Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Іv лекция-тезис

Кредит

Кредит

Кредит

Құрастырған: м.ғ.д. Талкинбаева Н.А.

1 тақырып: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ. БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛАРЫ

Мақсаты: Денсаулық сақтау жүйесі мен қызметтерін басқару негіздерін беру.

Басқару дегеніміз:

- мақсаттарды анықтау үдерісі мен қойылған мақсаттарға жету бойынша іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

- ұйымды басқаруға немесе мақсаттарға жету бойынша іс-әрекеттер бағытына жауапты адамдар.

Көптеген елдерде денсаулық сақтау қызметтерін басқару бір орынға шоғырландыру мен міндеттерін тапсырудың (децентрализацияның) әртүрлі элементтерінің үйлесуіне негізделген. Басқарудың кез келген тұрпаты бірінші тұлға мен оның командасының жеке бас сипаттамасына бірталай деңгейде байланысты.

ДДСҰ деректері бойынша денсаулық сақтауда ортақтандыруға төмендегілер жатпайды:

  • саясат ұстанымдары мен стратегиялық шешімдер (негізгі өмірлік құндылықтарды, қызметтің ішкі құрылымдарын анықтау, ірі күрделі құрылысты жоспарлау, қымбат тұратын жабдық сатып алу, зерттеу мен дамыту саласында қызмет, кадрларды даярлау);
  • реттеу шаралары, өлшемдері (жаңа дәрілік препараттар және емдеу әдістері, медициналық қызмет көрсетулерді қамтамасыз етушілерді аккредитациялау);
  • тұрғындар денсаулығын бағалау және мониторинг;
  • денсаулық сақтау қызметтер жұмысын талдау.

Стратегиялық жоспарлау.

Ұйымды тиімді басқарудың алғашқы кезеңі – ұйымды құрайтын құрылымдық бөлімшелерді жете талдау болып табылады. Бұл үдеріске алғашқы және екінші деректерді, сондай-ақ, ұйым туралы шынайы және өз субъективті ақпарат жинау кіреді. Ұйым іс-әрекеті туралы ресми есептерге, сонымен бірге қызметкерлермен бейресми сұхбаттан алынған фактлерге мұқият талдау жүргізу керек. Бұған қаржы, бюджет, өнімділік, сапаны бақылау, кадрлық мәселелер мен т.б. туралы деректер кіреді. Ұзақ мерзімді тенденцияларды анықтау мақсатында бірнеше жылдық деректерге талдау жүргізу керек.

Миссия – бұл ұйымның негізігі құндылықтары мен философиясын қысқаша мазмұндау, сондай-ақ, оның қоғамға ұсынатын өнімдері мен қызмет көрсетулерінің нақты түрлерін сипаттау. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қандай ұйым және ол не үшін қызмет етеді дегенді білдіреді. Миссия болашақ іс-әрекетті жоспарлауда өз алдына бір маяктың служит своего рода маяком при планировании будущей деятельности.

Сөйтіп, стратегиялық жоспар осы көрінісі жүзеге асыру үшін ұйымның жүру жолын белгілейді, сонымен қатар өз құндылықтары мен миссиясына адал болып қалады. Ұйымның миссиясы мен мақсаттарынның тұжырымдамасын ұжымға жеткізу керек. Барлық дәрежедегі қызметкерлер ұйымның негізгі мақсатын және олардың жұмысына әсер ететін қисынды шешімдер негіздемесін нақты білуі керек. Ұйымның қаржылық және еңбектік ресурстарын жұмылдыру – оның жетістігінің ең маңызды факторы болып табылады.

Аралық бағалу жасағаннан кейін жауапты тұлғаларға олардың орындап жатқан жоспар элементтеріне қажет болған кезде түзетулер жасалатынын мәлімдеу керек.

Денсаулық сақтауды басқару – бұл осы саланың және оның нормативтік-құқықтық реттеу, медициналық технологиялар, медициналық жұмысшылардың білімі мен шеберлігі арқылы аурушаңдықтардың алдын алу және жою, өлім-жітім мен мүгедектікті азайту, дененің дамуын жақсарту, еңбекке жарамдылықты арттыру және адамдар өмір жасының ұзақтығын ұлғайтуды қамтамасыз ететін ресурстарының (денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлары, материалды-техникалық база, қаржыландыру) ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күрделі көп сатылы және көп компонентті шаралар жүйесі.

Денсаулық сақтауды басқару үдерісіне мыналар кіреді:

- денсаулық сақтау ресурстары туралы ақпарат көздері мен жолдары;

- басқару нәтижелері туралы ақпарат көздері мен жолдары;

- басқару мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат көздері мен жолдары;

- денсаулық сақтаудың нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базсы, медициналық, сонымен бірге басқаратын технологиялар деректер базасы;

- алынған ақпаратты талдау және үйлесімді басқаратын шешімдер шығаруға арналған құрылымдар.

Денсаулық сақтауды басқарудың қозғаушы күші — қаржыландыру механизмдері, кәсіби қызметті нормативтік-техникалық реттеу, медициналық қызметті стандарттау, сараптау және нормалау, мөлшерлеу.

Әртүрлі ведомстволардың, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері көрсететін медициналық көмектің жеке түрлерін белгілі бір дәрежеде қайталайды. Ведомстволық медицинаны жоюға қарсы дәлелдеме ретінде, денсаулық сақтаудың ведомстволық мекемелері он жылдар бойы осы салада жұмыс істейтіндердің еңбек, тұрмыс және демалу ерекшелігіне тікелей байланысты құрылғанын айта кету керек. Денсаулық сақтаудың жалпы жүйесінің мекемелеріне қарағанда, ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық көмек көсету деңгейі, әдеттегідей, жоғары. Бұл олардың таңдаулы техникалық жабдықталғанына және жоғары білікті кадрларына байланысты. Бір жағынан, ведомстволық медициналық мекемелерде, оларға ұқсас денсаулық сақтаудың жалпы желісіндегі мекемелерге қарағанда жүктеме төмен.

Егер де салалық министрліктер мен ведомстволарға (темір жол, авиация, күш беретін министрліктер және т.б) бөлінетін денсаулық сақтауға арналған қаражатты жалпы денсаулық сақтау бюджетіне шоғырландыра алмаса, ең болмаса олардың есебін реттеу керек.

