Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

SIP желісінің архитектурасы




SIP транспортты хаттама, яғни Soft Swich бақылаушыдан берілетін арналарға жауап береді. Мұндай жүйеде екі функционалды элемент болады «клиент-сервер». Сервер клиенттен сұруды қабылдап, оған жауап береді. Мультимедиялық байланысты ұйымдастыруда SIP желісі мына функцияларды қамтамассыз етеді:

- тұтынушылардың мекен жайын анықтайды;

- қарама-қарсы тұтынушының дайындығын анықтайды;

- қандай ақпаратпен алмасу керек екенін анықтайды;

- байланыс орнатады;

- байланыстың басталуы мен аяқталуын басқарады.

 

SIP хаттамасы қызметтерді анықтамайды, ол тұтынушыға байланысты орнатуды ұсынады және мультимедиялық конференс байланысын орнатады. Сонымен қатар, әртүрлі қызметтерді орындайды. Мысалы, телефон байланысы, интернет, қайта бағыттау сервердің қатысуымен телефон байланысын орнату алгоритмі.

12.1 Сурет - Байланысты орнату

 

А абоненті қайта бағыттау серверіне В абонентінің адресін жібереді. (1), (2) қайта бағыттау сервері. Ол адрес туралы ақпаратты адресті анықтайтын серверден сұрайды. (3) жауап алған соң қайта бағыттау сервері А абонентке береді. (4) А абоненті жауапты растайды. (5), (6) А абоненті тікелей В абонентіне қосылады. (7) В абоненті сұрауды қабылдап өндейді, таймерді қосу үшін А абонентіне жібереді. (8) В абоненті өзінің тұтынушысы кіріс қондырғысына кіріс сигналы туралы ақпаратты тікелей хабарлайды. (9) В абонентінің қондырғысы А абонентіне сигналды қабылдағаныны туралы хабар береді. (10) А абоненті В абонентіне хабарды алғанын хабарлайды. Содан соң, сөйлесу орнайды. (11) В абоненті тұтқаны қойғаны туралы хабар береді, (12) А абонентін растайды.

 

MGCP, MEGAGO транспортты шлюз хаттамалары

Транспортты шлюз ТфОП түскен сөзді сөз сигналын IP-желіде беру үшін тиісті код түріне түрлендіреді. MGC-шлюзде бақылаушы желідегі жүйенің жұмысты орындау функциясын атқарады. Сигнализация щлюзі SG- ТфОП берілетін сигнализацияны бақылау шлюзіне береді және кері процесті орындайды.

MGCP транспортты басқару хаттамасы бұл желіде негізгі қызмет атқарады, яғни SoftSwich коммутаторы басқарушы, ал транспортты шлюз жүргізуші немесе тасымалдаушы қондырғы болып табылады. Ол SoftSwich командаларын орындайды. Транспортты шлюзді орындауда сигнализация хаттамалары және қосымша қызметтер тез орындалады.

 

 

12.2 Сурет - MGCP, MEGAGO транспортты шлюз хаттамаларын колдану

 

12.3 Сурет - IP-телефониядағы жалғастыруды орнату және ажырату

 

1- телефон сигналдарына транспортты шлюз арқылы SoftSwich-ке ISUP хаттамасы жіберіледі. Транспортты шлюз жіберілген хаттаманы анықтайды және өңдейді.

2- Softswich коммутаторынан сөйлесу арнасын резервтейді. Өйткені транспортты шлюз ақпаратты қабылдайды, ал ол ақпараттың қандай адреске берілетінін анықтамайды.

3- MGCP транспортты шлюзді басқару хаттамасы байланыс параметрін анықтайды.

4- анықталатын параметр арқылы SoftSwich коммутаторы MGCP хаттамасы арқылы екінші транспортты шлюзді қосады.

5- екінші транспортты шлюз байланыс жүретін портты анықтайды. Ол команданың көмегімен шақыруды абонентке берілетін акустикалық сигналдармен басқа да сигналдарды беру үшін сөйлесу арнасын анықтайды. Сонымен қатар, екінші транспортты шлюздегі порт ақпаратты қабылдағаннан басқа, қарама-қарсы шлюзге тиісті ақпаратты да береді.

6- бұл ақпаратты SoftSwich коммутаторы бірінші транспортты шлюзге береді.

7- бірінші транспортты шлюз ақпаратты қабылданғаны туралы коммутаторға хабарлайды. Содан соң, SoftSwich арналары қарама-қарсы РАТС қосады.

8- SoftSwich коммутаторы екінші немесе қарама - қарсы шақырылатын РАТС қосады.

9- шақырылған абоненттің тұтқаны көтергені туралы алдымен SoftSwich коммутаторына содан соң шақырушы абонентке береді.

10- сөйлесу орындалады.

Біздің мысалымызда шақырылаған абонент тұтқаны қояды. Ол туралы ақпарат бірінші (11) Softswich коммутаторына, содан соң (12) шақырушы абонентке жіберіледі.

MEGAGO H248 – MGCP сияқты функцияларды орындайды. Екеуінің жұмыс істеу принциптері бірдей. Олар Softswich коммутаторы арқылы басқарылады. Бірақ орындайтын командалары әртүрлі. Сонымен қатар, сигналдарды кодалау мен берілу порттары да әртүрлі болады. Шақыруға қызмет ету процесі кезінде екі логикалық объектіге сүйенеді:

- аяқталу немесе порт;

- контекст.

Аяқталу немесе порт транспортты шлюздің берілетін ақпараттың аяқталуын анықтайды. Ал контекст бірнеше порт аралығындағы логикалық байланысты анықтайды. Мысалы, конференс байланысы. Ол жерде контекст бір портта ғана орындалады. Контекст бір транспортты шлюзді анықтайды. Ондағы бір ерекшелігі нөлдік контекст, оған бір-біріне байланыспайтын бірнеше порттар кіреді. Аяқталу ол бірнеше қасиеттен тұрады. Мысалы, егер аналогты АТС қосылса, онда оның аяталуы басқа электронда АТС-ге қарағанда өзгеше орындалады. MEGAGO H248 хаттамасы Softswich каналымен қосылғанда 8 команда орындалады.

MGCP 9 команданы анықтайды. Олардың кейбіреулері Softswich коммутаторына беріледі.

12.1 - Кесте

Команда Коды Берілу бағыты Анықтамасы
1.Соңғы пункт конфигурациясы EPCF Softswich→MG Softswich алынған сөз сигналдарын қандай түрде өңдеу керек екенін анықтайды.
2.Қосуды анықтау немесе байланысты орнату CRCX Softswich→MG Softswich шлюздің қосылуына бұйрық береді.
3.Қосылуды модицикациялау MGCX Softswich→MG Softswich шлюзге орнатылған қосылудың параметрлерін өзгертуді бұйырады.
4.Байланысты ажырату DLCX Softswich→MG MG → Soft Swich Softswich және шлюзді орнату керек екенін сұрайды.
5. Сұрау RGNT Softswich→MG Қандай байланысты орнату керек екенін сұрайды.
6. хабарлау NTFY MG → Softswich Шлюз Softswich-ке қандай хабардың орындалатыны туралы ақпарат береді.
7.Портты анықтау AVEP Softswich→MG Портты анықтау. Soft swich транспортты шлюздан қандай портта ақпарат беру керек екенін анықтайды.
8.Қосылуды тексеру AUCX Softswich→MG Softswich шлюзден қосылу парамертін сұрайды.
9. Рестарт RSIP MG → Softswich Шлюз Softswich-ке бір немесе бірнеше порттардың істен шыққаны туралы ақпарат береді.

 

1-ші командасы Add (добавить) қосу бұл команданың көмегімен Softswich шлюзге контекстің аяқталуына қосылуды бұйырады. Егер контексте Softswich көрсетілмесе, онда басқадан контекст қайта қосылады.

2-ші командасы Modifig (изменить) өзгерту- бұл команда бойынша Softswich шлюзге аяқталуды өзгертуді бұйырады, яғни аяқтау туралы өзгертудің бір немесе бірнеше түрін шлюзге береді.

3-ші командасы Subtract (исключить) шығару- бұл команда бойынша контекстің аяқталуы алынып тасталынады, ол соңғы қондырғы түріне байланысты.

4-ші командасы Move (перемещать) араластыру- бұл команда бойынша бір контекстің аяқталуын басқа контекстің аяқталуымен орын ауыстырады. Бұл команда нөлдік контекстке жатады.

5-ші командасы Auditvalue (проверить значение) нәтижені тексеру- бұл команда бойынша Softswich бір немесе бірнеше контекстің аяқталуын және орталануын орындайтын операцияларды тексереді.

6-ші командасы Auditcopabilitres (проверить возможности) мүмкіндіктерді тексеру- бұл команда бойынша SoftSwich орындайтын операцияның мүмкіндіктерін іздестіреді, яғни қолайлы және тиімді нәтижені.

7-ші командасы Notify (уведомить)-команда бойынша MG (транспортты шлюз) Softswich-ке өзінде орындалып жатқан операциялар жайлы команда береді. Осы ақпарат бойынша Softswich сұрау жасайды.

8-ші командасы Servicecharge (изменить облуживание) қызметті өзгерту бұл команда бойынша MG (транспортты шлюз) Softswich-ке операцияның өзгеруі жайлы ақпарат береді. Сол ақпарат жайлы Softswich басқа Softswich қосылған транспорттық шлюздің қызметін өзгерте алады.

 

12.2- Кесте - хаттамалардың салыстырмалы сипаттамалары

Сипаттамасы SIP H323 MGCP MEG 100 ISUP
Қолданы-луы IP-телефония IP-телефония Транс-ты шлюзді басқару TDM желіде
Стандарты RFC ITV-T RFC ITV-T ITV-T
Версиясы Әртүрлі V1-1996 V2- V4 V3- V5-2003 1 ғана версия V1-2000 V2- 2008 V3- 2005 Халықаралық
Күрделі- лігі Қара- пайым 43 хабар Версия өзгерген сайын құрылымыда өзгереді Қарайпым Қарапайым Күрделі H4 хабар + GO ақпараттар
Ақпарат беру Сөз, мәлімет, видео Сөз, мәлімет беруін басқару Сигнализа-ция, сөз, мәліметтерді шығару



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1782; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.