Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Хіv лекция-тезис

ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАРАДИГМАСЫ

ХХ ғасырдағы түркологияның ерекшелігі.

XVIII ғасырдан бастау алған түркітану ғылымының бүгінгі таңдағы зерттеу нысаны мен зерттеу методологиясының айқындалуы, әлемдік ғылымдағы өзіндік орны.

Фонетика және фонология.

ХІХ ғасырдан бастау алған түркі тілдер фонетикасының Кеңестік құрылыс дәуіріне әсері.

Түркология секторы ғалымдары ұжымымен 1984 жылы Мәскеудің ғылым баспасынан жарық көрген Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков, А.М. Щербактың 1970 жылы шыққан Сравнительная фонетика тюркских языков, М.А. Черкасский дің Тюркский вокализм и сингармонизм, Г.П. Мельниковтың түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен зерттеген еңбектері.

Қазақ тілі фонетикасы саласында елеулі із қалдырған әрі қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты пікір айтқан (Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, А. Байтұрсынұлы) ғалымдар.

ХХ ғ. 20 жылдары фонетикаға қатысты арнайы зерттеулер.

ХХ ғасырдың 40-жылдарынағы Қазақстан кеңістігіндегі фонетика саласының ғылыми-методологиялық негізі.

Фонетика ғылымының дамуы.

Фонетика жүйесіндегі салыстырмалы-тарихи зерттеулер.

Фонетика және түркі тілдеріндегі дыбыстық заңдылықтар мен сәйкестіктер.

Фонетика: жалпы фонетика, жеке фонетика; сипаттама фонетика және тарихи фонетика;

Фонетикадағы эксперимент әдістері; палатограф, спектрограф, интонограф.

Фонология: сегментті фонология, суперсегментті фонология.

Фонология саласындағы мектеби бағыттар: Орыс фонологиясында Петербор (Ленинград) фонологиялық мектебі (Л.В. Щерба, Л.Р. Зиндер т.б.) және Мәскеу фонологиялық мектебі (Р.И. Аванесов, А.А. Реформатский т.б.).

Қазақ фонологиясында классикалық фонема мектебі (Қ.Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Ж.А. Аралбаев, Т. Талипов т.б.) және сингармонизм мектебі (Ә.С. Жүнісбек, М. Жүсіпов, Ж.Ә. Әбуов, С.Н. Мырзабеков, З.М. Базарбаева, Б.Қ. Мурзалина және т.б.).

Лексикология, Лексика, лексема терминдері.

ХХғ. 40-жылдарынан пән ретінде оқытыла бастаған лексикология ғылымының жан-жақты зерттеле бастауы.

Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулер ретінде КСРО-ның Түркологиялық сектор ғалымдары жазып жариялаған Исследование по сравнительной грамматике тюркских языков атты еңбектің 1962 жылы шыққан IV томын, Историческое развитие лексики тюркских языков, Очерки сравнительной лексикологии алтайских языков, К.М. Мұсаевтың 1975 жылы жарық көрген Лексика тюркских языков в сравнительном освещении т.б. зерттеулері.

Лексикология және тарихи-салыстырмалы тіл білімінің қалыптасуы.

Лексикологиялық зерттеулер мен ескерткіштер тілінің талдану ерекшеліктері.

Лексикология саласында түркологтардың алғашқы зерттеген тіл қабаты – лексикография.

В.В. Зернов-Вельяминовтың Шағатай тілі сөздігі, Л.З. Будаговтың Сравнительный словарь турецко-татарских наречий, В.В. Радловтың Опыт словаря тюркских наречий, Э.К. Пекарскийдің І—ХІІІ томдық Словарь якутского языка және В.В. Катаринскийдің Киргизско-русский словарь сөздіктерінің ғылыми маңыздылығы.

Тіл тарихынан сыр шертетін Древнетюркский словарь (ДТС) атты қомақты еңбектің ерекшелігі.

Э.В. Севортянның бас редакторлығымен жарық көрген үш томдық Этимологический словарь тюркских языков атты еңбегі.

Қазақ лексикологиясының тұңғышы, қазақша-орысша екі тілді сөздіктің алғашқысы 1861 жылы Қазанда жарық көрген Н.И. Ильминскийдің Материалы к изучению киргизского наречия сөздігі.

Қазақ тілі біліміндегі қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі (қайтадан ХХІ ғ. алғашқы он жылдығында 15 том болып, толықтырылып, қайта басылды), сонымен қатар лұғаттар қатарын Абай тілі сөздігі, синонимдер, омонимдер сөздігі, диалектологиялық, фразеологиялық сөздіктер, емле сөздігі және т.б.

Көлемді зерттеулер қазақ тілі білімінде де жарық көрді. Олардың қатарына сөздік құрамымызды кең көлемде алып жан-жақты зерттеген Н. Сауранбаевтың, ғ.Ғ. Мұсабаевтың, Ә. Болғанбаевтың және оның жеке салаларын арнайы зерттеген I. Кеңесбаевтың, Т.С. Жанұзақовтың, К.А. Ахановтың, т.б. еңбектерін айтуға болады.

Сөздіктердің ғылыми типологиясын жасауда Ресей ғалымдары Л.В. Щерба (1940), С.И. Ожегов (1952), В.В. Виноградов (1956) еңбектерінің құндылығы.

Түркі лексикографиясының теориялық жағын жетілдіру үшін сөздік жасаудағы басты мәселелер.

Түркі тілдері лексикологиясы салаларының бірі терминология.

Саларалық терминдер лұғаттары.

Интертермин терминіне түсініктеме.

Қазір қолданыста жүрген терминдердің қолданысқа енуі.

Семасиология. Семантика, сема терминдері.

Семантика мен мағына терминдері.

«Мағына», «мән», «мазмұн», «маңыз» лексика-семантикалық варианттары.

Этимология.

Тарихи лексикология

Этимологиялық зерттеулердің ғылыми тұрғыдан нәтижелі болу үшін қойылатын принциптер.

Этимологияның түрлері.

Түркі тілдері бойынша шыққан сөздіктердің санатына қазақ ғалымдары түзген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінің» (Алматы, 1958) өзектілігі.

Фразеология және фраземика

ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап кең ауқымда зерттеле бастаған түркітанудағы фразеологиялық зерттеулер.

1970 жылдарға дейін жарық көрген фразеологиялық сөздіктер.

Қазақ фразеологизмдерін теориялық тұрғыдан зерттелуі мен арнайы лексикографиялық еңбектер.

Атақты ғалым І.К. Кеңесбаевтың фразеологиялық еңбегінен бастау алуы.

Түркі тілдес халықтардың ішінде 1977 жылы жарық көрген алғашқы фундаменталды еңбектің академик І.К. Кеңесбаев атымен байланысты болуы.

Теориялық тұрғыдан түркі тілдес халықтардың фразеологиясының зерттелуі және түркі халықтары бойынша қорғалған кандидаттық диссертациялар.

Фразеология теориясы бойынша бүгінгі таңда қалыптасқан әдістер.

Түркі тілдерінің фразеологиялық саласының түрлі бағыттар бойынша зерттелуі.

Қазақ тіл білімінде фраземаларды орыс тілі және европа тілдері (ағылшын, неміс, француз), шығыс тілдері (қытай, корей) материалдарымен салғастыра зерттеген еңбектер.

ХХ ғасырдың орта шеніндегі Қазақстан топырағындағы І.К. Кеңесбаев мектебі мен оның шәкірттері тұсында дүниеге келген фразеология проблемасының бүгінгі жайы.

Ә.Т. Қайдардың Структура односложных корней и основ в казахском языке, Р.С. Сыздықтың Сөздер сөйлейді, Ә. Нұрмағамбетұлының Бес жүз бес сөз сөздіктеріндегі фраземалардың этимологиясы.

Тіл теориясы дамуындағы салғастырмалы-типологиялық тұрғыдағы фразеологизмдердің зерттелуі.

Диалектология: тарихи және сипаттамалы диалектология.

Диалектология ғылымының дамуы.

XIX ғасырдың екінші жартысында түркі тілдерінің жергілікті диалектілеріне назар аударған ғалымдар: В.В. Радлов, Н.Ф. Катанов, В.А. Гордлевский, Э.К. Пекарский, С.Е. Малов, Н.И. Ашмарин және т.б.

Қазақ диалектологиясына мол мәліметті беретін С.А. Аманжоловтың Вопросы диалектологии и истории казахского языка атты еңбегі.

Диалектологияның негізін қалаған С.А. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Ж.Д. Досқараев, ғ.Б. Бегалиевтің зерттеулері.

Диалектологияға ғылымына үлес қосқан ғалымдар: Т. Айдаров, Қ. Айтазин, Б.М. Бекетов, Ш.К. Бектұров, Н. Жүнісов, Ғ. Қалиұлы, Ғ.Ғ. Мұсабаев, О. Нақысбеков, Ә. Нұрмағанбетұлы, С. Омарбекұлы, Ш.Ш. Сарыбаев, Н. Сауранбаев және т.б.

Қазақ тілі диалектісіне байланысты алғашқы ғылыми зерттеулердің бірі – Ж.Д. Досқараев еңбектері.

Диалектологиялық атластар, қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері.

Ономасиология.

Ономастика: топонимика, антропонимика, этнонимика, космонимия, зоонимия т.б.

ХХ ғ. 20-жылдар ішінде дами бастаған Ономастика ғылымы.

Топонимика.

Қазақстандағы алғашқы топономистер: Н. Баяндин, А. Әбдірахманов, Ғ. Қонқашпаев және т.б. ғылыми зерттеулері.

Қазақ тіл білімінде академик Ә.Т. Қайдардың этнолингвистикалық еңбектеріндегі қазақ топонимдерінің зерттелуі.

Антропонимика.

Антропонимиялық сөздіктер.

Грамматика: морфология, морфонология

Грамматика жүйесінің зерттелуі.

Грамматиканың ғылым ретіндегі үш саласы.

Грамматика және жеке түркі халықтарының грамматикаларының жазылуы мен зерттелуі.

Түркі тілдерінің грамматикалық жүйесіне байланысты зерттеулер.

ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы түркі тілдерінің грамматикасына байланысты зерттеулер.

XIX ғасырдың екінші жартысынан орыс тілінде жарық көрген қазақ тіліндегі алғашқы грамматика ғылымына байланысты зерттеулер.

ХХ ғ. 50-жылдарында жан-жақты зерттеле бастаған грамматика ғылымы.

Тіліміздің грамматикалық жүйесінің зерттелуіне көне дәуір лингвистикасының әсері.

Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы әліппесін жазған адам Н.И. Ильминский.

А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикалық терминдерін қалыптастырудағы алғашқы зерттеулері. «Тіл құралы» еңбегі.

ХХ ғ. 30-жылдарынан 60-жылдарға дейін бүгінгі таңда теориялық дәрежеге көтерілген біріне-бірі сабақтаса, үздіксіз жалғастырылған Қ.Қ. Жұбанов, С.А. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А.Ы. Ысқақов, М.Б. Балақаев, I. Кеңесбаев, К.А. Аханов, А. Айғабылұлы, К.А. Аханов, Ғ.Ғ. Мұсабаев, Т.Р. Қордабаев, Ы.Е. Маманов, А.Қ. Қалыбаева т.б. ғалымдардың зерттеулері.

Морфологи, морфема.

Морфология мен синтаксистің жаңа бағытта зерттелуі.

Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: А. Байтұрсынұлы, Қ.Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А.Ы. Ысқақов.

40-50-жылдары морфологияға байланысты жарық көрген көлемді еңбектер.

60-жылдары морфологияға байланысты жарық көрген еңбектер.

Қазақ тіліндегі сөз жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері (Қ.Қ. Жұбанов, А.Ы. Ысқақов, Ә.Т. Қайдар).

Морфонология.

Сөзжасам

Грамматика: синтаксис, мәтін лингвистикасы, стилистика

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Факторинг или Кредит | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 2201; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.