Қазіргі таңда бір қатар елдерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қызмет көрсетілетін жанұялар немесе жеке тұлғалар тізімін жасау жүйесі енгізіліп келе жатыр. Бір жағынан, ықтимал пациенттер тізімін жасау шығындарды шектеуге әкеледі, енді бір жағынан — дәрігер мен пациент арасында тығыз қарым-қатынас болу мүмкіндігін жоғарлатады және медициналық қызмет көрсету үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Сөйтіп, денсаулықты қорғау тұрғындарға медициналық көмек көрсетумен тікелей байланысты емес көптеген сектораралық өзара әрекеттерді қамтиды, сол екі арада, денсаулық сақтау – бұл тұрғындарға емдеу-профилактикалық көмек көрсететін, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен сот-медициналық сараптаманы жүзеге асыратын мекемелер жүйесі.

Кадрлық саясат, медициналық білім беру және медициналық жұмысшылардың біліктілігін арттыру. Денсаулық сақтау жүйесін реформалаумен бірге, қоғамда әлеуметтік-экономикалық өзгерулер кезінде сала дамуының маңызды стратегиялық құрамдасы ретінде кадрлық ресурстарды басқаруды оңтайландыру өзекті рөлге ие болады.

Реформа жылдары кадрлық саясатқа қашанда тиісті көңіл бөліне бермейді. Төмендегі мәселелер шешілмей қалады: білікті кадрлардың саладан, әсіресе, амбулаторлық-емханалық буыннан кетуі; жалпы бейінді дәрігерлер, тар мамандар, дәрігерлер мен орта медициналық жұмысшылар саны арасында үйлеспеушіліктің бар бар болуы; еңбекақының төмендігі және медициналық жұмысшылар үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдік тапшылығы.

Денсалық сақтаудың табысты реформасы штаттық құрылымды жоспарлау мәселелерін кешенді түрде қарастырылғанда ғана мүмкін болады, оның ішінде медициналық жұмысшылардың әртүрлі санаттарының, білімінің, кәсіби даярлығының үйлесуі және медициналық қызметкерлер құрамын аккредитациялау, сондай-ақ ынталандыру жүйелері және т.б. Кадрлық қамсыздандырудың қолданыстағы нормативтері аз дегенде әрбір бес жылда қаралып отыруы керек, ал денсалық сақтаудың реформалары кезінде – одан да жиі.

Үйлестіруші материал: «Power Point»бағдарламасында 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Величковский Б.Т. //Экономика здравоохранения. – 2001. – N 6. – 22–27 б.

2. Власов В.В. Медицина в условиях дефицита ресурсов. — М.: Триумф, 1999.

3. Гвишиани Д.М. // Проблемы научной организации управления социалистической промышленностью. — М.: Экономика, 1968. -. 7-21б.

4. Гончаренко В.В., Ширяев Д.Р. // Пробл. социальной гигиены и история медицины.— 1999. – N1. – 40–43 б.

5. Лисицин Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.— М.:ГЭОТАР-МЕД., 2002.

6. Максимова Т.М. //Здравоохр. РФ. – 2004. – N 1. – 32–35 б.

7. Маршакова-Шайкевич И.В. // Вестник РАН. — Т. 70, N 12. — 1086—1093 б.

8. Филатов В.Б., Чудинова И.Э., Погорелов Я. Д. //Экономика здравоохранения. – 2001. – N 7–8. – 12–15 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық сақтау ұйымында басқарудың қандай негіздері бар?

2. Басқару теориялары қандай

3. Миссия ұғымына не кіреді?

4. Денсаулықты басқару дегеніміз не?.

5. Денсаулық сақтауды басқарудың кадрлық саясаты

 

 

2 тақырып. МЕНЕДЖМЕНТ — ҒЫЛЫМ САЛАСЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРГАНДАРЫ МЕН МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСҚАРУ ДАҒДЫЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ.

Мақсаты: Студент менеджмент негіздері мен практикалық денсаулық сақтаудағы басқару жүйесін білуі тиіс. Денсаулық сақтау менеджментін біртұтас толық түсінік ретінде және оның жеке элементтерінің өзара байланысын анықтау шеберлігін беру. Медициналық қызмет көрсетулер рыногын сынайтын медициналық ұйымды қозғайтын механизмдерді жасай білу.

Менеджмент — бұл адамзат іс-әрекетінің әртүрлі саласында ең маңызды қызмет болып табылатын басқару. Менеджерлер — әртүрлі ұйымдарда сол немесе басқа деңгейде басқа адамдарды басқаратын әлемдегі миллион адамдар. Менеджмент дегеніміз — ұйымда адамдарды басқаруда қалай табысқа жету, қалай ұйымдарды құру және жетілдіру туралы ғылым.

Менеджменттің қызметтік аспектісі басқару кезінде төмендегі қызметтерді орындауды шамалайды: болжам жасау, мақсатты тұжырымдау, ұйымдастыра білу, үйлестіру, есепке алу, бақылау, талдау және тәртіпке келтіру, реттеу.

Осы қызметтерді орындау арқылы менеджерлер жағдайларды қамтамсыз етеді және қызметкерлер құрамының еңбегін, өндірістік аппаратты, ұйымның материалдық және қаржылық

Менеджмент адамзат іс-әрекетінің тәртіп аралық саласы ретінде бірнеше тұжырымдамаларға негізделеді, бұл оны бірнеше аспектлерде қарастыруға мүмкіндік береді: өндірістік амалдарды басқару менеджменттің ұйымдағы техникалық аспектісін ашады;

· өндірістік амалдарды басқару — әлеуметтік аспект;

· маркетингті басқару — нарықтық аспект;

· қатынас жолдарын басқару — ақпараттық аспект;

· жекеменшікті басқару мүліктік аспектіні ашады.

Жүйелік шешім көзқарасынан қарағанда ұйымды басқару жүйесі былай анықталуы мүмкін:

· егер де ол басқару жүйесінің үлгісі ретінде қарастырылса, тұжырымдылық;

· егер де нақты ұйым қарастырылса, эмпириялық;

· оны адам жасаған және пайдаланғандықтан, жасанды;

басқару пішініне автоматталған ақпараттық жүйе қосылғандықтан, «адамдық–машиналық» («адамдық–компьютерлік»);

· шешілетін міндеттер мен осы үшін пайдалынатын ақпаратқа байланысты — тек ішкі немесе қоршаған ортаға байланысты болғандықтан, тұйық немесе ашық;

· ол қалыпты немесе қалыпты емес өзгерістерге оқтын–оқтын ұшырағандықтан, уақытылы.

Медициналық ғылым. Денсаулық сақтаудың жаңа парадигмасының стратегиялық жағдайларының бірі болып, медициналық ғылымның негізгі қызметі — практикалық денсаулық сақтау іс-әрекеті үшін тең-бетең ғылыми негіз құру деген пікір болып табылады.

Басымдылықтар бойынша қаржыландыру — заманауи ғылыми саясаттың ажырамайтын бөлігі. Дегенімен, медициналық ғылым мен денсаулық сақтау басымдылықтары әрқашан сәйкес келе бермейді. Аурушаңдық, мүгедектік пен өлім-жітімнен болатын қоғамдағы айырылуларды ескертетін себептерді зерттейтін клиникалық бағыттары басым келетін белгілі бір сатыластық (иерархия) денсаулық сақтау басымдылықтарына тән. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік тапсырысы мен медициналық ғылым басымдылықтары арасында пәтуа жоқтығы денсаулық сақтау практикасына ғылыми жетістіктерді енгізуді тежейді.

Жеткіліксіз қаржыландыру жағдайында саланың ҒЗЖ орындау саны мен орташа бір тақырыпқа бөлініетін қаржыландыру көлемі туралы мәселені шешу бағдарланған аналитикалық тәсілді талап етеді. Мүмкін, ҒЗЖ тақырып саны аз болуы керек шығар, бірақ әрбір жоспарланған ҒЗЖ ең жоғары дәрежеде қаржыландыруы керек, ал оны орындау қажеттігі практикалық денсаулық сақтау мұқтаждықтарымен дәлелденуі және негізделуі керек. Сонымен қатар, жоспарланып отырған ҒЗЖ арасында озық шетел тәжірибесі мен әлемдік медициналық ғылым жетістіктерін түзетуді іске асыратын және практикаға енгізуге үндейтін инновациялық жобалар маңызды көлемді алуы керек.

Қаржыландыру үдерісін тендерлік негізде тәртіпке келтіру керек: министрлік «саудалауға» белгілі бағамен ғылым и тапсырмаларды қоюды емес, оның оларды қаржыландыруды ұсынуы керек. Денсаулық сақтау министрлігі, оның құрылымдық бөлімшелері практикалық денсаулық сақтау атынан ҒЗИ мен жоғары оқу орындары және жалпы жүйелік міндеттер үшін ұсыныстар – тапсырыстар пакетін әрдайым қалыптасырулары тиіс.

Қазіргі таңда ғылыми қызмет пен практикалық денсаулық сақтау жеке-жеке қаржыландырады. Практикалық денсаулық сақтау іс жүзінде ғылыми жобаларға қаржы бөлмейді, дегенімен көптеген ауруханалар мен клиникалар базасында ондаған және жүздеген жаңа ғылыми технологиялар тұрақты түрде тегін енгізіледі. Бәлкім, әзірлеушілер, мен клиникалар енгізу үдерісіне тең дәрежеде мүдделі болуы тиіс шығар.

Сөйтіп, шектеулі ресурстар мен соңғы жылдары болған әлеуметтік-саяси өзгерістер жағдайында ұлттық ғылыми саясат, ҒЗЖ жоспарлау мен орындауды ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарын елеулі түрде қайта қарау керек:

1) жүйенің ғылыми зерттеу сапасына зиян келтірмей қаржыландыра алатын ғылыми қызметкерлері болуы керек;

2) ғылыми зерттеулерді бір уақытта медицинаның көптеген бағыттарымен алып жүру (бұрындағыдай) енді мүмкін емес, сондықтан күштер мен ресурстарды тек басымды бағыттарда қана шоғырландыру керек;

3) озық тәжірибе мен жаңа технологияларды бір елден басқа елге көшіру;

4) ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс практикалық денсаулық сақтаудың барлық сауалдарын басып отыруы тиіс;

5) қолданбалы (80% дейін) тақырыптамалар тапсырыс берушілері Денсаулық сақтау министрлігі басқармасы болуы керек. ҒЗИ мен жоғары оқу орындары өз кезегінде конкурстық негізде ҒЗЖ жоспар жобасын ұсынуы керек және бөлінген қаржыны (грант) ұтып алуға тырысуы керек;

6) ҒҚУ желі құрылымы тұрақсыз болуы және практикалық денсаулық сақтаудың барлық сауалдарын тақырыптық басып отыратын жоғары оқу орын ғылым артықшылығын қамтамасыз етуі тиіс; Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-практикалық орталықтары, ҒЗИ клиникалары мен жоғары оқу орындары ғылыми мекеме ретінде ресми мәртебе алуы тиіс;

7) ғылыми зерттеулерді басқару мен ұйымдастыруда ресурсты үнемдеу технологияларын белсенді қолдану керек;

8) денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласында ғылыми зерттеуге ерекше мән берілу керек. Денсаулық сақтауды реформалау осы зерттеулерсіз мүмкін емес, алайда оларды шеттен алуға болмайды, оларды өз алдында өткізу керек.;

9) ҚР ДСМ ғылыми және баспа жоспарына сәйкес оқулықтар, анықтамалық және энциклопедиялық құралдарды даярлау мен басып шығаруды қаржыландыру керек;

10) ақпараттық жүйе құру қажеттігі пісіп жетілді, және т.б.;

11) Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдарында ғылыми қызметтің барлық аспектлерін реттейтін және тиімді ететін нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу керек.

Сөйтіп, ұлттық ғылыми саясат ресурсты үнемдеу, бөлінетін қаржыны ұтымды пайдалану және ғылыми әлеуетті қайта құрымдау ұстанымдарына негізделуі тиіс. Қабылданған шетел тәжірибесі мен технологияларының таралымын көбейтуге ең алдымен негізделген инновациялық саясат жасаудың шешуші мағынасы бар, сонымен бірге, бұрын астам держава құрамынада болған шектеулі ресурсы бар кішігірім елдің ғылыми зерттеуін ұйымдастыру баяғы ұстанымдармен өте ұзақ жүзеге асуы мүмкін деп осы кезге дейін санайтын ғылыми мекемелердің біршама ғалымдары мен басшыларының менталитетін өзгерту керек

Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент. Деснаулық сақтау ұйымдарында басқару дағдылыры мен әдістері.

Жүйелер теориясы алғаш дәл ғылымдар мен техникада қолданыс тапты. Басқаруда жүйелер теориясын пайдалану – 50-ші жылдар соңында басқару ғылымының теориялық және практикалық аспектілеріне маңызды салым болып табылды. Әртүрлі жүйелер теориясын бір бүтінге апару және оларды басқаруда пайдалану мүмкіндігін анықтаудың алғашқы талпыныстарының бірі Массачусетс технологиялық институты ғалымдар тобының жұмысы болды.

Басқаруға жүйелер теориясын қолдану басшылар үшін ұйымның сырттағы ортамен байланыста болатын құрамдас бөлімшелерін тұтастықта көру міндетін жеңілдетті. Оның үстінде, бұл теория басқару теориясы мен практикасында әр түрлі уақытта үстем болған барлық мектептер салымдарын ықпалдауға көмек көрсетті. Жүйе дегеніміз не, оның мәні неде?

Мысалы, емдеу-профилактикалық, амбулаторлық-емханалық немесе санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер тізімі әлі де жүйені білдірмейді, мысалы, денсаулық сақтаудың профилактикалық ұстанымдарын іске асыру бойынша. Бірақ та, осы мекемелер тобы өзара байланыста болып, денсаулық сақтаудың сол немесе басқа бір проблемасы бойынша өзара әрекеттессе, бұл мүлдем басқа мәселе. Бұл жағдайда мұндай бірлестік, сыртқы белгісі бойынша жүйе болып көрінеді. Ал егер де қазір бір буын (мекеме) алынып тасталса, онда бұл бүткіл жүйенің жұмыс істеу тиімділігінен сезіледі.

Майкл Мескон мен оның бірлескен авторлар пікірі бойынша, жүйе — бұл бүтін сипаттамасына өз үлесін қосатын қзара байланысты бөліктердан тұратын біршама тұтастық.

Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуі дегеніміз — динамикалық үдеріс, оның ең маңызды орны оның екі тарапына тиесілі. Біріншіден, жүйе құрылысы, оған олардың элементтерінің өзара әрекеттесу сипаттамасы бағынышты болады; екіншіден, осы элементтерге әсер ету, яғни, жүйенің мақсатты қызметін орындаудың ең көп нәтижесіне жеткізетін тәсілдер арқылы. Жүйе жұмыс істеуінің осы екі тараптары ұйымдастыру мен басқару үдерістерінде өз көріністерін табады.

Ұйым дегеніміз не? Ұйымды қоғам мен әрбір тұлға өз денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру мұқтаждығын анағұрлым толық қанағаттандыру бойынша нақты жүйенің жоғары тиімді жұмыс жасауын қаматамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық және медициналық шараларды жоспарлы түрде жүзеге асыратын ғылыми-негізделген жиынтық ретінде анықтауға болады. Басқаруды ұйымдастыру үдерісінің маңызды мінездемелерінің бірі – бұл оның үздіксіздігі мен жиынтықтығы, бұл келешекте, белгілі бір жұмыстарды, жоспарлылықты және т.б. ұйымдастыру қажеттігін алдын ала қарастырады.

Осы анықтаманың едәуір маңызды элементтері болып төмендегілер табылады:

1. Мақсаттар – медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық және тактикалық міндеттерін орындауға кепіл беретін басшылар мен ұжымдар қызметінің күтілетін нәтижелері.

2. Адамдық ресурстар – басшылар мен орындаушылар жиынтығы, олардың білімі, шеберлігі, дағдысы, зиятты әлеуеті, дәлелдеулер және қойылған мақсаттарға жетуді іске асыруға дайындығы.

3. Материалдық ресурстар – қаржылық мүмкіндіктер.

4. Медициналық-технологиялық ресурстар – медициналық ұйымдар мамандарының басқару, клиникалық, иновациялық мүмкіндіктері.

5. Тиімді қолдану – медициналық ұйымдар немесе денсаулық сақтау жүйесі үшін барынша мол пайдалылықты қамтамасыз ететін адамзаттық, материалдық және медициналық-технологиялық ресурстарды пайдаға асыру.

Қаржылық ресурстарды пайдаланудың шектеулі мүмкіндіктер жағдайында денсаулық сақтаудағы заманауи менеджмент адамзат ресурстарына анағұрлым көп назар қояды. Менеджментті анықтауда мұндай тәсіл бихевиориститік мектеп өкілдерінде байқалады: «Менеджмент – бұл, ұйымды басқаруға адамдарды барынша көп тарту арқылы ұйымның мақсаттарына жету».

Менеджмент – бұл, шектеулі ресурстар жағдайында қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды тиімді және үнемді үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған ұйым қызметі

Заманауи денсаулық сақтаудағы менеджердің міндеті жекелік және қоғамдық мүдделерді медициналық ұйымның едәуір тиімді жұмыс жасау үшін біріктіре білуден тұрады, ресурстардың жетіспеушілік жағдайында денсаулық сақтаудағы менеджеріне өмірлік қажетті дағдыларды білдіреді.

Бүгінгі таңда, медициналық ұйымның бір басшылары нарықтық жағдайда денсаулық сақтаудың жұмыс жасауының құқықтық, экономикалық және әлеуметтік механизмдерінің жетілмегендігіне, қаржыландырудағы көбейіп келе жатқан қарбаластыққа байланысты туындаған басқару проблемаларын көптеген мамандарсыз шеше алмайды. Сондықтан денсаулық сақтауды дамыту заманауи кезеңінің мақсаттарына жету үшін менеджерлер қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шешімдер қабылдауда жеткілікті өктемді өкілеттіктерге ие болуы тиіс.

Көптеген бастықтар белгілі бір дағдылар мен білім минимумысыз жақсы менеджер болу мүмкін емес деген пікірге келеді. Бұл минимум менеджменттің өзекті дағдылары деген атқа ие болып, үш білімдер/дағдылар санатынан тұрады:

· Техникалық білімдер/дағдылар.

· Адамдармен жұмыс жасау дағдылары.

· Басқарудың тұжырымдылық дағдылары.

Басқару ғылымы менеджменттің 5 көпшілік қабылдаған функцияларын атайды:

1. Жоспарлау.

2. Ұйым.

3. Қызметкерлер құрамын басқару.

4. Көсемділік.

5. Бақылау.

Денсаулық сақтау практикасында барлық функциялар өзара байланысты және жүйені немесе медициналық ұйымды басқарудың үздіксіз топтамасын білдіреді.

Жоспарлау – бұл ұйымдастырушылық мақсаттарын әзірлеу үдерісі және оларға жету үшін іс - әрекет беталысын таңдау.

Ұйым – белгілі бір жұмыс түрлеріне мамандандырылған, осыған сәйкес біліктілігі бар және ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс жасайтын адамдар қауымдастығы. Осы анықтаманы толығымен қарастырайық:

Басқару - Денсаулық сақтау саласы көп еңбек сіңіруді қажет етеді, онда көптеген кәсіпқойлар жұмыс жасайды. бұл басшылар алдына тек осы салаға тән міндеттерді қойып қана қоймайды және де жеке адамдардың өзара тілдесуінің айтарлықтай дағдыларын талап етеді.

Көсемділілік - Көсемділіліктің көптеген түсініктемесі бар, алайда көсемділіліктің денсаулық сақтау саласыдағы рөлі әлі зерттеліп бітпеген. Поинтер мен Санчез пікірі бойынша, «Көсемділілік– бұл адамның сол немесе басқа мақсаттарға жету үшін басқа адам немесе топқа ықпал етуге саналы түрде тырысатын үдеріс».

Бақылау – бұл күтілген нәтижелерге жетуге бағытталған ұйымның қызметін бақылау үдерісі.

Тиімділілік – қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды ұтымды пайдалану.

Менеджер жұмысының табыстылығы немесе сәтсіздігі екі өлшемдермен – тиімділік пен үнемділікпен белгіленеді.

Тиімділілік нәтижелілікті немесе мақсаттарға жетуді білдіреді. Медициналық ұйымның бүткіл қызметі қойылған мақсаттарға жету үшін бағытталуы тиіс. Медициналық ұйым басшылары жиі тиімділіктің нақты түсінігін түсінбегендіктен өз жұмысын тиімді деп санайды. Ұйым мақсатсыз табысты жұмыс жасап жатқандай елестейді де, бірақ тиімділікке жетпейді. Бір жағынан мақсаттарға шамадан тыс бағамен жетеді.

Үйлестіруші материал: «Power Point»бағдарламасында 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Величковский Б.Т. //Экономика здравоохранения. – 2001. – N 6. – 22–27 б.

2. Власов В.В. Медицина в условиях дефицита ресурсов. — М.: Триумф, 1999.

3. Гвишиани Д.М.//Проблемы научной организации управления социалистической промышленностью. — М.: Экономика, 1968. — 7—21 б.

4. Гончаренко В.В., Ширяев Д.Р. // Пробл. социальной гигиены и история медицины.— 1999. – №1. – 40–43 б.

5. Добров Г.М., Задорожный Э.М., Щедрина Т.И. // Управление эффективностью научной деятельности. — Киев, 1978. — 10 б.

6. Лисицин Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.— М.:ГЭОТАР-МЕД., 2002.

7. Максимова Т.М. //Здравоохр. РФ. – 2004. – N 1. – 32–35 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Менеджменттің ғылым саласында алатын орны

2. Менеджмент өзіне қандай концепцияларды енгізеді?

3. Менеджмент ғылым саласы және ұйымдарды басқарушылар мен денсаулық сақтау мекемелерінің практикалық қызметі ретінде

4. Денсаулық сақтау басқару жүйесіндегі менеджмент

5. Менеджмент деген не?

6. Менеджменттің негізгі дағдылары.

7. Менеджмент қызметі

8. Денсаулық сақтау басқару жүйесіне менеджментті енгізу тиімділігі

3 тақырып. Басқару психологиясы мен қарым-қатынас.

Мақсаты: Студенттің өз-өзін басқара білуге, мән-жағдайларға қарсы тұруға, өз-өзін өзгерте білуге үйрету. Өз өмірін, өзінің кәсіби халділігін жақсартуға үйрету.

Кімде-кім толық қанды өмір сүруге, қоғамда табысқа жетуге, ең алдымен өмір қызығын сезінуге тырысса, ол өз-өзін басқара білуге, мән-жағдайларға қарсы тұруға, қажет болса, өз-өзін өзгерте білугетиіс.

Мәдениет дегеніміз –қанша оқыған кітап, көрген фильм, тыңдаған музыка саны емес.

Мәдениет дегеніміз –адамгершілік қоғамдастық құра білу. Экономика тұтасымен осы шеберлікке байланысты. Кабинет тыныштығында ғылыми еңбек жазуға, музыка шығаруға, сурет салуға болады, бірақ бизнесті адамдарсыз жасауға болмайды. Менеджмент, маркетинг, жарнама өнері мен тағы да басқалар үшін әрбір кәсіпорын иесінің іскерлік мәдениеті мен психологиялық білімдарлығының сенімді ірге тасы керек. Мәдениет басқалармен татулы өмір сүре алуда, сұхбаттаса білу және жиындарды ұйымдастыруда, жеке және іскерлік хат жаза білуде, адамды тыңдау және естуде, өзінің жеке өмірі мен демалысын ұйымдастыра білуде байқалады.

Тілдесудің маңыздылығы – ережелерді «жаттап алу» емес, кез келген, ең қиын пікірді қысқа, дәлме-дәл және әсер ететіндей етіп жеткізе білуде. Күрделі және терең білім дегеніміз – бұл жоғары кәсіби біліктілік шарты ғана емес, сонымен бірге, табиғи шикізат сияқты таусылып қалмайтын, керісінше арта түсетін маңызды ресурс.

Дәрістің осы курсы, ең алдымен, өз өмірін, өзінің кәсіби халділігі мен денсаулығын өз эмоцияларына, сана сезіміне ықпал ету арқылы, өмірдің қиын жағдайларына «төтеп беру» қабілеті арқылы жақсартқысы келетіндерге арналады.

Психология – өте ескі және өте жас ғылым. Оның мың жылдық тарихы болғанымен, оның болмысы, дегенімен, әліболашақта жатыр. Ол өз бетінше ғылыми пән ретінде жүз жыл жасағанымен, бірақ, негізгі мәселелер жиынтығы адамның қоршаған орта құпиясы туралы ойлай және танып біле бастаған күннен бастап адам ойын жайлағаны туралы сенімді айтуға болады.

Пәннің аталуы көне грек тілінен аударғанда «psyche» – жан, «logos» – ғылым, білім, яғни, – "жан туралы ғылым " дегенді білдіреді.

Психология, ең алдымен, өзінде көптеген субъективтік құбылыстары бар адам психикасын зерттеп біледі.

Мысалы, түйсік пен түйсіну, зейін мен ес, ойлау мен сөйлеу арқылы адам дүниені танып біледі.

