Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Объектілер. 9 страница

Парақорлықты тергеуде келесі мән- жайлар анықталуға жатады:

- пара беру дерегінің алатын орын;

- парақорлық мәні қандай; пара ретінде құнды заттар немесе ол қызмет қалпында берілсе, онда заттың немесе қызметтің ақшалай құны қандай?

- пара беруші мен пара алушы кім?

- қылмыстың жағдай қандай?

- пара қандай мақсатта берілген?

- пара берушінің ойындағы әрекеттер орындалды ма, ол заңды сипатқа ие ме?

- парақорлық әрекеттерінде басқа қылмыс белгілері бар ма, болса қандай?

- қылмыскерлердің әрекеттерінде топталатын белгілер жоқ па?

- пара берушінің әрекеттерінде оны қылмыстық жауптылықтан босататын мән-жайлар жоқ па?

- парақорлыққа қандай мән-жайлар ықпал жасады.

Пара алушылықты тергеу кезеңінде бастапқы үш жағдай пайда болады:

а. Пара берушінің арызы бар және ол пара алушыға әлі белгісіз, оны әшкерелеуге көмектесуге дайын.

Бастапқы тергеу кезеңіндегі тергеу әрекетінің шеңбері мен реті мынандай көрініс алады: пара берушіні жауаптау; пара алушыны болған жерде ұстау; пара алушыны жауаптау; пара алушының тұрғын орны бойынша тінту, оның мүлкін қамауға алу; құжаттарды алу және қарау; куәгерлердә жауаптау; беттестіруді өткізу.

б. Пара беруші мен пара алушы келісіп әрекет жасайды; қылмыс туралы ақпарат жедел іздестіру көздерінен түседі,парақорлар ол жайында білмейді.

Егер пара беруші мен пара алушыны қоса әшкерелеу үшін бастапқы кезеңде мыналарды жүзеге асыру керек: парақорларды пара беру кезінде ұстау, жеке тіту жүргізу; Тұрғын және жұмыс орындарын тінту, олардың мүлкін қамауға алу; қызмет құжаттарын алу және қарау; куәгерлерді жауаптау.

в. Пара алушылық деректері туралы мәлімет белгілі көздерден келуі; парақорларға олардың әрекеттері жөнінде құқық қорғау органдарының айналысуы белгілі.

Ондай жағдайларда куәгерлерді жауаптау; қызмет құжаттарын алу және қарау; сезіктілерді жауаптау; толық анықтама болғанда сезіктілерге тінту жүргізіледі. Оларға қоса жедел іздестіру іс шара кешені жүзеге асады.

Пара алушылық іс бойынша келесі сот сараптамалары жүргізіледі:

- дактилоскопиялық сараптама – пара затындағы немесе қабындағы қылмыскерлердің ізін алу үшін;

- сот- қолжазба танушы сараптама-құжатты, хатты, аноним арызды орындаушыны табу үшін;

- құжаттарды техникалық – криминалистикалық зерттеуде құжаттағы жөндеу, қолжазбаны, мөрді жасауды анықтау үшін;

- сот-бухгалтерлік сараптама-бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу мен өткізу тәртібінің дұрыстығын табу үшін;

- трасологиялық сараптама және т.б.

- фоноскопиялық сараптама.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық әдістеменің жалпы қағидалары.
  2. Криминалистикалық сипаттама.
  3. Қылмысты тергеп әшкерелеуде жұртындық пен ақпарат құралдарының көмегін пайдалану.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

№31 лекция. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалынатын қылмыстарды тергеу.

Мақсаты: Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен қылмыстардың жасалуына итермелейтін жағдайларды анықтау, оларды жоюға шаралар қолдану.

1. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

2. Ұйымдасқан қылмыстық қызметке тән белгілер, тергеулік ситуациялар, оларға баға беру.

3. Қылмыстық топ ұғымы мен түрлері.

Қылмыстық топ - бұл екі немесе бірнеше түлга^ар-дың бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуге ұйымдастырып қосылуы.

Үйымдасу дөрежесі бойынша барлық қзылмыстық тоотарды келесі криминалистикалық түрлерге бөлуге болады:

а) кездейсоқ (немесе қолайлы) қылмыстық тотар;

ә) серікгік түріндегі қылмыстық топтар;

б) ұйымдасқан топтар.

в) бірлесіп үйымдасқан қылмыстық топтар.

Топтық қылмыстарға олардың түрлеріне қарамас-тан келесі мән-жайларды анықтау қажет (берілтен қылмыс түрі үшін криминалистикада қарастырылатын қосымша

мән-жайлар);

-тоіггық қылмысқа қатысқан адамдарды және тоіггың барлық қылмыс әрекетгерді;

қылмыстық топ сипаты,қурамы,криминалистикалық түрі және қурылысы,олардың мушелерінің ара қатынас ерекшелжтері,топтағы қақтышсушы қатынастардың бо-луы, оның сыртқы байланысы;

-нақты топтық қылмыс уйымдастырудш; -тоггшқ қылмысқа қатысупшлардың ролі мен кінә дәрежесі, қылмыстық топты қалыптастыруға және топтық қылмысты жасауға ықпал етуші себептер мен Іяартгар.

Үйымдастырушы қылмыс топтармен жасалатын қылмыстық тергеудің сапалылыган қамсыздандыратын жалпы әдістемелік талаптар:

-уйьщдасгарудш қылмыс тобының бағытын бірінші анықтау, топ мушелерінің жасаған басқа қылмыстарын ашу;

-тергеудің басталуы,қылмыскер жағынан қарсылық білдіру;

-уйымдастырылған қылмыстық тошіен жасалынған жеке қылмыс турлерін тергеу ушін әр турлі тергеу жағдайларын,тергеу ситуаіщяларын колдану;

-уйымдастырылған қылмыстық топтың жасаған қыл-ішстарын, тергеуді жоспарлаудағы уйымдастырылған қылмыстық топтың қурылымдык,территориялық және басқа әрекет ерекшеліктерін тіркеу.

-жедел іздестіру аішаратының тергеушімен қарым-қатынасы; тилнақты әрі жан-жақты Үлыттық қауіпсіздік комитегімен тығыз байланыста болу.

-тергеу барысында икемді тактикалық әдісті қолдана отырып, күтпеген жерден соққы беру қылмыстық топтың ортасына (жетекшісіне) кейіннен уйывдасқан қылмыстық топтың төменгі бөліміне,соңынан қайтіп орталық тобына оралу.

-тергеуге маңызы бар мәселелерді шешу ушін такти-калық операцияларды қолдану;

-уйымдастьфьшған қылмыстык топ арасывдағы және топтар іішндегі кундестікгі пайдалану;

-криминалистикалық және арнаулы техника қурадда-рын тергеуге молынан қолдана білу;

-жәбірленушілерді, куәгерлерді, сондай-ақ қуқык қорғау оргавдары қызметкерлерін,олардың отбасын және мүлкін қоргауда қамсыздавдыру үшін қолданылатъш шаралар.

-тергеу барысында күрделі өтпелі міндетгерді шешу-дің мақсаты кең көлемде тактикалық операцияны қолдануға байланысты.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

2. Ұйымдасқан қылмыстық қызметке тән белгілер, тергеулік ситуациялар, оларға баға беру.

3. Қылмыстық топ ұғымы мен түрлері.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

№32 лекция. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстарды тергеу ерекшеліктері.

Мақсаты: Криминалистикадағы компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстарды тергеу ерекшеліктерін анықтау.

1. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

2. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің жедел іздестіру аппараттарымен өзара қарым қатынасы.

3. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстардың субъектілері.

Компьютерлік ақпаратты кылмыстық-кұқыктык нормамен корғау Қазакстан Республикасының жаңа Кылмыстык кодексінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрынғы Кылмыстык кодексте мұндай арнаулы норма болмаған. ТМД-ға катысушы мемлекеттердін компьютерлік акпарат саласындағы кылмыстарға қарсы күрестегі ынтымактастык туралы келісімді іске асыру мақсатында Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227-бабына елеулі өзгерістер енгізіліп, осы тұрғы-дағы кылмыстарды жасағаны үшін жауаптылық күшейтіледі. Компьютерлік ақпаратка заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағ-дарламаларды жасау, пайдалану және тарату негізінен қоғам-ның экономикалык саладағы коғамдык катынастарында орын алады. Осыған орай зан шығарушы көрсетілген норманы Қыл-мыстық кодекстің 7-тарауына — экономикалык кызмет сала-сындағы кылмыстар санатына косқан.

Заңмен корғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машина-лық сактағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заң-сыз кіру, сол сиякты ЭЕМ-ге ЭЕМ-жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін нІмесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әре-кет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не кәшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп сокса — компьютерлік акпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зи-янды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деп та-нылып, кінәлы Қылмыстық кодекстің 227-бабымен жауапка тартылады.

Қылмыстын тікелей объектісі компьютерлік ақпаратты корғау саласындағы коғамдық катынастар.

Объективтік жағынан қылмыс мынадай әрекеттермен си-патталады: Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни, машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасын-дағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардын желісіндегі ақпараткд заңсыз кіру, сол сиякты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне не-месе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісін бұзуға әкеліп соғатын әре-кеттер аркылы занды немесе жеке тұлғалардың, коғамның

мемлекеттін заң корғайтын мүдделеріне мүліктік я болмаса басқадай зиян келтіру (227 баптың 1-бөлігі).

Компьютерлік акпаратка заңсыз кіру деп — заңмен корға-латын акпаратты оның заңды меншік иесінің немесе онын иеленушісінің рұксатынсыз өз бетімен алуды айтамыз.

ЭЕМ-ге ЭЕМ-желісіне кіре алатын адамға осы жүйеде заң-ды түрде жұмыс істейтін, бірақ өзінің аткаратын жұмысы бо-йынша нақты белгіленген міндеттерінің шегінен шығып компьютерлік ақпараттағы өзіне жүктелмеген басқа міндетті ол әдейі орындап, жоғарыда көрсетілген жуйе мен олардын желілерін пайдалану ережелерін бұзатындар жатады.

Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларының меншік иесі болып осы объектілерге толык көлемде иелену, пайдалану және билеу қүкығын жүзеге асыруға кұқылы субъектілер танылады. Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларының иеленушілері болып осы объектілерге иелену және пайдалану және заңда белгіленген шекте билеу құқығын жүзеге асыруға кұкылы субъектілер танылады. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру тәсілдері сан алуан: компьютерлік акпараткд кіруге құқык беретін жалған кұжат көрсету; техникалық құрылымның кодын немесе мекен-жа-йын өзгерту, ақпаратты қорғау жүйелерін немесе күралдарын өзгерту, ақпарат көздеріне жазу акпаратын қосу, ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзу және т.б.

Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі — Қылмыстык кодекстің 227-бабының 1-тармағында керсетілген зардаптың орын алуы болып табылады. Ақпаратты жою — ақпа-рат көздерін құрту, файлды, дискілер мен басқадай машина-лық жазу деректерін мүлдем жою, сөйтіп акпаратты қайта кал-пына келтіру мүмкіндігін толық істен шығару болып табылады.

Акпаратты бегеу деп акпарат көздері толық сакталғанымен оны пайдалану және оған еркін кіруге кедергі келтірушілікті айтамыз.

Ақпаратты жаңарту деп меншік немесе занды иеленушінің билігінде болған ақпаратқа олардың келісімінсіз кез келген тұрғыдағы өзгерістер енгізуді айтамыз.

Ақпаратты көшіру деп — ақпарат көздерінің түпнүскасын сақтай отырып, ондағы файлдардың немесе диск жүйелерінін көшірмесін алу арқылы немесе басқадай тәсілдермен кебейтуді, немесе оның мазмұнын жариялауды айтамыз. ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бүзуға — ЭЕМ жекелеген жүйелерінің жұмыс қабілетінін темендеуі, компьютер желісінін элементтерінің істен шығуы, компьютер жүйелерінін езінің кызметін толық орындамауы жатады.

Қылмыс компьютерлік ақпаратка зансыз кіру, егер бұл әре-кет акпаратты жоюға, бегеуге, жаңартуға немесе кешіруге, ЭЕМ жүмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соккан уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстык кодекстің 227-бабынын 2-тармағында осы қыл-мыс кұрамының ауырлататын түрі көрсетілген: олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдаскан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, жасаған әрекеттер. Алдын ала сөз байласып жасалған қылмыс пен ұйымдаскан топ жасаған кылмыстың түсінігі Кыл-мыстык кодекстің 31-бабының тиісінше 2 және 3-тармақтарын-да айтылған.

Адамның ез қызметін пайдалана отырып қылмыс жасаудың тусінігі Қылмыстык, кодекстін 141, 228 және 307-баптарында берілген.

Субъективтік жағынан қылмыс тек кана тікелей қасакана-лықпен істеледі. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік немесе бұза-қылық, кек алу немесе көреалмаушылық және тағы баскала-ры болуы мүмкін. Сондай-ак, ЭЕМ-ге ЭЕМ жүйесіне немесе олардын желісін^ кіре алатын адам (арнаулы субъект) болып табылады. Ал осы баптың 2-тармағында көрсетілген кылмыстын субъектісі болып жай адамдар, сондай-ак ез қызмет бабын пай-даланатын адам (арнаулы субъект) танылады.

Қылмыстық кодекстің 227-бабының 3-тармағында: ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау неме-се қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сондай-ақосын-дай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар ма-шиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату үшін жауапты-лық белгіленген. Яғни 227-баптың 3-тармағында зиянды компьютерлік вирусты жасағаны және таратқаны туралы сез болып отыр. Мұндай компьютерлік вирустың коғамға кауіптілігі сол, ол бүкіл компьютерлік акпарат жүйелерінің қызметін дағдарыска ұшыратып, онын ұзак уақыт жұмыс істемеуіне, одан кейін кенеттен іске косылып компьютерлік бағдарлама пайдаланылатын қорғаныс, космос, мемлекеттік кауіпсіздік, кылмыска карсы күрес салаларының кызметін апатка ұшыратуы мүмкін.

Қылмыс объективтік жағынан акпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жанартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардын желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағ-дарламаларға өзгерістер енгізу; осындай бағдарламаларды пай-далану; осындай бағдарламалары бар машиналык, сактағыш-тарды пайдалану не тарату аркылы көрінеді.

ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау және тарату деп ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жүйесін, жұмысын, олардын. желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер яғни зиянды вирус енгізу әрекетгерін айтамыз.

Зиянды бағдарламаларды көбейту, тарату немесе (яғни оның кешірмесін белгісіз адамдарға беру), сондай-ақ оны айналым-ға енгізетін баскада әрекеттерді істеу осындай бағдарламаны пайдалану деп танылады.

ЭЕМ жұмысына, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне зиянды бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ оларды сату, сыйға беру немесе басқаларға тегін үлестіру осындай бағдарламалар-ды немесе осындай бағдарламалары бар машиналык, сақтағыш-тарды тарату деп танылады.

Қылмыс осы баптын диспозициясында (277-баптың 3-тар-мағы) керсетілген әрекеттердің бірін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан кінәнін. касақаналық ныса-нының тікелей түрі арқылы істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дүрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 277-бабының 4-тармағында, осы бап-тың үшінші тармағында (277-баптың 3-тармағы) көзделген әре-кеттер абайсызда ауыр зардаптарға әкеп сокканы үшін жауап-тылық кезделген. Ауыр зардаптарға адамдардың қазаға ұшы-рауы, олардың денсаулығына зиян келтірілуі, келік немесе байланыс жұмыстарына кесел келтіру; басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-катынасты шиеленістіру, қарулы бүлікті тудыру сияқты әрекеттердің орын алуы жатады. Мұндай зар-даптар үшін жауаптылык оларды абайсызда әкеп соққан жағ-дайда ғана орын алады. Сондыктан да бұл қылмыстан туын-дайтын зардап жөніндегі кінәнің нысаны тек кана абайсыздык түрде болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

2. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің жедел іздестіру аппараттарымен өзара қарым қатынасы.

3. Компьютерлік ақпарат ағымындағы қылмыстардың субъектілері.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Объектілер. 8 страница | Крысько Владимир Гаврилович Психология и педагогика
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 561; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.