КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама
3.1 тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру; 3.2 жанама: несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу. 2) Ақша-несиелік саясат - мемлекет қызметі, оның тағайымдылығы елдегі несие-ақшалық процестерді реттейтін шаралар жүйесін өңдеу. Ақша саясаты - процент ставкасының, ақша массасының және несиенің деңгейлерін басқару саясаты. Ақша массасы - шаруашылықтағы барлық ақшалай қаражаттардың жиынтығы, олар айналым, төлем және жинақ құралы қызметтерін атқарады. Айналымдағы ақшы массасын анықтау үшін ақша агрегаттары пайдаланылады: М1 = қолма- қол ақша + ағымдық шоттағы ақша (талап еткенге дейіңгі шоттар): М2 = М1 + тез арадағы шоттар және чексіз шоттары; М3 = М2+ ірі депозиттер; Чек - иесіне несиелік мекемеден чектегі. Несиелік жүйе - айналымдағы ақша көлемін өзгерту арқылы экономиканы реттеуге арналған қаржылық мекемелер кешені мен несиелеу әдістері. Қазіргі ақша-несиелік жүйе үш деңгейден тұрады: 1. Ұлттық Банк: ақша шығару, ақша-алтын резервін сақтау, экономиканы ақша-несиелік реттеу, қаржылық институттар қызметін реттеу. 2. коммерциялық банктер: заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеуі. 3. маманданған несие-қаржылық институттар: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер. Банк- уақытша бос ақшаны ақылы негізде несиеге беруменн айналысатын экономикалық институт. Банктердің мақсаты- банктік пайданы табы, ол процент ставкасы мен ссуда, салымдар арасындағы айырмашылық (маржа). Банктер 100 түрлі операциялар жүзеге асырады, оларды 4 топқа жіктеуге болады: ü пассивті; ü активті; ü банктердің өз операциялары; ü банктік қызметтер. Несие- қайтару негізінде және процентпен берілетін ақша немесе тауар түріндегі ссуда, ол келесі қызметтерді атқарады: ынталандырушы, қайта бөлу Несие түрлері: банктік коммерциялық, орта, қысқа және ұзақ мерзімді.
3) Ақша ағымы келесі субъектілер арасында жүзеге асады: ü мемлекет және оның институттары; ü фирмалар- кәсіпорындар, компаниялар, қоғамдар және т.б. ü тұрғындар-үй шаруашылықтар. Қаржылық жүйе осы субъектілердің қаржыларынан құралады. Ең қомақты мемлекеттік қаржы- мемлекеттік бюджет (МБ). Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп. Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды. Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды. Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса- бюджет тапшылығы (дефициті), табыстар шығындардан артық болса- бюджет профицит і немесе артықшылығы орын алады, ал тең болса бюджет балансты. Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері: несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау); қарыздарды тарту; мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту. Фискалды саясат- мемлекеттің табыстары мен шығындарын реттеу бойынша қаржылық шаралардың жиынтығы. Оның негізгі бағыты- салықтық жүйені жетілдіру болып табылады, салықтар МБ 90% дейін құрайды. Салық - заңды және жеке тұлғалардың мемлекетітк бюджетке төлейтін міндетті төлемдері, олар: фискалды, реттеу, қайта бөлу қызметтерін атқарады. Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының динамикасы арасындағы байланысты “Лаффер қисығы” деп атайды. Лаффер бойынша салық ставкасының артуы шамасына қарай 0-100% дейін, салықтық түсімдер бастапқыда өседі де максимумға жетеді (А нүктесі) де, үлкен салық стакасына қарамастан төмендей бастайды, Лаффер оны жоғары сталық ставкасы экономикалық белсенділікті төмендететіндігімен түсіндіреді.
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 649; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |