Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы




Дәріс.

Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары тән және оның өзіндік ішкі заңдылықтары, өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Мәдениетті, оның сан қырлы әлеуметтік қызмет процесіндегі адамды елеулі күш ретінде қарастыруға болады. Мәдениет тұрғысынан қарастырылмайтын бірде бір қоғамдық күш жоқ. Мәдениет ұғымы бастапқыда жер өңдеу тәсілін білдірді. Оның бұл тар мағынасы 17-18 ғасырларда Еуропаның қоғамдық санасында кең қолданылған. Мәдениеттің онықты түсініктемесі ағартушылық дәуірге сай келеді. Әлеуметтік ғылымдар мәдениетті ең алдымен нақты, яғни адам қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді. Мәдениет рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы іспетті және оларды жасаудағы, таратудағы және сақтаудағы адамның тіршілік еңбегі ретінде анықталады. Мәдениетті ішкі құрылымы бар. Себебі, ол адамзат қауымдастығынан тыс өмір сүрмейді. Сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп бөледі. Индивидтің жеке мәдениеті – бұл оның өзіндік тәртіп үлгілерінің, қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының жиынтығы. Қауымдастық мәдениеті –шығармашылық туындылардың, қауымдастық мойындап қабылдаған ұндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, өмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді. Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні:біріншіден, тұтастық ретіндегі мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа қоғамдық жүйелермен өзара әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің өзге элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі арақатынасына орай алынған мәдсоциодинамикасының, мәдени коммуникацияның әрбір элементтері бола алады. Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар көбіне-көп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты. Адам қызметінің қанша түрі болса мәдениеттің де сонша түрі бар. Сондықтан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерекше маңызды. Мәдениет әлеуметтануының өзге әлеуметтану пәндері сияқты өзінің ұғымдық аппараты бар. Мәдениет негізгі үш буынды құрайды: когнитивтік, тәртіп, праксеологиялық. Когнитивтік буын мәдениеті адамзаттың жинақтаған дүниетанымдық парадигмаларын, білім, дағдысы, іскерліктерін -әлеуметтік қызметтің барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы ретінде сипаттайды.Адамның қызметі мәдениеттік «тәртіп» буыны арқылы да реттеледі. Мұндай реттеудің мақсаты – қоғамның әлеуметтік күтілімдеріне, қызметтің сәйкестігіне қол жеткізу. Когнитивтік және тәртіп буындары праксеологиялық буынмен синтезделеді. Бұл буын адамдардың мәдени қызметінің өзін реттейді. Сондықтан оны «мәдениетті ұйымдастырушы» деп те атайды.Мәдениетті атқаратын қызметтері: адам шығармашылдығы «басты функция; гносеологиялық; ақпараттық; коммуникативтік; құндылықтық-бағдарлық; нормативтік-реттеушілік.Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары.Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, заңдар, құндылықтар жатады. Әдет-ғұрыптар – ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.Адамгершілік – моральдық маңызға ие болған әдет-ғұрып.Заң – конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.Құндылық мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді де, онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінін және сақталып қалатынын көрсетеді. Мәдениетті материалдық және рухани мәдениеттер деп бөлу қалыптасқан. Бұл толықтай мойындалған бөлу екендігі даусыз. ХХ ғасырдың 20-жылдарында бұқаралық мәдениет идеясы пайда болды. Бұқаралық мәдениет деп шынайы мәдениетке қарама-қарсы тұрған мәдениетті атайды. Үстемдік етуші мәдениетке орай субмәдениет, контрмәдениет деп аталатын мәдениет түрлері де бар.Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар субмәдениетіне де назар аударып жүр. Жастардың субмәдени белседілігі бірқатар алғышарттарға байланысты болады: 1. білім деңгейіне байланысты. Білім деңгейі төмен адамдарда бұл белсенділік білім деңгейі жоғарылардан әлдеқайда жоғары; 2. жас мөлшеріне байланысты. Мұндай белсенділіктің шарықтау биігі 16-17 жаста болады; 3. мекен-жайына байланысты. Формальды еместердің қозғалысы ауылға қарағанда қалада басым орын алып отыр, өйткені қалада әлеуметтік байланыстардың өте көп болуы құндылықтарды және мінез-құлық формаларын таңдауға нақты мүмкіндік береді. Субмәдениет үстемдік етуші мәдениетке ашықтан-ашық шиеленістік жағдайда, қарама-қарсылықта тұрғандықтан оны контрмәдениет деп те атайды. Басқаша айтқанда, контрмәдениет – қоғамда үстемдік етіп отырған нормалар мен құндылықтарға теріс көзқарастағы қайсыбір әлеуметтік топтардың нормалары мен құндылықтарының жиынтығы, кешені. Мәдениетті тоқтаусыз процесс ретінде де қарастыруға болады. Мәдениетте әрдайым жаңа шығармалармен қатар, жаңа мектептер мен бағыттар да пайда болады. Сөйтіп, мәдениет – аса күрделі және іштей қайшылықты жүйе. Бұл қарама-қайшылықтар мәдениеттің салыстырмалы түрдегі дербестігінесебепші болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 4189; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.