КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция. Биосфера және Жер ғаламшары биомассасының қасиеттері
Биосфера және Жер ғаламшары биомассасының қасиеттері.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы,ауыл шарушылығының өркендеуі,Жер бетінде халық санының артуытабиғатқа орасан ықпал етуде. Бұл бүкіл адамзатты тоғандырып отырған келелі де күрделі мәселе. Адамның ғарыш кеңістігін игеруі Жердегі табиғат байлықтарын,оған адамның іс-әрекетінің әсерін зерттеуге де мүмкіндік туғызды. Өнеркәсіп орындарынан,көліктерінен шығарылатын улы заттырадың қалдықтары тірі организмдерге тікелей әсер етіп, ауаны,суды және топырақты ластауда. Осының бәрі табиғатта болатын заттар мен энергия алмасуына өз ықпалын тигізуде. Табиғаттағы зиянды өзгерістерді жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеп анықтау үшін,жер бетіндегі тіршілік заңдылықтарын білуге қажет. Биосфера және оның шекаралары. Қазіргі кезде ғалымдар Жер ғаламшарының құрамында литосфера,гидросфера,атмосфера және биосфера деп аталатын географиялық қыбықшаларды ажыратады. Биосфера (грекше “bios”-өмір, ”spharia”-шар) Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағын қамтиды. Биосферадағы тірі организмдер мен оларды қоршаған орта өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. Биосфера- үнемі өзгеріп әрі дамып отыратын біртұтас ашық жүйе. Соңғы кездері ғылыми деректор бойынша биосфераның пайда болуы Жер ғаламшарының пайда болу кезеңінен басталады деген пікірлер бар. Ғалымдар жер бетінде алғашқы тіршілік бұдан 3,8 млрд жыл бұрын пайда болған деген тұ-жырымға келіп отыр. Бұл пікірді алғаш рет көрнекті ғалым,биосфера ілімінің негізін салушы Владимир Иванович Вернадский (1863-1945 жж.) де қолдаған болатын. Жалпы Жер ғаламшарындағы биосфера қабығының пайда болуында тірі организмдер басты рөл атқарады. Табиғатта болып жатқан заңдылықтар тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекеті арқылы ғана жүріп отырады. Жер бетіндегі балық тірі организмдер жиынтығы ғаламшар биомассасын құрайды. Тірі организмдердің тіршілік әрекеті жер қыртысын (литосфераны), гидрос-фераны, атмосфераны өзгертті және өзгертіп отырады. Жер бетіндегі биосфераның қазіргі қалпы-тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекетінің жемісі. Жасыл өсімдіктер миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газын тазартып, оны оттекпен байытты және шымтезек, тас көмір қабаттарының түзілуіне қатысты. Эволюция барысында Жер ғаламшарының айналасында тірі организмдердің тіршілігіне қажетті және қолайлы ерекшк қабық немесе сфера пайда болды. Жер ғаламшарының тіршілік тарлған қабығы биосфера деп аталады. Биосфера терминін ғылымға тұңғыш рет 1802 жылы француз ғалымы Ж.Б.Ламарк енгізді. Биосфера туралы ғылыми деректер жинақтала келе түрлі жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Биосфера терминін геология ғылымында австриялық ғалым Э.Зюсс 1875 жылы кеңінен қолданды. Биосфера жөніндегі алғашқы ғылыми пікірлер атақты орыс ғалымы В.В.Докучаев еңбектерінде де кезеседі. Биосфера тұтас ілімінің негізін көрнекті орыс ғалымы В.И.Вернадский салды. Ол Жердің химиялық құрлысын тіршілік химиясымен байланыстыра зерттеді. В.И.Вернадский жер бетін өзгертудегі тірі организмдердің (оны “тірі заттар” деп атады) рөлін көрсететін жаңа ғылым-биохимияның негізін қалады. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің қазіргі кезде дүние жүзінің ғалымдары толығымен мойындайды. Жер ғаламшарындағы геосфералар. Литосфера (грекше “lithos”-тас)-Жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысы қатты қабығы. Оның беткі қабаты гранитті әрі шөгінді жыныстар,екіншісі, базальтты қабат деп аталады. Бұл қабаттардың қалыңдылығы құрлықтың барлық жерінде біркелкі емес. Литосфера қабатында тірі организмдер 3500-7000 м тереңдіктегі мұнайлы су қабаттарында да таралған. Жер бетінің 70,1%-ын теңіздер мен мұхиттар алып жатыр,оның бәрін қосып Дүниежүзілік мұхит деп атайды. Жер ғаламшарындағы барлық су айдындары гидросфера деп аталады. Мұхиттың орташа тереңдігі 3,8 км, ал ең терең жері 10960метрден асады. Гидросфераның барлық қабаттарында тірі организмдер біркелкі таралмаған. Су айдындарының 200 м-ге дейінгі беткі қабаттары тірі организмдер үшін ең қолайлы тіршілік ортасы болып саналады. Атмосфера-Жердің ауа қабаты. Жер ғаламшарының үстіңгі 100 км биіктікке дейінгі аралығында атмосфера қабаты орналасқан. Атмосфераның жер бетіне жақын төменгі қабаты тропосфера (грекше “tropos”-бұрылыс) деп аталады. Тропосфера орта есеппен 15 км биіктікке дейінгі аймақты қамтиды. Тропосферадан жоғары 100 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера (латынша “stratum”-қабат) деп аталады. Атмосфера қабатының 20-50км биіктігінде тірі организмдердің тіршілігін Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғайтын озон қабаты бар. Озон қабатында жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Соңғы кезде түрлі химиялық қалдық заттардың әсерінен озон қабатының ыдырап,онда тесіктер пайда болатындағы туралы айтылып жүр. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны ғарыш сәулелері мен Күннің ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғайды. Биосфера қабығы-Жер ғаламшарының тірі организмдер таралған бірнеше қабықтарынан құралған. Биосферадағы микроорганизмдерді,саңырауқұлақтары, өсімдіктерді жануарларды тірі организмдер деп атайды. Биосферадағы тірі организмдердің (популяциялардың,түрлердің,табиғи бірлестіктердің) салмағы белгілі бір ауданда немесе көлемде таралған өлшем бірлігімен есептеледі. Оны биомасса деп атайды. Биосферада тірі организмдер биомассасының ең көп шоғырланған аймағы-құрлық пен мұхит суының беткі қабаты. Литосфера мен атмосфераның, гидросфера мен атмосфераның,литосфера мен гидросфераның түйікен шекараларында тірі организмдер кеңінен таралған. Осы аймақтарда тіршілікке өте қолайлы жағдайлар-температура,ылғалдық. Биосфера және ғылыми-техникалық прогресс. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы.
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең-заттардың биологиялық айналымы пайда болып,биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең-тіршіліктің күрделе түсіп,көп жасушалы организмдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі адамқоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі-қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда носфера кезеңі деп атайды. Грекше “noos”-“ақыл”, “ой”, “сана”, “sphaira”- “шар”деген ұғымды білдіріп, “саналық қабық” деп аталады. Ноосфера-адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі. “Ноосфера”ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі,бүкіл ғаламшарды қамтитын “ойлау қабығы”. 1930-1940 жылдары В.И.Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып тереңдете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі,биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытында жасады. В.И.Вернадский пікірі бойынша “ноосфера – табиғат пен қоғам заңдылық-тары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе” Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы,ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсу керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылуы керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған. Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының бір тұтас екендігін ұмытпау керек тігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып пайдалануға басты назар аудару көзделуде.Ноосфера кезінде жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айырықша көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км алқапты қамтиды. Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында шамамен 500-ге жуық жарылыс болып,сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да,халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр. Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы “БН-350” деп аталады. Онда тәулігіне 120-150 мың м теңіз суы тұщыландырылады. Көрнекті ғалым В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша,адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен қоғам арасындағы өзара үйлесімділікті сақтау,биосфераны жасампаздықпен көркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырып,жұмыла жұмыс атқаруын қажет етеді.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 7534; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |