КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Технология решения задач при помощи компьютеров.
Есеп (8) Есеп жауабы Есеп жауабы Есеп(12) Есеп(3) Есеп Есеп ЕСЕП Есеп Есеп жауабы Есеп жауабы Есеп жауабы 2002ж. 8 наурызында, сағат 24 шамасында азамат М. өз үйінің подъезі алдында айқайлап өлең айтып, көршілерінің тыныштықты сақтау талабына құлақ аспай қояды. Көршісі болса учаскелік уәкілге телефон шалады. М.өз әрекеті арқылы құқық бұзушылық жасады деп санала ма? Учаскелік уәкілге қоңырау шалған көршісінің әрекеті дұрыс па? Сіз бұл жағдайды қалай шешер едіңіз? 333-бап. Тыныштықты бұзу (Әкімшілік кодекс) 1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу - 2.Көршісінің әрекеті дұрыс 3.М. азаматының көршісі сияқты учаскілік уәкілетке қоңырау шалатын еді Азамат Асанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін, сотпен бір жылға көлік жүргізу құқығынан айрылады. Соттаң бұл шешіміне келіспеген асанов болса мүгедек екендігін, тек балдақтың көмегімен ғана жүретіндігін желеу етіп, автомобильсіз жүру оған қатысты емес екенін негіздеп сот шешіміне шағымданады. Бұл жағдайдағы заңдылыққа тоқталыңыз. Тиісті нормаларға сілтеме жасаңыз. 51-бап. Арнаулы құқықтан айыру 3. Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс. Облыс әкімі өз өкімі арқылы некеге тұрмақ азаматтардың жасын он алтыға дейін төмендетеді. Әкімнің бұл шешіміне облыс прокуроры қарсылық келтіреді. Прокурор қарсылығы негізді ме? Атқарушы билік органдары Неке және отбасы заңдарына өзгеріс енгізетін нормативтік актілер қабылдауға құқылы ма? 10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы 1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Облыс әкімінің шешімі негізсіз. Прокурордын қарсылығы дұрыс. Тек АХАЖ органы тіркей алады
2002 жылдың наурызында Бергімбекова мен Имантаев үйленетін болып шешті. Ата аналарының ұйғарымы бойынша олар бір айдан кейін некесін мешітте қидырды. АХАЖ органына барған жоқ. Бір жылдан кейін екеуі ажыраспақ болып тиісті органға барғанда ол жақта некені тіркеу туралы құжатты сұрап, жазған арызын қабылдамай тастады. Лауазымды адамдардың әрекетіне баға беріңіз. 13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі 1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Мешіттегі неке жарамсыз, себебі ол тіркеуші органдарда немесе мемлекеттік неке сарайларында қиылмаған
Алматы қаласының әділет органына Мәскеу қаласында тұратын Израиль азаматы К.Давидпен неке қию туралы өтінішпен азаматша А.Индира жүгінді. Олардың Индираның тегіне жазылған ортақ балалары бар. К.Давидтің Мәскеуден Алматыға келу мүмкіндігі болмағандықтан А.Индира әділет органына өз қолымен жазылған, бірақ К.Давид жұмыс істейтін мекеменің басшысы куәландырған өтінішті өткізеді. Осылай бола тұрса да әділет органының басшысы А.Индираның арызын қабылдаған жоқ. Арыздың қабылданбауы қаншалықты заңды? А.Индира қалайша әрекет жасауы керек еді? ЖАУАП - А. Индира Әділет органдарына емес Консульстваға жүгінуі керек (себебі К. Давид шет ел азаматы) сол арқылы АХАЖ бөліміне өтінішін өткізе алады. Жауап:Шетел азаматымен некесiн тiркеудi қалайтын Қазақстан Республикасы азамат(шас)ының арызын қабылдау кезiнде аудан (қала) АХАЖ бөлiмi оны болашақ зайыбы соның азаматы болып табылатын Мемлекеттiң заңдары бойынша сол үшiн туындайтын, атап айтқанда азаматтық, ерлi-зайыптылардың екеулерiнiң және олардың балаларының құқықтық жағдайы ерекшелiктерi, жеке және мүлiктiк құқықтар мәселелерi бойынша құқықтық салдармен таныстырады.
Таразда тұратын ерлі зайыпты Иманәлиевтер жаңа туған ұлдарына өздері танысқан сүйікті қалаларының құрметіне «Қарағанды» есімін беруді ұйғарды. Алайда олар ұсынған есімді әділет органдарының қызметкерлері тіркеуден бас тартады. Олар бұл ретте ол аттың есімдер анықтамасында жоқ екендігін түсіндіріп, бала бақша мен мектепте баланы әркім келемеждеп, мазақтайтынын алға тартты. Осыдан кейін «Қарағандының» ата анасы келісім білдіріп, арыздарын қайтадан жазып сәбилеріне Орал есімін қояды. Әділет органы қызметкерлерінің талабы заңды ма? Мұндай жағдайда ата аналар қандай әрекет жасауы керек еді? 63-бап. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға 1. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
Алматы тұрғыны Тохтахунов өзі «Иегова куәгерлері» сектасына барып жүріп бірте бірте секта қызметіне өзінің 12 жасар баласы Фархатты тарта бастайды. Бастапқыда бұған мән бермеген әйелі Тохтахунова, ұлы Фархаттың әкесі тапсыруымен сағаттап діни әдебиеттен бас алмайтындығына алаңдай бастайды. Бірақ әйелінің қарсылығынан түк шықпайды. Айлар өтеді, Тохтахунов болса тіпті еш пайдасы жоқ, өнегеден жұрдай жер деп, Фархаттың мектепке баруына мүлдем тиым салады. Баласының тағдырына алаңдаған Тохтахунова заңгер көмегіне жүгінуді жөн көреді. Әкесі Фархаттың қандай құқықтарын бұзып отыр? Неке және отбасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасаңыз. 70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған
Ерболатов Дастановпен алдын ала сөз байласып ұрлау мақсатымен Кулманның гаражына түсіп, төрт автомобиль дөңгелегін ұрлайды және бұлардың ұрлық зат екенін айта отырып дөңгелектерді Нұрмұхамедовке сатып жібереді. Ерболатов, Дастанов және Кулман қылмысқа қатысушылар ма?
185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын 1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) - 28-бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi 1. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi орындаушымен бiрге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Субъектілердің жүріс тұрысына ықпал ету әдісімен Серіков деген студент әкімшілік құқықтың нормаларын мына төмендегі үлгі бойынша жіктейді: тыйым салушы, құқық беруші, көтермелеуші. Бірқатар студенттер бұл жіктеменің дұрыстығына күмән келтірді. Сіздің ойыңыз қандай? Жауап: Құқық теориясында құқықтық реттеуде қолданылатын үш әдіс туралы көп кездеседі: рұқсат беруші, міндеттеуші, тыйым салушы. Рұқсат беруші дегеніміз субъект өз мүддесін іске асыру үшін белсенді әрекеттер жасау мүмкіндігіне ие болу. Міндеттеу әдісі бойынша адамға бұйрық, парыз арқылы белсенді әрекеттер жасауды жүктейді. Ал тыйым салу дегеніміз қандай да бір әрекетті жасауға тыйым салу, яғни заңда көзделмеген, рұқсат берілмеген әрекеттен бас тарту.
Парламент мәжілісінің депутаттары азаматтың сайлауға келмегені үшін айыппұл белгілеуді талап етті. Олардың осындай мәселе қоюы қаншалықты заңды? 1.Жалпы бөлім 1-тарау.Жалпы ережелер 16-бап. Төте сайлау құқығы Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. 2-бап. Сайлау бостандығы Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. 3-бап. Сайлау құқығы принциптерi 1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. 2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. 3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. 8-бап 1. Конституцияныңүстемдігіеркінсайлауөткізудіңжәнеазаматтарға, сайлаупроцесініңөзгедеқатысушыларынақандайдабірықпалету, күштеу, күшқолданунемесеөзгедеқұқыққақарсыәрекеттерсізөзініңсайлауғақатысуынанемесеқатыспауынабайланыстызаңменрұқсатетілетіннысандажәнезаңдыәдістермен, дауысберудіңқорытындыларының, сайлаунәтижелерініңқандайболатынынақарамастан, жазалануданболмасаықпалетуденқауіптенбестенөзқалауынжасаудың, сондай-ақеркінсайлаупринципініңсайлаупроцесініңбарлықкезіндеқалтқысызсақталуыныңқұқықтықжәнеөзгедекепілдіктерініңнегізіболыптабылады.
2002 жылдың 17 наурызында Бергімбекова мен Имантаев үйленетін болып шешті. Ата аналарының ұйғарымы бойынша олар бір айдан кейін некесін мешітте қидырды 13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі 1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Мешіттегі неке жарамсыз, себебі ол тіркеуші органдарда немесе мемлекеттік неке сарайларында қиылмаған
Аудан әкімі аудан тұрғындарының міндетті түрде сайлауға қатысуы керектігі туралы шешім шығарды. Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңнамасына сәйкес пе? 3-бап. Сайлау құқығы принциптерi 3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
УДАЧИ!!!!!!:D
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 201; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |