Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арамола Ережесі

 

Қарамола Ережесі –ХІХ- ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында бұрынғы Семей облысы қазақ қоғамының заң жинағы. Ол 1885 жылы мамыр айында Семей облысының Қарамола деген жерінде бес дуан елінің (Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Зайсан уездері) билері мен құрметті адамдарының съезінде қабылданып бекітілген. Жетпіс үш баптан тұратын бұл заң құжаты «Ереже» деп аталған.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. ХҮІІ ғ пайда болған негізгі қазақтардың заңы «Жеті жарғының» қайнар көзі не болды?

2. ХІХ ғ қазақтардың қоғамдық қатынасын реттеген заңдарды ата?

3. Қазақ даласында әр уақыта пайда болған заң деректерін ата.

Тақырып 10. Қазақстан тарихы бойынша статистикалық деректері

 

Мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша болған статистикалық деректерге сипат беру.

Жоспар:

1. Қазақстан жөніндегі статистикалық деректер. Ғылымға дейінгі статистикалық деректер түрлері

2. Халық санағы. Статистика түрлері. Қазақстандағы статитстикамен айналысатын органдардың құрылуы.

 

Деректердің ерекше түрі ретінде санақ материалдар капитализм дәуірінде қалыптасқан. Осы дәуірден саны мәселесінің сапалы өзгеріс кезеңі басталып, тарихи шындықтың негізгі құбылыстарын экономикалық-географиялық және санақ материалдарын жалпылама сипаттау тұрғысынан баяндаудан сандарының (цифрлар) негізінен түсіндіруге ауысты.

Санақ материалдары негізгі екі топтан тұрады. Оның біріншісі – үкімет қажеті үшін, мекемелрдің, ұйымдардың, кәсіпорындардың міндетті қызметі жүзеге асыру үшін жиналған мәлеметтерден тұрады. Екінші тобын санақтық талдау үшін арнайы жиналған мәлеметтер құрады. Олар ең алдымен, бір-ақ рет жүргізілген тексерулер – санақ материалдарын, сонан соң күнбе-күнгі санақ мәлеметтерін қамтиды. Бұл материалдардың жиналуы мен өңделуі есеп-санақ ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды.

Санақ мәлеметтерін дайындау мен баспадан шығаруда көптеген жағдайларда санақ бланкілерінде берілген, маңызды қорытындылар толық көрсетілмеуі мүмкін. Сонадықтан алғашқы көрсеткіштерді белгілеу тәртібін және дайындалған кестелердің маңызын айқындау керек. Мұнда жағдай тарихшыға қандай мәлеметтердің жинаққа еңбей қалағанын анықтау үшін қажет.

Санақ материалдарының дұрыстығына көз жеткізу үшін бұрынға көрсеткіштерге түзетулер енгізілген, соңғы зерттеулер мен басылымдарды ескерген жөн.

Санақ материалдарына сыни тұғыдан қарамаушылық көптеген қателіктерге әкеліп соғатынын да естен шығаруға болмайды.

ХІХғ соңы мен ХХ ғ басына жататын құнды санақ деректерінің біріне 13 томнан тұратын «Материалы по киргизскому землепользованию, собранных и разработанных экспедицией по исследованию степных областей» атты алғашқы статистикалық дерек жатады. 1896-1903 ж орыс патшасы Николай ІІ Қазақ даласына земской статист Ф.А. Щербиныдын экспедициясы ұйымдастырылды. Мақсаты, осындағы бар жерге зерттеу жасап, жердің отарлық фондын анықтау. Ф.А. Щербины Ақтобе, Семей, Торғай облыстарының 12 уезін зерттеп шықты. Жалпы зерттеуге 12 уездің 281 шаруашылығы алынды. Бұл зерттеуде ол, тек қана шаруашылдықтын бюджеттік негізін ғана зерттемей, қосымша құрал-сайманың, кітап, ыдыс, немесе қазақ шаруашылығының өндірістік- техникалық негізін анықтауға тырысқан. Сонымен бірге, ол жанұяның әлеуметтік және сауаттылық негізін анықтаған. Бұл зерттеу қазірге кезде де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.

