Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дәріс мазмұны




Тақырып. Әлеуметтік институттар мен әлеметтік процестер

Дәріс мақсаты: Әлеуметтік институттың анық функцияларын, ұйымдардың әлеуметтік белгілері анықтау

 

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік институ, әлеуметтік процесс

 

Дәріс жоспары

1. Әлеуметтік институт түсінігі.

2. Әлеуметтік институттардың типологиясы

2. Әлеуметтік институттар функциялары

 

Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Әлеуметтанушылар “институт” ұғымын құқықтанушылардан алып, оны терең әлеуметтік мазмұнмен толықтырған. Ол базалық әлеуметтану ұғымдарының бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.

Ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады [38]. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік.

Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “ Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “ Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.

Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.

Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.

Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.

Әрбір институт:

- белгілі бір қызмет аясын;

- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

Мысалы, әділет органдары әлеуметтік институт ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділет органдарын қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.

Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану рәсімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар [39]:

- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

- білім беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне байланысты ерекше сапалары бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; нышандық мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс; идеология. Нормативтік элементтер, түсініктер, үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы бұл институционалдық белгілер: әлеуметтік қатынастарды реттеудің негізгі механизмдерін шоғырландырған: (1-кестені қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін көрсетеді.

1-êåñòå.

îƒàìíûœ áàñòû èíñòèòóòòàðûíûœ áåëã³ëåð³ [40]

Отбасы Мемлекет Бизнес Білім беру Дін
1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері
Бауыр басу­шы­лық. Түзу ниет. Жауапкершілік. Құрмет Құлақ асу. Түзу ниет. Субординация. өнімділік. ‡немділік. Табыс алу. Білімге деген құштарлық. Сабаққа қатысу. Қоше­мет­теу­ші­лік. Түзу ниет. Табыну.
2. Нышандық мәдени белгілер
Неке жүзігі. Некелік жоралғы. Ту. Мөр. Герб. Ұлттық гимн. Фабрика маркасы. Патент белгісі Мектеп эмблемасы. Мектеп әндері. Крест. Икондар. Әулиелер. Гимн.
3. Утилитарлық мәдени белгілер
‡й. Пәтер. Жићаз. Қоғамдық ғимараттар. Қоғамдық жұмыстар. Бланктер мен нысан­дар Дүкен. Фабрика. Жабдық. Бланктер мен нысандар Сыныптар. Кітапхана­лар. Стадиондар. Шіркеу ғимарат-тары. Шіркеу реквизиті. Әдебиет.
4. Ауызша және жазбаша кодекс
Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар Конститу­ция. Заңдар Келісім-шарттар. Лицензиялар. Оқушылар ережелері. Сенім. Шіркеу тыйым-дары.
5. Идеология
Романтикалық махаббат. Сыйысу-шылық.. Даралық. Мемлекет­тік құқық. Демокра­тия. Ұлтшыл­дық. Монополия-лар. Еркін сауда. Еңбек ету құқығы. Академиялық бостан­дық. Прогрессив-тік білім беру. Оқытудағы теңдік. Православие. Баптизм. Протестантизм.
           

 

Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері міндеттейтін өздерінің әлеуметтік рөлдері қоғам мүшелерінің орындауы негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін, белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады [41].

Әр түрлі бағыттағы әлеуметтанушылар қоғамдағы әлеуметтік институттардың реттелген жүйесін беруге тырысқан.

Әлеуметтанудағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.

Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдық нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық инсти­туттар топтық және топаралық мінез-құлықтың әр алуан актілерін реттейтін күнделікті ұзақ байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1779; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.