Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Ауытқыған мінез-құлық және әлеуметтік бақылау

Дәріс.

Кез-келген қоғамның бүкіл өмірі дерлік ауытқушылықтың болуымен сипатталады. Әлеуметтік ауытқу, яғни, девиация кез-келген әлеуметтік жүйеде болады. Сондықтан мұндай ауытқулардың себептерін таба білу, олардың әр түрлі жағымсыз формаларын болдырмаудың жолдарын табу қазіргі заманғы кез-келген адамға тән болуы тиіс. Девиация (әлеуметтік ауытқу) дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамда қалыптасқан нормаларға мойындалған шаблондарға және мінез-құлық стандарттарына жауап бермейтін адамдардың, әлеуметтік топтардың қылықтары, жүріс-тұрыстары.Ауытқыған мінез-құлық тұжырымдамасының пайда болуы француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгеймнің есімімен байланысты. Ол өзінің бүкіл қызметі барысында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктің себептерін айқындауға айрықша көңіл бөлді. Әлеуметтік интеграция қай кезде болады, яғни қоғамның мүшелері немесе әлеуметтік топтар ондағы өмір сүріп тұрған нормаларға ерекше мән бергенде, өздерінің өмірлерінде осы нормаларды басшылыққа алғанда әлеуметтік бірігу орын алады. Егер индивид жалпы (ортақ) нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады, яғни, бұл дегеніміз – қоғамның мүшелерінің айтарлықтай бөлігі өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле тұрып, оларға бей-жай, қалай болса солай қарайтын қоғамның жай-күйі. Бұл жағдай қоғамның әлеуметтік құрылымының күрт өзгеруімен, мысалы, күтпеген жерден экономиканың өрлеуімен немесе оның дағдарысқа ұшырауымен байланысты орын алуы мүмкін. Әлеуметтік ауытқулар жеке (индивидуальном) деңгейде де, бұқаралық (массовом) деңгейде де қарастырылады.Жеке деңгейде белгілі бір адамның нақты іс-қылығы (не болмаса ұжымның қызметінің актісі, халықаралық қатынастардағы мемлекеттік акциялар) қарастырылады; бұқаралық деңгейде - әлеуметтік нормалардың бұзылу жүйесі түріндегі актілердің жиынтығы қарастырылады. Әлеуметтік нормалардан индивидуалдық ауытқудың құрылымын қарастыра отырып, ең алдымен мынаны атап көрсеткен жөн: егер де әлеуметтік норманы іс-қылықтардың эталоны деп қабылдайтын болсақ, онда бұл эталоннан ауытқу әр түрлі бағыттарда жүруі тиіс. Адамдардың іс-қылығы (поступок) объективті және субъективті белгілер бойынша, мақсаттары мен мотивтері, тікелей және жанама нәтижелері бойынша әлеуметтік нормаға жауап бере алмайды. Ол жаңашыл немесе консервативті, пайдалы немесе зиянды, кездейсоқ немесе әдеттегідей және т.б. болуы мүмкін. Ал бұқаралық құбылыс деңгейінде әлеуметтік ауытқу қоғамдық өмірдің элементі ретінде, оның тілекке сай емес әлеуметтік процесі ретінде көрініс береді.Девиацияның неғұрлым жарқын мысалдары – адамзатқа тән емес, әрдайым айыптаушылықты тудыратын қылықтар – мысалы, адам өлтіру, адам зорлау сияқты. Алайда тек осының негізінде ғана девиацияға нақты анықтама беру қиын. өйткені, тіпті адам өлтірудің өзін ақтап алатын кездер болады, мысалы, соғыс уақытында. Сонымен қатар, девианттық мінез-құлықтың деңгейін айқындайтын жағдайлардың да уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындығын айта кеткен жөн, мысалы қазіргі кезде ХХ ғасырдың бас кезіндегіге қарағанда шылым шегушілерге деген қарым-қатынас нашақорлықпен ұқсастырылады. Девиацияны айқындаудағы екінші тағы бір проблема мінез-құлықтың күтілетін тұстарының екі ұштылығымен (анық еместігімен, белгісіздігімен) байланысты. Кейде бұл қағида мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Айталық, көшені абайсызда кесіп ту әрқашан девиация болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Бір жағынан бұған заңмен тиым салынған, ал екінші жағынан бұл жағдай кеңінен таралған. Яғни, әзірге көліктердің жұмысы бұзылып немесе бұдан біреу зардап шеккенге дейін бұл жағдай жартылай легальды деп есептеледі.Ауытқыған мінез-құлықтың себептері мен түрлері.Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзоқылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер төмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: тмөенгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы төмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жөнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жөніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады. Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен көптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд«өзін кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, өздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды. Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да бар. Мысалы, өзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл көбіне өзіне-өзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының арасында алшақтық пайда болған кезде орын алатындығын тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа ұшыраған кезде немесе мүлдем болмаған жерде туындайды. Әлеуметтік ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін көрсетеді, оларды бөліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бөлінуі. Соған байланысты жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық, еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және т.б. болып бөлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты қандай жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бөлуге болады. Мінез-құлықтың көптеген түрлері белгілі бір елдегі өмір сүріп тұрған құқық нормаларының, моральдың, үлгі-өнегенің, әдет-ғұрыптардың бұзылуы болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың (агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен принциптерінің бұзылуымен байланысты. Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бөлінеді.а) экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдын-ала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-жанжал); ә) интравертивті (адамның өз-өзіне бағытталған мінез-құлық –ішімдік ішу, алкоголизм, өзін-өзі өлтіру, нашақорлық және басқасы).

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары | Леуметтік бақылау
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 4361; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.