Басқару қатынастары ұйымдасқан ортақ іс-әрекетті құрайды, оны тәртіпке келтіреді. Басқаша айтқанда, бұл іс-әрекетке байланысты қатынастар емес, бұл ортақ іс-әрекет ұйымдастыратын қатынастар.

Басқару психологиясында жеке жұмыскер де, әлеметтік топ та, ұжым да ұйым құрамында көрінеді, себебі олар оған кіреді және онсыз басқаруда оларды талдау толық емес болады.

Еңбек психологиясына қарағанда басқару психологиясы маңыздырақ, мысалы, жұмысшының өз мамандығына сәйкес келмеуі проблема емес, кәсіптік іріктеу мен кәсіптік бағыт-бағдары да проблема емес, керісінше, жұмысшының нақты ұйымға сәйкес келуі проблема, осы ұйымға адамдарды іріктеу мен осы ұйым іс-әрекетінің ерекшелігіне деген олардың бағыт-бағдары проблема.

Басқару психологиясы саласындағы мамандар қазіргі таңда сан алуан психологиялық проблемалар арасынан ұйымға арналған едәуір өзекті деп төмендегі проблемалар қатарын атайды:

– барлық деңгейдегі басшылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, яғни, басқарудың, жеке адамдар арасындағы қатынас, шешімдер қабылдау, стратегиялық жоспарлау және маркетинг, стресстер мен т.б. стилдерін жетілдіру;

– басқарушы қызметкерлер құрамын даярлау мен қайта даярлау әдістерінің тиімділігін арттыру;

– ұйымның адамдық ресурстарын іздестіру және белсендіру;

– ұйым мұқтаждығы үшін басқару буын мамандарын бағалау және іріктеу;

– әлеуметтік‑психологиялық климатты бағалау және жақсарту, қызметкерлер құрамын ұйым мақсаттары айналасына жұмылдыру.

Басқару психологиясына толық бір тарау бөлінген, оның проблемалары мен мәселелерін зерттеп білу әралуан буындағы менеджерлер, басшыларды психологиялық даярлауды қамтамасыз етуге, олардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, басқару саласының маңызды проблемаларды теориялық ұғыну мен тәжірибеде қолдануға қажетті алғышарттарын жасауға бейімделген. Басқару саласының маңызды проблемалары:

– басқару үдерістерінің табиғатын түсіну;

– ұйымдастырушылық құрылым негіздерін білу;

– басқару мен жетекшілік негізгі ұстанымдары мен стилдері, сондай‑ақ, басқару тиімділігін арттыру жолдары туралы нақты түсінік;

– қызметкерлер құрамын басқару үшін қажет ақпараттық технологиялар мен коммуникация құралдары;

– шығарымдылық міндеттерді шешудің эвристика әдістерін білу;

– өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу;

– адамдарды басқаруда, мамандарды іріктеуде және оларды талапқа сай даярлауда, ұйым жұмысшылары арасында ресми және бейресми өзара қатынастарды оңтайландырудағы құзыреттік;

– өзінің іс‑әрекетін бағалай алу, ағымдағы күн мен болжалмалы өзгерістер талаптарынан шығатын барабар тұжырымдар жасау және біліктілікті арттыру;

– ұйымның құрылымдық ерекшеліктері, мінез‑құлық себептері мен механизмдері туралы нақты ұғым.

Үйлестіруші материал: «Power Point»бағдарламасында 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Бурлачук Л. Ф., Морозов С. М. Справочник по психологической диагностике. Киев, 1989.

2. Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: Курс лекций. М.,1988.

3. Годфруа Ж. Что такое психология: В 2‑х т. М., 1992.

4. Общая психология: Курс лекций. М., 1995.

5. Психология управления. М., 1982.

Бақылау сұрақтары:

1. Психологияның даму тарихы.

2. Психологияның оқыту пәні.

3. Психологии тармақтары

4. Басқару психология пәні және міндеттері

5. Жалпы психология пәні және міндеттері.

 

4 тақырып. МАРКЕТИНГДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ.

Мақсаты: Денсаулық сақтаудағы басқарумаркетинг негіздерін зерттеп білу.

Маркетингтің көптеген анықтамалары бар және әрқашан да қаралып отырған саладағы, мейлі ол кәсіпкерлік, коммерциялық іс-әрекет болмасын немесе әлеуметтік саладағы іс-әрекет болмасын, оның ерекшеліктеріне байланысты жаңа анықтама берілуі керек.

Маркетингклассикалық ұғымда төмендегілерді білдіреді:

· рыногтағы тауарларды, қызмет көрсетулер мен көзқарастарды жасау, тарату, жылжыту мен бағаны анықтау арқылы айырбастаудың өзара қатынастар қанағаттануын жеңілдетеді және тездетеді. (Маркетингтің американдық ассоциациясы)

· айырбастау арқылы мұқтаждықтар мен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адамдық іс-әрекеттің түрі (Ф. Котлер).

В.З.Кучеренко мен В.И.Филатовтың анықтамасына сәйкес, денсаулық сақтаудағы маркетинг дегеніміз тұтынушы сұранысын кешенді зерттеп білу және өндірушінің медициналық қызмет көрсетулер ұсыныстарын мақсатты түрде қалыптастыруына негізделген ұстанымдар, әдістер мен шаралар жүйесі болып табылады.

Маркетинг, бәсекелестік экономика жағдайында адамдардың бейімделу, жұмысқа ұйымдастыру ретінде АҚШ-та 20-шы жылдары, ал Еуропада 50-ші жылдар басында пайда болды. Маркетинг өзін коммерциялық және әлеуметтік салада толық көрсетті.

Маркетинг негізгі мақсаттарын денсаулық сақтауда да сақтайды, бірақ бұл жерде өзінің ерекшеліктері бар, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесіндегі маркетинг міндеттері:

¯ медициналық қызмет көрсетулер мен дәрілік заттар өндіру пайдалылығын, табыстылығын қамтамасыз ету

¯ қолда бар өндірістік мүмкіндіктер шамасында жарамды уақыт ішінде оларды іске асыру арқылы экономикалық тиімділікке жету болып табылады.

Маркетингтің негізінде жатқан алғашқы идея – адам мұқтаждығының идеясы болып табылады. Мұқтаждық дегеніміз – бір нәрселердің жетіспеуі. Олар физиологиялық, әлеуметтік және өзіндік жетіспеушілік болуы мүмкін. Егер де мұқтаждық қанағаттандырылмаса, адам өзін бейшара және бақытсызбын деп санайды. Мысалы, сал болып қалған адам бөгде көмекке мұқтаж болады.

Маркетингтің екінші алғашқы идеясы – адам қажеттілігінің идеясы болып табылады.

Қажеттілік дегеніміз – адамның тұлғалығы мен мәдениет деңгейіне сәйкес өзіндік қалыпқа келтірілген мұқтаждық. Тауар өндірушілері өздері шығаратын өнімдер мен адамдар мұқтаждығы арасындағы байланысты табуға тырысып бағады. Мысалы, науқас адамға белгілі бір дәрілік құрал қажет болады.

Тілек дегеніміз – сатып алушының қабілеттілігімен нақтыланған қажеттілік. Қажеттілікті қанағаттандыру ресурстары шектеулі, сондықтан адам өзінің қаржылық мүмкіндіктер аясында оны едәуір қанағаттандыратын қызмет көрсетулер немесе тауарларды таңдайды. Адам мұқтаждығы, қажеттілігі мен сұраныстары өзін қанағаттандыратын тауарлардың бар екендігі туралы ойға әкеледі.

Тауар дегеніміз - қажеттілік немесе мұқтаждықты қанағаттандырушы және ол назар аудару, сатып алу, пайдалану немесе тұтыну мақсатында рыногта ұсынылатын зат.

Адамдар өз мұқтаждықтары мен сұраныстарын айырбас арқылы қанағаттандырған жағдайда маркетинг пайда болады.

Айырбас дегеніміз – біреуден орнына басқа нәрсе беру арқылы тілеген объектіні алу акты.

Сұранысдегеніміз – тұтынушылардың тауарға қоятын талаптары. “Сұраныс белгілі бір тұтынушылық міндет жүктелген тауарлардың нақты санына қажеттілікті білдіреді, бірақ барлық қажеттілікті емес, тек ақшалай қамтамасыз етілетіні қана білдіреді.

Сөйтіп, сұранысдеп өтей алатын қажеттілікті айтамыз, яғни, тауардағы ақшалай қамтамасыз етілген қажеттілік бөлігі, сондай-ақ тауарлық қалыпта өткізілетін қызмет көрсетулер. Медициналық және фармацевтикалық маркетингте тауарлардың нақты объектілері - дәрілік заттар, дәрілік құралдар, препараттар, дәрілік формалар (әдеттегіде, дәрі-дәрмек деп аталатын), науқастарды күтуге арналған құралдар, жараны таңатын материалдар, аспаптар, құралдар, әртүрлі медициналық аппаратура және т.б.

Рынокдегеніміз – тірішілік ететін және әлеуетті тауар сатып алушылар жиынтығы.

Сауда-саттық дегеніміз – қалай болса да рыногқа қатысы бар адамның іс-әрекеті.

Маркетинг дегеніміз – айырбас жасау үшін рыногпен жұмыс жасау, айырбас мақсаты - адам мұқтаждығы мен қажеттілігін қанағаттандыру, сөйтіп, біз маркетингтің айырбастау арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам іс-әрекетінің түрі деген анықтамаға қайтып ораламыз.

Функциялары:

1. Сұранысты зерттеп білу (сапалық және сандық)

2. Фирманың маркетингтік мүмкіншілігін бағалау

3. Мақсатты рынокторды іріктеу

4. Маркетинг жиынтығын әзірлеу

5. Маркетингтік бақылау

Ресейдегі денсаулық сақтау жүйесінің денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттік-сақтандыру үлгісіне өту жағдайында емдеу-профилактикалық мекемелер қызметі нарықтық қатынастар арқылы іске асады, онда "сатушы" рөлінде емдеу-профилактикалық мекемелер (ЕПМ) болса, "сатып алушы" рөлінде - медициналық қызмет көрсетулерді тұтынушы (тұрғындар) болады.

Медициналық қызмет көрсетулер рыногы дегеніміз – бәсекелестік экономика жағдайында медициналық технологиялар, медициналық техника, медициналық қызметін ұйымдастыру әдістері, фармакологиялық құралдар жиынтығы.

Бұл ұғым медициналық ұйымдарға, басқару органдарына, әртүрлі жекеменшік мекемелерінде жұмыс істейтін медициналық мамандарға қатысты.

Рынок макро- және микродеңгейдегі тұрақты құрылымдық өзгерістерді білдіреді. Бұл ретте макродеңгей деп аудандар, қалалар, облыстар, ел дәрежесіндегі қызметті түсіну керек. Микродеңгей деп ұйым дәрежесіндегі қызметті түсіну керек.

Қызмет көрсету дегеніміз – бір тарап басқа тарапқа ұсына алатын, негізінде, сезіле бермейтін, және бір нәрсені тартып алуға әкелмейтін шаралар немесе олжа. Қызмет көрсетулерді өндіру тек тауардың материалдық түрімен қана байланысты болуы мүмкін және де болмауы да мүмкін.

Қызмет көрсетулер төмендегі өлшемдерге сәйкес талдауға жатады:

· рынок типі (тұтынушылық немесе өндірістік)

· жұмыспен қамтылу деңгейі (кадрлар мен жабдықпен қамтамасыз етілу негізінде)

· тұтынушымен байланысу деңгейі (жоғарысы – денсаулық сақтау, қонақ үй бизнесі; төменгісі – пошта, жөндеуге қатысты қызмет көрсетулер)

· қамтамасыз ететін қызмет көрсетулер біліктілігі (кәсіптілік және кәсіптілік емес)

· қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету мақсаттары (пайда табу және пайда әкелмейтін қызмет).

Медициналық және фармацевтикалық маркетинг, басқа да маркетингтің түрі сияқты төмендегілерден тұрады:

1. өнім маркетингі (дәрілік және медициналық құралдардан)

2. медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсетулер маркетингі.

Өз кезегінде, өнім маркетингісін мыналарға бөлуге болады:

1. жақында жасалған өнімдер маркетингісі

2. болашағы бар өнімдер маркетингісі

Қазіргі таңда, сақтандыру рыногына медициналық қызмет көрсетулерді енгізу кезеңінде өз бетімен коммерциялық әрекет жасау тәжірибесі жоқ медициналық ұйымдар көп болып кетті. Болашақта олардың арасында бәсекелестік пайда болады. Сондықтан, ұйымның, мамандардың міндеті - осы кезеңді жеңуге көмектесетін мүмкіндігінше тез өз ұйымының табыс факторын (еңбек ресурстары, жабдықтар, орналасқан жеру және т.б.) тез арада табу керек.

