Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЭРА эзофагитпен 8 страница. 1.Геморрагиялық васкулит




1.Геморрагиялық васкулит

2.Гемофилия А

3.Идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбіл

4.Жедел лейкоз

5.Апластикалық анемия

 

248.Науқас 2,5 жаста. Профилактикалық зерттеуде шамалы гематурия анықталды. Балада дизэмбриогенез стигмалары, сол жақты тума катаракта бар. Анасы жағанан туыстарында да гематурия байқалады. Қан анализінде: Нв-108 г/л, эритроциттер 3,5 х 1012/л, лейкоциттер- 6,4 х109 /л, ЭТЖ- 6 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - жоқ, эритроциттер 20-35-40 көру аймағында, салыстырмалы тығыздығы 1008-1020. Биохимиялық қан анализінде: көрсеткіштер қалыпты. Қуық пен бүйректің УДЗ-де патологиялық өзгеріссіз. Жоғарыдағы клинико-лабораторлы көрсеткіштер тән:

1.Жедел нефритикалық синдромға

2.Созылмалы нефритикалық синдромға

3.Тубуло-интерстициальді нефритке

4.Қатерсіз жанұялы гематурияға

5.Альпорт синдромына

 

249.Бала 13 жаста, қақырықты жөтел мазалайды. Анамнезінде – жылына бір рет пневмония мен ауырады.Жалпы жағдайы орташа күрделі, интоксикация симптомы. Он жақта өкпе үстінде төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыс қысқарған, осы жерде орташа ылғалды және үсақ көпіршірлі сырылдар. На Рентгенографияда өкпе сурет элементтері он жақ төменгі бөлігіне жақындаған, түбі озгерген. Пневмосклероз қалыптасу негізіндн не жатыр:

1.Бронхиальді өткізгіштін бұзылуы және ателактаз

2.Бронх шырышты қабаттарынын ісінуі

3.Екінші иммуно жетіспеушілік жағдай

4.Өкпе тканінін ошақты зақымдануы

5.Бронхтардын жүмсақ бұлшық еттерінін спазмы

 

250.Қыз бала, 8 жаста, клиникаға денесіндегі бөрпелерге шағым айтып түсті. Қарағанда жағдайы аса бұзылмаған, буын маңында, симметриялы, орналасқан петехиальді геморрагиялық бөртпелер байқалады, басқанда жоғалмайды. Ем тағайындаңыз:

1.Ранферон-12

2.Дицинон

3.Адроксон

4.Метотрексат

5.Гепарин

 

251.Функциональді бүйректік сынамаларға жатады:

1.Амбурже сынамасы

2.Зимницкий сынамасы

3.Нечипоренко сынамасы

4.Аддис-Каковскии сынамасы

5.Ортостатикалық протеинурияға сынама

 

252.Миға және көз шыны денесіне қан кету сияқты асқынулар қай ауруға тән:

1.Апластикалық анемияға

2.Созылмалы миелолейкозға

3.Жедел лейкозға

4.Лимфогрануломатозға

5.Идиопатиялық тромбоцитопениялық теңбілге

 

253. Науқас, 12 жас, фиброгастродуоденоскопия өткізген кезде келесі белгілер анықталған: шамалы айқындалған эритема және өңештің абдоминальды бөлігінің шырышты қабаты болбыр,өңеш шырышты қабаты 1,5-2,0 см-ге субтотальды аз уақытты пролабирленген,өңештің төменгі сфинктерінің тонусы төмендеген. Берілген эндоскопия белгілері сипатталады:

1.Дуоденогастральды рефлюкс

2.Барретта өңеші

3.Гастроэзофагеальды рефлюкс

4.Диафрагманың өңеш бөлігіндегі жарығы

5.Өңеш стриктурасы

 