Санақ түрлері:

Өнеркәсіп санағы

 

Өнеркәсіп санағы елдің экономикалық дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптің санақ деректері екі үлкен топақ бөлінеді. Олардың біріншісініе өнеркәсіп санақтарының материалдары, екінші тобына күнбе-күнгі мәлеметтер жатады.

Бұрынғы КСРО өнеркәсібінің бірнеше санағы өткізілді.

Бүкілресейлік өнеркәсіптің бірініш санағы 1918 жылы тамыздың 31-не дейінгі өнеркәсіптің жағдайын анықтады. Онда өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп орындары есепке алынды.

Жұмысшы табы мен интеллигенция санағы

 

Кеңестік Ресейдің жұмысшы табы туралы санақтық сипаты бар алғашқы дерек 1918 жылы өнеркәсіп санағының негізінде қорытылады. Бұл бүкілресейлік кәсіби санақ болды және оның бағдарламасы да жан-жақты ойластырылды. Онда жұмысшылардың кәсібі, сауаты, тұрмыс жағдайы туралы сұрақтарымен бірге, олардың қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысуы т.б. туралы сұрақтар да болды.

1918 жылы санақ кеңес өкіметі орнаған губернияларда ғана жүргізілді. Қазақстан мен Орта Азияны айтпағанда, санақ Украинада, Олардың көптеген губернияларда, Сібірде де өткізілген жоқ.

Елді индустрияландыру кезеіне жұмысшы табының құрамы маңызды саяси проблемаға айналуына байланысты 1929 жылы сәуір-мамыр айларына Кәсіподақтардың бүкіл одақтық орталық советінің (ВЦСПС) шешімінен жұмысшы табының кәсіподақтық санағы өткізілді.

Ауыл шаруашылығының санағы

 

Ауыл шаруашылығының санағы елдің азық-түлік қорларын есепке алу, оның жоспарлануын тәртіпке келтіру және шаруалардың әлеуметтік-таптық жағдайын талдау үшін жүргізілді. Кеңестік аул шарауашлық санағының тарихын екі кезеңгі бөлуге болады: біріншісі 1930 жылғы дейінгі уақыты қамтыса, екіншісі ауылды жаппай кллективтендіруден басталады. Бірінші кезеңде санақтық мекемелер жүйесі қалыптасты, бірітіндеп ауыл мен селоны зерттеудің әдістемесі жасалды. Бұл жұмыстың негізгі мақстаы селодағы өндіргіш күштер мен шаруалардың әр түрлі экономикалық топтарының шаруашылық құрылысын және егіншлік пен мал шаруашлығының көптеген ұсақ шаруашылқтардан тұрған кезеңінде оны зерттеудің кең таралған тәсілі – шаруашылықтарды тұтас емес, оның кейбір түрін ғана ішінара тексеру болды.

Демографиялық жалпы саны

 

Демографиялық санақтың үш түрі бар: халықтың жаппай санағы, күнделікті санағы және ішінара санағы. Бұлардың матеиралдары демографиялық жалпы санақтың деректері болып саналады.

Халық санақтары бірнеше ерекшеліктеремн сипатталады. Соның ішінде, ішінара жүргізілген зерттеулердей емес, халықтың жалпы санағы бүкіл халықты қамтиды. Және санақ мақсаты тек халықтың санын анықтау ғана емес, сонымен бірге олардың құрамы жөнінде де мәлеметтер алу болады. Зерттеу нысанына (объектілеріне) әрбір адам алынады. Кейде санақтажанұя немесе үй шаруашылығы ескеріледі. Санақ жүргізуде жиналған мәлеметтер құжаттардан емес, халықтың тікелей өзінен белгіленгенуақыты алынады.

Ресей халқының, сонымен бірге Қазақстан халқының, бірінші санағы 1897 ж. қаңтар айында өткізілді. 1895 жылдың 5-маусымдағы заң бойынша, бүкіл империя халқы жынысына, жасына, тұрмысына, діни көзқарасына, ұлтына, қай елдің азаматы екеніне байланыссыз түрде санаққа қатысуға тиісті болды.Бұл санақ бойынша Қазақстан халқының саны 4,3 млн адамды құрды, соның ішінде-3,9 млн. Қазақ халқы болды.

