Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы




Лекцияның мақсаты: Қоғамдық ондірістің негіздері мен құрлымын қарастыру.

  1. Жалпы экономикалық түсініктер
  2. Қоғамдық өндірістің мәні мен құрылымы
  3. Өндірістің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті
  4. Қоғамдық өнім: мәні, құрылымы

 

 

1.Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер

2. Экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі:

1. Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес;

2. Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кздеседі.

Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:

Қажеттілік – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:

  1. Материалдық
  2. рухани немесе мәдени
  3. әлеуметтік

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.

Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет.

Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз. Ресурстардың 5 түрі болады:

  1. материалдық
  2. табиғи
  3. қаржы
  4. еңбек
  5. ақпараттық.

 

2..Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:

1. Материалдық өндіріс

1.1. материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);

1.2. материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)

2. Материалдық емес өндіріс

2.1. материалдық емес игіліктер өндіру(мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);

2.2.материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер).

Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.

Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.

Өндіріс дегеніміз- адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.

 

3.Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.

Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі.

Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.

Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.

Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар;в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.

Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.

Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.

 

4.Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі- оның өнімі. Ол-қоғамдық сипатта, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады.

Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету кіреді.

Қоғамдық жиынтық өнім- бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлер еңбегімен өндіріледі. Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен өткен жылдардың заталған еңбек шығындарын шегеріп тастаса, таза өнім қалады.Ол негізінен тұтыну заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан тұрады. Таза өнімді саяси экономия мен қазіргі есептеу жүйесінде ұлттық табыс депте атайды. Таза өнім 2-ге бөлінеді: а) қажетті өнім- материалдық өндірісті өндіру саласындағы қызметкерлердің күнелту үшін, өзіне және жанұясына, осы қызметкерді оқыту, үйрету үшін жұмсалатын таза өнімнің бір бөлігі; ә) қосымша өнім- бұл материалдық игіліктерді өндіру саласындағы жұмысшылардың жұмыс күшін толықтыруға жұмсалған кейін артылып қалған таза өнімнің бір бөлігі.

Қоғамдық өнім белгілі бір нысанда өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды. Оны мына формуламен анықтайды:

 

өндіріс нәтижесі(өнім)

Өт (тиімділік)=_____________________________________________________

өндіріс факторларының шығындары(жанды және затталған еңбек)

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

 

1.Экономика және адам. Адамның экономикалық қызметтері (іс-өрекеттері).

2.Экономикалық мүдделер және экономикалық іс-әрекеттің басқа да ішкі себептері, Экономикалық адамның оңтайлы (ұтымды) іс- эрекеттерінің үлгі-моделълері.

3.Қоғамдық өндірістің қүрылымы.

4.Өндіріс жөне ұдайы өндіріс. Өндіру, бөлу, айырбастау жөне түтыну. Жай жоне үлгаймалы (экстенсивті, интенсивті) үдайы ондіріс.

5.Экономикалық игіліктердің ұдайы айналымы және экономикалық түлгалардың озара іс-әрекеттері.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Экономикалық теория негіздері (оқулық) Алматы, 2004 ж.

2. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Алматы Экономика,2003ж.

3. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004ж.

4.Темірбекова А.Б.,Байжоланова К.С.Экономикалық теория негіздері. Алматы Экономика,2008ж.

5.Осипов М. Экономикалық теория негіздері. -Алматы, 2002

6.Шеденов У.К., Сағындықов Е.Н., Байжомартов У.С., Жұнiсов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Проф. Шеденов У.К. редакциясымен. Алматы-Ақтөбе, 2002

Қосымша әдебиеттер:
1.Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. СП-б. Республика. 1997. 2. А.Алшынбай. Нарық және баға белгілеу. Алматы Экономика,2008ж. 3.Аубакиров Я., Ескалиев М. Экономикалық теория.- Алматы, 2005 4.Шеденов У.К., Сағындықов Е.Н., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., К Курс экономической теории Под ред. Чепурина Н.К., Киселевой Е. –Киров, 2005г. 5.Теоретическая экономика. Политэкономия. Учебник для вузов. Под ред. Журавлевой Г.П. М. Банки и биржи, ЮНИТИ, 2006г. 6.Экономическая теория. Учебник для вузов под ред. А.И.Добрынина, Л.С.Тарссовича. –С.Петербург, 2005г. 7. Экономическая теория: Практикум /под ред. Н.И.Базылева, Л.В. Воробьевой. 2-ое изд., перераб. И доп. - Минск: БГЭУ, 2006    



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 3895; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.