Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мембраналы органоидтар. Жасуша ядросы.Жасуша мембранасы

Лекция.

 

 

Гольджи жиынтығы. Бірқатар маңызды қызмет атқаратын жасуша органоид-інің бірі –Гольджи жиынтығы. Оны 1898жылы италиялық ғалым К. Гольджи жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осми немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған.Оны «Іші тор тәрізді аппар-ат» деп атады. Кейіннен Гольджидің есіміне байланысты «Гольджи жиынтығы»

деп атады. Гольджи жиынтығының мембранасы осмий ерітіндісін жақсы сіңір -етіндігі байқалды. Нәтижесінде, Гольджи жиынтығының барлық эукариот жасу- шаларда болатындығы толық дәлелденді. Кейбір жасушаларда бұл жиынтық тор түрінде кездеседі де, олардың қуыстары бір- бірімен байланысып жатады. Кейде жеке түйір денешік немесе орақ тәрізді болып келеді. Мұндай формалары

диктисома (лизосома)деп аталады. Жасушаның қызметіне қарай бұл жиынтық үнемі өзгеріп отырады, әсіресе секрет бөлетін жасушаларда жақсы жетіледі. Гольджи жиынтығының қызметі эндоплазмалық тормен тікелей байланысты,

Эндоплазмалық торда синтезделген заттар Гольджи жиынтыгының қуыстары мен қапшықтарына барып түседі. Эндоплазмалық тордың қуысында көптеген ферменттер мен әр түрлі молекулалар – нәруыздар, майлар және көмірсулар синтезделіп, Гольджи жиынтығына тасымалданады. Бұлар Гольджи жиынтығы- ның қуысында өңделіп түтікшелерде жиналады да, вакуоль түрінде бөлініп шығады. Ваколь түрінде бөліп шығаруда диктиосомалар үлкен қызмет атқарады

Қорыта келгенде, Гольдж жиынтығынан өңделген заттарды вакуоль түрінде бөліп шығаратын көпіршіктерден лизосома органоиді пайда болады.

Лизосома. Лизосомаларды 1955 бельгиялық биохимик Де Дюв ашқан. Лизосома (грекше “ lysis ”-ерігіш және “ soma ” –дене) “денелерді ерітеді” деген мағынаны білдіреді. Лизосома эукриот жасушалардың барлығында,соның ішінде фагоцитозма қабілетті лейкоцит жасушаларында көп мөлшерде кездеседі. Өсімдік жасушаларында ірілеу келген вакуоль түрінде болады. Бұл органойдтің құрамында гидролиз ферменттері көп мөлшеоде кездеседі. Лизосомаларды лиопорейдтерден тұратын мембрана қоршайды. Бұл мембрана бұзылған жағдайда ғана лизосомадағы ферменттер сыртқы ортаға әсер етеді (жасуша заттарына).

Гольджи жиынтығының құрамында әр түрлі ферменттері бар лизосома түзіліп,көпіршік түрінде шығарылатынын білеміз. Ендеше оның 60-қа жуық гидролиздеуші нуклеаза,липаза,фосфатаза,десоксирибонуклеаза, рибонуклеаза,сияқты және т.б.ферменттер бар. Бұл ферменттер тірі материяның құрамдас бөліктерін,мысалы нуклейн қышқылдарын, нәруыздарды,полисахаридтерді және т.б. ыдыратады. Лизосомаларды электронды микроскоптың көмегімен боихимиялық,цитологиялық тәсілдермен зерттеудің нәтижесінде,олардың құрлысы мен құрамы әр түрлі және үнемі өзгермелі болатыны анықталды.

Қорыта айтқанда, лизосомалар барлық эукариоттардың, яғни қарапайымдардың,саңырауқұлақтар мен жануарлардың жасушаларында болады. Лизосомалар санының көбеюі мен азаюы жасушалардың қызметтеріне тікелей байланысты. Мысалы,әр түрлі заттарды сіңіретін және шығаратын,сондай-ақ қорғаныштық қызмет атқаратын макрофагарда лейкоциттерде,бауыр және бүйрек жасушаларында лизосомалар өте көп мөлшерде болады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция. Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері | Пластидтер – мембраналы органоид
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 18639; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.