КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
дәріс. Қазақстанның жануарлар әлеміМақсаты: Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беру Жоспары: 14.1 Орманды дала. Дала. 14.2 Шөл және жартылай шөлейт аймағы. 14.3 Қазақстандағы жануарлар биогеографиясын аудандастыру мәселелері. Тірек сөздер:Фауна, флора,биогеоцено, биотоп,биоцнеоз. Орманды дала. Дала.Орманды далаға тән ерекше жануаралры болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: саршұнақтар, сұрттышқандар, қосаяқтар, ақ тышқандар, қояндар, сусар, түлкі, қасқыр, шоқ қарағай ормандарда тиіндер бар, ондатра, сібір еліктері бұландар.Бауырмен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі, сары бас және ұлы сұр жыландар кездеседі.Қүстар көп және әртүрлі. Бозторғай, бөдене, ақ құр, көкек, аққулар, үйректер,оқылдақ. Дала. Ашық жерде өмір сүреттің жануарлар кездеседі. Дала сүтқоріктілер саршұнақтар, дла тышқандары, сұрттышқандар, қосаяқтар, ақ тышқандар, қояндар, сусар, түлкі, қасқырлар мекендейді. Далада ақ бөкендер кездеседі. Кұстардан бозторғай, бөдене, ақ құр, көкек, тоқылдақ. Шөл және жартылай шөлейт аймағы. Шөл дала зонасы егін шаруашылық үшін шамалы пайдаланады. Мұнда негізінен ашық қызғылт топырақты жерде егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ашық жерде өмір сүреттің жануарлар кездеседі. Сүтқоріктілер саршұнақтар, дла тышқандары, сұрттышқандар, қосаяқтар, ақ тышқандар, ақбөкен мен қаракұйрық кездеседі, қояндар,түлкі, қасқырлар мекендейді. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп: қара жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, сұр жылан. Қөлдер мен Сырдария бойларында үйрек, қаз, қарашақаз, шағала, бірқазан.Қазақстандағы жануарлар биогеографиясын аудандастыру мәселелері. Аудандастыру ол-құрлықтың бөліктері өзара бағынышты шекара бірліктері. Фауналық аудандастыру бағынышты аудандардың иерархиялық жүйесін көрсетеді.Фауналық аудандастыруды жүргізу бөлік таксондардың жүйелігі мен географиясын зерттеу де болып тұрады. Және де бұл өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелік құрамының кеңістік дифференциясының заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік бенреді. Қорыта келе, жануарларды биогеографиялық аудандастыру Қазақстан фаунасын қорғаудың ғылыми негізгі болып табылыды. Генетикалық ресурстарды қорғаудың жалпы стратегиясы өңдеуде негізінен эндемик таксондары көп аудандарға көңіл бөлінеді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1 Орманды дала. Дала. 2 Шөл және жартылай шөлейт аймағы. 3 Қазақстандағы жануарлар биогеографиясын аудандастыру мәселелері. Әдебиеттер: 1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с. 2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с. 4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.
15-дәріс.Биогеографиялық карта Мақсаты: Биогеографиялық карта ұғымына түсінік беру Жоспары: 15.1 Зоогеографиялық карта. 15.2 Өсімдіктер биогеографясының картасы. 15.3 Жергілікті өлкенің биогеографиялық картасын жасау. Тірек сөздер: Зоогеографиялық карта, провинция, физико-географиялық область, ландшафт, экожүйе, биомдар, фациялар, биоценоз, биогеоценоз, ареал, қорықтар. Зоогеографиялық карта.Зоогеографиялық картографияландыру ең алдымен, Мәскеу Мемлекеттік Унивеситетінң /ММУ/ география факультетінің биогеография кафедрасының жұмыстарымен байланысты /Чельцов-Бебутов, 1978; Тупикова, 1978/ Зоогеографиялық картада жер бетіндегі барлық жануарлардың түрлері бейнеленген. Зоогеографиялық картаны зерттелетін шекарының материктің, физика-географиялық аудан, провинция, физика-географиялық облыс, ландшафт,биомдар, биоценоз, қорық аумағы, ұлттық парктер, әрқайсынына бөлек құрруға болады. Зоогеографиялық карта көп тараған түрдің, топтың колониялардың, популяциялар, ареалдар, мирациялайтын жануарлар түрлерімен қоса сирек кездесетін жануарлар, құрып кету үстіндегі, эндемикті, реликті түрлерді де бейнелеуге болады. Зоогеографиялық картаны құруда кескендеу әдісі, торлы әдіс, картографиялық әдіс және т.б. қолданылады Өсімдіктер биогеографясының картасы. Өсімдктердің биогеографиялық картасы бұл жер бетіндегі барлық өсімдіктердің түрлері бейнеленген карта. Өсімдктердің биогеографиялық картасын зерттелетің шегарның- материктің, физико-географиялық аудан, провинция, физико-географиялық область, ландшафт, экожүйе, биомдар, фациялар, биоценоз, биогеоценоз, ареал, қорықтар, қорықшалардың әрқайсысына бөлек құруға болады. Өсімдктердің биогеографиялық картасы өсімдктердің көп кездесетің түрі, тобыү бірлестігі, өмірлік формасы, ареалмен қоса, сирек кездесетің жойлу үстіндегі, эндемикті, реликті түрлерің құрып, бейнелеуге мүмкіндік береді. Өсімдктердің биогеографиялық картасын құруда кескендеу қорлы, нүктелі, картографиялық, бейнелеу және т.б. әдістері қолданады. Жергілікті өлкенің биогеографиялық картасын жасау. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап биогеографиялық картографияның ғылыми бағыттары әкеленіп, бастапқы кезде өсімдік жамылғысының картографиясы ретінде қалыптасқан. Бұл кезең дамында биогеография аумағында негізгі рольді солтүстік Евпазияның барлық территориясының өсімдіктер әлеміне карта жасаған Е.М.Лавренко,Б.Сочава және "Дуние жүзінің физика-географиялық атласында" материктердің өсімдіктердін картаға түсірген /1964 ж/ Г.Госсен, П.Озенда, А.Кюхлер алады. Қорыта келе, ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында биогеографиялық картографияда космостық түсірілген кең тарала бастады. Алынған ақпараттарды өңдеудің жаңа технологиялары дамуда, соңың ішінде жердің тірі жамылғысының анализін жасауға биогеографиялық мүмкіндік жасайтын гео-ақпараттық жүйелер қолданылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1 Зоогеографиялық картаның маңызы мен мақсаты. 2 Өсімдіктер биогеографясының картасын жасаудың әдіс-тәсілдері. Әдебиеттер: 1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с. 2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с. 4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.
ГЛОССАРИЙ Адаптация– ағзаның құрылымы мен функциялардың орта жағдайларына бейімделу Азоналдық– территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы Антропогендік ауыртпашылық– қоғамның, оның практикалық іс әрекетінің табиғи ортаға жалпы немесе оның құрауыштарына және олардың қасиеттеріне ( ландшафттар, рельеф, топырақ, экожүйелер, биота, т.б.) тікелей немесе жанама әсерінің дәрежесі Автотрофтар – көрек көзі ретінде бейорганикалық қосылыстарды пайдаланатын ағзалар Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі. Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған. Антропогендік ластану – адам іс-әрекеті нәтижесінде ластаушы заттектердің шығаруы мен байланысты; өзінің масштабтары бойынша табиғи ластанудан көп жоғары Антропогендік факторлар – қоғамның іс әрекетшілігінің формалары, нәтижесінде табиғаттың басқа түрлер мекендеу ортаның өзгерісіне тигізеді немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер етеді Антропогенді факторлар – адамның іс әрекетінен туындайтын табиғатта өтетін прцестердің қозғаушы күштері Антропогенез – адамның іс-әрекетінің ықпалынан табиғи объектілердің өздігінен даму немесе өзгеріс ке ұшырау процесі Ареал – популяцияның мекендеу орны Атмосфера – биосфераның жоғарғы қабаты, Жер шарының әртүрлі газдардың қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы Биогеоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастықтарын құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу кезінде тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы арқылы ұзақ тіршілік ететін қүрделі жүйе. Биосфеалық қорық – мемлекеттік табиғи қорықтардың қатарына кіреді, биосфералық процестерді зерттегенде фондық қорық-эталон объектісі ретінде пайдаланады Биотикалық факторлар (тірі табиғаттың факторлары) — тірі ағзалардың бір-біріне әсет етудің формалары Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір біріне, өсімдіктердің бір біріне, жануарлар және өсімдіктердің, микроағзалардың өсімдіктерге және жануарлар әлеміне тікелей немесе жанама әсер етудің факторлары Географиялық зона, Ландшафты зона, Табиғи зона – Жердің географиялық қабатшасының және физико-географиялық аудандастырудың зоналық кеңістік дифференциациясының негізгі бірлігі, географиялық белдемдердің шеңберінде жекеленетін және жылу мен атмосфералық ылғалданудың шарттарының ұқсастығымен сипатталады Геоақпарат – геожүйелер немесе олардың элементтері, сондай-ақ олардың арасындағы бар болатын қатынастар мен тәуелділіктер туралы кеңістік- байланыстырылған мәліметтер мен білімдердің жиынтығы Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) – автоматизирленген жоғарытехнологиялық ақпаратты-бағдарламалық жүйе, геоақпараттын жинауын, өндеуін, сақтауды, бейнелеуді және таралуын жүзеге асырады. ГАЖ міндеті – қоршаған орта және қоғам территориалды үйымдастыруын бағалау, болжау, жоспарлау және басқарудың күрделі ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешу үшін географиялық бекітілген мәліметтердің ізденісін, жіктелуін, анализы мен демонстрациясын жеңілдету Дендрологиялық парктер и ботаникалық саябақтар - өсімдік жамылғысының әралуантүрлілігін, өсімдік әлемін байыту, сонымен қатар ғылыми, оқыту, мәдени-ағарту мақсаттарында