Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005 – С. 24-26, 398-423

Г 10000011 Е 01000101 4 00110100

Рассказать о поведении в А. сражении Н. Ростова и А. Болконского).

 

 

Всеобщий Аустерлиц – такой итог 1го тома. Война, затеянная ради славы, ради честолюбивых интересов русских придворных кругов – она была не понятна и не нужна народу. И поэтому завершилась Аустерлицем.

F 11110001 F 01000110 5 00110101

"AHA" деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді:

AHA - 10000000 10001011 10000000

Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қысқарган сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атау келісілген.

1 байт = 8 бит бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан, мысалы,

Е -10000101, е -10100101, / - 00101111, 8 - 00111000 т.с.с.

Мәтіндік ақпараттардың берілуі.

Қазіргі компьютерлердің мониторы мәтіндік және графикалық — екі режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде әдетте экран әрбір қатарда 80 символ бойынша 25 қатарға бөлінеді. Экранның әрбір орынында арнайы құрылғы - белгігенераторымен программаланған 256 символдардың біреуі көрінуі мүмкін. Мәтіндік режимде экран мониторына мәтіндер және псевдографик символдарынан құралған қарапайым суреттер шығаруға болады.

Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде әрбір символға оның коды — нөлдер мен бірліктердің белгілі бір санынан тұратын тізбек сәйкестендіріледі. Қазіргі кездегі ЭЕМ-нің көпшілігінде әрбір символға 8 нөлдер мен бірліктерден тұратын, байт (ағылшынша byte) деп аталатын тізбек сәйкес келеді. 8 нөлдер мен бірліктерден тұратын тізбектердің 256 түрі бар. Олардың көмегімен әр түрлі 256 символды кодтауға болады, мысалы, орыс және латын алфавиттерінің үлкен, кіші әріптері, тыныс белгілері және т. б. Байттар мен символдардың сәйкестігі кесте арқылы беріледі, онда әрбір код үшін сәйкес символ көрсетіледі.

Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады. Компьютерге мәтіндік символды енгізген кезде, мысалы, "А" пернесін басқанда, оперативті жадқа екілік код 01000001 беріледі. Символды экранға шығарған кезде кері кодталу (декодталу) жүргізіледі, өйткені оның екілік кодынан алынған символды біз экранда көреміз.

Графикалық ақпараттардың берілуі.

Графикалық режимде экран жеке жарқырайтын нүктелерге (пикселдерге) бөлінеді, олардың саны монитордың шешуімен анықталады және оның типі мен режиміне тәуелді (мысалы, 16 түсті болған кезде көлденеңінен 640 және тігінен 480 нүкте және VGA типті экран үшін 256 түсті болған кезде, көлденеңінен 320 және тігінен 200 нүкте).

Бірқатар мониторлардың базалық түстер палитрасы 16 стандартты түсті болады және келесі 4 элементтермен анықталады: түстің үш компоненті (қызыл, жасыл, көк) және жарық деңгейінің 2 мүмкіндігінің біреуі. 4 компоненттерінің әрқайсының бар болуы ақпаратты 0 немесе 1 цифрларымен көрсетеді. Мысалы, егер сізде EGA-монитор болса, онда экрандағы кескінді келесі түрде есептеуге болатын: экранның шешуі 640-та 350, экранның әрбір нүктесінің түсін сипаттайтын 4 битке көбейту қажет - 640*350*4-112000 (байт) ~ 110 Kb жадты алады.

Компьютер графикалық ақпаратпен, мысалы, сурет пен сандар жиыны сияқты жұмыс істейді, мұнда әрбір сан немесе сандардың тобы кескіннің элементін сипаттайды. Мұны былай түсіндіруге болады: сізде ақ-қара түсті фотосурет бар. Оны сандар жиыны түрінде "цифрлап" ұсыну үшін, оған тікбұрышты торды түсіру қажет. Тордың тораптары қараңғы жерге түскенде 1, ал жарық жерге түскенде 0 белгілейтін боламыз. Сіз ноль мен бірден тұратын тікбұрышты кесте аласыз. Егер енді осы кестені компьютерге енгізсек және 1-дің орнына қара нүктелерді қойып, компьютер оны экранға шығарса, біз ізделініп отырған кескінді аламыз. Әрине, өте жақындатылған түрде. Әлбетте, торыңыз қаншалықты жиі болса, ұсынылған кескін соншалықты нақты болады. Осылай ұсынылған фотосуреттің қандай ақпараттық көлем алатынын есептеуге де болады, мысалы, егер сіздегі тор 480*640 болса, онда сіз 307200 нольдер мен бірлерден, яғни екілік белгілерден тұратын немесе, басқаша айтқанда, ақпараттық көлемі 307200 бит=307,2 Кбайт-қа тең кесте аласыз.

Ақ-қара түсті кескіннің әрбір нүктесінің нүктелік ұсынылуы ақпараттың бір битін әкеледі.

Түрлі-түсті кескінмен жұмыс істеу мұлдем басқа нәрсе. Мұнда кескіннің бір нүктесін сипаттау үшін төрт екілік разряд, нүкте түсін тұрғызу үшін - үш (әдетте кез келген түсті үш түстердің біріне-бірі орналасқандай етіп қарастыруға болады), ал қанықтығын (интенсивтілігін) көрсету үшін бір нүкте қажет. Торы 480*640 болған кезде, әрине, түрлі-түсті сурет ақ-қара түсті кескінге қарағанда едәуір үлкен ақпараттық көлем алады.

480*640*4=1228800(бит) -1228,8 (Кбайт) - 1,23 (Мбайт)

Графикалық ақпаратты нүктелердің жиыны немесе пикселдер түрінде ұсынуды растрлық ұсыну деп атайды.

Растрлық кескіннің әрбір нүктесіне компьютердің жадындағы ұяшық сәйкес. Графикалық кескінді сақтаған кезде жадқа енгізілетін элементтерінің саны графикалық кескін орналасқан экрандағы нүктелер санына сәйкес.

Егер растрлық графикада - растр (пиксель), ал векторлықта сызық базалық элемент болып табылса, онда фрактальдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайтынын және кескін тек қана теңдіктер бойынша құрылатындығын білдіреді.

Дыбыстық ақпараттардың берілуі.

Дыбыс өз табиғатында ауаның тербелуінен шығатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбысты енгізу үшін оны нөльдер мен бірлердің жиыны түрінде ұсыну қажет. Ол былайша жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тоғының тербелісіне айналады. Тең, өте аз уақыт аралығында (0,00002сек) электр тоғының шамасын белгілеп қоятын боламыз. Өте үлкен мән - бір, ал өте кішкентай мән - нөль (әрине, барлығы анықталған дәлдік дәрежесімен жасалады) саналады. Біз компьютерге енгізуге, сақтауға немесе өңдеуге болатын дыбыстың екілік кодын аламыз.

Компьютерден дыбыстық ақпаратты шығару кезінде кері процесс жүреді, екілік кодтардың жиыны электр импульсына айналып динамик арқылы өткізіледі де, біз дыбысты естиміз.

Қазіргі уақытта компьютерден мәтіндік ақпаратты сөйлеу түрінде шығаруға болады, яғни компьютер мәтінді "оқиды".

Адамның сөзін элементарлық дыбыстардың (фонема) және олардың арасындағы үзіліс тізбегі ретінде ұсынуға болады. Мысалы, орыс сөздерінде 40-45 фонемаларды ерекшелеуге болады.

Әрбір фонема компьютердің жадына енгізілуі және сақталуы, кодталуы мүмкін. Енді компьютер шығарылатын мәтінді фонемалық түрде өңдей алады. Синтезатор (сөзді ойнату құрылғысы) арқылы оны адам сөзінің фонемалық түрінің бар үлгілерімен салыстыра отырып окуға болады.

Дауыс құралдарымен ақпаратты компьютерге енгізуде, ал бұл іс алдын ала компьютердің жадына енгізілген сөздіктегі жеке сөздер деңгейінде кодталатын болғандықтан, адамның сөзін тану қиынға соғады.

Мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық, бейнелік деректерді өңдеу үшін арнайы программалар - редакторлар, электрондық кестелер бар.

