КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 12 страница
Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал. Лаңкестікке қарсы iс-қимыл туралы. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы. Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi. Саяси лаңкестік - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Лаңкестік мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Лаңкестік қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Лаңкестікке күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Лаңкестіктің психологиялық негізі - радикализм, экстремизм. Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр. Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды. Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға ШешенстандыРесейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаосты туындату. Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тізімінде осы ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының аумағында қызметі заңсыз деп табылған 34 экстремистік, террористік бағыттағы ұйым бар. Қазақ жерінде қазір қанша секта бар? – Елімізде 40-қа жуық конфессиялар, оның ішінде 3855 діни ұйым жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 3855 – Исламдық, 278 – православтық, 82 – католиктік, 1161 – протестанттық, 27 – яһудейлік, 4 – буддистік, және тағы 46 дәстүрлі емес діни ұйымдар қызмет етіп жатыр. 1-Аралық бақылаусұрақтары.
1. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні, мақсаты, міндеттері. 2. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздеріноқытудағы өзекті мәселелер. 3. Қауіпсіздік ұғымына сипаттама. 4. Қауіп түсінігі және топтастырылуы. 5. Төтенше жағдай түсінігі және топтастырылуы. 6. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. 7. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар түсінігі. 8. Радиациялық қауіпті нысандағы ТЖ. 9. Химиялық қауіпті нысандардағы ТЖ. 10. Ионизациялық сәулелер. 11. Радиация түсінігі. 12. Адам ағзасының біртұтастығы. 13. Адамның функционалдық мүмкіндіктері. 14. Рецепторлар, оларға сипаттама. 15. Адамның өмір сүру ортасымен сыйыспалылығы. 16. Қауіпсіздік психологиясының түсінігі. 17. Тіршілік ортасындағы антропогенді қауіптер. 18. Табиғи қауіптер және оларға жалпы сипаттама. 19. Жер сілкінісі (Рихтер шкаласы, себептері,сипаттамасы). 20. Өрт (дала, орман өрттеріне сипаттама) 21. Тұрмыстағы өрт, шығу себептері және іс–әрекеттер. 22. Сел (жалпы түсінік). 23. Қарлы көшкін. 24. Көшкіндер мен опырылып құлау. 25. Гидросфералық қауіптер және оларға жалпы сипаттама. 26. Су тасқыны. 27. Атмосфералық қауіптер және оларға жалпы сипаттама. 28. Ауа массаларының желдік қозғалысы. 29. Қарлы боран. 30. Қауіпті қар басу, нөсер, бұршақ. 31. Төтенше жағдайда құтқару ұйымдары мен шұғыл қалпына келтіру жұмыстары. 32. Төтенше жағдай кезіндегі ҚР мемлекеттік жүйелерінің алдын-ала хабарлау мен іс-қимылдары. 33. Террористтік әрекет кезіндегі халықтың міндеті. 34. Атмосфералық ауа ластануының қайнар көздері және деңгейлері. 35. Гидросфераның ластануының қайнар көздері және деңгейлері. 36. Литосфераның ластануының қайнар көздері мен деңгейлері. 37. Шу және оның адам ағзасына әсері. 38. Механикалық тербеліс. 39. Акустикалық тербеліс. 40. Электромагниттік, электрлік, магниттік өріс. 41. Лазерлік сәулелену. 42. Электрлік тоқ. 43. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі туралы. 44. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы заңы. 45. Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше 46. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының ролі. 47. Қоғамдық тәртіп сақтау және қылмыспен күресу органдар жүйесінің дамуы. 48. Лаңкестікпен күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қоры. 49. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы. 50. ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы.
М-II. Медицина білімінің және салауатты өмір сүрудің негіздері Б-III. Салауатты өмір сүрудің негіздері
№11-тақырып. Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері. Жоспар: 11.1. Салауатты өмір сүрудің мәнісі. 11.2. Салауатты өмір сүрудің құрамдас бөліктері. 11.3. Денсаулықты сақтаудың және шынықтырудың қажетті шарттары
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. "Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…” Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,"…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы. № 12-тақырып. Аса қауіпті жұқпалы аурулар, оларды жіктеу және алдын алу. Жоспар: 12.1. Жұқпалы аурулар және олардың қоздырғыштары. 12.2. Жұқпалардың (індеттердің) жұғу жолдары және алғашқы белгілері. 12.3. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралары
Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді. 1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға "вирус — клетка кешені" деген синоним қолданылады. 2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді. істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді. Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не? Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады. Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме? Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель). Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды. Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: ЖИТС, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай: 1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану. 2.Мүшеқаптарды қолдану. 3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу. 4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек. 5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау. 6.Ешқашан басқаның сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды. Соз (гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады. Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін. Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Оба (чума). Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Yersiniapestis бактериясының пайда болуының нақты уақыты белгісіз. Кейбір тарихшылардың болжауынша, оба 1500-2000 жыл бұрын псевдотуберкулез мутациясының нәтижесінде болған. Сондай-ақ, оба алғашқы бүргелермен бірге адам пайда болғанға дейін пайда болған деген де пікір бар. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан, 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы дамиды. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде (сайгак), мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Жануарларға бүргелер арқылы беріледі. Алғашқы белгілері. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, дененің қатты дірілдеуі, дене қызуы 39-40оС-қа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы. Психикасы өзгере бастайды. Мастар секілді сөйлеу алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы бұзылады. Бауыры, тілі ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Ауру асқынған жағдайда науқас өледі. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Обаны емдеу. Алғаш рет обаға қарсы вакцинаны XX ғасырдың басында Владимир Хавкин жасады. 1896 жылы аумағы жағынан Үндістандағы екінші үлкен қала Бомбей оба дертіне оранды. Сол кезде тырысқаққа қарсы тиімді вакцина жасаған Лозанн университетінің приват-доценті биліктің өтініші бойынша Бомбей қаласына келеді. Аз ғана уақыттың ішінде обаға қарсы алғашқы тиімді вакцинаны жасап, ол оның қауіпсіздігін алдымен өзіне салып көрсетіп, кейіннен бірнеше жылдар бойы халықты вакцинациялауға тікелей қатысып отырды. Бомбей қаласында Хавкин құрған обаға қарсы шағын лаборатория кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бактериология және эпидемиология бойынша ең ірі зерттеу орталығына айналды және 1925 жылдан бастап Хавкин атындағы Институт атымен аталады. Науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар. Тырысқақ (холера). Тырысқақ – жедел жұқпалы, клиникалық жағдайына байланысты әр түрлі дәрежедегі диариямен, интоксикациямен (дененің кебуі, су жоғалтуы) сипатталатын ішек ауруы. Қоздырғыш ашылуына Р. Кох, Ф. Готилехс еңбектері зор. Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтала бастаған. Ауру көзі - науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен көптеп шығады. Сонан соң шыбындармен, басқа да таратқыштармен тарап кетуі мүмкін. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады. Жеңіл іш өтуден тез арада адам өліміне алып келеді. Тырысқақтан сақтануға вакциналарды, антибиотиктерді, басқа да дәрілерді қолданады. Тырысқақ шыққан жерге төтенше комиссия карантин жариялайды. Жұқтыру түрлері: қарым-қатынас, су. Су-ең қауіпті жұқтыру түрткісі. Тырысқақ пен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айларында бас көтереді. Сау адамдарға қоздырғыш залалданған суды қолданған кезде не ашық су қоймаларында суға түсукезінде жұғуы мүмкін. Емдеу: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсаттаорганізмдегі су-электролиттік тепе-теңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 85; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! |