Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йымдастыру жарнасы




АТЫСУ ШАРТТАРЫ

2012 жылғы 30 маусымға дейін конференцияға қатысу ӨТІНІМІ толтырылған тіркеу нысаны түрінде, оған қоса баяндама мен ұйымдастыру жарнасы төлемін растайтын құжат Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ) мекенжайы бойынша ғылыми-ұйымдастыру жұмысы бөліміне (109-кабинет) ұсынылады.Қосымша баяндамашылар (қосымша авторлар) болған жағдайда тіркеу нысаны конференция жұмысына қатысатын адамның атына толтырылады. Қосымша баяндамашылар тіркеу нысанының екінші бөлімінде көрсетіледі. Қосымша авторлардың саны шектеусіз.

Ұйымдастыру жарнасы төлемі туралы құжат электронды пошта арқылы JPEG (jpg) немесе pdf форматында құжаттың сканерден өткізілген бейнесі түрінде ұсынылады.

Бір автордан (қосымша баяндамашыларды қоса) екіден артық баяндама қабылданбайды.

Баяндама және тіркеу нысаны СD-ROM дискінде және қағазға басылған түрде (дискеталар қабылданбайды) немесе E-mail: [email protected] электронды пошта арқылы ұсынылады. Электронды хаттың «Тақырып» бөлімінде «Заявка на конференцию «Наука и образование в XXI веке» _____________ (фамилия докладчика)» деп белгіленсін («Тақырыпты» орыс тілінде жазу керек, себебі пошталық бағдарлама қазақ шрифтін қабылдамайды).

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысу өтінімдерін қабылдағаннан кейін қатысушы конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру жарнасын төлейді.

Ұйымдастыру жарнасына конференция материалдарын басып шығару құны кіреді.

Ұйымдастыру жарнасы құнына авторларға конференция материалдарын таратуға төленетін пошталық шығындар кірмейді және тапсырыс бандерольдері немесе сауқаттарды жіберу үшін алынатын пошта тарифтеріне сәйкес қосымша төленеді.

Ұйымдастыру жарнасының құны (жинақтың бір данасына тапсырыс берген жағдайда) 32 00 теңге немесе 700 ресей рублін құрайды.

Конференцияға қатысушы бір данадан артық жинақ алатын болса, ұйымдастыру жарнасы әр қосымша дана үшін 1500 теңгеге немесе 350 ресей рубліне өседі.

Қатысушылар жол ақысын, тұру және тамақ шығындарын өздері төлейді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ҚАРЖЫ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ теңгемен: ЖЖК (ИИК) (есеп айырысу шоты) KZ246010241000003340, БК (КБЕ)17, КНП (ТТК) 861, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Павлодардағы филиалы, БЖК (БИК) HSBKKZKX, СТН (РНН) 451800060262, БЖН (БИН) 070740000364 Алушы - «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС

 

БАЯНДАМАНЫ ЖАРИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Баяндама мәтіні және тіркеу нысаны компьютерде doc (Microsoft Word 97/2000(XP/2003) (қаріптер: Times New Roman Сyr, KZ Times New Roman, жолдар аралығы - жалқы, символ мөлшері – 12 pt, барлық жиектері – 20 мм.) форматымен жолдардың ені теңестіріліп, автоматты тасымалдауды орнатпай терілуі керек. Жаңа жол бойынша шегініс - 1,25 см. Мәтін, кесте және сурет ГОСТ 2.105-95 «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес ресімделеді. Баяндама көлемі (суреттерді қоса) А4 (210 х 297 мм) форматында 6 беттен аспауы тиіс. Суреттер мәтінге қосылған объект ретінде ресімделеді. Әдебиеттерге сілтеме тік жақшада көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі баяндама мәтінінің соңында беріледі және цитаталардың қолданылуына қарай ресімделеді.

 

Н а з а р а у д а р ы ң ы з д а р! Баяндаманы қазақ тілінде дайындағанда тек белгіленген қаріппен пайдалану керек.

Баяндама атауы ортада орналасып, бас әріптермен (қою қаріппен) басылады. Бір жол төмен беттің сол жағында орналасқан УДК индексі көрсетіледі. Баяндама атауынан бір жол төмен ортада – авторлардың аты-жөні және тегі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қала, электронды поштаның мекенжайы (қаріп-курсив) жазылады. Автор жөніндегі мәліметтен кейін бір жол төмен баяндама тілінде құрылған қысқаша аңдатпа және одан төмен қарай ағылшын тілінде аңдатпа келтіріледі. Аңдатпалар курсивпен беріледі. Аңдатпаның жалпы көлемі, сөз арасындағы тасталым белгісін (пробелдерді) қосқанда, 600 белгіден аспауы тиіс. Аңдатпадан кейін баяндаманың негізгі мәтіні беріледі.

Баяндама мәтіні және конференцияға қатысу үшін тіркеу нысаны (-дары) екі бөлек әр түрлі белгілері бар файлдарда ұсынылады:

- баяндама файлы баяндама авторының тегімен, бірнеше авторлар болған жағдайда, тіркеу жарнасын төлеген автордың тегімен аталады;

- тіркеу нысанының файлын белгілегенде, жоғарыда көрсетілгендей, баяндама файлының атауы жазылып, одан кейін дефис арқылы «регформа» немесе «regformа» сөзі қосылады.

Мысалы, қатысушы Елікбаев А.Б. үшін баяндама файлының атауы төмендегідей ұсынылады: Еликбаев немесе Elikbaev, ал тіркеу нысаны файлының атауы: Еликбаев-регформа немесе Elikbaev-regformа.

 

БАЯНДАМАНЫ РЕСІМДЕУ ҮЛГІСІ

УДК 669.162.214 АГЛОМЕРАЦИЯЛАУ БАРЫСЫНДА ЭНЕРГИЯ ҚОРЫН ҮНЕМДЕУ А.Б. Елікбаев, техн. ғыл. докторы, профессор И.В. Степанов, экон. ғыл. канд. Урал техникалық университеті (Екатеринбург қ.) E-mail: [email protected] Аңдатпа мәтіні (курсив) Баяндама мәтіні (12 pt)

 

Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және түзетуге жатпайды.

Ұсынылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда баяндама жарияланбайды.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ

140003 Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ) (№ 1 ғимарат, 110 және 103-каб.)

 

Байланыс телефондары:

(8 7182) 345678 — ИнЕУ-дің қабылдау бөлмесі

(8 7182) 671640 - ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыс бөлімі

(8 7182) 344750 - халықаралық ынтымақтастық бөлімі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 500; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.