Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ip route 10.6.0.0 255.255.0.0 Serial1 (1)




Маршрутизация

Маршрутизация протоколдары – бұл марштрузаторлар арасында пакеттердің жіберу жолы жөніндегі ақпараттармен алмасуды жүзеге асыратын ереже. Протоколдар сәйкестену,жойылу және масштабталу уақытымен сипатталады. Қазіргі уақытта бірнеше маршрутизациялау протоколдары қолданылады. Әр протоколда өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады.

Маршрутизатордың басты мақсаттарының бірі берілген адресатқа ең жақсы жолды анықтау болып табылады. Маршрутизатор әкімшілікпен енгізілген статикалық конфигурациядан немесе басқа маршрутизаторлардан алынған маршрут ақпараттары негізінде динамикалық түрде адресаттарға жолдарды (маршруттарды) анықтайды.Маршрутизаторлар маршрутизация протоколдары көмегімен маршруттық ақпараттармен алмасады. Маршрутизатор маршруттар кестесін оперативтік жадында сақтайды. Маршруттар кестесі – бұл жақсы танымал қолжетімді маршруттар тізімі. Маршрутизатор бұл кестені пакеттерді қайда бағыттау керектігін шешу үшін қолданады. Маршруттар кестесін қарау үшін show ip route командасын қолдану керек. Егер кейбір Х маршрутизаторларда маршрутизациялау командаларының ешқайсысы орындалмаса, онда ол бәрібір оған тура байланысқан желілер үшін маршруттар кестесін құрады, мысалы:

...

C192.168.4.0/24 is directly connected,

Ethernet0 10.0.0.0/16 is subnetted, 3 subnets

C10.3.0.0 is directly connected, Serial0 C10.4.0.0 is directly connected, Serial1

 

C10.5.0.0 is directly connected, Ethernet1

Тура байланысқан желілер маршруты олар жалғанған маршрутизатордың интерфейсінде бейнеленеді. Мұндағы /24 - 255.255. 255.0 маскісін білдіреді, ал /16 - 255.255.0.0.

Маршруттар кестесі шығыс интерфейсінде желілік префикстерді (желілер адрестерін) бейнелейді. Х 192.168.4.46 үшін арналған пакет алған кезде ол маршруттар кестесінен 192.168.4.0/24 префиксті іздейді. Кестеге сәйкес пакет Ethernet0 интерфейсіне бағытталады. Егер Х 10.3.21.5 үшін арналған пакетті алса, онда ол оны Serial0-ге бағыттайды.

Бұл кесте тура байланысқан желілер үшін төрт маршрут көрсетеді. Оларда С белгіленуі бар. Х маршрутизаторы маршруттар кестесінде көрсетілмеген желілерге бағытталған барлық пакеттерді лақтырып тастайды. Басқа адресаттарға пакеттерді бағыттау үшін кестеге қосымша маршруттарды қосу керек. Жаңа маршруттар екі түрлі тәсілмен қосылуы мүмкін:

Статикалық маршрутизация - әкімшілік белгіленген желіде маршруттарды қолдан анықтайды.

Динамикалық маршрутизация – маршрутизаторлар маршрутизация протоколдарымен анықталатын маршруттар жөнінде ақпараттармен алмасу және жақсы жолды таңдай ережелеріне жүгінеді.

Статикалық маршруттар өз маршрутизаторымен өзгермейді. Динамикалық маршруттар көрші маршрутизаторларынан маршруттардың алмасуы жөнінде ақпарат алғанда өз маршрутизаторымен автоматты түрде өзгереді. Статикалық маршрутизация есептеу ресурстарын аз қолданады және белгіленген адресатқа бірнеше жолдарды қамтитын желілерде пайдалы. Егер маршрутизатордан маршрутизаторға тек бір ғана жол болса, онда көбіне статикалық маршрутизацияны қолданады.

Cisco маршрутизаторларында статикалық маршрутизацияның конфигурациясы үшін ip route командасының екі нұсқасын қолданады.

Бірінші нұсқа

іp route ЖелілікАдресТағайындалуы ЖелілікМаскаТағайындалуы Интерфейс

Команда маршрутизаторға барлық пакеттері Желілік Адрес Тағайындалуы-Желілік Маска Тағайындалуы үшін арналғандыған көрсетеді және өз Интерфейс интерфейсіне бағыттауға тура келеді. Егер Интерфейс интерфейсі – Ethernet типті болса, онда жіберілетін пакеттердің физикалық (MAC) адрестері широковещательді (неге?) болады.

Екінші нұсқа

ip route ЖелілікАдресТағайындалуы ЖелілікМаскаТағайындалуы

Команда маршрутизаторға барлық пакеттері Желілік Адрес Тағайындалуы-Желілік Маска Тағайындалуы үшін арналғандыған көрсетеді және сол өзінің Адрес ІР-адресі қолжетімді интерфейсіне бағыттауға тура келеді. Ережеге сай, Адрес бұл Желілік Адрес Тағайындалуы жолындағы келесі хоп адресі. Шығыс интерфейс және жіберілетін пакеттердің физикалық адрестері маршрутизаторларға Адрес ІР-адресі негізінде өзінің ARP кестесі арқылы анықталады. Мысалы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 122; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.