Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Саяси әлеуметтануы




Дәріс.

Саясат әлеуметтануы – әлеуметтану ғылымының бір саласы. Саясат әлеуметтануы – әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі 20ғ. 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып табылады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік-саяси қатынастар саясат әлеуметтануының обьектісі.Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға мәдениетке, қызмет-әрекетке,олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Саясат әлеуметтануының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның барлық саласымен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшеліктерін айқындау жөн. Заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік - саяси өмірдің өмір сүру заңдары және даму заңдары.Әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдарына әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заңы және оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субьектілері мен обьектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы. Даму заңы – бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады,өздерінің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс.Осы заңдарға сәйкес саясат әлеуметтануының категориялары қалыптасады. Олар: 1. Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет,билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм,ереуілдер, т.с.с.; 2. Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, саясаттандырылған тұлға және т.б. Саясаттың ортақ мәселесі таптар,өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты,жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1395; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.