Келесі санақ, 1926 ж өткізілді, бұл санақтын негізгі құндылығы, алғашқы рет «қазақ» және «қазақ ұлты» деген ғылыми-анықтама еңгізілді. Жалпы, бұл санақ бойынша Қазақстанда 6198 мын адам болды, соның-3628 мыңы, қазақтар, немесе, ол 58,5% құрды.

1937 ж өткізілген жоспарлы санақтын ерекшелігі, ол бір күндік санақ деп аталды. Себебі, бұнда тек қана сол күнге бар адам ғана есепке алынды. Бірақ, жиналған мәлімет ойлаған санды көрсетпеген сон, бұл санақ нәтижесі халыққа жарияланған жоқ.

Сол себептен, 1939 ж қосымша санақ өткізіліп, Қазақстан халқының саны-6082 мың, болса соның ішінде-2314 мың, немесе 38,0% қазақтар құрды.

Отан соғысы, келесі санақтын өткізуін 1959 ж қалдырды. Бұл санақта, «сауатты» деген кестесі еңгізілмеді. Халық саны-9283 мынды құрды, соның ішінде—2787 мың қазақ.

Келесі 30 жыл ішінде санқтар үш рет өткізілді- 1970, 1979, 1989 жылдары. Оның көрсеткіші кестеде берілді:

1970ж. жалпы халық саны Қазақстанда Соның ішінде қазақтар 1979ж жалпы халық саны Қазақстанда Соның ішінде қазақтар 1989 ж. жалпы халық саны Қазақстанда Соның ішінде қазақтар
13009 мың 4238мың 14684мың 5293 мың 16537 мың  

1999ж Қазақстан Республикасының алғашқы Ұлттық санағы өткізілді. Ол санақ бойынша, халық 23 сұраққа жауап берді. 1999ж санақ бойынша, жалпы Республика халқының саны- 14953 мың болса, соның ішінде қазақтар-7985 мың, немесе-53,4 % құрды. Қостанай облысының тұрғындары-1018 мың, соның ішінде қазақстар- 315 мың, немесе- 30,9 % құрды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан жайында алғашқы статистикалық зерттеуді жүргізген кім?

2. Статистика тұрлерін ата?

3. Қазақстанда өткізілген демографиялық статистикасының жылдарын ата.

4. Бұл статистикалық мәлімет, қандай өзгерісте анықтайды?

 

Тақырып 11. Іс құжаттары

Мақсаты: Қазастан жерінде пайда болған іс құжаттарымен танысу және олардын зерттеу тәсіліне тоқтау.

Жоспары:

1. Іс құжаттары. Іс құжаттарының түрлері.

2. Зерттеу проблемасы

 

 

«Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1/ қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2/ жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3/ бір нәрсе туралы жазба куәлік (мысалы, ескі грамоталар). (Ожегов С.И. Словарь русского языка М.,1982, с.153).

Іс қағаздарының құжаттамалары тарихи жазба деректердің саны мен түрлі типтерінің кең таралғандарының бірі болып саналады.

Іс қағаздарының қалыптасуы орыс мемлекетінде XVII ғасырда, приказдық жүйенің дәуірінде негізделіп, XVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында біршама ретке келді. Капиталистік қатынастардың етек алу, дамуының барысында әр түрлі дәрежедегі мемлекеттік мекемелер жүйесінде іс қағаздары материалдарының қорлары жасалды.

Біздің елімізде іс қағаздарының жүргізілуі, Қазақстанның Ресей мемлекеті құрамына бодан болуынан кейін, тұрақты орын алды.

Қазан ревалюциясынан кейін іс қағаздарының жүргізілуі сипаты түбірімен өзгерді. Бұрынғы мемлекеттік аппараттың орнына билік негізгі ретінде кеңестердің (советтердің) келуі өндірісітің, ішкі және сыртқы сауданың, жол қатынастарының, қаржы мен шаруашылықтың, басқа да салалардың национализациялап, қоғамдық ұйымдар жұмысын ресімделенуіне сәйкес, басқарудың барлық салалары мен құжаттамаларын жүргізудің бүкіл жүйесін қайта құрды. Сөйтіп, бұрынғы қоғамдық жүйе заманындағы іс қағаздар жұмысы түбірлі өзгеріске ұшырады. Социалистік деп аталатын шаруашылыққа негізделген жоспар, есеп және бақылаудың міндетті қызметіне байланысты құжаттардың жаңа топтары пайда болды.

Халық шаруашылығы мен қоғамды басқару процестерінің біріңғай сипатта қалыптасуына байланысты іс қағаздар жұмысы бір үлгімен жүргізілді.

Іс қағаз құжаттарының нақты қоғамдық мәні бар, өйткені олардың жүргізілу сипаты мемлекеттік басқару жүйесін танытады. Сонымен қатар құжаттар оқиғаларды, құқықтарды, міндеттемелерді, қызметтің сипаты мен өкілдік фактілерін дәлелдеп растайды. Тарихи деректер ретінде құжаттардың мәнді мәлеметтері, олардың қоғамдық ролі мен ғылыми-тарихи құндылығын анықтайды. Тікелей басқару жұмыстарының практикасыда құжаттардың қажеттілігін бірітіндеп азая бастаса да, олардың тарихи дерек ретінде міндеттері баянды болады. Бір-бірімен өзара байланысты құжаттар кешені құжаттылық жүйесін құрайды. Құжаттылық жүйесінде жеке фактілер ғана емес, фактілердің тізбегі, олардың уақыт пен кеңістіктегі көптеген байланыстары бейнеленеді. Іс қағаздарының негізгі мағынасы оның құжаттығында. Кеңес қоғамы кәсіпорындарының, мекемелерінің және ұйымдарының құжаттары тарихи деректер ретінде олардың жұмыс жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктерін зерттеу үшін қажет.

Тұрақты емес уақытша мекемелердің іс қағаз құжаттарының негізгі таптарының біріне:

- стенограмма түріндегі хаттамалары жатады. Оларда мәжілістің уақыты, оған қатысушылардың құрамы, қаралаған мәселелер және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Белгілі бір іс қағаздарын зерттеу үстінде тек хаттамалармен ғана емес, сонымен бірге талқыланған мәселелерге қатысы бар барлық материалдармен танысу керек. Олар мекемелердің, мамандар тобының, жеке адамдардың ұсыныстары мен ескертпелері, немесе дәйекті түрде қаралған мәселе бойынша жергілікті өкімет пен басқармалардың хабарламалары болуы мүмкін;

-есептік құжаттар да іс қағаздары кешенінде жатады, оған түрлі есеп-мәлеметтер, баяндамалар, мәлімдеме хаттары – ерекше орын алады. Құжаттардың мұндай түрлерінің пайда болуы ХІХ ғасырда Ресейде министрліктер мен орталық әкімшілік басқару органдарының құрылуынан басталды. Оларда орталық, жоғарғы мемлекеттік және жергілікті мекемелердің жылдық есептерімен қатар бірнеше жылғы есептік жобалар берілді. Мұндай ақпарлар, көрсетілген мекемелер жұмысының негізгі қорытынды құжаттарының бірі болып саналады;

-қызмет хаттары іс қағаз жұмысы құжаттамаларының маңызды тобына жатады. Бұл құжаттар әр түрлі болып келеді. Мемлекеттік мекемелердің қызмет хаттары негізінен үш топқа бөлінеді: жоғарғы мекемелерді, оларға қарайтын төменгі мекемелермен алмасқан қызмет хаттары; бір дәрежедегі мекемелердің немесе біріне-бірі тәуелді емес мекемлердің өзара қызмет хаттары; төменгі сатыдағы мекемлердің жоғары сатыдағы мекемелермен қызмет хаттары. Әрбір топтағы мекемелер құжаттарының өзіне тән сипаты бар. Бірінші топтың құжаттарына жарлықтар, бұйрықтар, нұсқаулар, талап ету сипатындағы хаттар жатады. Дәрежелері бірдей мекемелердің қызмет хаттарының түрі – ресми хаттар, қатынастар, ескертпелер. Төменнен жоғарғы мекемелерге жолданатын құжатар: рапорттар, хабарлар, ұсыныстар, өтініштер, шағымдар.

