Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. Кіріспе. Биология- тіршілікті жан-жақты зеріттейтін




 

Кіріспе. Биология- тіршілікті жан-жақты зеріттейтін

жаратылыстану ғылымдарының кешенді бір саласы.

 

Биология-тірі табиғатты, оның алуан түрлілігі мен тірі организмдердің құрлысын, қызыметін, өсіп-дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Биология ғылымы жер бетіндегі тіршілікті әр түрлі деңгейде-молекулалық, жасушалық, организмдік, популяциялық, түрлік, биосфералық және биогеоценоздық деңгейлерде зерттейді. Биология ғылымы бұлардан басқа жер бетінде тіршіліктің пайда болуын және олардың тарихи даму заңдылықтарын білмей, тіршілік жайында дұрыс көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Тірі организмдердің тарихи даму кезеңдері Жер ғаламшарының геологиялық замандағы тарихымен тікелей байланысты. Тіршілік эволюциясында тірі организмдерге тән сұрыпталу, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттер басты рол атқарады. Биология пәні тіршіліктің барлық түрлеріне ортақ заңдылықтарды қарастырады. Олар: қарапайымдардан бастап, ең күрделі организмдерге дейінгі бүкіл тіршілік атаулының негізін құрайтын жасуша туралы ғылым-цитология, тірі организмдердің кез келген түріне тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін-генетика ғылымы. Сонымен қатар адамзат қоғамының және оның экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын селекцияның, биотехнология мен ген инженерияның қол жеткен табыстары туралы мағлұматтар беріледі.Тірі организмдердің барлық түрлеріне тән заңдылықтарды зеріттейді. Кез келген организм өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, яғни сыртқы орта мен организмнің арасында заттар мен энергиямен алмасуы үздіксіз жүріп жатады. Организмнің ерекше бір қасиеті-оның өзін-өзі реттеу қабілеті. Бұл организм тіршілік етіп түрғанда өзінің құрлысы мен құрлымын, химиялық құрамын және физикалық қасиеттерін сақтай алатындығынан көрінеді. Тірі организмдердің келесі бір ерекшелігі-олардың көбею қабілеті. Көбею арқылы ата-ананың бойындағы белгілер мен қасиеттер келесі ұрпақтарға беріліп, түқым қуалап отырады, екінші жағынан-олар сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеріске де ұшырайды. Жалпы тіршілікке тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің бұл заңдылықтарын генетика ғылымы зерттейді. Қазіргі кезде генетиканың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің тұқым қуалайтын қасиеттерін адамның пайдасына қарай икемдеп, медицинада және шаруашылық саласында кеңінен пайдалану. Жер шары мен оны мекендейтін тіршілік, яғни биосфера бір-бірімен және өлі табиғатпен тығыз байланыса отырып, биогеоценозды құрайды. Жалпы биологиялық заңдылықтарды білу-тірі табиғатты адамның игілігіне қарап бейімдеп, өзгертуге мол мүмкідіктер туғызады. Биология ғылымының тағы басты саласының бірі-экология. Экология ғылымына қазіргі кезде ерекше көңіл бөлінуде. Тірі организмдер табиғатта өзара және қоршаған орта жағдайларымен үнемі күрделі байланыста әрі қарым-қатынаста болады, Экология ғылымы жер бетіндегі барлық адамзат баласының тіршілігіне қолайлы табиғи орта жағдайларын сақтап қалуына ерекше көңіл бөледі. Адамзаттың салауатты өмір салты тікелей экологиялық мәселелердің дұрыс шешілуіне тәуелді. Табиғатта тірі организмдердің көптүрлілігін сақтап қалу, оларды қорғау әрі тиімді пайдалану өзекті экологиялық мәселелерге жатады. Биологиялық заңдылықтарды білу-тірі табиғатты адамныңың игілігіне қарай бейімдеп, өзгертуге мол мүмкіндіктер туғызады. Табиғаттағы ең жоғары тіршілік деңгейі-биосфералық деңгей. Биосфералық деңгейдегі тіршілік процестері бүкіл Жер ғаламшарын қамтиды. Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, адамзаттың салауатты өмір сүруі биосфераны қорғаумен тығыз байланысты. Адамзаттың болашағы үшін табиғатты қорғаудың маңызы зор. Біздің елімізде табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану-халқымыздың әл-ауқатын көтеруге қатысты аса маңызды мемлекеттік шара болып есептеледі. Мұны жүзеге асыру үшін табиғатты қорғау туралы арнайы заңдар қабылданып, қорықтар ұйымдастырылған. Сол сияқты еліміздің әр түрлі аймақтарын-дағы саны азайып немесе сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар «Қызыл кітапқа» тіркелген. Қазақстандағы экологиялық жағдайлар да алаңдатушылық туғызуда. Арал теңізінің тартылуы, Семей,т.б. полигондардағы жарылыс зардаптары. Байқоңыр ғарыш аймағының табиғатқа зиянды әсері қоршаған ортаға көп нұқсан келтіруде. Биосферадағы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы адам баласының өз өміріне зор қауіп төндіруде. Адам баласын азық-түлікпен қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық прогресті дамыту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау адамның ақыл-ой санасына байланысты. Ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатқа игеру, өнеркәсіпті өркендету, ауыл шаруашылығын дамыту т.б. биология ғылымымен байланысты мәселелерге биология ғылымы ерекше көңіл бөледі. Биологиялық заңдылықтарды зеріттеудің медицина үшін де маңызы зор. Адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын аурулар мен аса қауіпті дерт-қатерлі ісікті (рак) емдеу үшін терең биологиялық зеріттеулер жүргізіліп, олардың генетикалық механизімдерін анықтау керек. Соңғы жылдары биологияның химия және физика ғылымдарымен шектесетін саласы-молекулалық биология жедел қарқынмен дамуда. Бұл ғылымның міндеті-организмдегі негізгі тіршілік көзі болып есептелетін жасушада жүріп жатқан зат алмасу мен энергия алмасу заңдылықтарын молекула деңгейінде зерітеу. Қазір бұл салада қол жеткен табыстарда бар. Солардың ең негізгісі-тұқым қуалаушылықтың молекулалық механизмдерінің анықталуы, яғни тұқым қуалаушылыққа жауапты зат –ДНҚ молекуласы,оның өзі төрт түрлі нуклеотидтің (аденин, гуанин, цитозин, тимин) тізбегінен тұратындығы, ал ген дегеніміз- сол ДНҚ молекуласының бір бөлшегі екендігі дәлелденді. Молекулалық биологияның жетістіктерінің негізінде қазір ген инженериясы мен биотехнология дамуда. Осыған байланысты адам баласының болашақта тірі табиғатты толық меңгеру мүмкіндігі бар. Сондықтан да жаңа XXI ғасыр - «биология ғасыры» деп орынды айтылып жүр. Ұлы бабамыз Әбунасыр әл-Фарабидің «Табиғат тағылымы» атты еңбегінде атап көрсеткен: «Ғаламның көрінісі-оның иесіне байланысты»,-деген өсиетін берік есте сақтауымыз керек.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 2279; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.