адаммен қалыптастырылған ағаш теректер мен бұтақтардың коллекциялары; оларда берілген аймақ үшін жаңа өсімдіктер түрлерінің интродукция және акклиматизация бойынша жұмыстар жүргізіледі Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) – табиғи кешендер мен объектілер орналасатын, ерекше табиғатты қорғау, ғылыми, мәдениеттік, рекреациялық, сауатты мәні бар, мемлекеттік билик органдары мен толық немесе жартылай шаруашылық пайдаланудан алынып шығарылған және ерекше қорғау режимы бекітілген жер, су бетінің, олардың үстіндегі ауа кеңістігінің бөліктері. Жаратылыстық ресурстар –табиғи ресурстар Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның күйін бақылау үшін жүйі, мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз күйі, кейінгі әсер оның радикалды өзгерісіне тигізеді, немесе денсаулық және әлеуметтік-экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы Мемлекеттік табиғи қорықтар – табиғи кешенді жаратылыстық күйде сақтау мақсатында, шаруашылық пайдаланудан толығымен алынып шығарылған территорияның бөліктері Мониторинг – қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамдардың , тірі ағзалар және олардың қауымдастықтары, табиғи кешендер мен объектілер үшін зянды, қауіпті критикалық жағдайларды ескерту шараларды жетезерттеудің мақсатында адамды қоршайтын табиғи ортаның күйін бақылау жүйесі Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен. Ноосфера –ғаламдық масштабтағы ақыл парасатты, ғылыми негізделген істердің әлемі. Озон қабаты (озон экраны немесе қалқаны) – озонның максималдық концентрациясы бар аймағы - барлығы 8 ррт (8 ауаның бір миллион бөліктеріндегі 8 бөлігі) Ортаның геоэкологиялық сийымдылығы – белгілі жеке территориялардың немесе жалпы жер кеңістігінің ішінде қоршаған ортаның, оның геожүйелерінің өзінің тұрақтылығынан айырылмай, яғни деградацияға ұшырамай және пайдалы қасиеттерін жоғалтпай, тіршілік және әлеуметтік-экономикалық дамудың шарттарын максималды қамтамасыз етудің сандық бейнеленген қабілеттігі Планктон – су ағыстарымен пасивті түрде ауысатын, еркін суда жүзетін ағзалар Популяция – белгілі орынды мекендейтін, бір түрге жататын, пайда болуы бірдей және фенотипті ұқсас дербестердің тұрақөты бірлестігі Популяцияның саны – берілген территориядағы берілген популяцияның дербестердің жалпы мөлшері; жануарлың мөлшері мен экологиялық факторлардан тәуелді Популяцияның тығыздығы – аудан немесе көлем бірлігене келетін дербестердің мөлшері: 1 гектар немесе 1 м2, 1 литр немесе 1 миллилитрге. Дербестер есептелінетін ауданның мөлшері дербестің денесінің мөлшерінен, оларды есепте мүмкіншілігінен, орналасу немесе таралу түрінен тәуелді. Топырақта ұсақ мекендеушілерді есептеу үшін 1 дм3 немесе 1 см3 алынады. Созология –ҚоршағанОртаны«қорғауТуралы ілім» Стресс-реакция (от ағылш. стресс - кернеулік) – қатты тітіргіштің әсерінен пайда болатын популяцияның арнаулы реакциясы Табиғаттың ескерткіштері – ғылыми, экологиялық, мәдени, эстетикалық бағалы уникалды, қайтадан келтірілмейтін табиғи объектілері (үңгірлер, үлкен емес сайлар, ғасырлық ағаш теректері, тау тастары, құлама сулар, т.б.) Тұрақты даму - қәзіргі уақыттың сұраныстарын қанағаттандыратын, бірақта келешек ұрпақтардың өз сұраныстарын қанағаттандыруға қабілеттігін бұзбайтын даму, яғни қоршаған ортаға табиғаттың жаратылыстық мүмкіншіліктерінің шеңберінен шықпайтын әсер Урбоэкология (қала экологиясы) – қала экожүйелердің құрылымы мен қызметі, адам мен қоршайтын қалалық ортаның әрекеттесуі туралы ғылым Экология, Реймерс Н.Ф.бойынша , - бұл: 1) биологияның бөлімі, (биоэкология), тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулерін зерттейтін; 2)экожүйелердің қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін пән; 3) кешенді ғылым, тірі ағзалардың, адамды қоса, мекендеу ортасынзерттейтін; 4) білімдердің кең аймағы, Жер шарындағы әрекеттесуші процестер мен құбылыстардың қоршаған ортамен жиынтығын қарастыратын Элиминация – (лат. элиминаре – жою) – тіршілік үшін күрес процесінде дербестердің немесе кейбір жүйелік категориялардың (түрлердің, тектердің) өлімге ұшырау Қорықтық территория – адамның шаруашылық іс әрекетшілдігінің дәстүрлі формаларынан шығарылған территорияның бөлігі Қорықша (Заказник) – табиғи ресурстардың белгілі түрлерін немесе жалпы ландшафты сақтау, жаңарту немесе молықтыру мақсатында адамның щаруашалық іс әрекетінің бір немесе бірнеше түрлеріне шектеулер еңгізілген табиғи территорияның бөлігі
Білімді ағымдық бақылауға арналған тестілер:
Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 61; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |