КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Softswitch архитектурасы
Дәріс. Softswitch коммутаторлары Мазмұны: - Softswitch функциясы мен негізгі түсініктері; - Softswitch архитектурасы; -функционалды жазықтары: транспортты, шакыруға кызмет ету және сигнализация, ұсыныс және қызмет, эксплуатациялық басқару. Максаты: - Softswitch функциясы мен негізгі түсініктерін оқып-үйрену; - Softswitch архитектурасын оқып-үйрену; - Softswitch функционалды жазықтықтарын оқып-үйрену. Softswich – бір немесе бірнеше желідегі байланысты орнатуды қамтамассыз етеді және сигнализация мен шықыруларға қызмет етудегі басқаруды тарататын интелектуалды желі болып табылады. Сонымен қатар, Softswich коммутаторы АТС функциясын орындайды, яғни шақыру абонентімен шақырушы абонент арасында байланысты қамтамасыз ете алады. Ол функция Call Agent, бұл функция абонент нөмірін анықтап, таңдайды, категориясын анықтайды. Сонымен қатар, тұтқаны қойған абонентті де анықтайды. 11.1 Сурет - Softswitch қүрамы SG - Signaling Gateway (Сигналды шлюз) TG - Trunking Gateway (Транспортты шлюз) AG - Access Gateway (Катынау шлюз) GK – Gatekeeper (Привратник) МАК-Мультисервисті абоненттік концентраторлар IAD - Integrated Access Device (Қатынау құрылғысы) МКД- Мультимедиялық қатынау коммутаторы ААА - Authorization, Access, Accounts (Авторизация, қатынау, есеп беру) Softswich-ке H323 хаттамасы бойынша привратник қосылады. Онда адрестің түрленуі және қатынауды басқару орындалады. Бұл привратник желінің анықтауын бір зонада басқаруды орындай алады. Сондықтан привратник логикалық обьект ретінде қарастырылады. Softswich коммутаторы өзара H323 SIP, BICS хаттамалары арқылы жалғастырылады.
11.2 Сурет - Softswich архитектурасы функционалды жазықтықтары
Softswich архитектурасы 4 жазықтықтан тұрады: - эксплуатациялық басқару; - ұсыныс және қызмет; - сигнализация және шақыруға қызмет етуді басқару; - транспорттық жазықтық.
Транспорттық жазықтық байланыс желісі бойынша ақпараттық таратуын басқаратын ақпараттар: сигнализация сөз немесе мәліметтер болуы мүмкін, транспорттық жазықтық сонымен қатар, IP-телефония желісіне де қосылуды қарастырады. Бұл жазықтық үш доменнен тұрады: - І-ші IP-хаттамасы бойынша таралу домені; - ІI-ші қарым-қатынас домені; - ІII-ші мүмкінділік домені.
IP - хаттамасы бойынша транспорт домен магистралдық желіні және IP-телефония желісі бойынша пакеттерді тарату маршрутын орындайды. Бұл доменге коммутатор, маршрутизатор жатады. Қарым-қатынас домені сыртқы желіден түсетін тұтынушы ақпараттармен сигналдарды түрлендіретін қондырғылардан тұрады. Сонымен қатар сигнализация шлюздері транспортты деңгейдегі транспортты шлюздер мен медиа шлюздерді қосады. Транспорттық шлюзде әртүрлі транспорттық желідегі мультимедиялық мәліметтер тұтынушы ақпараттар функциясына түрленеді. Ал қарым - қатынас шлюздері бір транспорттық деңгейдегі әртүрлі сигнализация хаттамаларын қамтамасыз етеді. Мүмкінділік домені. IP-телефония желісіндегі әртүрлі IP - терминалдарына мүмкіндікті ұйымдастырады. Ол мекемелік АТС ді аналогты кабілді модемдерді, OCL желісін транспортты шлюзді GSM радиотелефонын стандартты желіге қосуды, сонымен қатар, интеграциялық абоненттік мүмкіндік қондырғысын қосуды қамтамасыз етеді.
Шақыруға қызмет етуді басқару мен сигнализация жазықтығы Бұл жазықтық IP-телефония желісіндегі негізгі элементтерді басқарады. Ол транспорттық жазықтықтан түсетін шақыруды, қызмет етуді басқарады және сигнал ақпараттарын бақылайды. Бұл жазықтық медиашлюзді басқару қондырғысын шақыру үшін қызмет ететін басқару серверінен және привратник пен LDAP-серверінен тұрады.
Ұсыныс және қызмет жазықтығы Бұл жазықтық IP-телефония желісіндегі қызмет және ұсыныс функциясын басқарады және олардың орындалуын бақылайды. Бұл жазықтық ұсыныс сервері және қосымша қызмет ету серверінен тұрады. Сонымен қатар, тұтынушы ақпараттарының орындалуын бақылайды.
Эксплуатациялық басқару жазықтығы Бұл жазықтық абоненттер қызметтерінің жұмысын, техникалық қызметті және эксплуатациялық желіні бақылайды. Бұл жазықтық басқа жазықтықтармен ішкі хаттама немесе стандартты хаттама арқылы басқарылады. Softswich коммутаторы Өзара байланыста H323, SIP, SIP-I, BICS, MGSP, MEGACO, ISUP хаттамаларын қолданады.
11.3 Сурет - H323 базасының IP-желісінде терминалдар мен шлюздер арасындағы құрылымы
H323 терминалы аудио, бейне ағындарын берудің соңғы қондырғысы болып табылады. Сонымен қатар, қысқартылатын текст пен аудио, бейне терминалдары да қолданылады. Олар қосымша хабарды беру мүмкіндігін орындай алады. Сондықтан H323 хаттамалардың барлық функцияларын орындай бермейді. 11.4 Сурет - H323 шлюзінің ТфОП ақпараттарын IP-желісінде беруі
H323 шлюзі ТфОП түскен ақпараттарды IP-желісінде берілетін түрге түрлендіреді. Шлюздің функционалды архитектурасындағы А интерфейсі ТфОП шлюзімен H323 шлюзінің арасында сигнал ақпаратын береді. В1…..Bn интерфейстері H245, H225, 0 соңғы сигнализация хаттамаларынан тұрады. С интерфейсі сигнализация әсерінен ТфОП ISDN шақыруларына қызмет етуді басқарады. Д интерфейсі коммутациялы арнаны желіге қатысты емес. Ол сигналды ақпараттық бақылаушыға береді.
Х интерфейсі H323 хаттамасының ішкі интерфейсі ретінде қолданылады. У төменгі деңгейдегі пакет және арна медия сигналдарын беру үшін арналған ішкі интерфейс болып табылады.
Z интерфейсі коммутация арна желісінің ішкі интерфейсі болып табылады, яғни ол OKC №7 cигнализация қызметін атқарады. Шлюздің барлық интерфейстері көп қолданыла бермейді. Соның ішінде А интерфейсі тұрақты қолданылады. Өйткені ол Soft Swich коммутаторы арқылы барлық медиа шлюздердің түрлерін басқарады, ал В және С интерфейстері тек транспортты шлюзден басқа шлюздерге сигнал ақпараттарын беруді қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, H323шлюзді сөз ақпараттары мен сигналдардан басқа IP-желісі бойынша коммутация пакеттерін де бере алады. H323 хаттамасы бойынша жалғасуды орнату және бұзу алгоритмі келесі фазалардан тұрады: - фаза А- байланысты орнату; - фаза B- жүргізуші қондырғыны анықтайды және функционалды мәліметтерді алмасады; - фаза C- шақырушы және шақырылған қондырғы арасында аудио байланысты орнатады; - фаза D- өткізу жолағының өзгеруін анықтайды, яғни конференс байланысын ұйымдастырады және қосымша қызмет етеді; - фаза E- байланыстың аяқталғанын анықтайды.
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1489; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |