Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы




Лекцияның мақсаты: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының зерттеу объектісі, пәнін және категорияларын түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: Коммуникация, қатынас, бұаралқ ақпарат құралдары, бұқаралық мәдениет, тіл, өзара түсінік, диалог.

Дәріс жоспары:

1. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының зерттеу объектісі, пәні, категориялары

2. Бұқаралық коммуникация және мәдениет.

3. БАҚ зерттеудегі классикалық және жаңа әлеуметтанушылық әдістер мен техникалар: контент-талдау және дискурс талдау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.

Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары.

Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады. Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында қарым-қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас жасаушылардын көңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары бейнеленген.

Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сөйлеу тәртібі қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі. Сондықтан да әлеуметтануда коммуникация тұлғааралықпен қатар бұқаралық коммуникация кең түрде зерттелді.

Әлеуметтану әлеуметтік факторларды, яғни бұқаралық коммуникацияның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әсерін, адамдардың әлеуметтік шындық пен құндылықтарға қатынасын зерттейді.

Коммуникациялық процестің тұрақты элементері болып: 1)жіберүші (коммуникатор, хабарды тасымалдаушы); 2)канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3)жеке хабар; 4)ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.

Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы көпшілік аудиторияға адамдардың бағалау, көзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1668; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.