Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ

Алматы, 2012

Курс: үшінші

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІЛЕРІ

КАФЕДРА: ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

пәні: қоғамдық денсаулық сақтау

Құрастырушылар:

м.ғ.д. Камалиев М.А., м.ғ.к. Бурибаева Ж.К., м.ғ.к. Шахиева А.М.

Аударғандар:

м.ғ.к. Бигалиева Р.К., м.ғ.к. Айтманбетова А.А.,

Кожекенова Ж.А., Нұрбақыт А.Н, Дармен Н.Ж.

Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым қалыптастыру, негізгі ұғымдарын, бөлімдерін, әдістерін білу.Студенттер қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік детерминациясы туралы білуі тиіс.

Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады.

Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды.

Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.

Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады.

Қазіргі жағдайда пәннің мазмұны қайта қарауды және толықтыруларды, сонымен қатар денсаулық сақтаудың заң шығару негіздерін өңдеу, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық денсаулықтың тенденциясын зерттеу, денсаулық сақтау іс-әрекетін экономикалық негіздеу, медициналық көмек сапасын басқару және т.б.қажет етеді.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (1995 ж.) бойынша жаңа денсаулық сақтау – бұл денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қолдау интеграцияланған денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған қоғамның ұйымдасқан күш салуы.

Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген.

Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).

Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық.

Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай.

Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай.

Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі.

Адамның денсаулық жағдайы туралы айтқанда біз осы үш компоненттің үйлесімді тіркесін айтамыз. Осылардың біреуінің бұзылысы дисгормония, үйлесімсіздік, ақыр соңында ауруға алып келеді.

БДҰ анықтамасы бойынша ауру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды.

Денсаулықтың бірнеше деңгейлерін ажыратады: жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы және қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.

БДҰ денсаулықты адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде қарастырады. Барлық адамдарға денсаулықты қамтамасыз ететін қажетті ресурстар қол жетімді болуы тиіс.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ХХХ сессиясында (1977ж) негізі әлеуметтік міндет болып «2000 ж қарай жер шарындағы барлық адамдардың денсаулығы әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өнімді өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуі» анықталды. Осы қойылған міндетті шешуге Денсаулық барлығына (Health for all) БДҰ саясаты бағытталған.

Кейінірек «Денсаулық 21: Европалық аймақта денсаулық барлығы үшін жетуге бағытталған саясатының негіздері» құжаты қабылданды (1999ж.). «21-ші жүзжылдықта Денсаулық барлығы үшін» стратегиясы әр елде әлеуметтік және экономикалық сипаттамасына, халықтың денсаулық жағдай мен өлім көрсеткішіне, денсаулық сақтау жүйесінің статусы мен дамуына сай жүзеге асырылуда.

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді.. Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды.

1978 ж Алматыда өткен БДҰ/ЮНИСЕФ Халықаралық конференциясында социалистік денсаулық сақтау жүйесі (Н.А. Семашко моделі) әлемдік мойындау алды, ал қабылданған Алма-Аталық декларация ХХ ғасыр денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы болып аталды.

Тәуелсіздік алумен және нарықтық қатынастардың орнауына сай Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңді денсаулық сақтауды ұйымдастыру сферасында қазіргі принциптер мен стандарттарға өтуді қоса алғандағы денсаулық сақтау жүйесінің жеделдетілген модернизациясы кезеңі деп анықтауға болады,

Қазіргі жағдайларға сай пәннің мазмұны қайта қаралулар мен толықтыруларлы қажет етеді.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады.

Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды келесідей негізгі топтарға бөлуге болады:

- саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т.б.);

- әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.);

- табиғи-климаттық, эклологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы);

- биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т.б.б).

ХХ ғасырда денсаулықтың әлеуметтік негізділігі мойындалды, бұл Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Жарғысында бекітілген. Осы денсаулықтың анықтамасымен адам ұйымдасуының биологиялық және әлеуметтік компонентіне қарсы келетін шектеулер жойылды.

Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен фактоларға беріледі.

Әлеуметтік жағдайлар- бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтік-экономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы

Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және зпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталды.