1 – тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән …

A. информатика;

B. информация;

С кибернетика;

D. телекоммуникациялық технология;

Е. жаңа ақпараттық технологиялар.

2. Информатикадағы ақпараттың көлемін өлшейтін негізгі өлшем бірлігі:

A. 1 бит;

B. 1 байт;

С. 1 бод;

D. 1 бар;

Е. 1 пункт.

3. Байт дегеніміз -

A. 1 немесе 0 арқылы өрнектелетін ақпарат бірліктерінің саны;

B. жедел жадындағы әріптің кодын өзгерту тәсілі;

C. сегіз биттен тұратын тізбек;

D. төрт он алтылық цифрдың комбинациясы;

Е. сегіз он алтылық цифрдың комбинациясы.

4. Информация мөлшерін өлшеуге қолданылмайтын бірлікті көрсетіңіз...

A. мегагерц;

B. килобайт;

C. мегабайт;

D. байт;

Е. бит.

5. Компьютерлік сауаттылық дегеніміз:

A. ЭЕМ-ді қолдана отырып, санау, мәлімет теру, сурет сала білу;

B. ЭЕМ-ді қолданып ақпараттар іздеу;

C. ЭЕМ-ді қолданып, оқу, жазу, санау және сурет салу, сондай-ақ ақпарат­тарды іздеу әрекеттерін орындай білу;

D. ғылыми жұмыстарда ЭЕМ-ді қолдана білу;

E. ЭЕМ-ді қолданып есептеу жұмыстарын жүргізе білу.

6. Мәліметтер (данные) дегеніміз:

A. объектілерді, құбылыстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер, олар әлі өңделмеген, тек жинақталған белгілер немесе жазып алынып сақталатын, жиналған сипаттамалар;

B. белгілі бір пәндік салада анықталған заңдылықтар;

C. мекеменің шаруашылық қызметін ұйымдастыруға керекті мәліметтер жиыны.

D. ауқымды және жергілікті жүйелердегі ақпараттар ағыны;

E. информацияның өзгеріссіз қалуға тиісті архивке жіберілген бөлігі.

7. Ақпарат шығу көзіне байланысты келесі топтарға жіктеледі:

A. кірістік, шығыстық, ішкі, сыртқы;

B. мәтіндік (текстік), графикалық;

C. есепке алынатын және статистикалық;

D. қарапйым және күрделі;

E. алгоритмдік және программалық.

8. Информатика мынадай ғылым саласына жатады:

A. гуманитарлық ғылым саласы;

B. қолданбалы ғылым саласы;

C. қоғамдық ғылым саласы;

D. ақпараттық ғылым саласы;

E. анықтамалық ғылым саласы.

1. "Информация" термині…

a. латынның "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

b. гректің "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

c. француздың "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

d. ағылшынның "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

e. италияндықтардың "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

2. Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін коды қолданылады

  1. ASCII
  2. ISO 8859-5
  3. СР866
  4. #32
  5. КОИ 65

3 – ТАҚЫРЫП. Бульдік алгебра

3.1 Бульдік алгебра функциялары, қатынас және жиындар.

3.2 Компьютердің логикалық негіздері.

3.3 Графтар мен ағаштар.

 

Буль алгебрасы, буль торы — ішінара реттелген жиынның арнаулы түрі. Егер жиынның ең үлкен элементі 1 (Буль алгебрасының бірлігі), ең кіші элементі 0 (Буль алгебрасының нөлі) болса және әрбір х элементі мен оның толықтыру элементі Сх: sup {x, Cx}=1, іnf {x, Cx}=0 қатынастарын қанағаттандырса, онда Буль алгебрасы дистрибутивтік Ù және Úтор деп аталады. Sup және іnf операциялары әдетте таңбаларымен, кейде және таңбаларымен белгіленеді. Мұнан олардың жиын теориясындағы бірігу және қиылысу операцияларымен ұқсастығы көрінеді. Сх кейде –х болып жазылады. Буль алгебрасында кез келген элементтің толықтыруы біреу-ақ болады. Буль алгебрасының аксиомаларында “жиын”, “оқиға” және “пікір” Ù, Ú ұғымдарының арасындағы ұқсастық бейнеленген. Буль алгебрасында С, сияқты негізгі операциялардан басқа операциялар да анықталған болуы мүмкін. Солардың ішінде төмендегідей симметриялық айырма операциясы у, |x-у| деп те жазылады. КезDСх). Бұл хÙ(уÚСу)Ù ерекше маңызды: х+2у=(х келген Буль алгебрасы +2 (“қосу (“Ù”) және көбейту”) операциялары орындалатын бірлігі бар буль сақинасы болып табылады. Буль алгебрасы ағылшын математигі Дж. Бульдің (1815 — 1864) еңбектерінде (1847, 1854) символикалық логиканың аппараты ретінде пайда болды. Кейіннен ол математиканың әр түрлі саласында (ықтималдық теориясы, топология, функционалдық талдау, т.б.) кеңінен қолданылды.