254.5 жасар ұл бала. Көп мөлшердегі геморрагиялық бөртпеге, субфебрилитетке шағым айтады. Ауырғанына 3 ай болған. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі байқалады. Баланың жағдайы ауыр. Лимфатикалық түйірлері 2 – 3 мөлшерге дейін. Бауыры 2,0см. және көк бауыры 1,0 см қабырға доғасынан шығыңқы, шеті үшкір, ауырсынымен. Басқа ағзалар – өзгеріссіз. Қан анализінде: эритр. – 3,72х1012\л, лейк. – 37,2х109\л, Нв – 110г\л, тромб. – 105х109\л, СОЭ – 45мм\ч, бласты клеткалар – 65%, эоз. – 2%, т\я – 2%, с\я – 15%, лимф. – 15%, моноц. – 1%. Қай хаттама бойынша ем тағайындайсыз:

1.AML-BFM-1987

2.ALL-BFM-2000

3.DAL-HD-1990

4.OPPA

5.OEPA

 

255.Ұл бала 6 жаста,тоңғақтыққа, ұйқышылдыққа шағымданады. Анасының айтуы бойынша өте баяу қозғалады, сабақты нашар оқиды, ақыл – есінің дамуы жағынан артта қалған, туғаннан бері іш қатуларға бейімді.Объективті қарағанда – дене бітімі диспропорциональді – аяқ – қолдары қысқа, алақандары жалпақ, саусақтары қысқа, мойыны қысқа, жалпақ, мұрын қыры кең,жалпақ.Шаштары жұқа,жылтыр емес. Тері жабындылары өте құрғақ, ұстағанда суық. Жүрек – қан тамыр жүйесі жағынан: пульс 60, артериальды қысым 90/50 мм сын.б.б, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық функциональді шу. Іші кепкен, кіндік сақинасы кеңейген.Зерттеу кезінде – қалқанша безі гипоплазиясы анықталды. Аталған өзгерістер неге байланысты?

1.Бүйрек үсті безі қыртысының барлық аймақтарының клеткаларының жетілмеуі немесе деструкциясы глюкокортикостероидтар, минералокортикоидтар, андрогендер синтезі төмендеуіне әкеледі.

2.Гипофизда пролактин продукциясы төмендеуі

3.Ренин-ангиотензинді жүйе активациясы нәтижесінде альдостерон продукциясының жоғарлауы.

4.Антидиуретикалық гормон жетіспеушілігі гиперлипидемияға әкеледі

5.Қалқанша безіндегі бұзылыстар себебінен Т4 және Т3 биосинтезінің дефекті

 

256.Эрадикационды терапия жүйесіне кірмейтін прерарат:

1.Кларитромицин

2.Макмирор

3.Фуразолидон

4.Алмагель

5.Омепразол

 

257.Науқас 10 жаста. Үш күн бұрын басынан өткізген баспадан кейін, 380–қа дейін дене қызуының жоғарлауы, өз-өзін сезінуінің бұзылуы, бастың ауруы, беттің ісінуі, зәр мөлдірлігінің өзгеруі шағымдарымен ауруханаға түсті. Объективті: тері жабындылары бозғылт, бетті ісіңнген, АД 115/70 мм. с.б.б. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ - 34 мм/сағ, лейкоциттер – 13,0 х 109/л, с/я - 84%. Жалпы зәр анализінде: мөлдірлігі – мөлдір емес, салыстырмалы тығыздығы – 1008, ақуыз – 0,66 г/л, эритроциттер – 10-ға дейін к.а., лейкоциттер – 25-38-45 к.а. Уроцитограммада: сегментоядролы лейкоциттер –84%, лимфоцитарлы – 16%. Сіздің диагнозыныз:

1.Тубулоинтерстициалді нефрит

2.Жедел нефритикалық синдром

3.Нефротикалық синдром

4.Токсикалық нефропатия

5.Жедел пиелонефрит

 

258.Қыз бала 9 жаста,эндокринологқа жолданды. Қанға толу сезімі, тершеңдік мазалайды. 3 ай ішінде 5 кг салмаққа арықтаған. Объективті қарағанда: эмоциональді тұрақсыз, қозғыш, жылағыш. Қозғалыс белсенділігі жоғарлаған – қол саусақтарының ұсақ треморы байқалады. Тері жабындылары ылғалды, ұстағанда ыстық; төмен қарағанда шатыраштың үстінде склерасының бөлігі көрінеді. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыз - эластикалық консистенциялы, және без үстінде тамырлық шу тыңдалады. Тыныштық жағдайында тахикардия, жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған, жүрек ұшы түрткісі күшейген. Нәжісі жиілеген.

