Студопедия

КАТЕГОРИИ:



Мы поможем в написании ваших работ!

Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мы поможем в написании ваших работ!

VІІ ЛЕКЦИЯ-ТЕЗИС 7 страница


Ә дегеннен‑ақ шайтан Аллаһтың құзырында берген уәдесін орындауға кірісті. Және бәрімізге белгілі ол сол арам пиғылын Адам ата мен Хауа ананы жәннәттан шығару амалымен бастады. Бұл мәселе аятта былай келтіріледі: «(Аллаһ): Әй, Адам! Сен және жұбайың жәннәтқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: Раббыларың сендерді осы ағаштан екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп қана тыйған деді. Шынында да мен екеуіңді үгіттеушілерденмін деп ант ішті. Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетеді. Екеуі жәннәт жапырақтарынан үстеріне жапыстыра бастады. Раббылары екеуіне: Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?, – деп үн қатады» (7.Ағраф, 20-22).

Шайтан жаратылыс пайда болғаннан бері адамдарға түрлі жамандықтарды, күпірлікке бастар һәрекеттер мен түрлі деңгейдегі күнәларды барынша сүйкімді етіп көрсетті. Соларды жүзеге асыру қамымен адамды алдап-арбап, дұрыс жолдан тайдыруды көздеді және дегеніне үнемі жетіп отырды. Аятта бұл мәселені: «Аллаһқа серт! (Мұхаммед (с.а.у.)) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан оларға өз қылықтарын әдемі етіп көрсетті. Сондықтан бүгін де ол олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар» (16.Нахыл-63) деп келтіріледі.



Адамдар арасында өшпенділік пен дұшпандық отын жағу, бауыр мен бауырды, ері мен зайыбын, қоғам мен тұлғаның арасына іріткі салу – мұның бәрі шайтанның ұлық мақсаттарына кіретін істер. Шайтан қаншалық жамандықты молынан жасаса, соншалық аталары Ібілістің құзырында мәртебелері арта түседі. Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Ібіліс тағын судың бетіне құрады. Содан кейін әскерін топ-топ етіп жолдайды. Әскерлерінің дәреже мен шеніне қарап, ең жақынын қасына алады. Әскерлері бір-бірлеп келіп: «Былай, былай жасадым»,- дейді. Ол да: «Сен ешнәрсе істемедің»,- деп жауап береді. Содан кейін өзгесі келеді және ол: «Адамды зайыбынан ажыратқанша кетпедім»,- дейді. Бұны естіген Ібіліс әскерін өзіне жақындатып, «Сен қандай жақсысың» деп мақтайды» (Муслим, Мунафиқун – 16).

Пенденің Аллаһтың хақ жолынан тайқып, тыйым салынған әрекеттерге бой алдыруы оның шайтанның қармағына іліккенінің бірден‑бір дәлелі. Шайтан ондай пенденің қимас досына айналып, досын кәпірлердің тобырына үкілеп қосады. Бұл жайында Құранда да кеңінен баян етілген: «Аллаһты еске алудан (яғни Құраннан) кімде кім бас тартса, Біз оның соңына шайтанды салып қоямыз, шайтан оны (азғырып), мәңгі бірге жүреді. Шайтанның оны тура жолдан адастыратыны анық. Бірақ олар өздерін тура жолдамыз деп ойлайды. Кәпір болған адам Біздің алдымызға келген шақта (қияметте): Әттең сенімен менің арамда шығыс пен батыстай алшақтық неге болмады екен? Сен қандай ғана жаман жолдас едің! (Менің бақытсыздығыма себеп болған сенсің ғой)», - дейді» (43.Зухруф, 36-38).

Құранда мүминдерді шайтанның азғыруынан арнайы сақтандыратын аяттар бар. Бүтін адамзаттың ата‑анасын жәннәттан шығарған шайтанның қулығына құрық бойламайтыны жайлы Аллаһ Тағала Құранда бірнеше жерде ескертіп өтеді. Иә, асылында жалған, дүниелік һәрекеттерге бой алдырмасақ, шайтанның да азғыруынан аулақ боларымыз хақ. Енді осы мағынада айтылған аяттардың бірнешеуін келтіре кетсек:

«Еш күмәнсіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» (35.Фатыр – 6).

«Әй, адам баласы! Жер бетіндегі халал, таза нәрседен жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені ол сендерге ашық дұшпан. Шайтан сендерді жамандық жасауға, сұмдық қылмысқа, зейіндерің жетпейтін нәрселерді Аллаһқа қарсы айтқызуға бұйырады» (2.Бақара, 168-169).

«Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана» (4.Ниса-120).

«Әй, адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жәннәттан шығарғандай сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, олар сендерді көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық» (7.Ағраф-27).



Шайтан адамды дұрыс жолдан тайдыруымен қоймай, ақыреттегі есеп-қисап кезінде пенделердің істеген өз амалдарымен өздерін кінәлі етіп және осы үшін өзін айыптамауды бұйырады екен. Аятта осы тұс айқын бейнеленген: «Іс біткен заман шайтан: «Расында Аллаһ сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше мені сөкпеңдер де, өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Расында бұрыннан да мені Аллаһқа ортақ қосуларыңа қарсы едім», деді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар» (14.Ибраһим – 22).

Әрбір адамды алдап-арбап, азғырып, хақиқи жолдан шығару үшін бір-бір шайтаннан болады. «Періштеге иман мәселесінде» әрбір адамды қорғап жүретін 384 немесе 360 періште бар екенін еске салған болатынбыз. Ал енді ойланып көрейікші, бізді 384 немесе 360 періште қорғап, біз үшін Аллаһтан кешірім тілеп жүрсе де, жалғыз ғана шайтанның азғыруына неліктен жеңілеміз? Демек, шайтан жалғыз болғанымен өзінің іс-әрекеттерін бізге сүйдіре біліп, нәпсімізге толықтай билік жүргізе білген.

ü Бір күні түнде Расулуллаһ (с.а.у.) Хазіреті Айша анамыздың қасынан кетіп қалады. Хазіреті Айша анамыз Пайғамбардың шығып кеткенін әр қалай жорып, аздап қызғана бастайды. Пайғамбарымыз сәлден соң анамыздың жанына қайта келіп:

- Не болды, Айша, көңіліңе қызғаныш ұялады ма?, - деп сұрайды. Хазіреті Айша анамыз:

- Маған не болар дейсіз? Мен секілді бір жан, сіз секілді асыл жанды қалайша қызғанбасын?, – дейді. Пайғамбарымыз:

- Саған шайтан келді ме?, - дегенде, ол:

- Аллаһтың Елшісі менің қасымда бір шайтан бар ма?, - деп сұрады.

Пайғамбарымыз:

- Ия, - деп жауап қатады. Хазіреті Айша және:

- Әрбір адамның қасында бір шайтаннан бар ма?, – деп сұрады.

- Ия, бар,- деп жауап береді Пайғамбар. Сонда Хазіреті Айша анамыз:

- Уа, Аллаһтың Елшісі! Сізбен бірге де бір шайтан бар ма?, - деп сұрайды. Пайғамбарымыз:

- Ия. Бірақ Раббым оған қарсы маған көмек берді, ол да маған тәсілім болды, (яғни мұсылман болды),- дейді, (Муслим, Мунафиқун – 11).

Шайтан адам баласын азғыру үшін түрлі айла, тәсіл жасайтындығы бәрімізге мәлім бола тұра, оның азғыруына қалай түсіп қалатынымызды сезбей де қаламыз. Шайтан адамды азғырғанда әуелі оның жағдайына қарап, өзінің айла‑тәсілдерін де соған сай қолданады. Ең алдымен, бізге ол алып бара жатқан пайдасы да артықшылығы да жоқ, яки сауабы өте аз амалдарды істеуге шақырады. Ешкім де періште емес қой демекші, адам бірте‑бірте парыз, уәжіп, сүннет амалдарына қарағанда сауабы жоқ амалдарды көбірек орындай бастайды. Енді, екінші кезекте шайтан сізге сауабы да, күнәсі де жоқ мубах амалдарды істетуге көшеді. Яғни, мұның нәтижесінде сіз киім‑кешек, маңғаздық, ішіп-жеу, ұйықтау секілді әрекеттерге көбірек мән бере бастайсыз. Үшінші кезекте жәйләп-жәйләп кіші күнәларды істеуді үйретеді. «Бұлар аса үлкен күнә емес қой иманыма пәлендей зиян келе қоймас» деген сұрпайы түсінікті санаңызға құяды да, кіші күнәларды істеуді тұрақты әдетке айналдырады. Мұның нәтижесінде, ұятты нәрселерге қарау, темекі шегу, дөрекі сөйлеу, балағаттау, біреудің затын рұқсатсыз алу секілді іс-әрекетті тартынбастан орындайтын боласыз. Адам осыларды істеп, еті үйренген соң, төртінші дәреженің кезегі келеді де, шайтан енді сізді үлкен күнәләрға жетектей жөнеледі. Соңында адам үлкен күнәләрға да әбден етін үйретіп, тіпті олардың күнә екендігін де ұмытады. Оларға күнә ретінде емес, күнделікті тірліктегі болуға тиісті қалыпты нәрселер ретінде қарайды.

Мысалы еш шімірікпестен өтірік айта салу, әңгіме барысында біреуді жамандау (ғайбаттау), біреудің сөзін екінші біреуге жеткізу (өсек), әке-шешесін тыңдамау, ұрлап кету, тәкәппарлық мінез көрсету секілді күнәларға бой алдырып, күнделікті тірлікте ол күнәларға елеусіз жол беріп жататынымыз бар. Егер бір сәт ойланып қарасақ, Құранда аталмыш күнәларға қатаң тыйым салынған. Солай бола тұра, адам күнәні әдетке айналдырып, шайтанның жетегінде кеткенін мойындай бермейді. Себебі, нәпсі тек өз дегенім болса екен дейді. Бесінші, кезекте шайтан бидғат амалдарды істетуге ауысады. Алтыншысы, Аллаһ Тағалаға қарсы келу, күпірлік, ширк секілді шектен шыққан әрекеттерге бір‑ақ жеткізеді. Сонымен шайтанның асыл мақсаты да толықтай орындалады [14]. Адам Аллаһқа серік қосқан соң, шайтан ол адамды өз еркіне қоя береді де, дін жолындағы екінші бір мұсылманды әлгіндей күнә сатыларынан жетелеп өткізуге күшін сала бастайды[15].

Дегенмен, айта кету керек, шайтанның азғыруы шын мәніндегі тақуа, ықыласты жандарға аса қауіпті емес. Себебі, Аллаһ Тағала шайтанға қияметке дейін мұрсат берген кезде: «Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді»,- деген еді. Бұл Құранда былайша беріледі: «Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаһқа сиын. Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды. Шынында оның үстемдігі оны дос тұтып Аллаһқа серік қосушыларға ғана жүреді» (16.Нахыл, 98-100).

Расында, Аллаһтың жаратқан әрбір ісінде бір хикмет бар. Олай болса, шайтанның азғырушылық міндетінің де бір хикметі болары сөзсіз. Аллаһ Тағала бүкіл мақлұқат пен заттарды біз ажырата алатындай оң‑теріс, ақ‑қара етіп жаратқан. Мысалы, періштелер мақлұқат атаулының ең ұлықтары, ең пәктері болса, шайтан жамандық атаулының падишасы ретінде жаратылған. Олай болса, адам жақсы мен жаманды салыстыру арқылы нәрсенің сапасын бағамдайды. Тіршіліктегі кез‑келген әрекеттер мен құбылыстардың қайсысы пайдалы қайсысы зиян екенін анықтайды. Періште мен шайтан ұғымы да адамға бірінің қадірін бірі танытады. Ластық болмаса, тазалықтың мәнін жете ұқпаған болар едік. Сол секілді, сәт сайын азғыруын қоймайтын шайтан болмаса, құлшылықтың да айтарлықтай маңызы қалмас еді. Баршамыз періште секілді тақуа болып, біреудің ала жібін аттамас едік. Демек, біздің өмірімізге шайтанның функциясы да қажет. Көбіне сол арқылы да пенденің құлшылық деңгейін таразылауға болады. Ақыретте адамның тақуалық мәртебесін айқындауда да мұның маңызы арта түспек.

Рух және оның бір тәннен екінші тәнге өту мәселесі

Кейбір жандар адам баласы дүниеден өткеннен кейін оның рухы басқа бір денеге өтіп, сонан соң ол өмірге қайта келіп тіршілік жасайды деп сенеді. Бұл пікір әлемдегі көптеген діндердің сенімінде бар. Батыс әдебиетінде бұл мағынада «metempsychosis» және «transmigration» терминдері қолданылады. Ал ислами әдебиеттерде «танасух» яғни, ренкорнация термині қолданылады.

«Transmigration» түріндегі сенімдер солтүстік пен Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Олардың сенімдері бойынша адам рухы хайуанға өтеді.

Яхуди мистицизмінде рух көшіне қатысты «gilgal» термині қолданылады. Олар адам рухының басқа тәнге өтуімен бірге, Тәңірдің де адам ішіне енетіндігіне сенім артты. Нәтижесінде, Тәңірі алғашқыда Адам Атаға, содан кейін Шит пен Мұса (а.с.) пайғамбардың денесіне рух ретінде кірген деген сенім қалыптасты.

Гректер де рухтың өлімсіз екеніне және бір тәннен екінші тәнге өтетіндігіне сенеді. Асылында бұл доктринаның негізін қалаушы б.э.д. VII ғасырда өмір сүрген әйгілі философ Пифагордың шәкірті Фересайдес болатын.

Соңғы зерттеу нәтижелеріне қарап отырсақ, әлем діндерінің сенім жүйесінде рухтың бір тәннен келесі бір тәнге өту түсінігіне деген сенімнің жеткілікті екенін аңғаруға болады. Ең соңғы хақ дін Исламда да мұндай сенімдегі ағымдар мен жекелеген тұлғалық пікірлер кездеспейді емес.

а) Рух және рухты шақыру

«Рух» сөзінің мағынасы «жан», «күш» деген ұғым, түсініктерге келеді. Көпше түрі «әруақ». Әрбір мұсылманның рухтың бар екендігіне сенуі шарт. Өйткені Құран аяттары рухтың бар екендігі мен оның Аллаһ Тағаланың әмірінде болатынын, өлгеннен соң басқа бір әлемге баратынынан хабар береді. Ислами жүйе бойынша таратып айтсақ, «рух» сөзі көбіне үш мағынада қолданылады:

1) Жәбірейіл періштенің аты ретінде (Бақара-87; Мәриям-7; Шуара-193; Қадыр-4).

2) Уахи мағынасында (Нахл – 2; Мүмин – 15; Шура – 52)

3) Жандыларда тіршілік көзі болып табылатын күш мағынасында (Исра-85; Әнбия-91)

Рух жайындағы тартыстар мен түрлі пікір қайшылықтары ғасырдан ғасырға жылжып жалғасып келеді. Солардың бірі исламның бастапқы кезеңіндегі ғалымдардың айтуынша, рух Тәңірі жағынан бір құпия және адам оны жетік меңгере алмайды. Өйткені, Исра сүресінің 85-ші аятында:

«Әй, Мұхаммед! Сенен рухтың не болғанын сұрайды. Айт: Рух Раббымыздың әмірінде. (Бұл жайында) сіздерге өте аз мағлұмат берілген», - делінген.

Дініміз бойынша мұндай іспен айналысатындардан хабар алу ширк болып есептеледі. Өйткені, келешекті Аллаһтан өзге ешкім білмейді. Құранда «Ғайыпты тек қана Аллаһ біледі», - деген. (Әнбия – 59). Демек, мұндай іспен айналысудың «харамның ауылына» ат ізін салғанмен айырмасы жоқ.

б) Рухтың бір тәннен екінші тәнге өтуін қабыл еткен кейбір мұсылман тұлғалар мен ағымдар

Ең алдымен Исламда рухтың көшуі туралы сенім бар ма, жоқ па соның басын ашып алайық. Исламда мұндай сенім жоқ және сенуге де болмайды. Егер де Исламда мұндай сенім болмаса, онда ол оған қайдан келді?

Дініміздің шеңбері арабтармен ғана шектеліп қоймағаны белгілі. Ислам кеңінен жайылып, түрлі ұлттар мен ұлыстар мұсылмандықты қабылдады. Мұндай сенімді алғаш қабыл еткен ағымдардың басында Шииттер тұр. Нусайрие, Дүрзие және Ибадие сияқты мәхзабтар рухтың басқа денеге өтетінін қабыл етеді. Осымен бірге Ахмед ибн Хатым, Ахмед ибн Әйюб Әбу Муслим әл-Хорасани және Әбу Бәкір Мухаммед ибн Зәкәрия әр-Рази сияқты ғалымдар да осы сенімдерін бекіту үшін Құраннан кейбір аяттарды дәлел ретінде келтіреді. Мәселен, Бақара сүресінің 28-аятында: «Сіздер өлі болған кездеріңізде тірілткен Аллаһты қалай мойындамайсыңдар? Содан кейін сіздерді өлтіреді және қайта тірілтеді. Соңында оған барасыңдар»аяты мен Мүмин сүресінің 11 аяты: «Мойындамағандар болса былай дейді: «Раббымыз! Бізді екі рет өлтіріп, екі рет тірілттің. Біз де күнәларымызды мойындамадық. Осы оттан шығу үшін бір жол бар ма?» делінген. Аятта екі рет «өлу» мен екі рет «тірілу» мәселесі айтылғандығы рас. Аталмыш ғалымдар осы аятты басты негіз ретінде ала отырып, өлгеннен кейін қайта тірілудің болатындығын дәлелдеуге тырысады.

Асылында, осы екі аяттың мағынасына бойласақ, оның өмірге қайта келумен ешқандай байланысы жоқ. Бірінші аяттың мағынасы адамның алғаш рет балшықтан жаратылғандағы өлі сыпатына Аллаһ Тағаланың жан бергендігімен байланысты. Сонсоң дүниеге келген адам тұз‑дәмі бітіп қайтыс болып, ақыретте Аллаһтың әмірімен қайта тіріледі. Ал екінші аяттың мағынасы болса, кәпірлердің тозақ отына шыдай алмай жанып кететіндігімен байланысты. Өлген кәпірлер азаптан құтыла алмайды. Істеген күнәларының жазасын тарту үшін қайта тірілтіледі. Бұл жайында басқа да аяттарда айтылады. Мәселен мына аятта: «Кәпірлердің баратын жері мәңгілік тозақ», - делінсе, кәпірлердің азапталу жайын Ниса сүресінің 56-аяты: «Оларды отқа тастаймыз және терілері жанып жоқ болғанда азапты тарту үшін терілерін жаңартамыз» деп сипаттайды.

Хадистерде де олараға «жәһәннамиюн» деген атау берілген. Мұндай кісілердің жәһәннамда жанып көмір болатындығын және азапталуы үшін қайта тірілетіндерін білдіреді.

в) Ислам діні бойынша тәнәсухқа (ренкорнацияға) сенудің үкімі

Рух көші сенімін қабыл ету ақыретті қабыл етпеумен тең. Ал, ақыретке сену иманның бір шарты. Иманның бір шартын қабыл етпеу күпірліктің белгісі. Бұл мәселеге қатысты аят пен хадистерде жеткілікті дәлелдер бар.

г) Рух көші сенімінің негізсіздігі жайында

Құранда, дәлірегі «Мүминун» сүресінің 99-100 аяттарында өлген адамның о дүниеде азапты көргеннен кейін, Аллаһтан бұ дүниеге шынайы құлшылық ету үшін қайта жіберуін сұрап, жалбарынатындығы жайында айтылады.

Аятта мұның жауабы да айқын. Пенденің тілегі әлбетте орындалмайды, себебі, Аллаһтың қалауымен өлген жанның рухы дүние мен ақырет әлемі арасындағы бәрзах (көмескі) әлеміне жіберіліп, ақыретке дейін сонда болады.

Ренкорнация сенімі бұл сұраққа да жауап бере алмайды. Қысқасы, Исламдық һәм қисындық тұрғыдан алғанда да рухтың бір тәннен екінші тәнге өтуі негізсіз мәселе [16].

 


[1]

 

.

*

[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Характеристика атмосферы и виды загрязнений. Огромное число вредных веществ находится в воздухе, которым мы дышим.

 

Это и твердые частицы, например частицы сажи, асбеста, свинца, и взвешенные жидкие капельки углеводородов и серной кислоты, и газы, такие, как оксид углерода, оксиды азота, диоксид серы. Все эти загрязнения, находящиеся в воздухе, оказывают биологическое воздействие на организм человека: затрудняется дыхание, осложняется и может принять опасный характер течение сердечно-сосудистых заболеваний. Под действием одних содержащихся в воздухе загрязнителей (например, диоксида серы и углерода) подвергаются коррозии различные строительные материалы, в том числе известняк и металлы. Кроме того, может измениться облик местности, поскольку растения также чувствительны к загрязнению воздуха.

Смог (от англ. smoke – дым и fog – туман), нарушающий нормальное состояние воздуха многих городов, возникает в результате реакции между содержащимися в воздухе углеводородами и оксидами азота, находящимися в выхлопных газах автомобилей.

Таблица 4.1 и рис. 4.3 позволят вспомнить нормальный состав и строение атмосферы Земли.

Земная атмосфера подразделяется на слои в соответствии с их температурой. На рис. 4.3 высота слоев указана приблизительно, поскольку она меняется в зависимости от точки отсчета.

 

 

 

К основным загрязнителям атмосферы, которых, по данным ЮНЕП*, ежегодно выделяется до 25 млрд т, относят:

· диоксид серы и частицы пыли – 200 млн т/год;

· оксиды азота (NxOy) – 60 млн т/год;

· оксиды углерода (СО и СО2) – 8000 млн т/год;

· углеводороды (СxНу) – 80 млн т/год.

* ЮНЕП – Программа ООН по окружающей среде.

 

Оксид серы IV SO2. При растворении в воде образует кислотные дожди: Н2О + SO2 = H2SO3. Выделяется в атмосферу в основном в результате работы теплоэлектростанций (ТЭС) при сжигании бурого угля и мазута, а так же серосодержащих руд - PbS, ZnS, Cus, NiS, MnS и т.д.

При сжигании угля или нефти содержащаяся в них сера окисляется, при этом образуются два соединения - диоксид серы и триоксид серы. В процессе первоначального горения топлива до триоксида серы окисляется менее 3% серы. Кислотные дожди губят растения, закисляют почву, увеличивают кислотность озер. В Норвегии, например, в 80-е годы из-за кислотных дождей погибло много рыбы, в этом была и большая доля вины российских предприятий (в основном, комбината «Североникель», расположенного на Кольском полуострове). Большую озабоченность вызывает в России огромный трансграничный перенос серы с Запада, составляющий примерно 2 млн. т. оксидов серы – 10 млн. т. сульфатов в год, так как воздушные массы с Запада в нашу страну в связи с розой ветров в 7 – 10 раз превышают наши воздушные массы в Европу. Это в основном страны Восточной Европы и Украина, энергетика которых базируется на бурых углях.

Россия входит в конвенцию по SO2 и участвует во всех процессах, способствующих снижению выбросов окислов серы в атмосферу. В основном это строительство заводов по производству серной кислоты по схеме: диоксид серы – триоксид серы – серная кислота. Используя оксиды серы как вторичное сырье, человечество для производства такого необходимого ему во многих отраслях промышленности продукта, как серная кислота, перестанет извлекать из недр ограниченные запасы серы.

Подсчитано, что в 80-е годы человечеству было необходимо получать около 25 млн. т. серной кислоты в год (например, для получения синтетических моющих средств и других продуктов), а выброс оксидов серы в то же время составил 15,6 млн. т. в год, больше чем необходимо для производства указанного выше количества серной кислоты.

Даже при среднем содержании оксидов серы в воздухе порядка 100 мкг. на кубометр, что нередко имеет место в городах, растения приобретают желтоватый оттенок. Отмечено, что заболевания дыхательных путей, например, бронхиты, учащаются при повышении уровня оксидов серы в воздухе.

Разработано большое число методов для улавливания двуокиси серы из отходящих дымовых газов. Весьма привлекательными оказались скрубберные установки, дающие отходы в виде продуктов, имеющих спрос на рынке: один из таких скрубберов производит серу высокой чистоты, другой – разбавленную серную кислоту. Последнюю невыгодно перевозить на большие расстояния, но высокочистая сера, которая находит применение при производстве лекарственных препаратов, промышленных реагентов, удобрений в развитых странах привлекает и потребителей из-за рубежа.

В России пока удалось решить эту проблему на большей части европейской территории. В азиатской части, где трудно решить вопросы с транспортировкой серной кислоты, например, огромные массы SO2 комбината «Норильский никель», которые выбрасывают высокие (до 100 м) трубы, достигают Канады через Северный полюс. Эта проблема в разных регионах России требует срочного решения. В Москве, например, на единственном нефтеперерабатывающем заводе в Капотне с 1997 г. запрещено использовать серосодержащие нефтепродукты.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
VІІ ЛЕКЦИЯ-ТЕЗИС 6 страница | VІІ ЛЕКЦИЯ-ТЕЗИС 8 страница

Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1481; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:


Рекомендуемые страницы:

Читайте также:
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2021) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление
Генерация страницы за: 0.022 сек.