- өмір сүру салты және жағдайлары – 49-53%, барлық әсердің орташа 50% (темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс қолдану, үйлесімсіз тамақтану, күйзелістік жағдайлар, зиянды еңбек жағдайлары, гиподинамия, нашар материальдық-тұрмыстық жағдайлар, есірткі қолдану, дәрі-дәрмектерді артық қолдану, отбасының тұрақсыздығы, жалғыздық, төмен мәдени және білім деңгейі, урбанизация және т.б.)

- генетикалық факторлар - 18-22%, орташа 20% (тұқым қуалаушылық ауруларға бейімділік)

- қоршаған орта - 17-20%, орташа 20% (климат, ауа, су, топырақтың зиянды заттармен ластануы, жоғары гелиокосмостық, радиациялық, магниттік және т.б.б сәулеленулер)

- денсаулық сақтау - 8-10%, орташа 10% (профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, медициналық көмек сапасының төмендігі, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі).

Барлық БДҰ тарихындағы ең ірі зерттеу жобасының нәтижесінде (2002 ж) жалпы деңгейде халық аурулығы мен өлім көрсеткішінің деңгейін анықтайтын 10 негізгі қатер факторы белгіленді: тамақтану жеткіліксіздігі, темекі тарту, артериялық гипертензия, сумен қамтамасыз ету, санитария, сонымен қатар жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы, гиподинамия, кәсіби зияндылықтар, қауіпті жыныстық қатынастар, ішімдікті артық қолдану, атмосфералық ауауның ластануы.

Сонымен, қоғамдық денсаулықты қалыптастырудағы әлеуметтік факторлардың негізгі ролі өмір сүру жағдайлары мен салты арқылы жанама түрде әсер етеді.

Қазіргі зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық-әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда.

Өмір салты – тарихинақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік.

Жалпы алғанда, өмір салты 4 категориядан тұрады:

- өмір деңгейі – адамдардың материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің өол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т.б.)

- өмір сапасы - адамдардың материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т.б.)

- өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, әдет, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік-психологиялық категория.

- өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория.

Өмір салты критерилері мен бағалаудағы ерекшеліктерге қарамастан халық денсаулығын қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролі барлық халықаралық денсаулық сақтаумен мойындалған.

Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп аталады:

- демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар, босқындар;

- кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, көлік және т.б.);

- функциональдық, патологиялық жағдайлар: жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер;

- төмен материалдық, кедейллік, қайыршылық өмір деңгей: кедейлер, аз қамтылғандар, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен еңбек ететіндер, «тұрақты орны жоқтар»:

- девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. коллизий адамдар: маскүнемдер, нашақорлар, токсикомандар, жезөкшелер, сексуальдық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар (невропаттар, психопаттар және т.б.); психикалық және физикалық ақаулары бар діни және т.б. сектанттар;

Барлық аурулардың ішінде әлеуметтік маңызды аурулардың орны ерекше, олардың тізімін медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша немесе жеңілдетілген шаралар қабылдау мақсатында үкіметпен белгіленеді: ісік және қатерлі қан аурулары, диабет, ревматизм, жүйелі қызыл жегі, балалар церебральді салдану, психикалық аурулар, миокард инфаркті және т.б..

Денсаулықтың әлеуметтік детерминациялығын мойындау денсаулық мәселесін әлеуметтік тұрғыдан кең түрде қарастыру қажеттігіне негіз болды, сонымен қатар денсаулықты қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының тікелей жауапкершілігі мен міндеті аясынан шығып кетеді. Денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмыс беруші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 20 слайд.

Әдебиет:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауға анықтама беріңіз.

2. Денсаулықтың компонентері.

3. Денсаулықтың деңгейлері.

4. Пәннің негізгі бөлімдері.

5. Пәннің негізгі әдістері.

6. Халық денсаулығына әсер ететін факторлар.

7. Денсаулықтың қалыптасуына қауіп факторларының үлесі.

8. Денсаулықтың әлеуметтік байланыстылығы.

9. Өмір салты мен оның категорияларына анықтама беру.

10. Аурулардың әлеуметтік қауіп топтары.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
R – емтиханға жіберу рейтингісі бағасы | Тақырып 2. ХалыҚ денсаулыҒын кешенді баҒалау. ДемографияныҢ Әлеуметтік-медициналыҚ аспектілері. ХалыҚ аурушылдыҒы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 21247; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.