Болжам диагнозды көрсетіңіз:

1.Пароксизмальды тахикардия

2.Диффузды-токсикалық зоб

3.Гипотиреоз

4.Эутиреоидты зоб

5.Мишық атаксиясы

 

259.Саша, 4 жаста.Жағдайы ауыр. Мұрынынан көп қан кетуде. Бозарған. Кеуде және аяқтарында көптеген геморрагиялық полиморфты, полихромды, симметриялы емес бөртпелер бар. Пульсы 1 минутта 100 с. Көк бауыр 1,0 см.Қан анализінде: Нв-92 г/л, эр.-2,7х109/л, лейк.-4,5х10 9/л, тромб.-15х109/л, с-68, л-32, СОЭ-18 мм/сағ., Дюк бойынша қан кету ұзақтығы-15 мин, қан ұю уақыты -3 мин.15 сек.-3 мин. 40 сек. Осы ауруға тән:

1.Шұмшу сынамасы теріс

2.Қан кету уақыты қысқарған

3.Қан ұю уақыты төмендеген

4.Қан ұйындысының ретракциясы төмендеген

5.VIII фактор мөлшері төмендеген

 

260.Бала Т, 3-жаста, ЖРВИ диагнозымен госпитализацияланған. 3-ші күні балада ентігу, әлсіздік, пульсі жіп тәрізді, жиі көпіршікті жөтел пайда болды. Аускультацияда:өкпенің екі жағынан да ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісінуі, ошақты көлеңкелер жоқ. ЭхоКГ-да: сол жақ қарыншаның сору функциясының төмендеуі. Балада қандай асқыну дамыды:

1.Тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі

2.Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

3.Жедел сол қарыншалы жүрек жетіспеушілігі

4.Жедел оң қарыншалы жүрек жетіспеушілігі

5.Тотальды жүрек жетіспеушілігі

 

262.Бала 12 жас. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Сарысу қанында: қалдық азот 56,1 ммоль/л, креатинин 0,38 мкмоль/л, мочевина 16,9 ммоль/л. Көрсетілген құбылыстардың қайсысы берілген мәліметтердің ең қолайлы түсініктері:

1.ЖБЖ науқаста дамуы

2.СБЖ дамуы

3.созылмалы гломерулонефриттің асқынуы

4.транзиторлық азотемия

5.екіншілік жұғуы

 

264.4 жастағы ұл балада терінде көгөрулер пайда болды, ұрылынған жерінде гематомалар. Нағашы атасында жоғары қансырау. Аталған аурулардын диагностикада келесі ең ықтимал қадамы:

1.ұю факторлардың анықтауы

2.коагулограмма

3.Дьюке бойынша қанның ұюы

4.тробоцит денгейің анықтау

5.Альтгаузен бойынша қанның ұюы

 

265.9 жасар қыз балада оң жақ тізе буынында ауырсыну, физикалық жаттығулардан кейін ентікпе, дене қызуы 37,8 С көтеріледі. Екі апта бұрын лакунарлық ангинамен ауырды. I тонның көгертенуі пайда болды, жұрек ұшында систоликалық шу. Оң жақ тізе буыны үлкейген көлемі пальпация кезенде сезіледі. Аталған емнің ең қолайлысы қайсысы

1.жүрек гликозиды

2.хинолин қатарлы препараттары

3.кардиотропты препараттар

4.стероидты қабынуға қарсы препараттар

5.бициллинотерапия

 

266.Геморрагиялық васкулит –бұл

1.Тамырлардың аутоиммундық аруы

2.Тамырлардың инфекция-токсикалық қабынуы

3.Тамыр қабырғаның иммунокомплекстік қабынуы

4.дәнекер тіндердің жүйелік аурулардың бірі

5.тұқым қуалаушы вазопатия

 

267. 10 жастағы қыз.Жөтелге, кеуде құысының ауруына шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: дене қызуы39,1°С дейін көтерілген, сол қырында жатыр. Кеуде қуысының сол жағы дем алудан қалыс,тыныс алу жиілігі минутына 40 рет. Қан талдауы: гемоглобин-110 г/л, эритроциттер-4,0х1012/л, лейкоциттер–19х109/л, таяқшалар 10%, эозинофилдер-5%, лимфоциттер-28%, моноциттер-2%, эритроциттердің тұну жылдамдығы 32мм/с. Рентгенологияда: оң өкпенің сол бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталады.

Қандай болжам диагноз қоюға болады?

1.Плеврит

2.Өкпе абсцессі

3.Крупозды пневмония

4.Аппендицит

5.Менингит

 

268. 12 жастағы бала, оң тізе буынындағы ауру сезіміне шағымдары бар. Анамнезінен: бір ай бұрын ангинамен, конъюктивитпен, уретритпен ауырған.Дәрігерлік қарау кезінде: екі көзінің конъюнктивасы қызарған. Оң тізе буыны қисайған, қызған, қимылдаған кезде ауырады. Жүрек пен өкпе қалыпты. Бауыр қабырға астынан 1 см шығыңқы. Зәр шығарған кезде ауру пайда болады.

Төмендегі диагноздардың қайсы дұрыс?

1.Рейтер ауруы

2.Ревматикалық ауру

3.Жүйелі қызыл жегі

4.Анкилоздаушы спондилит

5.Ювенильды ревматоидты артрит

 

269. 2 жастағы бала, дене қызуы 390C дейін көтерілген, демікпеге шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: тыныс алу жиілігі минутына 56 рет. Тері қабаттары көгерген. Өкпені зерттеген кезде перкуторлық дыбыс сол жауырын астында қысқарған, кіші калиберлі сырылдар естіледі. Қан талдауы:эритроциттер - 2,5х1012/л, гемоглобин – 100 г/л, лейкоциттер 20,6х109/л, таяқшалар – 10 %, эозинофилдер – 1%, лимфоциттер – 23%, моноциттер – 9%, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 38 мм/с

Төменде көрсетілгендердің қайсы ауру қоздырғышы болуы мүмкін?

1.Микоплазма

2.Стрептококк

3.Пневмококк

4.Стафилококк

5.Вирустар

 

270. 7 жасар бала қабылдау бөліміне мына шағымдармен әкелінді: дене қызуы 38,5 С, бас ауруы, жөтел, құсу, тәбетінің жоқ болуы. 2 күн бұрын Тайландтағы демалыстан келген. Обьективті: терісі таза, дене қызуы 39 С, тамағы гиперемияланған, бадамша бездері гипертрофияланған, лимфа түйіндері 2 өлшемге дейін үлкейген, тілі өңезделген. Өкпесінде қатаң тыныс, сырылдыр жоқ. Тыныс жиілігі 20 рет минутына, пульс 100 рет минутына. Іші жұмсақ, нәжісі сұйық тәулігіне 5 рет, патологиялық қосылыссыз.

Төмендегілердің қайсысын жүргізу тиімді?

1.Жалпы қан анализі

2.Кеуде қуысының рентгенографиясы

3.Қақырық анализі

4.Серологиялық зерттеу

5.Бактериологиялық зерттеу

 

 

272. Бала 1 жаста. Жүрек шеқаралы солға және жоғарыға ығысқан. Төстің сол қырында II қабыржарулықта систолы-диастололық «машина тәрізді» шу естілінеді. Қандай диагноз ықтималды:

1.жүрекше аралық дефект

2.қарынша аралық дефект

3.тетрадо Фалло

4.ашық артериальдық өзек

5.қолқа коарктациясы

 

273.8 жастағы балада соңғы жыл бойынша буындарында тәңертенгі сіресу байқалады, төсектен тұру және киім киюы қиындалды. Қарағанда: қолының саусақ фалангаларынық буындардың, тізе буының қозғалуы және деформациясы байқаланды. Ішкі ағзаларда еш қандай өзгірістер жоқ. Қандай диагноз ықтималды:

1.ревматизм

2.Рейтер синдромы

3.реактивті артрит

4.ЮРА

5.бруцеллез

 

274.Бала 1 жаста. Ентікпе мазалайды. Жүрек шеқаралы солға және жоғарыға ығысқан. Төстің сол қырында II қабыржарулықта систолы-диастололық «машина тәрізді» шу естіледі. Бұл жағдайда терапияның қандай жобасы қолайлы:

1.жүрек гликозиды

2.В2- агонистер

3.кардиотропты препараттар

4.оперативті хирургиялық ем

5.глюкокортикоидтер

 

275.Баланың аяқ-қол терісінде тізе және тобықтық буындарда ұсақ папулезды-геморрагиялық симметриялық бөртпер пайда болды, дене қызуы субфебрильды, іштін ауыруна шағыманады. Жалпы қан анализінде: нейтрофильді лейкоцитоз, СОЭ үдеуі. Фармакотерапияның ең қолайлысын көрсет:

1.антибактериальды терапия НПВС

2.антиагрегенттарантикоагулянттар

3.стероидты емес қабынуға қарсы терапия

4.қан тоқтататын терапия

5.ауырсынуды басатын құралдар

 

276.Бронхиолит кезіндегі жағдайдың ауырлығы байланысты

1.Жүрек жетілсіздігімен

2.Тыныс жетілсіздігімен

3.Интоксикациямен

4.Ішек синдромымен

5.Нейротоксикозбен

 

277. Бала 1 жаста. Жүрек шеқаралы солға және жоғарыға ығысқан. Төстің сол қырында II қабыржарулықта систолы-диастололық «машина тәрізді» шу естілінеді. Қандай диагноз ықтималды:

1.жүрекше аралық дефект

2.қарынша аралық дефект

3.тетрадо Фалло

4.ашық артериальдық өзек

5.қолқа коарктациясы

 

278. Кисел - Джонс – Нестеров диагностикалық критериялары бойынша ревматизм диагнозын төмендегілердің қайсысына сүйене отырып қоюға болады

1.Лихорадка, анулярлық бөртпелер

2.Хорея, полиартрит,

3.Кардит, артралгиялар

4. Ревматикалық түйіншектер, серомукоидтың деңгейі - 350 Б

5.Кардит, лейкоцитоз

 

279. 3 жастағы баланың жалпы қан анамнезінде байқалды: лейкоцитурия, бактериурия. Жалпы қаныңда: лейкоцитоз, нейтрофилез, СОЭ жоғары. Объективті: қалтырау, интоксикация симптомы. Аталған аурулардын диагностикада келесі ең ықтимал қадамы:

1.экскреторлы урография

2.Нечипоренко бойынша зірді анализі

3.бүйректін УЗИ

4.цистоскопия

5.клиренс бойынша эндогенды креатинин

 

280.7 жастағы бала. Оң тізесіндегі ауру белгісіне шағымдары бар. Ауру сезімі құлаған соң 2 сағаттан кейін пайда болды. Анамнезінен: Құлаған соң әр қашан үлкен гематомалар пайда болатыны анықталды. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, аяқтарында гематомалар бар, тізесі ісіп кеткен, жылы, қимылдары ауыршылық тудырады.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулерді өткізу керек?

1.Жалпы қан талдауы

2.Дьюк тәсілімен анықтау

3.Ли-Уайт бойынша зерттеу

4.Антигемофильды факторларды анықтау

5.Сүйек миін зерттеу

 

 

283.14 жастағы бала. 2 ай бойы субфебрильды температура, бетінде эритема, лимфатикалық түйіршіктері үлкейген, полиартралгия. Дәрігерлік қарау кезінде: Бетінде эритематозды бөртпелер. Лимфатикалық түйіршіктер үлкейген, ауырмайды.

Төмендегі диагностикалық шаралардың қайсын бірінші қолдану керек?

1.Рентгенография

2.LE жасушаларын анықтау

3.Антинуклеарды антителоларды анықтау

4.Миелограмма

5.Түйіршіктердің гистологиясы

 

284.10 жастағы бала. Мұрынынан қан кетуіне шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: экхимоздар. Бетінде, мойынында, қолдарында петехиальды элементтер. Лимфатикалық түйіршіктер бұршақтай үлкейген. Бауыры мен талақ қалыпты. Қан талдауы: эритроциттер - 3,2х1012/л, гемоглобин - 101 г/л, лейкоциттер - 6,4х109/л, таяқшалар - 2%, эозинофилдер - 3%, лимфоциттер - 28%, моноциттер - 8%, ЭБЖ - 5 мм/с, тромбоциттер-12х109/л

Қандай дәріні қолданған жөн?

1.Ферроплекс 10 мг 3 рет

2.Гепарин 200ед\кг\тәулігіне

3.Дицинон 0,25г

4.Преднизолон 2 мг\кг\тәулігіне

5.Иммуноглобулин 1,0г\кг\тәулігіне

 

285.Ер бала, 10 жаста. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа дейін көтерілуіне, қалтырау, құрғақ жөтел, делирий, миалгия. Объективті: Өкпенің оң жағында кенет әлсіреген тыныс, ылғалды сырыл естіледі. Жалпы қан анализінде: гемоглобин-110 г/л, эритроциттер-4,0х1012/л, лейкоциттер–11х109/л, т/я-5%, с/я-65%, эозинофилдер-5%, лимфоциттер-15%, моноциттер-10%, ЭТЖ-22мм/сағ. Өкпе R-граммасында: оң жақта инфильтративті көлеңке, өкпе суреті күшейген, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндер ұлғайған.

Қай диагноз ең дұрыс?

1.Легионеллезді пневмония

2.Пневмококкоты пневмония

3.Вирусты пневмония

4.Микоплазмалы пневмония

5.Хламидиялы пневмония

 

286.Қыз бала, 5 айлық, 2 күн бойы ауырады. Объективті: әлсіз, кекіреді, бозғылт, периоральды цианоз, ТЖ – 65 рет/мин, қабырға аралықтары көтерілген, дене температурасы 39ºС, сирек құрғақ жөтел, PS – 165 рет/мин. Өкпеде тыныс әлсіреген, дыбысты ұсақ көпіршікті және крепитациялы сырылдар. Рентгенограммада: диафрагманың төмен түсіп тұруы, өкпе суретінің күшеюі, артқы бөлімінде пішіні дұрыс емес ошақты көлеңкелер көрінеді.

Препараттардың қандай тобы емдеуге ең қолайлы?

1.Макролидтер

2.Фторхинолондар

3.Жартылайсинтетикалық пенициллиндер

4.Аминогликозидтер

5.Цефалоспориндер

 

287.3 айлық ер бала. Шағымдары: қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 5 күн бойы ауырады. Пенициллинмен емделген, эффект болмаған. Объективті: дене температурасы 38,5ºС, ембейді, сырылдар бар, терісі бозғылт, сұр түсті, ылғалды, периоральды цианоз, аралас ентігу, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтерілген, PS 160 рет/мин, өкпеде – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Рентгенограммада: диафрагманың төмен түсіп тұруы, төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелер.

Қандай топ препараттары емдеуге қолайлы?

1.Макролидтер

2.Сульфаниламидтер

3.Фторхинолондар

4.Цефалоспориндер

5.Карбапенемдер

 

288.5 жастағы ер бала. Шағымы: жөтел, ентігу. Алғашында тұншығу ұстамасы байқалған. Объективті: терісі құрғақ, қабыршақтанған. Тынысы ысқырықты, қашықтықтан естіледі, ТЖ–35 рет/мин. Өкпеде қораптық дыбыс, құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 118г\л, эритроциттер-3,8х1012/л, лейкоциттер 4,0х109/л, т\я -1%, с/я -48%, э -14%, л-29%, м-8%, ЭТЖ- 3мм\сағ. Rg-граммада: Өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған, түбір аймағында өкпе суреті күшейген.

Төмендегі көрсетілген факторлардың қайсысы бұл ауруды шақырады?

1.Өсімдік тозаңы

2.Тағамдық аллергендер

3.Тұрмыстық аллергендер

4.Дәрілік аллергендер

5.Эпидермальды аллергендер

 

289.12 жастағы ер бала. Шағымдары: тұншығу, көпіршікті қақырықпен құрғақ жөтел, тынысы шулы. Объективті: ортопноэ, периоральды цианоз, акроцианоз. Өкпеде тыныс шығару кезінде көп көлемде жайылған, құрғақ сырылдар. Жалпы қан анализінде: эритроциттер-3,8х1012/л, гемоглобин 120/л, лейкоциттер 4,0х109/л, э-14%, ЭТЖ-3мм/сағ. Қақырық микроскопиясы: эпителиальды жасушалар, эозинофилдер, макрофагтар. Рентгенографияда: Өкпе суреті күшейген.

Бұл балаға b2-адреномиметиктердің ингаляциясы тәуілігіне қанша рет максимальды болып табылады?

1.күніне 5 ингаляция

2.күніне 7 ингаляция

3.күніне 8 ингаляция

4.күніне 10 ингаляция

5.күніне 12 ингаляция

 

290.4 жастағы қыз. Зәр шығаруының жиілінгеніне, әлсірегеніне шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: бозарған, бұлшық еттері әлсіреген. Қан биохимиялық талдауы: қант – 4,5 ммоль/л, азот – 4,8 ммоль/л, калий 3,2 ммоль/л. Несеп талдауы: аққуыз 0,002 %о, қант 1%, лейкоциттер 5-7.

Төменгі диагноздардың қайсы дұрыс?

1.Рахит

2.Қант диабеті

3.Қантсыз диабет

4.Бүйректік глюкозурия

5.Тони-Дебре-Фанкони синдромы

 

291.Анемияның бірінші дәрежесін диагностикалау үшін гемаглобин дәрежесін:

1.< 120 г/л

2.< 110 г/л

3.< 90 г/л

4.< 85 г/л

5.< 80 г/л

 

293.7 айлық бала ЖРВИ фонының 4 күні жалпы жағдайы ауырлады, температурасы 37,80С көтерілді, экспираторлы ентігу, оральды сырылдар пайда болды. Аускультация – ұзақ дем шығару, 2 жақтан әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жалпы қан анализінде– Лейк – 5,8х109 \л, э – 14%, п\я – 1%, с – 48%, л- 29%, м- 8%, СОЭ – 3 мм\сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?

1.Бронхиолит

2.Обструктивті бронхит

3.Рецидивирлеуші бронхит

4.Пневмония

5.Плеврит

 

295.Науқасты майлы тағам қабылдан соң сол жақ қабырға астында арқаға таралатын жиі ауырсынулар мазалайды. Пальпацияда Шоффара аймағында және Мейо-Робсона аймағында ауырсыну, қансыз іш өту, әлсіздік, әлсіз нейтрофильді лейкоцитоз, лейко формула сәл солға жылжыған. Төмендегі лабораторлық мәліметтердің қайсысы баланың диагнозында ең ақпаратты?

1.Қанда трипсинды анықтау

2.Қанда эластазаны анықтау

3.Қанда амилазаны анықтау

4.Қанда сілтілі фосфатазаны анықтау

5.қанда глюкозаны анықтау

 

296.8 жасар ұл бала 1 сағат бойы ессіз жатыр, Куссмауль тынысы, бетінің гиперемиясы, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, ауыз қуысында ацетона иісі. 3 апта бойы шөл, жиі кіші дәрет мазалады, 1 кг. арықтады. Төмендегі лабораторлық мәліметтердің қайсысы науқаста анықталады?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 693; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.148 сек.