайда болатын шулар: үлпершек үйкелісінің шуы.

 

Тамырларды тексеру.

 

Мойын аймағын қарау, «каротидтер биі», оң мәнді вена пульсі, вена тамырларының ісінуі.

Пульсті аа, temporalis, carotis, cubitalis, radialis, femoralis, dorsalis, pedis, poplitea тамырларында зерттеу.

Білезік артериясында пульстің қасиеттері: синхрондықығы (екіжақтағы пульстің шамасы бірдей немесе әр түрлі). Тамыр соққысының жиілігі, ырғақтығы, қатаңдығы, толықтығы, шамасы және түрі, пульстің дефициті, артерияның серпімділік жағдайы.

Тамырларды тыңдау: артерияларды, венаны тыңдау.

Мойын тамырындағы «зырылдауық» шуы.

Артериялық қан қысымын Коротков әдісімен қолдан және аяқтан өлшеу.

 

Ас қорыту ағзаларын тексеру.

 

Ауыз қуысын қарау: тістердің, қызыл иектің, тілдің күйі.

Ішті қарау: іштің пішіні, мөлшері, симметриялығы. Іштің тыныс алуға қатысы, көзге көрінетін іштегі перистальтикалық және антиперистальтикалық қозғалыстар, тері асты веналар анастомзы («медуза басы»), жара және операциядан кейін пайда болған тыртықтар. Бауыр пульсациясы. Кіндік тұстан іштің көлемін (см) өлшеу.

Пальпация: іштің жалпылама пальпациясы, оның аймақтарындағы ауырғандық, алдыңғы іш қабырғасы бұлшық еттерінің кернеуі.

Образцов-Стражеско әдісі бойынша терең, жылжымалы және жүйелі пальпациясы: сигма тәрізді ішек пен соқыр ішекті тексеру, өрлеме, төмендеме содан кейін көлденең тоқ ішекті тексеру (пішіні, мөлшері, іргесі, тығыздығы, жылжымалылығы, ауырсынуы, құрылдауы).

Асқазанның төменгі шегін анықтағаннан кейін ащы ішекті пальпациялау. Асциттің бар-жоғын перкуссия және пальпациямен тексеру.

Бауырды Василенко әдісі бойынша мөлшерін анықтау.

Бауырдың пальпациясы: оның орны беткі сипаты (тегіс, бұдыр), төменгі шеті (сүйірленген не жұмырланған), тегіс емес. Консистенциясы (жұмсақ, тығыз), ойығы, сезімталдығы.

Өттің маңын пальпациялау: ауырсынуы, Курвуазье симптомы, Френикус-Феномен, Ортнер, Мерфи, Кер, Пекарский симптомдары, аурудың семзімталдығы.

Көкбауырды перкуссиялап мөлшерін анықтау (ұзындығын, көлденеңін).

Пальпациялау (анықталса шетін, тығыздығын анықтау).

Аускультация: ішектің перистальтикасы, зерттеу.

 

Зәр шығару жүйесін тексеру.

 

Бел аймағын қарау: ісінуі, қызаруы.

Ауру адамның тұрған және жатқан қалпында бүйректі пальпация арқылы Образцов әдісі бойынша тексеру: орны, консистенциясы, беткі сипаты, қозғалысы және сезімталдығы.

Перкуссия: Пастернацкий симптомы. Қуық перкуссиясы. Бүйрек артерияларын тыңдау.

 

Ішкі секреция бездерін тексеру.

1. Науқастың түрі мен жасы сәйкес келуі.

2. Бірінші реттік және екінші реттік жыныс белгілерінің дамуы.

3. Денедегі түктің тарауы.

VI. Алдын-ала қойылған клиникалық диагноз

 

Сұрастыру және объективті қарау кезіндегі клиникалық мәліметті жүйелеу: ол үшін симптомдарды синдромға топтастырады. Осы топтастырылған синдромдардың негізгілері бойынша болжам жасалады, яғни бұл қандай ауруға анағұрлым сәйкес келетінін жорамалдап, алдын-ала қойылатын диагнозды анықтайды.

VIІ. Дифференциалды диагноз

Алдын-ала қойылған диагноздың дұрыстығын анықтау үшін науқас адамның ауруына ұқсас бірнеше ауру белгілерінсалыстыра отырып дифференциалды диагноз жүргізу қажет. Ол үшін топтастырылған синдромдардың ішінен негізгі немесе жетекші синдромды анықтап алу қажет.

Негізгі синдромның симптомдары ең айқын, анық (барлық студенттер күмәнсіз көріп не ести алатындай) болуы қажет. Сонымен қатар жалпылама көптеген ауруларға тән белгілерді негізгі синдром етіп алмаған жөн.

Осы негізгі синдром немесе симптом кездесетін бірнеше ауруларды атап шыққаннан кейін әрбір аурудың симптомдарын (шағымдары, ауру тарихы, клиникалық объективті белгілері, қосымша зерттеу нәтижелерін) тексерілген адамның ауруымен салыстыру қажет. Аурудың айырмашылығын табу барысында бұл адамда жоқ аурулар айқындалады. Соңынан барып осы тексерілген адамның сырқатына ұқсас бір ғана ауру бар екендігіне көз жеткізу қажет.