Құжаттарды топтастыру-оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, гарфикалық, акустикалық(фото, кино, бейне құжаттары), болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай - ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау- өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілі, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми- жекелік болып бөлінеді.

Жариялық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті, және құпия болып келеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Іс құжаттардын түрін ата?

2. Іс құжаттарды зерттеуде үстанатын принцип?

3.Іс құжаттарының тарихи дерек ретінде маңыздылығы неде?

Тақырып 12. Мерізімді басылымдар

 

Мақсаты: Қазақстанда шыққан мерізімді басылымдардың тарихы мен құрылымына сипат беру.

Жоспар:

1. Мерізімді басылымдар. Мерізімді басылымдардың түрлері.

2. Цензура тарихы. Қазақстандағы газет проблемасы. ХҮІІІ-ХХғғ газеттер.

3. Мерізімді басылымдарды зерттеудегі ерекшеліктер.

 

Қазақстанда мерзімді баспасөз ХІХ ғасырдың 70-80жылдарында пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәлеметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.

Қазақ төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902) газеттері мен «Айқап» (1911-1915) журналы болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталды.

«Түркістан уалаяты» газеті әуелі баста «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет; оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ және өзбек тілдерінде шығарылды. «Түркістан уалаяты» газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлұматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бұл облыстар Түркістан өлкесінің құрамында болған).

Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсуін, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.

«Дала уалаяты» газеті «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде 1888 жылдан 1894 жылдың қаңтарына дейін, онан соң дербес газет болып 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын билеген Дала генерал-губернаторының органы болды.

Қазақ халқының әлеуметтік-саяси және мәдени өмірінде ХХ ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі –«Айқап» журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болды. Оның редакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Орынбор губерниясының Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде шығып тұрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі себептермен жабылып қалды.

1913 жыдлан бастап Орынбор қаласында Алаш қозғалысының, кейін Алаш партиясының «Қазақ» деген газеті шыға бастады. Бұл газеттін бас редакторы Ахмет Байтұрсынов болса, басушы ретінде- Мустафа Оразбаев болды. «Қазақ» газеті қоғамдағы негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен даму жолдарын сараптап отырды. Газет Алаш партиясының негізгі халықпен байланыс жасайтын органы болды. Газет беттерінде кең көлемді мәселелер талқыланды. Соның ішінде: «Дума мен қазақтар», «Дума және соғыс», «Қазақтар және жер мәселесі», «Білім туралы» т.б. Бұл орган қоғамның өзекті мәселесін талқылау арқылы Алаш партиясының ұстану саясатын көрсете білді.

Ақпан революциясынан кейін қазақ даласында жергілікті басылым органдары да жұмыстарын бастады, соның ішінде, Семей қаласында, Халил Аббасов пен Рахимжан марсиковтың басшылығымен, 1917 ж маусым айынан «Сары Арқа» газеті жарық көрді. 1920 ж бастап жер-жерде басылымдар шыға бастады, ол- Түркістан кедейлері, Еңбекші жастар, Тілші т.б. Бұл газеттер беттерінде Кеңес органдарының декреттері мен социалистік қоғамның басты мәселесі жарияланып тұрды.

Жалпы, 1917-1920жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты. 1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және журнал типіндегі басылымдар шығып тұрды.

Бапасөз материалдарының деректік мәні, оларға деректанулық талда жүргізудіңпринциптері:

Баспасөз басқару мен тәрбие құралы ғана емес, сонымен бірге осы басшылықтың қорытындысы туралы, хылық бұқарасының көңіл-күйі мен ойларының да мәлеметтерінің деректері болды.

Кеңес өкіметі заманында баспасөз таптық, партиялық принцип бағытында болумен қатар, оқырмандардың жасы мен білім ерекшеліктеріне және олардың кәсіби-әлеуметтік құрылымына да байланысты болды.

Осыған байланысты кеңес баспасөзін төмендегідей түрлерге (типтерге) бөлуге болады:

1). Қоғамның бұқаралық барлық топтарына арналған жалпы саяси басылымдар;

2). Белгілі әлеуметтік топтарға (жұмысшыларға, шаруаларға, интеленгецияға) және қоғамдық ұйымдарға (комсомолға, кәсіподақтарға) арналған басылымдар;

3). әр түрлі салаларда еңбек ететін мамандар үшін кәсіби-өндірістік басылымдар;

4). Белгілі аймақтарға арналған әкімшілік-территориялық басылымдар;

5). Тұрғындардың жас ерекшеліктеріне байланысты (балалар мен жастарға арналған) басылымдар.

Баспасөз өзінің әлеуметтік міндеттерін орындай отырып, оның ішінде ең алдымен ақпартаттық міндеттерін, деректердің көптеген түрлерін сақтайды, бізге жеткізеді. Баспасөз беттерінде өкімет заңдары, іс қағаздары мен санақ құжаттары, мемуарлар жән т.б. басылды.

Баспасөз материалдарының бірінші тобынан, оның өзіне тән және ресми құжаттардың тарихи дерек ретіндегі маңыздыларын (заң текстері, үкімет ақпараттары, марапаттау туралы жарлықтар, конференциялар мен съездерінің стенографиялық есептері мен хаттамалары), сол сияқты қоғамдық ұйымдар, ұжымдар немесе бұқараның жеке өкілдері жасаған құжаттарын (құттықтаулар, оқиғалар туралы пікірлер, хаттар, үндеулер, жиналыс қарарлары т.т.) бөліп алуға болады.

Мерзімді баспасөздің осы екі тобының материалдарын біріктіру-жай ғана мәселе емес. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Әдетте қабылданған ресми материалдар баспасөз бетінде жариялауға негіз болды. Жарияланған нұсқау –құжаттарды (дерективалар) халыққа баспасөз өз материалдарымен түсіндіреді, насихаттайды, олар туралы пікір береді.

Мерзімді баспасөз жанрларын шамамен: ақпараттық, аналитикалық және көркем публицистикалық деп үш топқа бөлуге болады.

Баспасөздің ақпараттық жанры мақалаға, есеп беру құжатына (отчетқа), репортажға, сұхбатқа (интервъюге) негізделеді.

Мақала дегеніміз – фактілердің баяндалуы, баға берілмеген кейбір мәлеметтердің қысқаша жиынтығы. Е с е п б е р у құжаты оқиғаның толық баяндалуымен объектінің егжей-тегжейлі жете көрестілуімен (оқиғаға қатынасушылардың саны мен аты-жөні, сөйленген сөздердің мазмұнымен т.т.) сипатталады.

Репортажда автордың оқиғаға қатынасы айқын білінеді. Оқиғаны суреттеу репортажында автор документалдық дәлелдік пен көрнектіліктің үйлесіміне сүйенеді. Репортаж материалын дерек ретінде пайдалануда тарихшы автордың жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударуға тиісті.

Интервъю (сұхбат) оқиғаға екі адамның, журналист пен оның әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі. Бұл жанр оқиға туралы интервъю берушіден алынған қосымша мәлеметтерге көбірек сүйенеді. Бірақ фактілердің берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті болғандықтан, интервъюдің текстін мұқият талдау керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда ХІХғ соңы мен ХХғ басында шаққан мерізімді басылымдарды ата?

2. Мерізімді басылымда шығатын материал түрлері қалай аталады?

3. Мерізімді басылымдарды талдау жолдары қандай?

Тақырып 13. ХҮІІІ-ХХ ғасырға жататын Қазақстан тарихы жайында жазба деректері

 

Мақсаты: ХҮІІІ-ХХ ғасырға жататын жазба деректердің түрлерімен танысу.

Жоспар:

1. Қазақтан жайында ХҮІІІ-ХХ ғасырға жататын деректері.

