Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып. Саяси әлеуметтану




Лекцияның мақсаты: Қазіргі кезеңдегі саясаттың даму ерекшеліктерін мен оның әлеуметтік мәселелерін түсіндіру

Негізгі ұғымдар: Саясат, монархия, демократия, тоталитаризм, саяси қызмет

 

Дәріс жоспары:

1.Саясат социологиясының мәні, заңдары, категориялары.

2.Саясат және саяси қызмет.

3.Саяси қатынастар мен саяси мүдделер, саяси процесстер мен саяси институттар.

4.Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Саясат және саяси қызмет. Саясат соцологиясы - соцология ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс соцологиясынан басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарасмастан саясат социологиясының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік – саяси қатынастар – саясат социологиясының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, өрпақтар, кәсіптік қөрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.

Саясат социологиясы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдылықтарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады. Саясат социологиясының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен қөрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, төлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың өйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Саясат социологиясы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпы дүниежүзілік, жалпы адамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.

Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заң, оның ұйымдастыру тәсілдері саяды. өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну, заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.

Даму заңы – бөл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар мен формаларын анықтайды. Мысалы, революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, т.с.с.

Осы заңдарға сәйкес саяси социологияның категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1.Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с; 2.Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлік, саясаттандырылған төлға және т.б.

Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен өлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы танылады. Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатынасты болады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.

Саяси қатынастарға қоғаманың әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.

Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалы мен қалыптасады.

Саяси идеология аталмыш әлеуметтік-саяси күштердің мүдделері теориялары мен ғылыми төжырымдамалар деңгейінде көрінеді. Мұндайда бұл мүдделерді мейлінше терең түсінуге қолы жетеді, олардың мәні, мазмұны мен бағыт-бағдары ашылады.

Саясат социологиясы қоғамда бірнеше міндеттер атқарады. Атап айтқанда, дүниетанымдық, тәрбиелік, практикалық-саяси функциялары. Саяси социологияның дүниетанымдық функциясы әрбір адамның, әсіресе саяси басшының санасына жаңаша саяси ойлауды қалыптастыру, жалпы адамзаттық қөндылықтардың, жалпы адамзаттақтың топтық (таптық, өлттық, діни, т.б.) мүдделерден басымдығын, әлеуметтік-саяси прогресстің формасы деп саналып келген күштеу мен зорлауды теріске шығару, әрбір халықтың әлеуметтік және саяси таңдау бостандығын мойындау принциптерін терең зерделеуге бағыттайды.

Саясат социологиясы саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар, ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Бөл оларды саясат өз интуицияларына ғана сүйеніп жүргізуден сақтайды.

Саясат социологиясы тәрбиелік те функция атқарады. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Бұл әсіресе жастарды тәрбиелеуге маңызды. Ол саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да өркениетті елдерден оқу орындарында оны оқытуға баса назар аударылады, оқыту сағаттары көбейтілген. Оқу курсымен қатар арнайы курстар өткізіледі.

Практикалық-саяси функциясы да өте маңызды. Қоғамадық білімдер жүйесінде саясат социологиясы көп жақты нақты практикаға аса жақын, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамдардың өзгертуші немесе консервативтік қызметіне де тым жақын. Саясат социологиясы жалпы социология ғылымының мәліметтерін қоғамдық өмірді жақсарту мақсатында іс-тәжірибеде қолданады және қолдануға тиіс. Саясаттың әр түрлі салаларымен өзара әрекетін зерттей отырып, саясат социологиясы қоғамның неғөрлым тиімді әлеуметтік-саяси құрылысы мен әлеуметтік саяси прогресі моделін іздестіру және анықтау міндеттерін іс жүзінде шешеді.

Саясат социологиясының ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары тікелей практикаға шыға алады. Оның қорытындыларынқатаң басшылыққа алса, қоғамдағы күрделі процестер мен бағыттарды дөрыс пайымдауға болады, соның негізінде саяси мәселелердің практикалық оң шешімдері жасалады.

Саясат социологиясы сияқты арнай социология теорияларында мәдениет социологиясының да маңызы зор.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 3454; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.