 

VIІІ. Анықталған клиникалық диагнозды дәлелдеу.

Клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін ауруды тексерген кезде жиналған барлық мәліметтерді (шағымдарды, анамнезі, объективті, лабораториялық және қосымша әдістермен тексеру) нәтижелерін саралап, тек осы ауруға тән белгілерді пайдаланып дәлелдеу керек.

Алдын ала қойылған диагнозбен анықталған клиникалық диагнозды дәлелдеудің айырмашылығы – соңғы диагнозды дәлелдеу кезінде шағымдары, анамнезі және объективті белгілерден басқа лабораториялық тексеру кезінде жиналған мәліметтерді қолдану.

Егер алдын ала қойылған және клиникалық диагноз бірдей болса, соңғы диагнозды дәлелдеу кезінде тек лабораториялық және инструментальдық әдістердің мәліметтерін пайдалануға болады.

Сонымен қатар негізгі аурудың асқынуын және ілеспелі (қосымша) ауруды да дәлелдеу керек.

Анықталған клиникалық диагноз төмендегідей құрылымнан тұрады:

А. Негізгі аурудың:

1. Толық атауын (егер белгілі болса этиологиясын, аурудың клиникалық вариантын, сатысын, кезеңін) аурудың барысын, (тез немесе бая үдейтін, осы ауруда зақымдалатын мүшелер мен жүйелердің функционалдық қабілетін) жазу керек.

Б. Негізгі аурудың асқынуы.

В. Қосымша ауру.

 

ІХ. Емдеу.

 

Ең алдымен негізгі емдеу принциптерін толық қамтып жоспарлап алу қажет.

Емдеу жоспары:

1. Күнделікті дене қимыл тәртібі.

2. Тамақтану ережесі (диета)

3. Дәрі-дәрмектік ем (этиотропты, патогенездік т.б. қандай ем қолданылатынын атап жазу).

4. Дәрі-дәрмексіз ем (физиотерапиялық, дене шынықтыру т.б.).

 

Студент осы науқас адамның өзіне сай келетін емдеу жолдарын (диета, күнделікті дене қимыл тәртібі, медикаментоздық және физиотерапиялық), адамның ауру ерекшеліктеріне сәйкес мөлшерде тағайындауға тиісті. Мысалы негізгі ауруға этиотропты әсер беретін дәрілерді, сонан соң патогенезіне және аурудың негәзгә синдромдарына не симптомдарына әсер ететін дәрілерге сипаттама берген жөн.

Осы адамға қолданылған дәрілерге рецепт жазылуға тиісті. Дозасы күніне неше рет, қалай, қай кезде және неше күн қолданады анықтап жазу керек.

Бұл адамға сәйкес ауруханадан кейінгі әлеуметтік және еңбек ету мүмкіндігін (реабилитациясын) анықтау қажет. Санаторлы-курорттық емді жазу.

 

Х. Профилактика (аурудан сақтандыру).

 

Студент негізгі аурудан сақтандыру жолдарын көрсете отырып, науқас адамға ауруын асқындырмау жолдарына сәйкес кеңес береді. Адамға темекі шегу мен арақ-шараптың зиянды әсерін де түсіндіру қажет.

Негізгі аурудың бірінші реттік және екінші реттік алдын-алу шараларын анықтап жазу керек.

 

ХІ. Науқасты күнделікті бақылау

 

Бақылау күнделігінде студент науқас адамның жағдайындағы күнделікті өзгерістерді (шағымы, клиникалық объективті және лабораториялық мәліметтерді) анықтап отырады. Соған байланысты емдеу әдістері де күнбе-күн тағайындалып отыруға тиісті.

Күнделікті жеке температуралық парақ сызылып, онда күндегі (таңертеңгі, кешкі, қажет жағдайда 3-сағаттық) температурасын, тынысын және тамыр соғуының жиілігін, қан қысымын, тәуліктік диурезін және салмағын көрсетіп отыруы қажет.

 

ХІІ. Эпикриз

Эпикризде қысқа дерек түрінде ауру адамның шағымдарынан бастап, ауру және өмір тарихын және клиникалық тексеру кезінде жиналған мәліметтерді, лабораториялық-инструментальдық мәліметтерді және аурудың ерекшеліктерін сипаттау керек. Одан әрі анықталған клиникалық диагнозды толық тұжырымдап, қолданылған ем жолдарын және оның әсерін сипаттап, науқастың белгілерінің динамикасын (өзгерістерін) көрсету қажет.

Аурудың барысы жайында болжам айтып адамның еңбекке жарамдылығы жайында нақты кеңес беріледі.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

Қолданылған әдебиет тізімін библиография ережелеріне сәйкес беру қажет. Студент бұл ережелерді білмесе медициналық академия кітапханасындағы библиографиядан мәлімет алуына болады.

Ауру тарихының соңында студент өз қолын қояды.

 

 

ЖДЦ в адрес склада, представитель склада

убывает на Ж/Д станцию и раскредитовывает

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Выберите единицы измерения площади
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 452; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.132 сек.