Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Отбасы. 10 страница

Заңды жауапкершілік принциптері.

· әділеттілік жазаның жасалған құқық бұзушылықпен мөлшерлестігінен, қылықтар үшін қылмыстық санкциялар қолдануға тыйым салуынан; заңның жауапкершілікті бекітетін немесе күшейтетін кері күшін жоққа шығарудан; айыпкерге бір бұзушылық үшін жазалаудың тек бір ғана түрін қолданудан көрінеді;

· заңдылық – кінәлі тұлғаға заң алдындағы жауапкершілік заң бойынша қатаң және заңда көзделген іс-әрекеттер үшін белгіленеді;

· негізделгендік – істің мән-жайын объективті, жан-жақты және дәлелді зерттеуді, тұлғаның нақты құқық бұзушылықты жасау фактісін және тиісті құқық нормасын белгілеуді білдіруі;

· бұлтартпастық – құқық бұзушылық үшін заң алдындағы жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы; құқық бұзушылықтарды ашудың пәрменділігі; сапалылығы мен толықтығы; мемлекет тарапынан кінәлі тұлғаларға қатысты міндетті және тиімді жазалаушылық әрекет;

· мақсатқа лайықтылық – жазаның заң алдындағы жауапкершілік мақсаттарына сәйкестігі, санкцияларды дербестендіру; жасалған іс-әрекеттің әртүрлі мән-жайларын (жеңілдететін, сондай-ақ ауырлататын) есепке алу;

· адамгершілік – жазалауларды қолдану кезінде жалпы адамдық ұстанымдар бұзылмауы тиіс; адамның ар-намысына тиетін іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Өмірде мүмкін болатын құқық бұзушылықтардан сақтандыру мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану қажет болатын жағдаяттар ұшырасады.

Мысалы, әуежайлардағы, пойыздардағы, ерекше күзетілетін жерлердегі арнаулы бақылау шаралары, көліктік және жолаушы жүгін тексерулер; тәрбиелілік ықпал етудің мәжбүрлік шаралары, медициналық сипаттағы мәжбүрлік шаралар т.б.

Бұл шаралар құқық бұзушылықтардан қорғау, сақтандыру және жолын кесу шаралары деп аталады. Бұл әрекеттердің бәрі заң негізінде жүргізілуі тиіс екендігін білу қажет.

Қорғау шараларының мақсаты – бұзушыны жауапкершілікке тартпастан бұзылған құқықты қалпына келтіру (мысалы, балаларды бағу үшін алименттерді мәжбүрлеп алу).

Жолын кесу шараларының мақсаты – қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер бойынша қалыпты іс жүргізуді қамтамасыз ету (мысалы, ешқайда кетпеу туралы қолхат, ұстау).

Өзге де іс жүргізу шараларының мақсаты – құқық бұзушылықтан сақтандыру (мысалы, жеке тексеріп-қарау, куәландыру, мәжбүрлік тінтулер, карантин жағдайында жүріп-тұру бостандығын шектеу), индивидке тәрбиелілік немесе медициналық мақсатта ықпал ету (есі дұрыс емес бұзушыларға қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары).

Өмірде қоғамға, жеке тұлғаға немесе мемлекетке зиян келтірілетін жағдаяттар кездеседі, бірақ бұл ретте тұлға жауапкершілікке тартылмайды. Бұл жағдаяттар заңдарда көрсетілген және заң алдындағы жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайлар деп аталады. Олар басталған кезде тұлға заң алдындағы жауапкершілікке тартылады.

Оларға:

· есі дұрыс еместік – тұлға өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмайды;

· қажетті қорғаныс – тұлға өзін, өз құқықтарын немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қоғамдық-қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғайды. Алайда бұл ретте қажетті қорғаныс шектерінен аспауы тиіс. Яғни, қорғаныстың қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне айқын сәйкес келмеуі болмауы тиіс;

· қылмыс жасаған тұлғаны ұстау;

· аса қажеттілік;

· тұлғаны құқық бұзушылық жасауға күшпен және психикалық мәжбүрлеу;

· бұйрықты немесе өкімді орындау – бұл жерде өзінің заңды міндеттерін орындаған тұлғаның зиян келтіруі түсініледі, мысалы, әскери бұйрықты орындау;

· мәнінің төменділігі – яғни қоғамдық қауіпті емес құқық бұзушылық жасау.

 

Осылайша, Қазақстан Республикасының заңдары заң алдындағы жауапкершіліктің әр алуан түрлерін белгілейді. Заңды білмеушілік заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Мұны барлығы есте сақтаулары тиіс.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Отбасы. 9 страница | Способы и приемы контроля и оценивания в педагогической деятельности
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 441; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.