Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кернеу резонансы

Система обеспечения безопасности жизнедеятельности в медицинских организациях.

Система высокого качества медицинской помощи – соблюдение основных принципов управления безопасностью и жизнедеятельностью

Принципы управления:

· поддержание постоянной готовности;

· непрерывность;

· надёжность;

· твёрдость;

· контроль деятельности подчинённых и обеспечение их взаимодействия между собой и внешними системами ликвидации патогенных ситуаций;

· плавность работы;

· своевременность отдачи распоряжений и проверки исполнения.

 

 

Основные направления обеспечения безопасности жизнедеятельности в медицинских организациях:

1. Своевременное проведение санитарно-топографических архитектурно-планировочных, инженерно-технических мероприятий.

2. Правильная эксплуатация и своевременное техническое обследование зданий, техники.

3. Действия по созданию и поддержанию особых режимов функционирования подразделений и запретных зон.

4. Систематическое совершенствование штатного расписания, приём на работу и подготовка работников с учётном обеспечения безопасности пациентов.

5. Непрерывная организационно-методологическая работа.

6. Производственный контроль.

Виды, методы:

· создание приемлемых условий жизни и улучшения здоровья;

· предупреждение и устранение патогенной ситуации;

· защита расстоянием;

· коррекция среды обитания и организма человека;

· прогнозирование и индикации опасностей;

· оповещение об их возникновении.

Средства обеспечения безопасности медицинских учреждений:

· организационно-распорядительные и методологические документы;

· технические средства охраны и защиты;

· медицинские средства профиля и защиты;

· технические средства сбора и передачи информации.

В обеспечении безопасности жизнедеятельности людей обязаны участвовать все работники медицинских организаций. Особая организационная роль принадлежит администрации. Среди врачей дежурных по больнице, главная роль в обеспечении безопасности жизнедеятельности играет дежурный администратор, который должен дежурить круглосуточно.

Дежурный администратор отвечает за поддержание внутреннего порядка и своевременности проведения АС мер.

За сокрытие выявленных нарушений и непринятие своевременных мер по их устранению дежурный администратор несёт дисциплинарную, административную и уголовную ответственности.

 

 

Индуктивті және сыйымдылықты элементтері бірізді жалғанған тізбекте кернеу мен тоқтың фазалас келу құбылысын кернеулер резонансы деп атайды

Сурет 10.1. Индуктивті және сыйымдылықты

элементтері бірізді жалғанған тізбек

 

Резонанс кезінде ,сондықтан тізбектің тек қана активті кедергісі болады. Олай болса бірізді тізбектің (10.1-сурет) толық кедергісі активті кедергісіне тең:

 

(10.1)

 

Бұл тендік орынды болуы үшін индуктивтік кедергі сыйымдылықтық кедергіге тең болуы керек, яғни . Ендеше индуктивтік кедергінің сыйымдылқтық кедергіге тең болуы бірізді тізбектің кернеулер резонансы күйіне келуінің шарты болып табылады.

Кернеулер резонансы күйінде тізбектің кедергісі өзінің ең аз мәніне ие болатындықтан тоқ өзінің ең үлкен мәнін қабылдайды.

 

(10.2)

ал тізбектің толық кернеуі активті элементтің кернеуіне тең болады, яғни

 

(10.3)

өйткені кедергілер тең болғандықтан индуктивті және сыйымдылықты элементтердің кернеулері де өазра тең болады: ендеше

Әдетте, тізбектің индуктивтік және сыйымдылық кедергілері активті кедергіден үлкен болатындықтан, индуктивтік және сыйымдылықты кернеулер активті кернеуден, яғни тізбекке берілген кернеуден үлкен болады:

Міне осы себепті бірізді тізбектің резонанстық күйі кернеулер резонансы деп аталған. Кернеулер резонансы күйінде реактивті элементтердің кернеулерінің өсіп кетуі оладың оқшауының тесілеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бірізді тізбектің резонанстық күйіндегі тоқ пен кернеулердің векторлық диаграммасы 10.3, в-суретте келтірілген.

Тізбектін резонанстық күйінде толық қуат активті қуатқа тең:

 

өйткені, ,

 

Яғни тізбектің резонанстық күйінде реактивті қуат нольге тең болады.

Тізбек кернеулер резонансы күйіне индуктивтік және сыйымдылақтық кедергілер өзара тең болғанда келетіндіктен, яғни

 

, (10.4)

 

Мұндағы f -тізбекке берілген кернеудің жиілігі.

Тізбек элементтеріндегі кернеулер мен тоқтың жиіліктен тәуелдігінің графигі 2.5.2-суретте келтірілген. Жиілік нөлге тең болғанда, яғни f=0: индуктивтік кедергі ХL= 2fL =0, сыйымдылықтық кедергі Xc= 1/2fC =∞, сондықтан тоқ I=0; ал активтік кернеу Uа=RI=0, индуктивтік кернеу UL=XLI=0, сыйымдылықтық кернеу тізбекке берілген кернеуге тең болады, яғни UC=U.

