Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану




«Экономика әлеуметтануы» термині XIXғ бастап қолданысқа енді, дегенмен мұндай атаумен еңбектер XXғ шыға бастады. Ең бірінші еңбек Бельгиялық әлеуметтанушы Г.Де Грефаның (1886-1964) «la sociologio economique» деген кітабы болды, ол 1904 жылы орыс тіліне аударылып «әлеуметтік экономия» деген атпен жарық көрді. Экономикалық әлеуметтанудың тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады: ғылымға дейінгі(б.з.д.3 мыңжылдық-б.з.XVIII) классикалық(XIXғ- XXғ) және қазіргі (XXғ соңы- XXIғ). Платон (б.з.д. 427-347) бірінші болып еңбектің «әртүрлі үйлесімдік» заңын орнатты. Ол адамдардың түрлі қажеттіліктері түрлі еңбекке қабілеттілігіне және түрлі еңбектің алуан түрлері сәйкес келеді деп есептеді. Еңбектің мамандандырылуы өнімнің сапасын жақсартуда және оның санын көбейтуде қажетті шарт болып табылады. Екі шартта қоғамның экономикалық дамуына аса қажет. Сонымен қатар, кім өзінің кәсібінде жақсырақ маманданса,сол үлкен жетістіктерге жетеді. Атап айтқанда, гректер «экономика» немесе «ойкономика» сөзін ойлап тапқан, үй шаруашылығын меңгеру, сондай-ақ үй құрылысы, үй басқару. Басында «ойкономия» үйді басқару икемі, әке тегі, сол үйді басқару,яғни әйелін басқару, балалар мен қызметкерлкрін басқару дегенді білдірген. Платонда«ойкономия» саяси рең алған (полисті басқару), «койномия» ұғымы- тек қана отбасылық еңбекті ғана емес, сондай-ақ адамзаттық қарым- қатынасты, яғни адамзаттық қоғам дегенді білдіреді.Аристотель(б.з.д. 384-322) өзінің экономикалық ілімінде шаруашылықты жүргізудің 2 типін белгілейді: натуральды, тауарлық емес-ойкономия және ақшалық-хрематистика (chrematico-ақша істерімен айналысу). Ойкономияда үй басшысы үй ішіндегілер арасындағы қатынас заңды құжаттармен тіркелмеген, олар келісімді болған. Хрематистикалық қатынастар осы келісім негізінде құрылады. Бұл қоғамдағы заңды және физикалық тұлғалар арасындағы формалльды қатынастар еді, тек олар жекелеген отбасы іщінде емес еді.Англиялық ғалым Адам Смит(1723-1790) алғаш рет еңбек бөлінісі туралы жүйеленген ілімді ұсынған еді, ол өнімділікті ынталандырудың себебі болды.Ол еңбек бөлінісі өнімділікті үш тәсілмен арттырады деп есептеді: әрбір жұмысшының жылдамдығын арттыру арқылы; бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кезде уақытты үнемдеу арқылы; еңбегін жеңілдететін және қысқартатын машина ойлап табу мен жасаушыларды ынталандырудыарқылы.Шарль Фурье(1772-1837) адамдарды қорлайтын еңбектің тар мамандануын және еңбекті өзгерту принціпін ұсынды. Кейіннен К.Маркс пен Ф.Энгельс шығармаларында жан-жақты дамытылған еңбекті өзгерту адамның еңбекке мүдделігін және уәждерін сақтаудың тәсілі қызметін атқарады. Еңбек бөлінісінің пргрессивті рөлін жоққа шығармады және оған тарихи қоғам дамуы механизмне маңызды рөл берді. Олардың пікірінше еңбек бөлінісі қоғамның әлеуметтік құрылымын жасап қана қоймайды, ол екі антогонистік топтардың қанаушылар мен қаналушылардың жіктелуіне әкеледі. Біріншісі екіншісінің еңбегімен жасалған өнімді иемдену мен қүн көреді. Экономикалық әлеуметтанудың обьектісі мен пәні. Экономикалық әлеуметтанудың пәні экономика саласындағы әлеуметтік қатынастар (еңбек, жеке меншік, өндіріс, бқліс, айырбас және тұтыну),сондай-ақ экономиканың макроэкономикалық заңдылықтармен өзара әрекет нәтижесінде олардың дамуына әсері. Экономикалық әлеуметтанудың обьектісі – әлеуметтік-экономикалық процестердің күрделі динамикалық жүйесі, ол экономика және әлеуметтік саланың өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады, яғни бұл әлеуметтік процесс ретінде экономиканың дамуы.Олардың құрамына саладағы адамдардың әлеуметтік қатынастары,осы адамдардың әлеуметтік-экономикалық жіктелуі және олардың түрлі әлеуметтік таптарға бөлінуі жатады. Сондай-ақ әлеуметтік- экономикалық процеске олардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық коммуникациялар, әлеуметтік-экономикалық статустардың көптүрлілігі мен рөлдері, тауар түрлері жатады.Жалпыәлеуметтанулық және экономикалық заңдар.Әлеуметтік тұтастықтың заңы – қоғам әлеуметтік жүйенің біртұтас организмі болып саналады. Оның біртұтастығын оның барлық салалардың бір бірімен тығыз байланысты көрсетеді(экономикалық, саясаттық,рухани, әлеуметтік).Даму заңында қоғам жүйе ретінде тікелей дамуда болады.Бұл процестің қозғаушы күштері және мүдделері бар,өз ерекшеліктеріне қарай нақты кезеңдері бар. Кез-келген құбылыстың немесе оқиғаның қоғам өмірінде өзінің эволюциясы және әлеуметтік түп-тамыры болады. Құрылым заңы. Қоғам біркелкі болып табылмайды,бірақ өзара байланысқан және өзара әрекет ететін институттардан, топтардан, қауымдардан және олардың арасындағы қарым-қатынастардан тұрады. Қоғамдық қажеттілік пен қызметтің өзара байланыс заңы. Адамдардың әлеуметтік қасиеттіліктерін олардың қызметі анықтайды.Өз кезегінде әлеуметтіктің өзі ең алдымен қызмет кез-келген қоғамда қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың іргелік базасы қызметін атқарады. Бәсекелестік заңы«қонкуренция – тек өзінің маркасына тұтынушылардың қөңілін аударту мақсатындабіркелкі тауарлар шығаратын кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік, бақталастық». Рыноктық экономиканың маңызды механизмінің бірі ретінде бәсекелестік өндірісте экономикалық тиімділіке және барынша кіріс табу үшін, қажетті жағдайларды жасайды. Сұраныс заңында өнімнің өтім көлемі мен бағасының арасында өзара кері байланыс болады. Мұнда тауар бағасы сұраныс көлемінің басты факторы болып табылады.Тауардың рыноктық бағасы қаншалықты төмен болса, оған деген сұраныс, тауарды қолданушылар саны да соншалықты көп болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 3706; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.