КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Агрономия сұрақтарына жауаптар
<question>Топырақ – бұл? <variant>климаттың және жер бетінің белгілі бір жағдайларында, жер үстіндегі геологиялық жыныстар мен биостың келе-келе өзара әрекеттесуінен пайда болған борпылдақ және өзгермелі,жаратылыстық- тарихи табиғи құрылым <question>Топырақтың қалыптасуы және дамуы, бір мезгілде өтетін екі үдеріске – ... және ... байланысты. <variant>мүжілуге және түзілуге <question>Топырақ түзілудің түрткіжайттарын қандай ғалым ажыратып түсіндірді <variant>В.В. Докучаев <question>Кәдімгі қаратопырақтар .... <variant>8 млн-дай гектар жерді алып жатыр (Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік бөлігі) <question>Күрт континенталды климат жағдайында далалық топырақ түзілу үдерісі мен сирек өсімдік жамылғысының әсерінен қалыптасқан қандай топырақ? <variant>қызыл (күңгірт) қоңыр топырақтар <question>Карбонатты кәдімгі қаратопырақтарға : <variant>шамалы сілтілі және сілтілі реакция тән <question>Қара қызыл қоңыр топырақтар – қандай өңірлердебасымырақ кездеседі <variant>Павлодар, Ақмола, Қостанай <question>Ашық қызыл қоңыр топырақтарға сипаттама <variant>өте тапшы ылғалдылықта, шөлейт аймақта қалыптасады <question>Аймақтағы жыртылатын жердің негізгі көлемі топырақтың неше түр тегін біріктіреді? <variant>3 <question>«Судың, ауаның және әртүрлі ағзалардың бірлесіп әрекеттесуінен жыныстардың сыртқы көкжиектердің табиғи өзгеруін, топырақ деп атау керек» деп қандай ғалым айттып өтті
<variant> В.В. Докучаев <question>Әлеуетті құнарлылық- ... <variant>салыстырмалы тұрақты сипаттама <question>Табиғаты органикалық молекулалы азоты бар қара түсті заттар бұл- <variant>гумин қышқылдар <question>Фульво қышқылының құрамындағы көміртек пайызы? <variant>40-48% <question>Өсімдік тіршілігіндегі негізгі түрткіжайттардың бірі? <variant>жылу <question>Минимум, оптимум және максимум заңы дегеніміз? <variant>бұл заң бойынша өсімдік тіршілігінің түрткіжайттары минимальды, максимальды және оңтайлы көрсеткіштер мәнімен сипатталынады. <question>Шектеуші түрткіжайттар заңы нені білдіреді? <variant> бір түрткіжайттың тапшы болуы басқаларының оң әсерін төмендетеді: мұндайда өнімділіктің деңгейі шектеуші түрткіжайттың шамасымен анықталады. <question>Топыраққа қоректік заттарды қайтару заңының тұжырымдамасы? <variant>өніммен топырақтан алынып шыққан қоректік заттардың орнын толтыру, ал желмен ұшырылған немесе сумен шайылған немесе басқа да бір себептермен шығындалғандарын тыңайтқыштар енгізумен немесе сәйкес агротехникалық тәсілдермен қайтару қарастырылады <question>Топырақтың оңтайлы ылғалдылығы қанша пайызға тең? <variant>70-100 <question>Ең жоғары гигроскопиялық сусыйымдылық бұл? <variant>топырақтың өзінің бөлшектерінің бетіне, атмосфералардан ол су буларымен толық қанықпағанда, сіңіріліп алатын судың ең жоғарғы мөлшері <question>Ылғалдану коэффициенті негізінде Г.Н.Высоцкий су режимінің қанша түтегін (типін) ажыратты?
<variant>4 <question>Топырақ атмосфера ауасында азот қанша пайызды көрсетеді? <variant>78 <question>Топырақ атмосфера ауасында көмірқышқыл қанша пайызды көрсетеді? <variant>0,003 <question>Жылудың негізгі көзі не? <variant>күн сәулесі <question>Жылу режимінде неше режимді ажыратады? <variant>екі <question>Жылусіңіргіштік қабілеті дегеніміз не? <variant>күн сәулесін сіңіру қабілеті <question>Қатты су дегеніміз не? <variant>мұз түрінде, химиялық байланған және өсімдік пайдалана алмайды. <question>Еркін (бос) су дегеніміз не? <variant> топырақ бөлшектерімен тарту күшімен байланыспаған, өсімдіктер сіңіреді <question>Гравитациялық су дегеніміз не? <variant>топырақ агрегаттарының арасындағы барлық ірі саңылаулардағы ауаны ығыстырып, солардың орнына орналасады, салмақ күшінің әсерінен еркін қозғалады, өсімдіктерге сіңімді, бірақ жылжуы тез <question>Егіншілік жүйесі деп нені айтамыз? <variant>жерді тиімді пайдалануға,топырақтың құнарлылығын арттыруға, сақтауға, ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты жоғары өнім алуға бағытталған агротехникалық, мелиоративтік және ұйымдастыру шараларының өзара байланысқан кешенін айтамыз. <question>И.Е.Овсинскийдің егіншілік жүйесіне берген анықтамасы? <variant>ол соқамен терең жырту топырақ құнарлылығы үшін зиянды деп санайды. <question>Жаздық дақылдардың көпшілігінің сезімталдығы өсуінің алғашқы неше аптасында байқалады? <variant>2-3 <question>Зияндылықтың фитоценотикалық шегі дегеніміз не? <variant>мәдени дақыл егістігіне зиян келтірмейтін арамшөптер саны <question>Күздік және жаздық ерте арамшөптер қанша 0С өне бастайды? <variant>10-120С <question>Жаздық және көпжылдық арамшөптер қанша 0С өне бастайды? <variant>15-20 және 25 <question>Көпжылдық арамшөптердің тіршіліктерінің ұзақтығы қандай? <variant>екі жылдан артық <question>Арамшөптердің басым бөлігінің тұқымдарының өңуі үшін оңтайлы тереңдік қанша сантиметр болу керек?
<variant>10см <question>Жақсы бал беретін арамщөптер ? <variant>бақбақ,түйетікен, қызғылт қалуен, сары қалуен, түйежоңышқа <question>Жақсы дәрілік өсімдіктерді атаңыз? <variant>қарамендуана, дәрілік бақбақ, жолжелкен, ащы жусан <question>Бір немесе биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге немесе таза сүрі жерге арналған жыртынды жердің шектеулі телімі не деп аталады? <variant>танап <question>Ауыспалы егістерде дақылдардың кезектесуінің тиімділігінің алуан түрлі себептерін Академик Д.Н.Прянишников оларды неше топқа біріктіреді? <variant>4 <question>Егіншілікті қарқындату жағдайында ауыспалы егістің басты міндеті неде? <variant>топырықты қорғау <question>Астық дақылдары үшін ең жақсы алғы дақыл болып не саналады? <variant>сүрі жер <question>Белгілі бір кезеңде дақыл өсіруден бос және арамшөптерден таза ұстауға арналған танапты атаңыз? <variant>сүрі жер <question>Ауыспалы егісте көпжылдық шөптерді қанша жыл танапта өсіреді? <variant>3-4 жыл <question>Ауыспалы егіс сұлбасын құрудың қанша қағидалары бар <variant>12 <question>Ерекше жағдайды талап етпейтін, ол шаруашылықтың өсіруге маманданған дақылын білдіретін ауыспалы егіс? <variant>мамандандырылған ауыспалы егістер <question>Арнаулы жағдайларды талап ететін ауыспалы егісті атаңыз? <variant>арнаулы ауыспалы егістер <question>Топырақты өңдеу дегеніміз не? <variant>ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге ең жақсы жағдай жасау үшін, оған машиналар мен құралдардың жұмыс мүшелерімен әсер етуде айтады <question>Топырақты өңдеу барысында орындалатын технологиялық операцияларды атаңыз?
<variant>аудару, қопсыту, жентектеу, алмастыру, тығыздау, тегістеу, микробедержасау, паяны сақтау. <question>Нығыздау дегеніміз? <variant> топырақтың борпылдақтылығын және кесектілігін болдырмау үшін қажет <question>Үстіртін өңдеу неше см-ге дейінгі тереңдікте жүргізіледі? <variant>10см <question>Сүрі жерді өңдеу барысында қандай міндеттер шешімін табады? <variant>арамшөптермен күресу, ылғал жинау, топырақтың жырту қабатының санитарлық күйінің жақсаруы, құнарлылығы төмен, агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттері қолайсыз жырту қабаты жақсара түседі <question>Топырақ өңдегіш құралдармен және машиналармен генетикалық орналасуын түбегейлі өзгерту мақсатында, топырақтың қабаттары мен көкжиектерін тік бойымен өзара араластырып, 35 см-ден тереңірек өңдеу дегеніміз не? <variant>топырақты аса терең өңдеу жолдары <question>Өңделетін қабаттың топырақ агрегаттары мен бөлшектерінің өзара орналасуын өзгеруі қалай аталады? <variant>араластыру <question>Фрезерлеу барысында топырақтың пәрменді майдалануы және араласуы жүреді, ондағы өңдеу тереңдігі қанша смге дейін? <variant>25-40 см дейін <question>Топырақты механикалық өңдеу тәсілдері. <variant> қайырмасыз өңдеу тәсілі, қайырып (аударып) өңдеу тәсілі, айналмалы (роторлы) тәсіл, құрама тәсіл <question>Агрохимия ғылымы қандай ғылым? <variant>өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру, тыңайтқыш қолдану және жақсы сапалы өнім алу үшін биоклиматтық әлеуетті ескеріп топырақтың құнарлылығын арттыру туралы ғылым. <question>Агрохимияның негізгі міндеті қандай? <variant>тыңайтқыштардың түрлері мен формаларының қасиеттерін, олардың топырақпен әрекеттестігін ескеріп, өсімдіктің қоректенуіне оңтайлы жағдай жасау; тыңайтқыштардың ең тиімді формаларын, қолдану тәсілдері мен мерзімін анықтау <question>Жекелеген биогендік элементтерді ауадан және сіңімді минералды заттарды топырақ ерітіндісінен тамырымен сіңіретін күрделі үдеріс қалай аталады? <variant>өсімдіктің қоректенуі <question>Өсімдіктің қоректенуі дегеніміз не? <variant>жекелеген биогендік элементтерді ауадан және сіңімді минералды заттарды топырақ ерітіндісінен тамырымен сіңіретін күрделі үдеріс <question>Органикалық тыңайтқыштар дегеніміз не? <variant>топырақ құнарлылығын арттырудың және үдете арттырудың маңызды қоры <question>Органикалық тыңайтқыштарға нелер жатады? <variant>көң, шымтезек, қорда, сабан <question>Азотты тыңайтқыштардың тиімділігіне қандай түрткіжайттар әсер етеді? <variant>ауыспалы егісте немесе нақты дақылға қолданылған агрономиялық және жақсарту (мелиоративтік) шаралар кешені; оларды қолданудың ғылыми негізделінген технологиясы, яғни мерзімі, тәсілі, мөлшесі, түрі, т.т; оларды қолдануда ең тиімді нақтылау (диагностикалау) әдістерін пайдалану <question>Кешенді тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз? <variant>құрамында негізгі қоректік элементтердің екеуі-үшеуі (N,P,K) болады, Mg, S және микроэлементтер де болуы мүмкін <question>Микротыңайтқыштар нелер жатады? <variant>борлы, молибденді, марганецті,мырышты, мысты және кобальтты <question>Өндіру тәсілі бойынша кешенді тыңайтқыштардың топтарын атаңыз <variant>күрделілер, құрамалылар және араластырылғандар (қоспалар) <question>Қазақстанның ауылшаруашылығы өндірісі негізінен қандай салаларды қамтиды? <variant>өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын <question>Өсімдік шаруашылығы не тауралы ғылым? <variant>мәдени дақылдар және оларды өсіру туралы ғылым <question>Өсімдік шаруашылығының міндеттерін атаңыз? <variant>өнімнің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу, танаптық дақылдардың өнімдерін арттыра өндіру шарасын, қорын (резервін) анықтау, еңбек пен қаражатты азырақ шығындап, сапасы жоғары өнімді алудың теориясы мен технологиясын дайындау <question>Өсімдік шаруашылығының негізгі құралын атаңыз? <variant>қолдан өсірілген дақылдар <question>Дәнді дақылдардың тамырлары топыраққа қанша см бойлайды? <variant>100 см <question>Дәннің құрамындағы ең маңызды қосылыстарды атаңыз? <variant>су <question>Көктеу кезеңі дегеніміз не? <variant>топырақ бетіне шыққаннан кейін колеоптиле өзінің <question>Гүл шоғыры жоқ сабақтарды не деп атаймыз? <variant>мамық шөп <question>Жұмсақ бидай сұрыптары ұнының сапасына байланысты қандай топтарға бөлінеді? <variant>«күшті», «орташа» және «әлсіз» <question>Бидай дәнінің қабықшаларынан босау деңгейіне қарай қандай топқа бөлінеді? <variant>жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары <question>Жаздық жұмсақ бидай өз бойына қанша пайыздай су сіңіргенде ғана өне бастайды? <variant>50-60 <question>Жаздық бидайдың транспирациялық коэффициенті нешеге тең? <variant>400-450 <question>Дәнді дақылдар, оның ішінде жаздық бидай 1 ц астық және тиесілі сабан өнімін қалыптастыруға топырақтан қанша кг азот сіңіреді? <variant>3,7-4,0 <question>Жаздық бидай 10 ц бидай қалыптастыру үшін орташа есеппен қанша кг фосфор сіңіріледі? <variant>9-12 <question>Қазақстанның солтүстік өңірі үшін жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімі? <variant>мамыр айының 15-30 аралығы <question>Себу мөлшерін белгілегенде себілетін сұрыптың қандай көрсеткіштері ескеріледі? <variant>егістік сапасы, түптенгіштігі, танаптағы ылғал мөлшері, арамшөптар саны, пайдаланылған техника түрлері <question>Себу кезіндегі негізгі талап? <variant>тұқымның өнуіне және жедел көктеуіне барынша жақсы жағдай жасалатын тереңдікке сіңіру <question>Арпа қандай дақыл? <variant>маңызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл <question>Агротехникалық шаралармен арамшөптерді құрту мүмкін болмаған жағдайда не қолданылады? <variant>гербицидтер <question>Сұлының дәнінде қанша пайыз % ақуыз болады? <variant>12-13 <question>Сұлының дәнінде қанша пайыз % крахмал болады? <variant>40-45 <question>Сұлының дәнінде қанша пайыз % май болады? <variant>4-6 <question>Сұлының тұқымы өну кезеңінде қанша пайызы % су сіңіреді <variant>65 <question>Бидайдың тұқымы өну кезеңінде өзінің массасының неше % дай су сіңіреді? <variant>45%
<question>Арпаның тұқымы өну кезеңінде өзінің массасының неше % дай су сіңіреді? <variant>50 % <question>Өсіп-жетілу кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы кеш пісетіндерінде неше оС? <variant>1500-1800оС <question> Өсіп-жетілу кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы орташа мерзімдегілерінде неше оС? <variant>1350-1650оС <question>Өсіп-жетілу кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сұрыптарында неше оС?. <variant>1000-1500оС <question>Қарақұмықтың қай жүйесі әлсіз дамыған? <variant>тамыр жүйесі <question>Дәнді бұршақты дақылдардың бұршағы мен өсінді мүшелерінде ақуыз мөлшері дәнді дақылдармен салыстырғанда неше есеге көп? <variant>2-3 есе көп <question>Асбұршақтың қандай түр тармағы кең тараған? <variant>егістік және далалық асбұршақ <question>Біржылдық күнбағыс неше түрге бөлінеді? <variant>2 <question> Жергілікті жағдайда ерте пісетін картопты отырғызудың ең жақсы мерзімі қай аралық? <variant>25 сәуір мен 5 мамыр аралығы <question>Күнбағыс қандай тұқымдасынның өкілі? <variant>ақкекірелер–аsteraceae <question>Күнбағыс қандай өсу-даму кезеңдерінен өтеді? <variant>тұқымшаның өнуі, көктеу, бірінші және екінші жұп жапырақтар, үшінші және төртінші жұп жапырақтар кезеңі, шанақтану, гүлдеу, тұқымшаның жетілуі, тұқымшаның толысуы – пісуі толық пісуі <question>Күнбағыстың транспирация коэффиценті нешеге тең? <variant>470-550 <question>Жаздық жұмсақ бидайдың транспирация коэффиценті нешеге тең? <variant>400-500 <question>Арпаның транспирация коэффиценті нешеге тең? <variant>350-450 <question>Сұлының транспирация коэффиценті нешеге тең? <variant>400-600 <question>Екепе сүрі жер дегеніміз не? <variant>өсінді кезеңінің алғашқы жартысында ауылшаруашылық дақылдарын егіп өнім алу үшін, екіншісінде – арамшөптермен күрес жүргізіледі. <question> Арнаулы сүрі жер дегеніміз не? <variant>алға қойған мақсаттардың біреуі немесе екеуі пәрменді шешіледі (сидералды, ықтырмалы, құрама). <question>Танап дегеніміз не? <variant>бір немесе биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге немесе таза сүрі жерге арналған жыртынды жердің шектеулі телімі. <question>Алғы дақыл дегеніміз не? <variant>бұл негізгі дақылдың алдындағы дақыл немесе сүрі жер; негізгі және алғы дақылдар орындарымен және атауларымен алмасуы мүмкін. <question>Буын дегеніміз не? <variant>ауыспалы егістің бір бөлігі, жақсы алғы дақылдан басталады және келесі жақсы алғы дақылдың алдында аяқталады. <question>Айналым дегеніміз не? <variant>ауыспалы егістің бүкіл дақылдары немесе сүрі жер бір танаптан немесе бір дақыл (сүрі жер) ауыспалы егістің барлық танаптарынан өтетін кезең <question>Айналым кестесі дегеніміз не? <variant>ауыспалы егістің айналымы немесе дақылдар мен сүрі жердің танаптар және жылдар бойынша айналым кезеңдері келтірілген (көрсетілген) кесте. <question>Ауыспалы егістің ұйымдастырушылық құрылымдарын атаныз? <variant>танап, алғы егіс, буын, ауысымсыз дақыл, дара дақыл, айналым және айналым кестесі <question>Алғы дақылдарға қойылатын талаптарын атаңыз? <variant>1) тамыр жайылатын қабатта сіңімді ылғал қорының жеткілікті мөлшерде болуы; 2) жыртылатын және одан төменгі қабатта сіңірілетін түрдегі қоректік заттар қорының жеткілікті мөлшерде болуы; 3) арамшөптердің болмауы; 4) зиянкестердің болмауы; 5) белгіленген мерзімде дақылды себу үшін топырақты дайындауға қажетті уақыттың болуы. <question>Ауа сыйымдылығына сипаттама бер? <variant>топырақтың өзінде ауаның белгілі бір көлемін ұстап тұруы, топырақтағы ірі саңылаулардың (қылтүтікті емес және агрегат аралары) көлеміне байланысты; топырақ неғұрлым құрылымды болса, соғұрлым ауа сыйымдылығы жоғары <question>Арамшөптермен күресудің агротехникалық шараларына жатпайтыны? <variant>егін еккенше таңдап әсер етуші гербицидтерді қолдану
Дата добавления: 2023-10-05; Просмотров: 103; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |