Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция

 

Жасушаның химиялық құрамы. Бейорганикалық, органикалық заттар.

 

Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүиесінде кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді.

Олар жасушадагы мөлшеріне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды.

Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор,

сияқты және т.б.элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы жалпы мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің әрқайсысы жасушада ерекше қызметтер атқарады.

Үшінші топқа: жасушада өте аз мөлшерде кездесетін элеметтер жатады. Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементттер деп аталады. Микроэлементтер өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында жүріп жататын био-химиялық процестерге тікелей қатысады.Топырақтың құрамындағы микроэле –менттердің өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде маңызы ерекше.Микроэле –менттер жасушадағы бейорганикалық және органикалық заттардың молекула –ларының құрамына кіреді. Ал ион түріндегі элементтер мен микроэлементтер жасушадағы биохимиялық реакциялардың белсенділігін арттырып, организм тіршілігінде маңызды қызметтер атқарады.

Су. Жасушаның құрамында су едәуір мөлшерде болады, яғни жасушаның 75%-ға жуығы судан тұрады. Судың мөлшері әр түрлі жасушада түрліше. Тірі жасушада –дағы судың қасиеттері, оның молекуласының құрамына байланысты. Судың молекуласындағы бір атом оттек екі атом сутекпен берік ковалентті полюсті байланыс түзетіндіктен, оның молекуласы кеңістікте бұрыш жасай орналасады. Судың мынандай биологиялық қасиеттерінен байқауға болады.

С у -молекуласы өзара (когезия) және басқа заттардың (адгезия) молекулалары –мен белсенді қосылады.Соның нәтижесінде,суда еріген минералды заттар,өсімдік-тің тамыры арқылы басқа бөліктеріне дейін көтеріледі.

С у – еріткіш. Заттар басқа сұйықтықтармен салыстырғанда суда жақсы ериді, сондықтан су заттардың алмасуына тікелей қатысады.

Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары. Жылу өткізгіштік ол белгілі заттың бойымен жылудың таралу мүмкіндігі. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері (энегияның бір түрден екінші түрге айналу заңдылығы)денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады.

Су жоғары температурада қайнайды. Судың қайнау температурасы жағары болғандықтан,жер бетіндегі судың қайнап кетуі және сутектік байланыстың үзілуі өте сирек кездеседі. Сондықтан тірі жасушадағы судың мөлшері сыртқы ортаның температурасына қарамастан тұрақты.

Судың булануынан дене салқындайды. Судың булануына көп энергия кете - тіндіктен,оның осы қасиеті көптеген тірі организмдердің денелерін салқындату –ға пайдаланылады. Мысалы, адам мен жануарлардың денесінің салқындауы тер –леу (булану) арқылы іске асады.

Судың қату температурасының әсері. Егер судың кристалдары тірі организм –нің ұлпаларында пайда болса, онда олар тіршілігін жойған болар еді. Демек, тірі организмдердің тіршілігінде судың атқаратын ролі өте зор, Сондықтан да ол тіршіліктің көзі болып табылады, Су тіршіліктің көзі оны емдік қасиетінен де көруге болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш емдеу –сауықтыру орнының суы –бауыр, бүйрек асқазан ауруларын емдеуге қолдан –ылады.

Тұздар. Жасушада тұздар еріген катиондар және аниондар түрінде болады да, ондағы химиялық элементтердің мөлшерінің және осмостық қысымның қалыпты деңгейде болуына мүмкіндік береді. Катиондардың ішіндегі ең маңыздылары: К,+ +,Са,2+Мg,2+ және т.б. Жасушаның тіршілігі үшін НРО42-, Н2РО4, Сl- ,НСО3- анион-дарының маңызы зор.

Органикалық заттар. Тірі жасушаның құрамына табиғатта кездесетін көптеген қосылыстар кіреді. Ондай қосылыстарға: көмір сулар, липидтер, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ және т.б. органикалық заттар жатады. Органикалық қосылыстар дегеніміз –молекуласының құрамына көміртек немесе оның қосылыстары кіретін, сон –дай-ақ ауада және оттекте жанатын заттар.

Көміртек. Тіршіліктің өзі –құрамында негізгі элемент көміртек болатын көптеген ірі молекулалардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Органикалық заттардың негізін түзетін көміртек атомдары өзара байланысады. Көміртек - әр түрлі тұрақты қосылыстар түзіп, тірі организмде болатын молекулалардың сан алуандығын қамтамасыз ететін бірден –бір элемент.

Көмірсулардың құрамы. Көмірсу молекулаларының құрамына көміртек, оттек және сутек атомдары кіреді(С, О, Н). Көмірсулар – органикалық заттардың ішіндегі аса маңызды қосылыстардың бірі, олардың жалпы формуласы –С2 2О). Көптеген көмір –сулардың молекуласының құрамындағы сутек атомдары, көміртек атомдарынан екі есе көп болатындықтан,оларды көмірсулар деп атайды. «Көмірсу» деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К.Шмид енгізген болатын. Көмірсулар табиғатта көп таралған.

Көмірсулар қарпайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым көмірсулар –ға моносахаридтер, ал күрделі көмірсуларға полисахариттер жатады.Моносахариттер –дің аталулары –молекуласындағы көміртек атомы санының артуына байланысты. Мысалы, триоза(3 көміртек атомы), тетроза(4), пентоза(5), гексоза(6) және т.б. Моносахариттер – суда жақсы еритін, тәтті дәмі бар,түссіз заттар.Табиғатта гексоза кеңінен таралған. Оларға: глюкоза, фруктоза және галактоза жатады.Гексозаның жалпы форму –ласы: С6Н12О6. Күрделі көмірсуларға полисахаридтер жатады. Табиғатта көп таралған полисахаридтерге: крахмал, целлюлоза және бауырда түзілетін жануар қанты –глико –ген, т.б.жатады.

Крахмал - өсімдіктердің негізгі көмірсу қоры. Ол өсімдіктердің жапырағында, сабағын -

да, түйнегі мен тұқымдарында көп мөлшерде болады.

Целлюлоза - өсімдіктердің жасушаларының қабығының негізгі құрамды бөлігі. Өсім –діктерге беріктік, тірек қасиетін беретін талшықтар целлюлозадан тұрады. Адам мен жануарлардағы көмірсулардың негізгі қоры, жасуша цитоплазмасында, негізінен, бауыр мен бұлшық етте жинақталады. Көмірсулардың 1г молекуласы ыдырағанда, 17,6 кДж энергия бөлінеді.

Липидтер (грекше «lipos» - май) –барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәріздес заттар. Липидтердің молекуласының құрамына С,Н, О атомдары кіреді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет –олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді.

Липидтердің қызметтері. Липидтер барлық тірі жасушыларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат қорғаныштық және метоболизмдік және т.б.

Май –қоректік қор заты. Организмдерденедегі майды қоректік зат ретінде жинақтай –ды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шар –быда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т.б. мүшелерінде май қоры жинақ –талады. Май жылуды жылуды нашар өткізеді. Осыған байланысты жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Майдың 1грамы толық ыдырағанда, 38,9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.

Нәруыз –биологиялық полимер. Тірі жасушадағы органикалық заттардың барлығы биополимерлерге жатады. Полимер молекуласы қарапайым заттардан құралады, оларды мономерлер деп атайды. Нәруыз молекуласын тұңғыш рет 1736 жылы Я.Беккори зерттеді. Нәруызды күшті қышқылмен (тұз қышқылы) араластырып қыз –дырғанда кіші бөлшектерге ыдыраған. Ол бөлшектердің қышқылдық қасиет беретін карбоксил тобы (СООН) және негіздік қасиет беретін амин тобы (NН2) екендігі дәлелденді. 1888 жылы орыс ғалымы, биохимик А.Я.Данилевский өз тәжірибелеріне сүйеніп, нәруыз молекуласындағы аминқышқылдары қалдықтарының арасында пептидтік байланыстың болатындығы туралы болжам айтты. Кейінрек XX ғасырдығ басында неміс ғалымы Э.Фишер пептидтік байланыстың болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Нәруыз молекуласының құрамына 20 аминқышқылы кіреді. Алғашқы аминқышқылын 1806 жылы Р,Воклен мен К.Робике аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оны аспарагин деп атаған. 1820жылы француз ғалымы А.Браконно нәруызды ыдырату арқылы глицинді алған. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы треонин 1935 жылы фибрин нәруызынан алынды. Табиғатта кездесетін 200- ден астам аминқышқылының 20-сы ғана нәруыз молекуласының құрамына кіреді. Нәруыздың құрамына кіретін аминқышқылдарының амин тобы да (NН2), корбоксил тобы (СООН)-да бір көміртек атомымен байланысқан.

Нәруыз молекуласын зерттеу әдістері. Нәруыз молекуласын химиялық, физикалық және рентген- құрылымдық әдіспен зерттеу. XX ғасырдың басында нәруыз молекула –сын зерттеуде неміс ғалымы Э.Фишер үлкен жетістікке жетті. Белгілі пепсин және трипсин ферменттерінің нәруызды пептондарға ыдырата алмайтынын, ал қышқылмен қосып қыздырғанда –жеке аминқышқылдарына ыдырайтындығын химиялық жолмен зерттеп, терең талдап берді.

XX ғасырдың басында нәруыздың қасиеті физикалық тұрғыдан зерттеле бастады. Швед химигі Т.Сведберг жердің тартылыс күшінен 250 мың есе күшті үдеу беретін центрифуга ойлап тапқан. Полипептидтердің құрлымын ренген- құрлымдық әдіспен зерттеу 1930 жылдары басталды. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашқан. Л.Полинг адам баласы зардап шегетін аурудың бірі -«Орақ пішінді жасушалы анемияның» пайда болу себептерін тапты.

Нәруыздың қасиеттері. Нәруыздың физикалық және химиялық қасиеттері организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды. Нәруыз әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді. Қасиеттердің бірі –нәруыздың суда жақсы, ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар суда мүлде ерімейді. Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрлымның өзгеруі жатады. Мысалы, қыздырудың,сәулелендірудің, химиялық заттардың әсерінен және механикалық әсер етудің салдарынан нәруыздың құрлымының арасындағы байланыс үзіледі.(мысалы,жұмырттаның өзгеруі)

Нәруыздың қызметтері. Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болған –

дықтан алуан түрлі қызмет атқарады. Құрылыс қызметі,тасымалдау қызметі қозға –лыс қызметі, қорғаныштық қызмет,ферменттік (катализаторлық) қызмет,энергети –калық қызмет.

Нуклеин қышқылдарын зеріттеудегі ғылыми деректер. Нуклеин қышқылдары –тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып,оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрлысты молекула. XX ғасырдың 30- 40-шы жылдары организм өсіп - өнгенде өзінде бар қасиеттерін келесі ұрпақтарға жеткізудегі нуклен қышқыл – дарының рөлі ғылыми тұрғыдан толықтай дәлелденеді.

1868 жылы швейцариялық биохимик Ф.Мишер жасуша ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан (латынша «nykleus» -ядро) тапқандықтан нуклеинқышқылы деп атады. 1951 жылы американдық биохимик Э.Чаргафф ДНК молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты. Екі нуклео –тид –аденин мен гуанин(екі сақиналы)пуриндік негізге, тимин мен цитзин (бір сақина –лы) пиримидиндік негізге жатады. 1950 жылы ағылшын биофизигі М. Уликинс ДНҚ-ның кристалдық талшықтарының рентгенграммасын алды.

Р.Франклин-ДНҚ молекуласын рентгенграммалқы суретін бірінші түсірген ғалымдардың бірі. бұл рентгенграмманың көмегімен көмірсулы фосфаттытұлғаның(сүйініш) шыйыршықтың сыртқы жағында, ал азотты негіздер ішкі жағында орналасатындығын және шиыршықтың бір оралымында он нуклеотид болатынын анықтады(8-сурет). ДНҚ-ның құрамын анықтауда Р.Франклин ашқан деректердің маңызы өтте зор болды. Алайда ДНК молекуласын қанша жіпшеден тұратыны және қалай байланысқаны анықталмады. Бұны 1953жылы америкалық биохимик Дж.Уотсон мен ағылшын биофизигі әрі гинетигі Ф.Крик дәләлдеді. Олар рентгенқұрылымдық ә дісті пайдаланып, ДНҚ молекуласының құрамын ашты. ДНҚ молекуласы екі жіпшеден тұратындықтан молекулалаық массасы нәруыздан жоғары болады. Табиғаттағы алуан түрліліктің сақталынуы ДНҚ-ның ақпаратына байланысты.

ДНҚ полимерге жатады, оның мономерлерінің ролін төрт нукеотид (аденин, тимин, цитозин, гуанин) атқарады.

Нуклеотид тізбектері азоттық негіздері арқылы сутектік байланыспен өзара байланысып, қос сақиеалы ДНҚ шиыршығын түзеді.

ДНҚ молекуласының екі жіпшеден тұратындығын және нукеотидтердің азоттық негіздері сутектік байланыспен байланысатынын америкалық биохимик Дж.Уотсон мен биофизигі әрі гинетигі Ф.Крик рентген құрылымдық әдіспен анықтады.

Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы

Нуклеин қышқылдарының азоттық негіздері, рибоза мен дезоксирибоза қосылып нукле озид түзеді.Құрамына азотты негіздері,рибоза мен дезоксирибозажәне фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады.

Нукеотидтер нуклеин қышқылының мономерлері, олар екі топқа бөлінеді:пуриндік-аденин мен гуанин және пиримидиндік –тимин, урацил жіне цитозин. Әрбір нуклеотид-тер молекуласының құрылыстары бойынша бір-біріне айқын ажыратылады. Нулеотид-тің молекуласы азотты негізден, дезоксирибозадан және фосфор қышқылының қал-дығынан тұрады. Ғылымда азотты негіз аденин-А,тимин-Т,цитозин-Ц,гуанин-Г әріп--терімен таңбаланады. Аденин мен тимин мен цитозин бір сақиналы екендігі белгілі.

Құрамында азотты негіз, рибоза немесе дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады.

Нуклеин қышқылының мономерлері екіге бөлінеді: пуриндік-аденин мен гуанин және пиримидиндік-тимин, урацмл және цитозин.

Дезоксирибонуклеин қышқылының мономерлері-аденин мен гуаниннің азотты негіздері- қос сақиналы, ал тимин мен цитозин бір сақиналы болады.

ДНҚ молекуласы үш құрылымды болып келеді.

 

ДНҚ молекуласының екі еселену ерекшеліктері

ДНҚ молекуласының екі еселенуін редупликация деп атайды. Редупликаци жасушаның бөлінуге даярлану кезінде көптеген ферменттердің қатысуымен жүреді. Ол ферменттердің бірі-азоттық негіздердің арасындағы сутектік байланысты ыдыратып, екі тізбекті бір-біріне ажыратса, екіншілері-ядроның құрамындағы бос нуклеотидтердің есебіне ажыраған тізбекті толықтыратын екінші тізбекті құрастырады. Яғни, екінші тізбектегі генетикалық ақпарат алғашқа тізбегі ақпаратпен бірдей болады. Мысалы, бір тізбек А-Т-А-Г-Ц-А болса,оның қарсысында Т-А-Т-Ц-Г-Т тізбегі түзіледі.Тізбектегі нуклеотидтердің бір-бірімен байланысуы олардың комплементарлық принципіне сәйкес келеді.

Екі еселену кезінде аналық ДНҚ молекуласынан жаңа екі молекула түзіледі. Осы екі жаңа молекуладағы генетикалық ақпарат аналық ДНҚ-ға сәйкес болады. Демек,ата-анадан берілетін тұқым қуалау ақпараты ДНҚ-ның екі еселенуі кезінде беріледі.

1960 жылы М.Месельсон мен Ф.Сталь ДНҚ-ның екі еселенуінің жолдарын болжады. Осы алғашқыда үш түрлі болжам ұсынған:

1. Сақтала екі еселену. Жаңа тізбектіте молекула пайда болу үшін алдыңғы ДНҚ-ның қос оралымының матрицасы сақталып, жаңа молекулаға негіз болады. Жаңа молекуланың біреуі бұрынғы ДНҚ-ның молекуласын,ал екіншісі жаңадан синтезделген молекуланы алады.

2. Жартылай сақтала екі еселену.Азотты негіздер арасындағы әлсіз сутектік байланыстар үзілгеннен кейін негіздер ыдырап, ДНҚ молекуласының қос тізбегі ашылған сырма сияқты екі жаққа кетеді. Бөлінген әрбір тізбек болашақта пайда болатын тізбекке матрица қызметін атқарады.

3.Бытыраңқы екі еселену. Бұл еселенуде ДНҚ молекуласы қысқа бөлшектерге ыдырайды да,жаңадан түзілетін қос тізбектің негізі қаланады. Екі еселенудің бұл түрінде де матрицаның рөлін нуклеотидтер атқаратындығын белгілі.

