Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сары майдан крем

Крем шарлотт

Апельсин кремі

Апельсиннің қабығын онын шырынымен қосып араластырады. Сосын оған шырынды, 4 жұмыртқанын сары ауызын, 1 жұмыртқаны бүтіндей шараппен араластырып, қоюланғанша отта ұстайды. Сосын оттан түсіріп, крем суығанша шайқау керек. Содан кейін кремге 4 жұмыртқаның ақ ауызын қосып араластырады.

Крем — құрамы жағынан әр түрліаспаздық және кондитерлік өнімдерді атауға қолданылатын термин. Шоколадтан, майдан және кілегейден тұратын шоколад кәмпиттерінің салмасы; торттар мен пирожный бетіне жағылған өнім (майлы крем); торттар арасын ажырататын өнім, қатпарлы торттар мен пирожныйдың, түтікшелердің салмасы (жұмыртқалы қайнатылған крем); қою бұлғанған кілегей, вена кофесі және вена майқоспалары үшін қолданылады; десертті тағам (жеміс,жеміс -жұмыртқалы, жеміс-майлы кремдер); ет пен құс етінен дайындалатын аспаздық кремдер, көжелер немесе қою тағамдарды безендіріп, дәмін күшейту үшін қодцаньшады. Кремдер тәтті десерттік тағам, жартылай фабрикат, кондитерлік крем ретінде және салмалар жасауға, аспаздық өнімдерді әсемдеуге пайдаланылады. Аспаздық крем, әдетте, сары май, жұмыртқа, құмшекер, сүттен дайындалынады. Оның дәмін келтіріп, хош иіс беру үшін кофе, какао, ванилин, жаңғақ, миндаль, т.б. қосылады.

.

 

Сүзбелі крем

Құрамы:

Сары май — 200 гр.

Тәтті сүт (сгущенка) — 1 құты (банка)

Сүзбе (творог) — 400 гр.

Ванилин

 

1. Алдымен өте жұмсақ майды миксермен 5 минуттай ұрамыз. Май ағарып, біраз үлпілдек болады. Сол кезде ванилин саламыз да әрі қарай миксермен араластыра береміз.

2. Тәтті сүтті құйып тұрып араластыруды тоқтатпаймыз. 2 минуттай араласқан май мен тәтті сүтке майлылығы жоғары сүзбені алдын-ала блендердан өткізіп саламыз. * СҮЗБЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАЙЛЫ БОЛСА, КРЕМ СОНШАЛЫҚТЫ ДӘМДІ ЖӘНЕ БІРКЕЛКІ БОЛАДЫ. 1%, 3%, 5 % -тік сүзбелер бұл кремге жарамайды. Егер блендер болмаса, елеуіштен(сито) өткізіп салыңыз! Сонымен сүзбені салғаннан кейін, 5-7 минуттай миксермен араластырамыз. Қолданбас бұрын тоңазытқышқа қойып, салқындатып алсаңыз, торттарыңыздың бетіне гүлдер де жасауға болады. Өйткені пішінін жақсы ұстайды.

Қайнатылған тәтті сүт қосылған крем

Құрамы:


Сарымай—300гр

Қайнатылған тәтті сүт — 1 қаушақ

 

Майды осылай кесіп, бөлме температурасындай болғанша күтеміз. Жұмсарған майды миксермен араластырып варенкамызды қасықтап салып араластыра береміз. Бір араластырғаннан кейін тағы 1 қасық салып, варенка таусылғанша жалғастырамыз. Кремнің түсі бір келкі болғанша араластырамыз.

 

 

Құрамы:

Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині — 800 гр

Жұмыртқа — 8 дана

Қант — 16 асқасық

Сүт — 16 асқасық

Ванилин


Бұл крем үлкен торттарды безендіруге жетеді, егер кішкентай торт жасап тек арасына ғана жағу үшін қолданатын болсаңыз тек:200 гр май+2жұмыртқа+4 асқасық қант + 4 асқасық сүтпен де жасауға болады.

Сүт + қантты бір ыдысқа құйып, отқа қоямыз басқа бір ыдысқажұмыртқаларды жарып араластырып дайындап қоямыз сүтпен қант қайнағанша араластырып тұрамыз қайнағанна кейін жұмыртқамызды аздап құйып тұрып тез араластырып тұрамыз, әйтпесе жұмыртқаңыз пісіп қалады. Үзбей араластыра беру керек қоюланғаннан кейін отты өшіріп, салқындағанша күтеміз еріп тұрған майға ванилин салып, миксермен араластырамыз, сол кезде май аппақ болып, екі есе көтеріледі салқындап тұрған жұмыртқаны 1 қасықтап кремге таусылғанша қосып тұрып араластыра береміз, жұмыртқалар жылы болса май еріп кетеді, сол үшін салқындағаны дұрыс болады.

 

Құрамы:
Сары май — 200 гр
Тәтті сүт — 1 қаушақ
ванилин — 1 қасық

Май да тәтті сүт те бөлме температурасында болу керек, яғни май жұмсақ болады майды миксермен араластырамыз үстіне тәтті сүт қосып, тағы да араластырамыз ванилин қосамыз крем дайын!

 

 

Ақуыздан жасалған крем

Құрамы:
Жұмыртқа — 4 дана
Қант — 1,5 стақан
Су — 0,75 стақан
Лимон — 2-3 тамшы

Алдымен, қантқа су құйып, отқа қоямыз, қанты еріп кеткенге дейін қасықпен араластырыа тұрамыз, қанты еріген соң қатты отта қайнай береді Оған дейін 4 ақуызымызды миксермен араластыра береміз Көпіртеміз,көпіріп, ағара бастағанда 2-3 тамшы лимонымызды салып, әрі қарай араластыра береміз Ыдысты төңкергенде ақуыз түспей жабысып тұруы керек сарғайған біраз қоюланған суымызды ыстықтай ақуыздың үстіне миксермен араластырып тұрып жайлап құйып, миксерді 5 минуттай тоқтатпай араластыра береміз.

Крем 2 есе көпіреді. сонымен дайын болады.

 

Мәнжазба

 

 

Тақырыбы:________________________________________________

 

Орындаған:__________________

Тексерген:___________________

 

 

Ақтөбе 2016ж

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Методические указания по написанию реферата | Заказчик обязуется соблюдать следующие правила пользования студией
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1014; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.