Информатиканың логикалық негіздері.

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес.

Логика дегеніміз - адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, нақты айтқанда, дәлелді пікір заңдары туралы ғылым.

Логикалық алгебраның негіздері түсініктері.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формалды логика, математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т.б.

Әр түрлі кестелерді жасау, қарама-кайшы түйіндерді шешу және баска да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.

Формалды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізге талдау жасаумен байланысты.

Математикалық логика формалды логиканың бір бөлігі болып табылады және ол кесіп-пішіп, айқындалған объектілер мен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын біржақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана үйретеді.

Математикалық логика саласы, алгебралық қисын сияқты, информатикада да жақсы меңгерілген. Казіргі уақытта алгебралық қисынның негізгі операцияларына қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.

Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, тосын, тым шатасқан пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Компьютерде бұл есепті шешу кезінде программада шартты қолдану жолымен логикалық операциялар пайдаланылуы қажет.

Логикалық өрнектер.

Ақпараттармен алмасу кезінде адамдармен қатынасудың формаларының бірі - бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршайтын заттық әлем туралы білімнің қажеттігін көрсетеді. Бұл білімдерді біз пікір түрінде айтамыз. Пікір қағида бойынша бақыланатын фактілерді тікелей көрсете алады: "Күн жарқырап тұр", "Бұл тіктөртбұрыш - квадрат" және т.с.с. Бірақ пікірлер ойдан шығарылған объектілер немесе әлі болмаған жағдайлар туралы пайымдап, оларды көрсете алады: "Су перісі бұтақтарда отыр", "Бүгін жаңбыр болады" және т.с.с.

Пікірлер дегеніміз - жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар.

Мысалы, "ақ қар", "2*2=4" пікірлері ақиқат, ал "жер тегіс", "2*2=5" пікірлері жалған. Әдетге, біз бақылайтың фактілер ақиқатқа қабылданылады. Жалған пайымдаулар көбіне жиі талқылаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе қалауды шыңдықтың орнына беруге ұмтылудан пайда болады.

Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікірлер нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, "3+3<7", "Бүгін бұлтсыз шуақты күн болады".

Жалпы пікірлер объектілер тобының немесе оқиғаның қасиетін сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауып өткен болса, онда көше ылғалды болады", "Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.

Жалпы пікірлер объектілердің қандай да бөліктері үшін ақиқат және басқа объектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, "Иттер мысықтарды жақсы көрмейді" пікірі иттердің көп саны үшін әділетті, бірақ барлықтары үшін емес. "х*у>0" пікірі х=1 және у=1 үшін ақиқат және сол кезде у ерікті кезінде х=0 үшін жалған.

Егер пікірде айтылған ой объектілердің кез келгені үшін әділетті болса, онда жалпы пікір бекем ақиқат деп аталады. Мысалы, "Итте төрт аяқ" пікірі кез келген ит үшін әділ. Бекем ақиқат пікір заттардың заңдылықтарын байланыстыруда ерекше құнды. Мысалы, "а+в=в+а" пайымдауы кез келген айғақ сан үшін әділетті және -"Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді" деген арифметиканың заңын көрсетеді.

Қиын жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС жалғаулары арқылы құрамды пікірлермен көрсетіледі.

Құрамды пікірлердегі ЖӘНЕ жалғаушысы әрқашан бір мезгілдік ақиқатты болжайтын пікірлерді құрайды.

Құрамды пікірлердегі НЕМЕСЕ жалғаушысы екі рөлді ойнауы мүмкін. Мысалы, "Бүгін біз баққа демалуға барамыз немесе бақшада жұмыс істейміз". НЕМЕСЕ жалғаушысын "Не" бөлушісімен айырбастауға болады, "Бүгін біз не бақка демалуға барамыз, не бақшада жұмыс істейтін боламыз", өйткені бір мезгілде бақта демалуға және бақшада жұмыс істеуге мүмкін емес. Ал "Жаңбыр күндіз немесе кешке болады" деген сөйлемде үш түрлі жағдай мүмкін: "Жаңбыр күндіз болады", не "Жаңбыр кешке болады", не "Жаңбыр күндіз де, кешкеде болады". Бірінші мысалда НЕМЕСЕ жалғаушысы бөлуші рөл, ал екіншісінде біріктіруші рөл атқарады.

Барлық компьютерлік программаларда және математикалық талқылауларда НЕМЕСЕ жалғаушысы тек біріктіруші рөл атқарады. Мысалы, "х=0 немесе у=0" пайымдауыңдағы НЕМЕСЕ жалғаушысы не "у=0", не "х=0", не "х=0 және у=0" білдіреді.

Ереже. Математикада НЕМЕСЕ жалғаушысы бар құрамды пікір: егер оны құрайтындардың тіпті біреуі ғана ақиқат болса, ол ақиқат болып; егер оны құрайтындардың бәрі жалған болса, ол жалған пікір болады.

ЕМЕС жалғаушысы теріске шығаруды пішімдеу үшін қолданылады. Мысалы, "х=0" пайымдауының теріске шығаруы "х=0" пайымдауына тең "х=0 теріс" пайымдауы болады. "Бұл адам әдемі" пайымдауының теріске шығарылуы "Бұл адам әдемі емес" пайымдауына тең.

Ереже. Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда теріске шығару ақиқат және, керісінше, егер бастапқы пайымдау әділ болса, онда теріске шығару жалған.

Логикалық амалдар.

Логикалық жалғаушылар математикалық логикада күрделі пайымдауларды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

"және" "немесе" "емес" конъюнкция (логикалық көбейту) дизъюнкция (логикалық қосу) теріске шығару А және В А немесе В А емес

 

Логикалық көбейту

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В пайымдауларының бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция деп аталады, ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді.

ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мынадай:

А В А және В
иә иә иә
иә жоқ жоқ
жоқ иә жоқ
жоқ жоқ жоқ

Мұндағы А және В - иә немесе жоқ мәнін қабылдай алатын екі пайым.

Мысалы, деректері қарапайым айтылымдар болсын: А - "Астана - Қазақстанн астанасы", В - "Астанада 300 мыңнан астам адам тұрады".

Онда осы айтылғандардың логикалық көбейтіндісі, немесе конъюнкциясы, күраіу пайымдау болады: Астана - Қазақстанның астанасы және Астанада 300 мыңі астам адам тұрады пайымдауларьшың ақиқат мәніне байланысты иә немесе жоқ мә қабылдайды. А мен В пайымдауы иә мәнін қабылдағанда "А мен В" кұрам пайымдауы да иә мәнін қабылдайтьшын кестеден көреміз.

Ақиқат кестесінен:

Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат;

А немесе В пікірлерінің біреуі немесе екеуі де жалған болғанда, А және В конъюнкциясы жалған болатындығын көреміз.

Логикалық қосу

Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕжалғаулығының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В айтылымдарының бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады, ал операцияның нәтижесі - логикалық қосынды.

НЕМЕСЕ логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мынадай түрде болады:

А В А немесе В
иә иә иә
иә жоқ иә
жоқ иә иә
жоқ жоқ жоқ

Мысалы, "Күзде ағаштарда жапырақтар жасыл және сары" құрамды пікірі үш жағдайда иә логикалық мағынасын қабылдайды: "Күзде ағаштарда жапырақтар жасыл" не "Күзде ағаштарда жапырақтар сары", не "Күзде ағаштарда жапырақтар жасыл әне сары" болғанда.

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә мәніне ие болса; не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда "А немесе В" айтылымы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер А да, В да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" айтылымы жоқ мәніне ие болады.

Егер А немесе В пікірлерінің тек біреуі ғана ақиқат болғанда, А және В дизъюнкциясы ақиқат.

А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В дизъюнкциясы жалған.

Логикалық теріске шығару

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС демеулік шылауын қосу логикалық теріске шығару операциясы деп аталады, операцияны орындағаннан кейінгі нәтиже жаңа айтылымды береді.

ЕМЕС (теріске шығару) логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мына түрде болады:

А А емес
иә жоқ
жоқ иә

Мұндағы А кейбір еркін айтылымдар.

Мысалы, "Бүгін далада ыстық" айтылымы үшін "Бүгін далада ыстық емес" айтылымы теріске шығару болады.

Кей жағдайларда барлық айтылымдарға "... жалған" сөзін қолдануға болады. Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын "Сенің жақсы баға алғаның жалған" айтылымы теріске шығару болады.

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А емес ақиқат) теріске шығаруы иә мәніне ие болатындығын көреміз. Және керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, онда А емес теріске шығаруы жоқ мәніне ие болады.

Бастапқы пікір жалған болғанда, теріске шығару ақиқат.

Бастапқы пікір ақиқат болғанда, теріске шығару жалған.

Логикалық элементтер — логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу — '''дизъюнкция''' (“немесе”), көбейту — '''конъюнкция''' (“және”), терістеу — '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Қарапайым Логикалық элементтердің шартты белгілері суретте көрсетілген. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады. Мысалы:

  • 0 — төмен деңгейге, 1 — жоғары деңгейге сәйкес келеді.

Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатех. шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі Логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады. Мысалы:

  • “немесе” — “емес”, “және — емес”, “немесе — және — емес”, т.б.

Құрылымдық түрде Логикалық элементтер жекеленген (дискретті) құраушылардан немесе интегралдық сұлба шала өткізгіш,[ (ИС) түрінде гибридті, үлдірлі орындалуы мүмкін. Қазіргі дербес компьютерлерде](пленкалы), т.б. жоғары дәрежелі интеграциясы бар ИС-дағы Логикалық элементтер жүйелері қолданылады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды.

 

3 – тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Пікір дегеніміз не?
А) дәлелдеулер техникасын айтамыз
В) пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым
С) ақиқат пен жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз.
D) формальды логика
E) ықтимал логика

2. Компьютерді ажыратқанда ……….. барлық ақпарат өшіріледі:
A) магнитооптикалық дискідегі;
B) магниттік таспалардағы;
C) CD-ROM – дағы;
D) жедел жадтағы.

3. 4 Килобайт неге тең?
A) 5120 байт
B) 4000 байт
C) 4096 байт
D) 4000 бит

4.Адамдардың арасында қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін не деп айтамыз:
А) ақпартатық процестер*
В) ақпаратты беру
С) ақпаратты сақтау
D) информатика процестері
E) ақпараттық техниологиялар

5.Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жормал бейнесін алу қалай аталады?
А) ақпаратты сақтау
В) ақпаратты беру*
С) ақпаратты өңдеу
D) ақпаратты сақтау
E) ақпаратты шығару

6.Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Оны қалай атайды?
А) жүйе
В) цифр*
С) сан
D)өрнек

7.Бүтiн типтi айнымалылар … идентификаторы көмегiмен жазылады
A) While
B) Integer
C) Longint
D) sqr

8. Бағдарламаны орындау үшін … командасын орындау керек
A) RUN
B) RUN FILE
C) PROGRAM RESET
D) RUN– OPEN
E) FILE – SAVE

9. Логикалық көбейту:
A) Конъюнкция
B) Дизъюнкция
C) алу
D)айнымалы

10. Бүтiн типтi айнымалылар … дейiнгi аралықтағы мәндердi қабылдай алады
A) -32 768-ден 32 767-ге
B) 0-ден 32768-ге
C) -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге
D) 0-ден 999-ге
E) -999-дан 0-ге

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Основні тематичні напрями | Лекция: статическое электричество
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 934; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.13 сек.