Осы үшін пайдаланылатын арзан және шынайы табыс факторы – дәрігерлер-менеджерлер (басшылар) тобын іріктеп алу екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Величковский Б.Т. //Экономика здравоохранения. – 2001. – N 6. – 22–27 б.

2. Власов В.В. Медицина в условиях дефицита ресурсов. — М.: Триумф, 1999.

3. Гвишиани Д.М. // Проблемы научной организации управления социалистической промышленностью. — М.: Экономика, 1968. — 7—21б.

4. Гончаренко В.В., Ширяев Д.Р. // Пробл. социальной гигиены и история медицины.— 1999. – N1. – 40–43 б.

5. Лисицин Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение.— М.:ГЭОТАР-МЕД., 2002.

6. Максимова Т.М. //Здравоохр. РФ. – 2004. – N 1. – 32–35 б.

7. Маршакова-Шайкевич И.В. // Вестник РАН. — Т. 70, N 12. — 1086—1093 б.

8. Филатов В.Б., Чудинова И.Э., Погорелов Я. Д. //Экономика здравоохранения. – 2001. – N 7–8. – 12–15 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық сақтауды басқаруға маркетингтің әсері

2. Денсаулық сақтауда маркетингтің негізгі мақсаты

3. Маркетинг функциясы

4. Медициналық қызметтің рыногі дегеніміз не?

 

 

Құрастырушы: м.ғ.к. Айтманбетова А.А.

1 тақырып. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Мақсаты: Студенттер Қазақстан республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін заңдылық реттеудің негізгі ұстанымдарын білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамсыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерден тұрады: Қазақстан Республикасының Атазаңы; Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқаулары; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары; ҚР ДСМ нормативтік актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.).

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етілген. Олардың арасындағы негізгісі – Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз, 1995 ж.) болып табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29-бабында:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен бекітілген медициналық көмектің кепілдік етілген көлемін тегін алуға құқысы бар.

3. Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке-меншік медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен бекітілген негізде және ретпен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматына бұл құқықтар туғаннан тиесілі. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының азаматы болып тұрған барлық ғұмыры барысында күшінде болады. Денсаулық қорғауға құқысы, тек, мемлекет қатысуымен ғана іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасының Атазаңында денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, олардың іске асуын, республикалық және жергілікті бюджет есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса өз міндетіне алады..

29-баптан басқа Қазақстан Республикасы азаматының тікелей денсаулыққа қатысты басқа да құқықтары бар: өмір сүруге құқысы (15-бап), жеке бас еркіндігіне құқысы (16-бап), адам жетістіктеріне қол сұқтырмау құқығы (17-бап), жеке өміріне, жеке басы мен жанұя құпияларына қол сұқтырмау, өз ар-ожданын қорғау құқығы (18-бап), еңбек еркіндігі құқығы (24-бап), демалысқа құқығымен бірге (24-бап, 4 б.), тұғын-жайға құқығы (25-бап), меншік иесі болуға құқысы (26-бап), өмір және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқығы (31-бап), жасына, ауру жағдайына, мүгедектікке, асыраушысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік қаматамасыз етілуге құқысы (28-бап), атан-ананың балаларына қамқорлық жасап, тәрбиелеуге құқысы (27-бап), білім алуға құқысы (30-бап) және т.б. Атазаңда бекітілген құқықтар мен еріктерінен басқа, Қазақстан Республикасыны азаматы өз кезегінде Атазаңды, ҚР заңдылықтарын, басқа тұлғалардың құқықтарын, ерігін, ар-ожданын құрметтеуге міндетті (34-бап).

Халық денсаулығын қорғау денсаулық сақтау жүйесінің құзыреті шектерінен шығып кетеді. Осыған байланысты, халық денсаулығын қорғау бойынша әрекет қазақстандық құқықтардың көптеген салаларын қамтиды: әкімшілік, азаматтық, жер, муниципалды, жанұялық, еңбек, қылмыстық, экологиялық құқы.

«Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» «Қазақстан – 2030» стратегиясы ұзақмерзімді 4-ші басымдық «Денсаулық, білім және азаматтардың көркеюі» болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру стратегиясы келесі компоненттерден тұрады: аурушылдықтың алдын-алу салауатты өмір салтын ынталандыру, есірткіге құмарлық пен есірткі бизнесімен күрес, алкоголь және темекі пайдалануды қысқарту, әйелдер мен балар денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақтану сапасын жақсарту, қоршаған орта және экология тазалығы, таза ауыз суын қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.

Казақстан Республикасы Президентінің келесі жыл сайынғы халыққа жолдаулары денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша, соның ішінде медициналық көмек сапасы мен нәтижелілігін арттыру бойынша тапсырмалар; мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік механизмін қолдана отырып 100 аурухана құрылысы; дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді оқытудың, аттестациялау және даярлаудың халықаралық стандарттарын қоса жалпы халықаралық стандарттарға көшу; соңғы жұмыс нәтижелерін, яғни көрсетілген медициналық көмектің сапасын, көлемін және күрделілігіне, сонымен қатар біліктілік деңгейіне қарай медициналық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу; бюджеттік сфера қызметкерлерінің еңбекақысын сатылып жоғарылата отырып 2012 жылға 2 есе деңгейге жеткізу және т.б. қамтиды.

Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында олардың сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар заңдар қабылданып, кейін олар 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексінің негізін қалады. Медицина сферасын регламенттейтін 11 заңды алмастырған Кодексті қабылдау лейтмотиві болып азаматтардың денсаулығын қорғауға құқықтарын максималды бекітуге жағдай жасау, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға келтіру табылады.

Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары бекітілген:

1) қауіпті, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқық теңдігін;

2) жеке және қоғам денсаулығын сақтап нығайту үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін;

3) аналық пен балалықты қорғауды;

4) ақысыз медициналық көмектің ақысыз кепілді көлемін;

5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысында профилактикалық бағыттың басымдығын;

6) медициналық көмекке қол жеткізуді;

7) медициналық көмек сапасын үздіксіз жоғарылатуды;

8) халықтың санитарл

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Шет елдегі медицина 8 страница | Государственная власть: понятие, признаки
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 2647; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.283 сек.