 

 

10.2 Сурет. Тізбек элементтеріндегі кернеулер мен тоқтың жиіліктен тәуелдігінің графигі

10.3 Сурет Реактив элементтері тізбектей жалғанған айнымалы тоқ тізбегінің векторлық диагараммалары:а) резонансқа дейін UL>UC; б) резонансқа дейін UС>UL;

в) резонанс кезінде U=UR UL=UC

Резонанс контуры келесі параметрлермен сипатталады

Беріктілік Q, `(10.5)

Сипаттамалық(толқындық кедергі), , (10.6)

 

немесе: . (10.7)

Тоқтар резонансы. Индуктивті және сыйымдылықты элементтері параллель жалғанған тізбекте кернеу мен тоқтың фазалас (ψui,φ=ψui=0) келу құбылсын тоқтар резонансы деп атайды.

 

10.4 Сурет. Индуктивті және сыйымдылықты элементтері параллель жалғанған тізбек

 

Тоқтар резонансы күйінде тізбек идеал активті тізбек сияқты жұмыс істейтіндіктен, тізбектің (10.4 сурет) толық өткізгіштігі активті өткізгіштікке тең болады:

Бұл орнек орынды болу үшін тізбектің реактивті өткізгіштігі нөлге тең болуы керек,яғни

Бұдан тізбектің индуктивтік өткізгіштігінің оның сыйымдылық откізгіштігіне тең болуы, яғни , тізбектің тоқтар резонансы күйіне келуіне шарты болып табылады деген қорытынды туындайды. Тоқтар резонансы күйінде тізбектің толық тоғы активті тармақтың тоғына тең болады және өзінің ең аз мәнін қабылдайды: ал реактивті тоқ .

Бұл өрнек тізбектің тоқтар резонансы күйінде индуктивті тоқпен сыйымдылықтың тоқтың өз ара тең болатындығын көрсетеді:

Егер индуктивтік өткізгіштікпен сыйымдылықпен өткізгіштік өзара тең болып және активті өткізгіштіктен үлкен болса, онда реактивті элементтердің тоғы тізбектің толық тоғынан үлкен болады, яғни егер онда немесе

Мұның себебі, индуктивті және сыйымдылықты элементтердің арасындағы энергия ауысуының салдары. Егер бір ширек периодтың ішінде индуктивті элементтік магнит өрісіндегі энергия сыйымдылықты элементтегі электр өрісінің энергиясына түрленсе, екінші ширек периодта сыйымдылықты элементтің электр өрісіндегі энергия индуктивті элементтің магнит өрісінің энергиясына түрленеді. Реактивті элементтер мен қорек көзінің арасында энергия алмасу болмайды. Тізбектің резонанстық күйі жиілікке және тізбектің индуктивтілігі мен сыйымдылығынан тәуелді. Басқаша айтқанда, тізбекті резонанстық күйге жиілікті, индуктивтілікті немесе сыйымдылқты реттеу арқылы келтіруге болады.

Тоқтар резонансы күйінде тізбектің кернеуі мен тоқтардың векторлық диаграммасы 10.5.в-суретте келтірілген

 

Сурет 10.5. Реактив элементтер параллель жалганган тізбектің векторлық диаграммалары

а) резонансқа дейін , яғни ;

б) резонансқа дейін , яғни, ;

в) резонанс кезінде или .

Тізбектің толық қуаты;

активті қуаттқа тең де, ал реактивті қуаты нөлге тең болады:

өйткені индуктивтік қуат пен сыйымдылықтық қуат өзара тең, яғни .

Индуктивті және сыйымдылықты тармақтардың активті өткізгіштіктерін ескермесе, онда индуктивтік және сыйымдылықтық өткізгіштіктердің теңдігінен

резонанстық жиілік

.

 

Активті ток жиіліктен тәуелсіз де

,

индуктивтік ток жиілікке кері пропорционал

,

Тізбектің толық тогы

.

Жиілік нөлге тең болса f = 0, яғни тізбекке тұрақты кернеу берсе, активті тоқ активті өткізгіштікке сәйкесті мән қабылдайды, индуктивтік өткізгіштік өте үлкен болғандықтан индуктивтік тоқ та өте үлкен мәнге ие болады, ал сыйымдылықты тоқ нолге тең болады.Сондықтан тізбектің толық тоғы өте үлкен шамаға жетеді,яғни:

 

, , , .

 

Тізбекке берілген кернеудің жиілігі индуктивті және сыйымдылықты элементтердің арасындағы энергия алмасу жиілігіне тең болса, яғни f=fp, онда индуктивті ток пен сыйымдылықтық ток өзара тең болады, сондықтан тізбектің реактивті тоғы 0-ге тең. Ал толық тоқ активті тоққа тең болады:

 

IL =IC, IP =IL+ IC =0; I=Ia=U/R.

