КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дәріс. Локалды желі D-Linк коммутаторлары
Мазмұны: - коммутациялау технологиясы: екінші деңгейлі коммутация; коммутация түрлері; - коммутаторлардың түрлері: коммутаторлардың таралуы; басқару мүмкіндіктері бойынша коммутаторлардың жіктелуі.
Мақсаты: - коммутация технологиясын оқып-үйрену; - коммутаторлардың таралуын оқып-үйрену.
Желі кабельді немесе сымсыз жалғастырғыш желі қондырғыларынан тұрады: маршрутизатор, коммутатор немесе концентратордан. Бұл барлық қондырғылар бір компьютердегі мәліметтерді басқа бір желіде орналасқан екінші басқа компьютерге жібере алады. Коммутаторлар – желінің негізгі фундаменті. Ол микросегментацияны қолдана отырып, желіде орналасқан көптеген тұтынушыларға ақпарат бере алады. Микросегментация бір сегментте орналасқан бір жұмыс станциясынан тұратын жеке меншік немесе бөлінген сегментті құрайды (коммутатор портына сегмент емес, оның жұмыс станциясы қосылады). Әрбір жұмыс станциясы барлық өткізу жолағына қатысу мүмкіндігіне ие бола алады. Желіде әртүрлі коммутаторлар қолданылады. Компанияның әрбір ішкі желісінде бөлінген жалғастыруларды орындайтын коммутаторларды локалды желі коммутаторлары (LAN Switches) деп атайды. LAN коммутаторларының артықшылықтары: - локалды желінің тиімділігі жоғарылайды, яғни кабель мен желі адаптерлері қажет емес; - желіні жеке логикалық сегменттерге бөледі (бір сегменттің трафигін екінші басқа сегмент трафигінен); - желі аралығындағы экран (брандмауэр) қызметін орындай алады, яғни кейбір желі аралығындағы қателіктерді өткізбейді; - қашықтықтағы станцияларды қосу арқылы желінің көлемін ұлғайта алады; - әртүрлі өткізу жолағы бар локалды желіні жалғастыра алады. Мысалы: 10-мегабитті және 100-мегабитті Ethernet локалды желісін коммутатор арқылы жалғауға болады; - буферсіз дестелі коммутацияны қолдайды (без буферизации пакетов «cut-through switching»), яғни желідегі кідіруді азайтады. Концентраторға қосылған барлық түйіндер барлық өткізу жолағын өзара бөледі. Ал коммутаторлар әрбір түйінге жеке жиілік жолағын бөледі (егер ол тікелей коммутатор портына қосылса). Мысалы: концентраторға қосылған 10 қондырғы 10 Мбит/секундты бөледі, яғни кейбір қондырғылар мәліметтерді бермесе де олардың әрқайсысысының өткізу қабілеттілігі 1 Мбит/с тең болады (10/N Мбит/с, N-жұмыс станциялар саны). Ал коммутаторға қосылған 10 қондырғы жеке 10 Мбит/с жылдамдықты өткізу жолағын бөле алады.
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1326; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |