Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік баж. 3 страница




Сурет 1 – Қаржылық жоспарлаудың негізгі түрлері

 

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың үш негізгі түрі бар:

1) қызметті оперативті қаржылық жоспарлау;

2) қаржылық қызметті ағымдық жоспарлау;

3) қаржылық қызметті болжамдау.

Қаржылық жоспарлаудың осы түрінің әрқайсысына оның нәтижелерінің белгілі бір түрлері сәйкес келеді.

Қаржылық жоспарлаудың барлық үш түрі өзара байланыста болып, белгілі бір тізбектілікте жүзеге асырылады. Қаржылық жоспарлаудың бірінші кезектегі қадамы – қаржылық қызметті болжау болып табылады, ол оның ағымдағы жоспарлауының міндеттерін анықтайды. Өз кезегінде, қаржылық қызметті ағымдық жоспарлау оны анағұрлым тереңірек оперативті жоспарлау үшін негіз дамытады.

1. Кәсіпорынның қаржылық қызметін болжау жоспарлаудың ең қиын қадамы болып табылады, ол орындаушылардың жоғары біліктілігін талап етеді. Кәсіпорынның қаржылық қызметін болжау деп қаржылық қызметтің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін қалыптастырып, оларға қол жеткізудің анағұрлым тиімді жолдарын іздеу деп түсіну керек. Кәсіпорынның қаржылық қызметін болжамдау кәсіпорынның жалпы экономикалық даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады және ол оған қатысты бағыңқы сипатта болып, оның мақсаттарымен және бағыттарымен келесілген болуы тиіс.

 

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы -01-04 Сабақ реті___55___

Сабақ тақврыбы Оперативтік қаржылық жоспарлау

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі: Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың үш негізгі түрі бар:

1) қызметті оперативті қаржылық жоспарлау;

2) қаржылық қызметті ағымдық жоспарлау;

3) қаржылық қызметті болжамдау.

Қаржылық жоспарлаудың осы түрінің әрқайсысына оның нәтижелерінің белгілі бір түрлері сәйкес келеді.

Қаржылық жоспарлаудың барлық үш түрі өзара байланыста болып, белгілі бір тізбектілікте жүзеге асырылады. Қаржылық жоспарлаудың бірінші кезектегі қадамы – қаржылық қызметті болжау болып табылады, ол оның ағымдағы жоспарлауының міндеттерін анықтайды. Өз кезегінде, қаржылық қызметті ағымдық жоспарлау оны анағұрлым тереңірек оперативті жоспарлау үшін негіз дамытады.

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __ Сейтқадырова А.С. _________

Атқарушы резюме түсінігін талдау

 

Қаржылық қызметті болжамдау шектерінде кәсіпорынның жалпы қаржылық даму тұжырымдамасы және қаржылық қызметтің жеке аспектілері бойынша қаржылық саясаты өңделінеді.

 

Кесте 1 – Ұйымдағы қаржылық жоспарлаудың сыныпталуы

 

Қаржылық жоспарлау түрлері Әлеуетті (стратегиялық қаржылық жоспарлау) Ағымдық қаржылық жоспарлау Оперативті қаржылық жоспарлау
Өңделетін қаржы жоспарларының нысандары Пайда мен шығын туралы есепті болжау; ақша қаражаттарының қозғалысын болжау; бухгалтерлік балансты болжау. Операциялық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспары; инвестициялық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспары; ақша қаражаттарының түсімі мен шығындалу жоспары; баланстық жоспар Төлем күнтізбесі, кассалық жоспары
Жоспарлау кезеңі 1 -3 жыл 1 жыл Декада, тоқсан, ай

 

Жалпы қаржылық даму тұжырымдамасынан ерекше қаржылық саясат кәсіпорынның барлық қаржылық қызметінің кешенін қамтымай, тек жеке бағыттары бойынша ғана қалыптасады. Қаржылық саясат кәсіпорынның қаржылық қызметінің жеке аспектілері кескінінде қаржылық даму стратегиясын іске асырудың нысаны болып табылады.

Қаржылық қызметті жоспарлау бөлек мақсаттар мен стратегиялық міндеттерге қол жеткізу тізбектілігі мен мерзімдерін бекітуді қарастырады. Тәртіп бойынша, болжамдау кезеңі 3-5 жылды құрайды.

2. Қаржылық қызметті ағымдық жоспарлау кәсіпорынның қаржылық қызметінің бөлек аспектілері бойынша қаржылық жоспарлар жүйесін өңдеуден тұрады. Ағымдық жоспарлау кәсіпорын қызметін қаржыландырудың келешек кезеңдегі барлық көздерін анықтауға, оның табыстары мен шығындар жүйесін қалыптастыруға, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, жоспарланатын кезеңнің соңына оның активтері мен пассивтерінің құрылымын алдын-ала болжауға қол жеткізеді.

Кәсіпорынның ағымдық қаржы жоспарларының бөлек түрлерін әдетте, келешек жылға тоқсан бойынша бөле отырып құрастырады.

Ағымдық жоспарлау барысында кәсіпорындарда әдетте, қаржы жоспарларының келесідей түрлері өңделеді:

1. негізгі шаруашылық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспары;

2. ақша қаражаттарының түсу және шығындалу жоспары;

3. баланстық жоспар;

4. қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жоспары.

Қаржы жоспарындағы түрдің әрбір көрсеткіштерінің бөлшектену деңгейін кәсіпорын өзінің қызмет ету ерекшелігін, сонымен бірге, қаржылық және басқарушылық есепті ұйымдастырудың қолданыстағы тәжірибесін есепке ала отырып, дербес түрде анықтайды.

Негізгі шаруашылық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспарын өңдеу кәсіпорынның қаржылық қызметін ағымдағы жоспарлаудың бірінші кезектегі қадамы болып табылады. Осы жоспарлауды өңдеу мақсаты – жоспарланатын кезең ішінде кәсіпорын үкімінде қалатын таза табыс сомасын анықтау болып табылады.

 

 

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы -01-04 Сабақ реті___56___

Сабақ тақврыбы Атқарушы резюме түсінігін талдау

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі: Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ

Ұйымдағы қаржылық жоспарлаудың сыныпталуы

 

Қаржылық жоспарлау түрлері Әлеуетті (стратегиялық қаржылық жоспарлау) Ағымдық қаржылық жоспарлау Оперативті қаржылық жоспарлау
Өңделетін қаржы жоспарларының нысандары Пайда мен шығын туралы есепті болжау; ақша қаражаттарының қозғалысын болжау; бухгалтерлік балансты болжау. Операциялық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспары; инвестициялық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспары; ақша қаражаттарының түсімі мен шығындалу жоспары; баланстық жоспар Төлем күнтізбесі, кассалық жоспары
Жоспарлау кезеңі 1 -3 жыл 1 жыл Декада, тоқсан, ай

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __ Сейтқадырова А.С. _________

Бизнес жоспардың негізгі қаржылық көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

 

 

Осы жоспардың негізгі көрсеткіштері ретінде: өнім (тауарлар, қызметтер) өндірісінің көлемі; өнімді сатудан түскен табыстар сомасы мен деңгейі; өндіріс пен айналымның жалпы шығындарының сомасы мен деңгейі; негізгі салық төлемдерінің қойылымы мен сомасы; кәсіпорынның салық салынатын және таза табыс сомасы.

Сондай-ақ, ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығындалу жоспарын өңдеу кәсіпорынның қаржылық қызметін ағымдағы жоспарлаудың аса маңызды қадамы болып табылады. Осы жоспарды өңдеудің мақсаты – барлық жоспарланатын кезең ішінде кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сол себептен осы жоспардың көрсеткіштері жиі кезекте, тек тоқсан сайын ғана емес, ай сайынғы бөлу бойынша да есептелінеді.

Ақша қаражаттарының келуіп түсуі мен шығындалуының өңделінетін жоспары екі бөлімнен тұрады, олар әр тоқсан (а й) кескінінде өзара теңдестірілуі тиіс. «Ақша қаражаттарының түсуі» бөлімінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, басқа мүлікті сатудан, мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борышкерлікті алудан және өзге де көздерден ақша активтерін тарту жоспарланады. «Ақша қаражаттарын шығындау» бөлімінде ақша қаражаттарын шикізатты, материалдар мен тауарларды; құндылығы төмен және жылдам тозатын пәнденір сатып алуға; негізгі қорларды жалға алу және ұстау үшін және өзге мақсаттарда пайдалану қарастырылады. Төлемдердің мерзімі өтіп кеткені үшін жоғары қаржылық жауапкершілікті есепке ала отырып, жоспарлаған кезде ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығындалуының сәйкес келуін ғана емес, сонымен бірге, есептік шотта, басқа шоттарда және кәсіпорын кассасында еркін ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі белгілі бір қорлардың болуын да қарастыру керек.

Кәсіпорынның баланстық жоспары оның активтері мен пассивтері құрамының болжамын көрсетеді және ол кәсіпорындағы ағымдық қаржылық жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады. Баланстық жоспарлауды өңдеу мақсаты – бөлек активтердің өсу мүмкіндігін анықтау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін оның капиталының оңтайлы қаржылық құрылымын қалыптастыру болып табылады.

Баланстық жоспарды өңдеу барысында кәсіпорын балансы бөлімдерінің ірілендірілген жобасы қолданылады, ол осы кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанының (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және т.б.) ерекшелігіне қатысты бухгалтерлік есептің талаптарын көрсетеді. Активтерді жоспарлаған кезде олардың айналмалы және айналымнан тыс түрлерінің ара қатынасы оңтайландырылады, ал айналмалылардың құрамында - өтімділік деңгейі бойынша олардың жеке топтары. Пассивтерді жоспарлаған кезде жеке және қарыз қаражаттарының ара қатынасы оңтайландырылады, ал қарыз қаражаттарының құрамында – қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелері.

Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жоспары кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жоспарлауының бір бөлігі болып табылады, оны өңдеудің мақсаты – кәсіпорынның жоспарланатын кезең ішіндегі стратегиялық дамуын қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын аккумуляциялау және мақсатты бағытталған шығындау болып табылады.

Өңделінетін жоспар өзара теңдестірілген екі бөлімнен тұрады. «Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері» бөлімінде келесі көрсеткіштер бөлінеді: өңдірістік дамуға бағытталатын таза табыс сомасы; амортизациялық аударым сомасы; жеке қаржы ресурстарының қалыптасуының өзге көздері; тартылатын ұзақ мерзімді несиелер мен қары сомасы; тартылатын қысқа мерзімді кредиеттер мен қарыздар сомасы және өзгелері. «Қаржы ресурстарын пайдалану бағыттары» бөлімінде келесідей көрсеткіштері бөлінеді: айналымнан тыс активтерге капитал салымдары; айналым активтерінің өсуін қаржыландыру; материалдық емес активтерге салымдар; ұзақ мерзімді қаржы салымдарының өсуі және басқалары.

3. Қаржылық қызметті оперативті жоспарлау бюджеттер жүйесін өңдеуде қорытындылады. Бюджет қысқа мерзімді (1 жылға дейін) оперативті қаржылық жоспар болып табылады, ол қаржылық қызметтің бөлек аспектілері, жеке шаруашылық операциялар немесе инвестициялық жобалар бойынша қаражаттардың шығындалуы мен келіп түсуін көрсетеді.

Бюджетті өңдеу екі негізгі міндеттерді шешуге бағытталады:

1) шығындар көлемі мен құрылымын анықтау;

2) осы шығындарды әртүрлі көздерден қаржы ресурстарымен жабуды қамтамасыз ету.

Оперативтік қаржылық жоспарлау тәжірибесінде бюджеттердің екі түрі қолданылады:

- капиталды шығындар және қаражаттардың келіп түсу бюджеті;

- ағымдық ақша шығындары мен түсімдерінің бюджеті.

Капиталды шығындар және қаражаттардың келіп түсу бюджеті (қысқалық үшін — капиталды бюджет) — бұл жаңа құрылыспен, нысанды қайта соғумен және модернизациялаумен байланысты нақты инвестициялауды жүзеге асыру қадамында өңделінетін бюджет.

Ағымдық ақша шығындары мен түсімдерінің бюджеті (ағымдық бюджет) — бұл бөлек шаруашылық операциялар бойынша немесе жалпы алғанда, бөлек қысқа мерзімді кезеңдер кескінінде (негізгі шаруашылық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспарын нақтылау тәртібінде) кәсіпорынның шаруашылық қызметі бойынша өңделінетін бюджет.

Капитал бюджеті екі бөлімнен тұрады: капитал шығындары және қаражаттардың келіп түсуі. Капитал шығындары ұзақ мерзімді айналымнан тыс активтерін иемденуге жұмсалған шығындары болып табылады. Оларға, әдетте, құрылысқа енгізілген ғимараттар мен жайлардың бастапқы құнын жатқызады (немесе оларды соғу бойынша қадамдық шығындары); машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерінің құны; сатып алынатын материалдық емес активтердің құны (патенттердің, «ноу-хау» және басқалары) және т.б. Капитал бюджетін өңдеген кезде қаражаттардың келіп түсуі жеке көздер кескінінде ақша қаражаттарының (инвестициялық ресурстардың) жоспарланатын ағымынан тұрады.

Ағымдық бюджет сондай-ақ, екі бөлімнен тұрады: ағымдық шаруашылық қызметтен болатын ағымдық шығындар мен табыстардан. Ағымдық шығындар өндіріс немесе айналым шығындары болып табылады. Ағымдық шаруашылық қызметтер түсетін табыстар негізінен, өнімді (тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды) сату есебінен қалыптасад ы.

 

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы -01-04 Сабақ реті___57___

Сабақ тақврыбы Бизнес жоспардың негізгі қаржылық көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі: Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ Осы жоспардың негізгі көрсеткіштері ретінде: өнім (тауарлар, қызметтер) өндірісінің көлемі; өнімді сатудан түскен табыстар сомасы мен деңгейі; өндіріс пен айналымның жалпы шығындарының сомасы мен деңгейі; негізгі салық төлемдерінің қойылымы мен сомасы; кәсіпорынның салық салынатын және таза табыс сомасы.

Сондай-ақ, ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығындалу жоспарын өңдеу кәсіпорынның қаржылық қызметін ағымдағы жоспарлаудың аса маңызды қадамы болып табылады. Осы жоспарды өңдеудің мақсаты – барлық жоспарланатын кезең ішінде кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сол себептен осы жоспардың көрсеткіштері жиі кезекте, тек тоқсан сайын ғана емес, ай сайынғы бөлу бойынша да есептелінеді.

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __ Сейтқадырова А.С. _________

 

Түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың

қаржылық ерекшеліктері.

Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды.

Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оеың барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішінде өкілдік мәртебесі де кіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:

1. шаруашылық серіктестер;

2. акционерлік қоғамдар;

3. өндірістік кооперативтер;

4. мемлекеттік кәсіпорындар.

Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін. Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы 15 қосымшада көрсетілген.

Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:

· Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;

· Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;

· Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;

· Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін акцияларды бекітеді;

· Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

· Қоғам тіркеушісін таңдайды;

· Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;

· ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;

· Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін тұлғаны таңдайды;

· Қоғам жарғысын бекітеді.

Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.

Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады.

Жарғы мазмұны мынадай боуға тиіс:

· Қоғамның толық және қысқартылған атауы;

· Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

· Акционерлердің хұқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі акциясын куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;

· Қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;

· Қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса: жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;

· Қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен білікті болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;

· Қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ақпарат беру тәртібі;

· акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат тәртібі;

· егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 458; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.