Тізбекке өте үлкен жиілікті кернеу берсе, яғни , активті тоқ бұрынғы мәнін сақтайды, ал индуктивтік тоқ нөлг тең де, сыйымдылық тоқ өте үлкен мән қабылдайды. Сондықтан тізбектің толық тоғы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

 

, , , .

 

Тоқтар резонансы құбылысы радиотехникада және электрмен жабдықтауда қуат коэффициентін көтеру үшін кеңінен қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Резонанс құбылысы қандай тізбектерде байқалады?

2. Кернеулер резонансы мен тоқтар резонансының айырмашылығы қандай?

3. Резонанстық контурды қандай шамалар сипаттайды?

4. Не себептен индуктивтілік және сыймдылық тізбектей жалғанған контурдағы резонансты кернеулер резонансы деп атайды?

5. Кернеулер резонансының зиянды әсері қандай?

6. Резонанс құбылысы қандай салаларда пайдаланылады?

 


Дәріс № 11

Тақырып: Айнымалы тоқтың үшфазалы жүйесі.

Дәріс мақсаты: Үш фазалық жүйемен танысу. Үш фазалы ЭҚКін алу. Үш фазалық жүйеге қабылдағыштарды нольдік өткізгіші бар жұлдызша / жұлдызша схемасымен жалғағандағы негізгі қатынастарды көрсету.

Маңызды сөздер: нейтрал нүкте, генератор, жұлдызша, нейтрал өткізгіш

Біздің еліміздің және шетелдердің халық шаруашылығында үш фазалық айнымалы ток тізбектері кеңінен таралған, мұның себебі:

· Үш фазалық ток тізбегінде екі сан мәнді кернеу, ал жалпы алғанда, арнаулы қондырғыларды пайдалана отырып, керекті сан мәнді кернеу алуға болады.

· Үш фазалық айнымалы кернеу арқылы айнымалы ток машиналарының әрекет етуінің негізгі себепкері айнымалы магнит өрісінің туғызуға болады;

· Электр энергиясының үш фазалық айнымалы тоқ тізбегімен алысқа беруге және таратуға қолданылатын қондырғылар мен құрылғылар басқа көп фазалық тізбектерге қарағанда қарапайым және экономикалық тиімді.

· Электр станцияларында электр энергиясы үш фазалық генераторлардың көмегімен алынады, қазір тұрақты токтың өзі өзі де көбіне айнымалы токты түзету арқылы арналады, ал бір фазалық ток деген сол үш фазасы ғана. Бір фазалық генератор сирек қолданылған шалғай отардағы шопан ауылдарында, алыс сапарда жүрген геологтар экспедициясында т.б жерлерде.

Жұлдызшамен жалғау 11.1 -ші суретте үш фазалы жүйеге жүктемені жұлдызша схемасымен жалғау көрсетілген. Мұнда АА’, ВВ’ и СС’ – желілік өткізгіштер. N и N’ –нейтрал (нольдік) өткізгіш

 

Сур 11.1.- Жүктемені жұлдызшаға жалғау схемасы

 

и желілік тоқтары фазалық тоқтарға тен болады. Нейтрал өткізгіштегі тоқ. . Егер симметриялық режим болса . Яғни симметриялық режим әрдайым сақталанатыны белгілі болса нолдік өткізгішті алып тастауға болады. Келесіде нолдік провод фазаға түсіп тұрған кернеулер симметриясын сақтауға қажет екенін көреміз. - жүктеменің фазалық кернеулері.

Желілік кернеулер желілер (фазалар)арасында әсер етеді. Кирхгоф екінші заңы бойынша

11.2 ші сурет - Симметриялық кернеулер системасының векторлық диаграммасы

 

; (11.1)

 

 

; (11.2)

 

 

. (11.3)

 

11.2 ші суретте симметриялық кернеулер системасының векторлық диаграммасы кқрсетілген

 

(11.4)

 

Бақылау сұрақтар:

1. Үш фазалық жүйенің артықшылықтары қандай?

2. Үш фазалық тізбектер деп қандай тізбекті айтамыз?

3. Үш фазалық тізбектер қай жерлерде қолданылады?

4. Тұтынушыларды қандай схемамен қосуға болады?

5. Тұтынушыларды жұлдызшамен қосқан кездегі фазалық ток қалай анықталады?

6. Тұтынушыларды жұлдызшамен қосқан кездегі фазалық кернеу қалай анықталады?

7. Тұтынушыларды жұлдызшамен қосқан кездегі сызықтық ток қалай анықталады?

8. Тұтынушыларды жұлдызшамен қосқан кездегі сызықтық кернеу қалай анықталады?

