Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

STP жұмысы




Мысал ретінде ілгішті қосу арқылы қосылған үш коммутатор қолданылады. Пакеттер желіде кідіруі мүмкін. Мысалы LAN1 желісіндегі компьютер кеңжолақты пакетті беру керек. Коммутатор А бұл пакетті сегментке қосылған барлық коммутаторларға жібереді. В коммутаторы пакетті қабылдап, С коммутаторына жібереді. С коммутаторы А коммутаторынан осы кеңжолақты пакетін қабылдап, В коммутаторына жібереді. Ол А коммутаторына алынған пакетті қайта жібереді. Яғни пакет желіде қайта – қайта беріліп жүре береді. Бұл желінің жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді. Сондықтан STP көмегімен С және В коммутаторларының арасы блокировкаланады.

Қорек көзі қосылғаннан соң әрбір коммутатор өзін түбірлі коммутатор деп санайды. Ол hello (время приветствия) интервалы арқылы BPDU генерациялағанда өзінің идентификаторын түбірлі коммутатор идентификаторымен араластырады. Түбір арасындағы қашықтық нөлге тең болады. Ал порт идентификаторы ретінде BPDU берілетін порт идентификаторы көрсетіледі.

8.1 Сурет - Spanning Tree қолдану алдында

 

Коммутатор BPDU қабылдағаннан соң ол өзінің кадрларын беруді тоқтатады. Ол жаңа түскен кадрларды береді. Кадрларды беруде әрбір коммутатор өзінің порты үшін түбірге дейінгі ең аз қашықтықты таңдайды. Беруді аяқтағаннан соң әрбір коммутатор өзінің түбірлі портын анықтайды, ол басқа порттарға қарағанда тармақ түбіріне жақын болады.

Коммутатор A (корневой мост – көпір түбірі) BPDU бергенде, олардың жүру жол құны нөлге тең болады. Ал коммутатор B BPDU қабылдағында Port 1 (4) жол құнын қосады. Содан соң коммутатор B 4-ті қолданып, BPDU 4-ке тең жол құнымен Port 3 және Port 2 арқылы түбірге жібереді.

С коммутаторы В коммутаторынан BPDU қабылдайды. Ол түбірге дейінгі жол құнын 23 (4 + 19) көбейтеді. Сонымен қатар С коммутаторы BPDU А коммутаторынан Port 1 арқылы қабылдайды. Бұл жағдайда жол құны нөлге тең болады. Сондықтан С коммутаторы жол құнын 4-ке көбейтеді (Port 1 жол құны 4-ке тең). Енді С коммутаторы жалғыз бір түбір портын таңдайды. С коммутаторы түбірлі порт ретінде Port 1 таңдайды. Өйткені оның жол құны аз. Содан соң С коммутаторы басқа коммутаторларға түбірге дейінгі жол құны 4-ке тең екенін хабарлайды. В коммутаторының түбірлі порт жолын таңдауы да дәл осылай жүреді.

 

8.2 сұлба - Spanning Tree қолданғаннан соң

Бұдан басқа, коммутаторлар желінің әрбір сегменті үшін белгілі бір портты таңдайды. Ол үшін олар өздерінің түбір портын қарастырмайды, ал қалған порт қашықтықтарын өзінің түбірлі портына дейінгі қашықтығымен салыстырады. Егер өзінің портының қашықтығы қабылданған порт қашықтығынан аз болса, онда ол белгіленген порт болып саналады. Белгіленген порттан басқа барлық порттар блокировкаланады. Осымен тармақ жұмысы аяқталады.

Түбірге дейін арақашықтықтары бірдей бірнеше порт болса, онда идентификаторы аз порт таңдалады.

В коммутаторында Port 2 белгіленген негізгі порт болып саналады. Оның түбірлі портқа дейінгі жол құндылығы Port 3 (23) портқа қарағанда (19) тең. Сондықтан В коммутаторында Port 3 блокировкаланады. С коммутаторында белгіленген негізгі порт Port 3 болып саналады. Оның жол құндылығы 19 тең, ал Port 2 –блокировкаланады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 743; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.