Нуклеин қышқылдарының маңызы. ДНҚ-ның негізгі биологиялық қызметі- нәруыз молекуласын синтездеу кезінде оның құрамын реттеу және тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Осыған байланысты,ол екі түрлі қасиет білдіреді. Біріншіден, ДНҚ молекуласы бірнеше бөліктерден тұрады,әрбір бөлікте қандай да бір нәруыздың құрамы туралы ақпарат болады. ДНҚ-ның осындай бір бөлігіндегі ақпаратты ген дейді. Әр түрге тән белгілер мен қасиеттердің қалыптасуы гендерге байланысты. Ата-анадан алынған гендердің комбинациялануынан генетикалық ақпарат жаңарады. Түрлердің алуан түрлі болып қалыптасуы осыған байланысты. Ендеше,табиғаттың алуан түрлілілігін қамтамасыз етуде ДНҚ-ның рөлі зор. Екінші қасиетті-ДНҚ жасушаның бөлінуі кезінде екі еселену арқылы өзіндегі генетикалық ақпаратты РНҚ-ға береді. РНҚ-дан жазып алынған ақпараттың негізінде нәруыз молекуласы синтезделеді. Нәруыз молекуласын синтезделуіне қарай РНҚ-лар бірнеше түрге бөлінеді.

Рибонуклеин қышқылдары

 

РНҚ молекуласы да ДНҚ тәрізді полимер, оның мономерлерінің рөлін аденин,

гуанин,цитозин және тиминнің орнында урацил нуклеотиді атқарады.ДНҚ-ға қарағанда РНҚ бір тізбекті болады.

Жасушадағы қызметтеріне қарай РНҚ үшке бөлінеді:

1)ақпартты-аРНҚ;

2)тасымалдаушы-тРнқ;

3)рибосомалық- рРНҚ;

Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ)

Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ). РНҚ жасушаның ядросында да, протоплазмасында да кездеседі.Жасуша ядросындағы тРНҚ-ның мөлшері 10 тРНҚ -дай,молекулалық массасы 25000-ға дейін болады.Суда жақсы ериді. тРНҚ-ның негізгі қызметі нәруыз молекуласының синтезі кезінде рибосомаларға аминқышқылдарын тасымалдау.Әрбір аминқышқылының өзіне тән ерекше тРНҚ-сы болады.Сондықтан тРНҚ-ның саны аминқышқылдарының санына сәйкес -20. тРНҚ молекуласының 70-80 нуклеотидтен тұрады.

Ақпараттық РНҚ (аРНҚ). Бұл РНҚ-ның түрі жасушадағы рибонуклеин қышқылының 5%-ын құрайды.Молекулалық массасы 300 мыңнан 3-4 млн-ға дейін болады.аРНҚ –ның тез синтезделіп, ыдырап отыратындағы көптеген тәжірибелердің нәтижесінде дәләлденді. Егер жасушаға бір нәруыз қажет болса, сол сәтте ядродағы ДНҚ-ның бір тізбегінде аРНҚ синтезделеді де, рибосомаға барады.Нәруыз биосинтезі аяқталғаннан кейін аРНҚ ыдырап кетеді. Сондықтан болу керек- аРНҚ бактерия жасушаларында 5 минут,жануарлар жасушасында 12-16 сағат, ал кейбір жасушаларда бірнеше күнге дейін сақталады.

Рибосомалық РНҚ (рРНҚ). Жасушадағы РНҚ-ның 85%-ын рРНҚ құрайды. Рибонуклейн қышқылының бұл түрі рибосома органоидінде болады.рРНҚ-ның молекулалық массасы -700000-300000.Ол рибосома органоидінде жүретін нәруыз синтезіне тікелей қатысты.РНҚ-ның аталған түрлерінің әрқайсысы нәруыз биосинтезінде ерекше қызымет атқарады.

Организімдегі энергияның көзі аденозинтрифосфор (АТФ) түрінде сақталады. Аденозинтрифосфор қышқылының молекуласы азотты негізден (аденин),көміртектен (рибоза) және фосфор қышқылының үш қалдығынан тұрады.АТФ-тің молекулалық құрылысы тұрақсыз.Егер ферменттердің әсерінен бір молекула фосфор қышқылы гидролизденсе, 40кДж/моль энергия бөлініп аденозинтрифосфор аденозиндифосфор қышқылына айналады.Бұл қайтымды процесс болғандықтан, оны мынадай реакция теңдеуі арқылы дәлелдейміз: АТФ+Н2О →АДФ+ Н3РО4.

Бұл қайтымды әрекет,яғни АДФ+ Н3РО4→АТФ.

АТФ жасушадағы энергия алмасудың негізгі көзі болып табылады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция. Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы.Цитология негіздері.Цитологияны зерттеу жоспары.Жасуша зерттеу тарихы.Жасуша теориясы | Лекция. Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 11958; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.