9. Симметриялы режимнің шарттары қандай

10. Бейсимметриялы режим қандай жағдайда пайда болады?

11. Бейтарап желі не үшін қажет?

 


Дәріс № 12.

Тақырып: Айнымалы тоқтың үшфазалы қабылдағыштарын жұлдызша схемасымен жалғау.

Дәріс мақсаты: Үш фазалық жүйеге қабылдағыштарды нольдік өткізгіші жоқ жұлдызша / жұлдызша схемасымен жалғағандағы негізгі қатынастарды көрсету.

Маңызды сөздер: нейтралдың ығысу кернеуі, бейтарап өткізгіш

Үш фазалы жүйеге қабылдағыштарды жүлдызша схемасымен жалғағанда симметрялы режимде нолдік өткізгішті алып тастауға болады, бірақ міндетті түрде симметрия сақталу керек. Егер нолдік проводы жоқ схемада симметрия бұзыса, бейтарап нүктелердің арсында кернеу пайда болады, ол нейтралдың ығысу кернеуі деп аталады:

 

(12.1)

 

Осы себепті фазалардың кернеулері теңдеулерінен көрініп тұрғандай желінің фазалық кернеулеріне тең болмайды да, электр қабылдағыш номинал әлпінде жұмыс істемейді, мұндай жағдайды болдырмас үшін бейсимметриялы электр қабылдағыштары үш фазалы кернеу көзіне бейтарап сыммен қосылады, әрине бейтарап сымның кедергісі оны елемейтіндей аз болуы керек: Бейтарап сым бейтарап нүктелерінің потенциалдарын теңестіреді де, желінің фазалық кернеулері электр қабылдағыштың фазалырына өзгеріс жеткізілді: Бұл қабылдағышқа оның номинал кернеуіне тең кернеу белгілеу мүмкіндігін туғызады. Бұл теңдіктер егер бейтарап нүктелердің арасындағы кернеу пайда болса онда электр қабылдагыштың фазалық кернеуінің желінің кернеуіне тең болмайтындығын және өзара да әр түрлі болатындығын көрсетеді. Электр қабылдағыштың фазалық токтары Ом заңы бойынша төмендегі формулалармен анықталады.

 

 

Бақылау сұрақтар:

1. Бейтарап желіні қандай жағдайда қолданбауға болады?

2. Үш фазалық симметриялы тізбекте бейтарап сым болмағанда бір фазасында қысқа тұйықтау немесе фаза айырылса қабылдағыштағы кернеулер қалай өзгереді?

3. Нейтралдың ығысу кернеуі дегеніміз не?

4. Бейтарап желінінің ролін түсіндіріп беріңіз

 


Дәріс № 13

Тақырып: Айнымалы тоқтың үшфазалы қабылдағыштарын үшбұрыш схемасымен жалғау.

Дәріс мақсаты: Үш фазалық жүйеге қабылдағыштарды үшбұрыш схемасымен жалғағандағы негізгі қатынастарды көрсету. Үш фазалы системаның қуатын анықтау

Маңызды сөздер: үшбұрыш, генератор

 

сур.13.1. -Кабылдағышты үшбұрыш схемасымен жалғау


Симметриялы ЭҚК жүйесі үшін: .

 

 

сур.13.2 - Желілік және фазалық тоқтардың симметриялы жүйесінң векторлық диаграммасы

Кирхгофтың біріші заңы бойынша

 

 

13.2 - ші суреттегі диаграммадан

. (13.1)

 

Үшфазалы тізбектрдің қуаты. Үш фазалы генератордың лездік қуаты:

 

.

 

Генератордың актив қуаты период ішіндегі орташа мәні болады

 

.

Яғни, үш фазалы қабылдағытың актив қуаты бейтарап сымдағы шығынларды ескерсек,

 

,

 

реактивті қуаты

Толық қуаты: .

Үш фазалы симметриялы жүйенің актив қуаты

 

. (13.2)

 

Симметриялы режимде жұлдызша үшін

 

 

Ал үшбұрыш үшін

 

(13.2) ге сүйеніп жұлдызша және үшбұрыш үшін

 

,

 

мұнда, - фазалық тоқ пен кернеу арасындағы бұрыш

 

Аналогия бойынша:

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Үшбұрыш схемасында кернеулер мен тоқтар арасындағы қатынастарды көрсетіңіз?

2. Үш фазалы жүйенің актив қуаты неге тең?

3. Үш фазалы жүйенің реактив қуаты неге тең?

4. Үш фазалы жүйенің толық қуаты неге тең?


Дәріс № 14.

Тақырып: Бейсинусоидалы айнымалы тоқтың электр тізбектері

Дәріс мақсаты: Бейсинусоидалы тоқтар туралы негізгі түсініктер

Негізгі сипаттамалары. Фурье қатарына жіктеу

Маңызды сөздер: гармоника, Фурье қатары

Біз тұрақты және синусоидал тоқтарды қарастырдық, бірақ шын мәнісінде идеал тұрақты және синусоидал тоқ болуы мүмкіншілігі өте аз. Абсолют тұрақты н/е абсолют синусоидал тоқтарды алу өте қиын: генераторлардың ЭҚК-тері дәл тұрақты н/е синусодал болмайды, солықтамалы болып келеді. Мұның себебі генераторлардың конструкциялық кемшіліктерімен қатар тізбектерде бейсызықты элементтердің болатындығынан. Сонымен қатар,периодты бейсинусоидал тоқтар кейбір электрондық құрылғылардың жұмысы үшін керек болатындықтан оларды әдейі тудырады. Мысалы, белгілі бір пішінді бейсинусоидал тоқтарды электрондық генераторда (мультивибраторда) алады.

 

14.1 Сурет – Периодты бейсинусоидалы шаманы синусоидалы шамаларга жіктеу

 

Математикадан периодты функцияларды,егер олар Дирихле шарттарын қанағаттандыратын болса, Фурье қатарына жіктеуге болатыны белгілі. Ал электр тізбегіндегі шамалар әрқашанда Дирихле шарттарын қанағаттандырады(0,2π) аралығында олардың мөлшерлі үзіктері, мөлшерлі макси-мум және минимумдері болатындығы анықталған.

Егер ЭҚК бейсинусоидал,бірақ периодты өзгеріп отырса,оны былайша жіктеуге болады:

е=Е01m sin(ωt+φ1)+E2msin(2ωt+φ2)+.+Ekmsin(kωt+φk)=E0+e1+e2+…+ek, (14.1)

 

мұнда:

Ео- тұрақты құраушы;

е11m sin(ωt+φ1) - периодты 2π/ω бірінші(негізгі)гармоникалық

құраушы;

е2=E2m sin(2ωt+φ2)- периодты π/ω екінші гармоникалық құраушы;

ek=Ekm sin(kωt+φk)- периодты 2π/(kω)-шы гармоникалық құраушы;

E1m, E2m,…,Ekm - гармоникалық құраушылардың амплитудалары;

φ1, φ2,..., φк - гармоникалық құраушылардың бастапқы

фазалары. (14.1) теңдігі периодты бейсинусоидал шаманы қабаттасу принципіне сүйене отырып тұрақты және бірнеше синусоидал құраушылардан тұрады деп есептеуге болатынын көрсетеді(14.1-сурет).

Мұндағы синусоидал құраушылардың жиіліктері бірінші синусоидал құраушының жиілігінен к=2,3... есе артық.Сондықтан оларды жоғары жиілікті құраушылар н/е гармоникалар деп атайды. Белгілі өрнек бойынша

 

Ekm sin(kωt+φk)=Ekm sinkωt*cosφk +Ekmcoskωt *sinφk =E’km sinkωt+E’’kmcoskωt (14.2)

 

мұндағы E’km=Ekm cosφk,E’’km=Ekm sin φk болғандықтан (4.1) теңдігін төмендегіше жазуға болады:

 

e=E0+E’1sinωt+E’2 sin2ωt+…+E’ksinkωt+E’’1cosωt+E’’2cos2ωt+…+E’’2coskωt (14.3)

 

Мұндағы коэффициенттер (14.4) және (14.5) өрнектерімен анықталады:

 

E0= (14.4)

 

E’1= E’’1=

E’2= E’’2=

 

……………………………………………………

E’k= E’’1= (14.5)

 

Әрбір гармоникалық синустық және косинустық екі құраушысы бар.

Сондықтан қарастырып отырған гармониканың амплитудасы:

Ekm =2,

ал бастапқы фазасы:

φk=arc tg(E’’k/Ek’).

 

Осылайша периодты бейсинусоидал кернеу мен токты да Фурье қатарына

жіктеп жазуға болады.

Периодты бейсинусоидал шаманың құраушыларын графикалық әдіспен табу. Периодты бейсинусоидал ЭҚК-тің,кернеудің және тоқтың тұрақты және синусоидал құраушыларын жоғарыдағы өрнектердің көмегімен аналитикалық жолмен н/е графикалық әдіспен табуға болады.

Графикалық әдіс Фурье қатарындағы анықталған интегралды мөлшерлі

қосылғыштардың қосындысымен алмастыруға негізделген. Ол үшін е(t)

функциясының периоды n тең бөліктерге бөлінеді де(14.2-сурет), анықталған интегралдар (14.5 теңдіктері) қосындылармен алмастырылады.

Фурье қатарының тұрақты құраушысы

E0= (14.6)

 

мұндағы еt-қарастырып отырған аралықтың ортасындағы функцияның мәні.

Синустық құраушының амплитудасы

E’k= (14.7)

 

ал косинустық құраушының амплитудасы

 

E’’k= (14.8)

 

Әдетте бейсинусоидал шаманы Фурье қатарына жіктегенде екі-үш құраушысын ғана қарастырады, себебі жоғары гармоникалардың амплитудалары өте кішкентай болады. Егер бейсинусоидал шама симметриялы болса, онда тіпті кейбір құраушылары болмайды да.

Егер бейсинусоидал шама e(ωt)=-e(ωt+π) (14.9)

 

шартын қанағаттандырса,онда ол абсцисса осі бойынша симметриялы болады(14.2-сурет).

 

Сурет 14.2– Бейсинусоидалы шаманын гармоникаларын график аркылы аныктау

Мұндай шамаларды тақ шамалар деп атайтыны белгілі. Егер графикті абсцисса осі бойынша π бұрышына ығыстырса, оның ординатасы теріс ординатасына сәйкес келеді және олар модулі бойынша өзара тең болады. Сондықтан да абсцисса осі бойынш симметриялы бейсинусоидал шаманың жіктеуінде тұрақты құраушы болмайды, яғни Е0=0. Функция тақ болғандықтан (4.5) теңдіктерінде e*coskωt көбейтіндісі тақ болады да, ал

e* sinkωt жұп болады. Сондықтан, E’’k= (14.10)

болады да, Фурье қатарына жіктеуде тек қана тақ синустық гармоникалар

қалады:

e=E’1m sin(ωt+φ1)+E’3m sin(3ωt+φ3)+… (14.11)

 

Сурет 14.3– Ордината ос бойынша симметриялы шаманын графиг

Сурет 14.4– Координата басы бойынша симметриялы шаманын графиг

Егер периодты бейсинусоидал шама e(ωt)=e(-ωt) (14.12)

шартын қанағаттандырса, онда оның ордината осі бойынша симметриялы (14.3-сурет) және жұп шама болғаны. Функция жұп болғандықтан (14.5)теңдіктеріндегі e*sinkωt көбейтіндісі тақ болады да,ал e*coskωt көбейтіндісі жұп болады.Сондықтан

 

E’k= (14.13)

 

болады да,Фурье қатарына жіктеуде тұрақты құраушы мен косинустық

гармоникалар қалады:

e=E0+E’’1m cosω t+E’’2m cos 2ωt+… (14.14)

 

Егер периодты бейсинусоидал шама

 

e(ωt)=-e(-ωt) (14.15)

 

шарттың қанағаттандырса,онда ол функцияның графигі координаттар басы арқылы симметриялы болады (14.4-сурет).

Бұл функция тақ және таңбалары қарама-қарсы абсцисса нуктелерінде модульдері тең мәндерге ие болатындықтан Фурье қатарына жіктеуде тұрақты құраушы және косинустық гармоникалар нольге тең болады.Сондықтан мұндай функцияның жіктеуінде тек қана синустық гармоникалар қалады:

 

e=E’1m sinωt+E’2m sin2ωt+E’ 3msin3ωt+… (14.16)

 

Периодты бейсинусоидал шаманың құраушыларын графикалық әдіспен анықтаған кезде оның дәлдігі периодты қанша бөлікке бөліп қарастыруға байланысты: бөлік саны артқан сайын есептің дәлдігі де арта түседі.

Периодты бейсинусоидал шамалардың әрекеттік және орташа мәндері. Тізбектегі вольтметр және амперметрлер көбіне электромагниттік, электродинамикалық және жылулық негіздегі приборлар. Олар әдетте кернеу мен токтың әрекеттік мәніне өлшемделген. Сондықтан бейсинусоидал шамалардың параметрлерін өлшегенде н/е есептегенде олардың әрекеттік н/е орташа мәндерін пайдаланады.

Айнымалы токтың әрекеттік мәнінің анықтамасы бойынша бейсинусоидал ток үшін де:

I = (14.17)

 

Бейсинусоидал токтың лездік мәні Фурье қатарына жіктелген болса

 

i=I0+I1m sin(ωt+φ1)+I2m sin(2ωt+φ2)+…,

оның квадраты

i2=I20+km sin2(kωt+φk)+I I sin(pωt+φq)sin(qωt+φq). (14.18)

Осы теңдеудегі қосындыларды интегралмен алмастырса

sin2(kωt+φk)dt= (14.19)

sin(pωt+φp)*sin(qωt+φq)dt=0. (14.20)

(14.18)теңдігі бойынша токтың квадраттық мәнін (14.17)теңдігіне қойса және

(14.19),(14.20)теңдіктерін ескерсе

 

I=

== (14.21)

 

Сонымен бейсинусоидал токтың әрекеттік мәні тұрақты құраушысы-

ның және гармоникалардың әрекеттік мәндерінің квадраттарының қосындысының түбіріне тең,ал фазалардың ығысуына байланысты емес.

Осылайша қарастыра отырып, бейсинусоидал ЭҚК-тің және кернеудің

әрекеттік мәндері үшін төмендегі өрнектерді алуға болады:

 

E= (14.22)

I= (14.23)

Осы шамалардың орташа мәндері Фурье қатарының тұрақты құраушысына тең:

Iop= 0, (14.24)

Eop=edt=E0, (14.25)

Uop=udt=U0. (14.26)

Бейсинусоидал шаманың активті қуаты деп қуаттың период ішіндегі

орташа мәнін айтады:

 

P=uldt=(u0+u1+u2+…)*(i0+i1+i2+…)dt=uk ik dt+upiq dt. (14.27)

 

Егер осы теңдікте p≠q болса,онда

 

up iq dt=0

болғандықтан

P=uk ik dt=[u0 i0+U1m sin(ωt+φ1u)I1m sin(ωt+φu)+

+U2m sin(2ωt+φ2u)I2m sin(2ωt+φu)+…]dt = U0 I0+U1 I1 cosφ 1+U2 I2 cosφ2 +…=P0+P1+P2+,

 

мұндағы cosφ 1, cosφ2...-сәйкесті гармоникалардың қуат коэффициенттері.

Бұл текдік бейсинусоидал шаманың активті қуаты орташа тұрақты қуат

пен гармоникалардың активті қуаттарының қосындысына тең екенін көрсетеді.

Толық қуат бейсинусоидал шаманың кернеуі мен тогының әрекеттік мәндерінің көбейтіндісіне тең,яғни S=UI, ал қуат коэффициенті cosφ=P/S.

Периодты шамалардың графиктерін сипаттау үшін әртүрлі коэффициенттер (амплитудалық коэффициент, пішіндік коэффициент,бұрмаланукоэффициенті) пайдаланылады. Мысалы,кернеудің бұрмалану коэффициенті деп оның негізгі(көп жағдайда бірінші)гармоникасының кернеуінің әрекеттік мәнінің, бейсинусодал кернеудің әрекеттік мәніне қатынасын айтады. Электр желілеріндегі кернеудің бұрмалану коэффициенті МСт бойынша 0,995-тен кем болмауы керек.

 

Бақылау сұрақтары

1. Бейсинусоидалы тоқтардың пайда болу себептері қандай?

2. Периодты бейсинусоидалы шамаларды сипатайтын коэффициенттер қандай?

3. Егер бейсинусоидалы функцияның графигі 1) абсцисс осіне; 2) ордината осіне; 3)координаталар жүйесініңбасына симметриялы болса қандай гармоникалар болмайды?

4. Катушка ж/е резистор тізбектей жалғанған тізбектегі кернеудің әсер етуші мәнін есепте егер, ; ,ал тоқ . Актив қуатты есептеңіз. Жауап: U=218 В; Р=1260 Вт.


Дәріс № 15

Тақырып: Бейсинусоидалы айнымалы тоқтың электр тізбектерін есептеу

Дәріс мақсаты: Бейсинусоидалы тізбектерді анализ жасау әдістерімен таныстыру.

Маңызды сөздер: гармоника, Фурье қатары,

Бейсинусоидал ток тізбектеріндегі есептеулер. Жоғарыда тізбектеріндегі бейсинусоидал ток пен кернеудің лездік мәндері олардың тұрақты және гармоникалық құраушыларының қосындысына тең екендігі анықталды. Ендеше қабаттасу принципіне сүйене отырып бейсинусодал ЭҚК-ті бір тұрақты және бірнеше синусоидал ЭҚК-терден тұрады деп қарастыруға болады(15.1-сурет)

 

e=E0 E1m sinωt+E2m sinωt=E0+e1+e2 . (15.1)

 

15.1 Сурет – Бейсинусоидалы ЭҚК (а) синусоидалы ЭҚК-термен аластыру (б) және қабаттасу принципін қолдану (в,г,д) схемалары

Қабаттасу принципі бойынша тармақтардың тогының лездік мәндері токтың тұрақты құраушысы мен гармоникаларының лездік мәндерінің қосындысына тең. Мысалы,тізбектің тармақталған бөлігінің тогы

 

i0=I0+i1+i2, (15.2)

 

мұндағы: I0 -токтың тұрақты құраушысы; i1, i2 - бірінші және екінші гармони калардың тогы.

Одан кейін гармоникалық токтардың лездік мәндерінен әрекеттік мәндерін анықтау керек.

Индуктивтілік тұрақты токқа кедергі жасамайды, ал сыйымдылық тұрақты токты өткізбейді деп алғанда (15.1,в-сурет)токтың тұрақты құраушысы

 

I= (15.3)

 

Гармоникалардың токтарын кешенді санмен өрнектеген есептеуді

жеңілдетеді. Тізбектің бірінші гармоникалық токқа кедергісі

 

Z1=R1+jωL+Z1eφ1 (15.4)

екінші гармоникалық токқа кедергісі

 

Z2=R1+jωL+Z2eφ2 (15.5)

 

Токтың бірінші және екінші гармоникаларының амплитудалары

I1m= (15.6)

I2m= (15.7)

Енді токтың осы мәндерін (15.2)теңдігіне қойса,тізбектің тармақталған

бөлігінің тогы

i=I0+I1m sin(ωt-φ1)+I2m sin(2ωt-φ2) (15.8)

Басқа токтар мен кернеулер де осылайша анықталады.

Индуктивті элементтің кедергісі жиілік өскен сайын арта беретіні

белгілі: XL=ωL н/е XLk=kωL,

ал кернеуі UL1=ωLI1 н/е ULk=kωLIk

Осы кернеудің қатынасы

 

=k. (15.9)

Бұл теңдік индуктивтілікте токтың гармоникасы кернеудің гармоникасынан есе аз екенін,яғни кернеуге қарағанда токтың жоғарғы гармоникаларының мәндерінің өте аз екенін көрсетеді.

Жиіліктен тәуелді кейбір тізбектер. Индуктивтік пен сыйымдылықтық кедергілердің жиілікке байланысты екені және индуктивтілік тұрақты токқа кедергі жасамайтындығы, ал сыйымдылықтың оны өткізбейтіні белгілі. Индуктивтілік пен сыйымдылықтың осы қасиеттері практикада әртүрлі қондырғыларда пайдаланылады.

Егер индуктивті шарғыны электр қабылдағышпен бірізді жалғаса (15.2, а-сурет), ол токтың тұрақты құраушысына кедергі жасамайды да,ал гармоникаларына (әсіресе жоғары жиілікті) кедергі жасап,оларды әлсіретеді.

 

15.2 Сурет – Индуктивті L (a), сыйымдылықты С (б) және аралас LC (в) сүзгілер схемалары

Егер конденсаторды электр қабылдағышқа параллель жалғаса(15,б-сурет), онда ол токтың тұрақты құраушыларын өткізбейді де (ол электр қабылдағышпен жүреді), ал гармоникаларына (әсіресе жоғары жиілікті) кедергі жасамайды.

Сондықтан тоқтың жоғары жиілікті гармоникалары конденсатордың тармағымен кетеді. Әдетте осы екі элемент қатар қолданылады (15.2,в-сурет).

Тоқтың жоғары гармоникаларын әлсіретіп н/е басқа тармақтармен жіберіп, ал тұрақты құраушысын электр қабылдағышқа ғана қалдыратын құрылғыларды электр сүзгілері деп атайды

.

15.3 Сурет –Бірізді LC сүзгілер схемалары

15.4 Сурет – Параллель LC сүзгілер схемалары

 

Сүзгілер белгілі бір гармониканы өткізіп н/е белгілі бір гармониканы басқа гармоникадан бөліп алу үшін де қолданылады. Мұндай мақсат үшін индуктивті шарғы мен конденсаторды бірізді н/е параллель жалғап, оларды кернеулер мен тоқтар резонансына түсіреді.Тізбек резонансқа түсу үшін (kω)2LC=1 болуы керек. Егер осы шарт орындалса,онда оларды бірізді жалғаған кезде (15.3,а-сурет) к-шы гармоникаға тізбек кедергі көрсетпейді де, ал басқа гармоникаларға және тұрақты құраушыға үлкен кедергі жасап,оларды қатты азайтады. Сондықтан электр қабылдағышпен тоқтың к -шы гармоникасы ғана өтеді.

Егер осы бірізді жалғанға индуктивті шарғы мен конденсаторды электр қабылдағышқа параллель қосса (15.3,б-сурет), онда электр қабылдағышта керісінше тоқтың к-шы гармоникасы болмайды-ол LC тармағымен кетеді.

Егер индуктивті шарғы мен конденсаторды параллель жалғап,оларды тоқтар резонансына түсірсе,онда бірізді қосылған электроқабылдағышта (15.4,а-сурет)к-шы гармоника болмайды да,ал параллель қосылған электр қабылдағышта керісінше жаңағы к-шы гармоника бөлініп шығады(15.2,б-сурет). Мұндай электр сүзгілері айнымалы ток түзеткіштерінде және радиотехникада кеңінен қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Ендеше қабаттасу принципіне сүйене отырып бейсинусодал ЭҚК-ті қалай қарастыруға болады?

2. Тұрақты токқа кедергі жасамайтын элемент қандай?

3. тұрақты токты өткізбейтін элемент қандай?

4. Индуктивтілік пен сыйымдылықтың қандай қасиеттері практикада сүзгі ретінде пайдаланылады

5. Қандай құрылғыларды электр сүзгілері деп атайды?

6. Сүзгілер не үшін қолданылады?

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Основные направления функционирования системы охраны труда медицинских организаций | Тема 15. Судовий розгляд
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 12015; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.