 

ХҮІІІ-ХХ ғасырға жататын деректер формасы мен мазмұны бойынша бір неше топқа біріктіруге болады.

Бірінші топты қазақ даласында әр түрлі кезде болған саяхатшылар мен үкімет өкілдерінің жазбалары құрайды. Соның ішінде ерекше орында Иван Унковскийдін күнделіктері мен жол журналы жатады. Иван Унковский кезінде жонғар хұнтайшысы Цеван Рабданда болып келген адам. Оның естеліктері бізге жонғарлардын қазақ даласын жаулауда жасаған жорықтары мен жасаған істері жайында мәлімдеме алуға мүмкіндік береді.

Осы құжаттар тобының ішіне, «Памятники сибирской истории ХҮІІІ в» атты дерек жатады, онда қазақтар мен ресей арасындағы жонғарларға қарсы жасалған келісімдер жайында мәлімет бар. 1716 ж «Қазақ ордасының атынан сөйлеген Қайып ханның» елшілері сібір губернаторы Гагаринмен келіссөздер жүргізгені, Аякөз шайқасы сипатталған және Абылхайыр ханның 1718 ж орыс патшасына жазған хаты.

Сонымен бірге осы кезеңге «Разные бумаги» атты генерал-майор А. Тевкелевтін Орынбор өлкесі мен қазақ жүздері жайында жазылған сипаттамалары бар. Тевеклев қазақ даласында ең беделді орыс елшілерінің бірі ретінде, Кіші және Орта жүз қазақтарының орыс бодандығын қабылдаудын басында тұрған. Оның осы кездегі қазақ арасындағы болып жатқан, башқұрт, Еділ жағалауындағы халықпен арақатынастарын сипаттауы әсіресе құнды.

Екінші топқа, Кеңес дәуірінде «Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІвв» және «Казахско-русские отношения в ХҮІІІ-хІХ вв» атты деректер жинағы шыққан. Бұнда негізгі жинақталған материалдар Кіші және Орта жүздердін Ресейге қосылуы және Тевкелевтін іс шаралары, сонымен бірге, башқұрттардың Орта жүздегі Абылай ханға келген елшілігі жайында бар.

Біраз материалдар, қазақ хандары мен пугачев арасындағы келіссөздердін болғанын дәлелдейді. Әрине бұ жинақты жасау мақсаты, сол кездегі қазақтардын орыс патгалығына өз еркімен қосылуын дәлелдеу болғаны анық.

Үшінші топты ресми құжаттар құрастырады, онда 1731 ж бастап, патша үкіметінің заңдылық құжаттары мен ресми сапармен келген қызметкерлердің есептері жатады. Сонымен бірге, бұл топқа қазақ старшиндары мен билердің патша үкіметіне жазған әр түрлі шағымдарын жатқызамыз. Бұл құжаттар «Материалы по истории политического строя Казахстана» деген жинақта бар. Бұл жинақ бірнеше тараулардан тұрады. Тараулар кезеңдер мен ресми құжаттардын шығу уақытымен құрастырылған. Мысалы, бірінші тарауда, Қазақ хандығы мен Ресей патшалығының арасындағы бодандыққа кіру кезеңінен басталған құжаттар; екінші тарауда, Шекаралық сот пен расправа ісі жайында; үшінші тарауда, ХІХ ғ 60 жылдырынан бастап Сібір ведомстваның реформаға дейінгі кезеңі деп кетеді. Және бұл деректер жинағында, патша үкіметінің Қазақ даласында жүргізген реформалар толық берілген. Тағы бір, айтып кетер жағдай, бұл деректер жинағында Сырым Датұлының көтерілісі сипатталады. Көтерілістің себебтері, үйымдастырылуы, сипаты, қатысушы күштер аталған.

Төртінші топқа жататын деректер, ол қазақ даласына әр түрлі уақытта патша үкіметімен жіберілген экспедициялар құжаттары жинақталған. Әсіресе 1768-1774 ж Қазақ және Сібір жерін зерттеу үшін жіберілген экспедициялардын құнды мәліметтері, әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.

1930 ж кеңестік тарихнамада алған бағыттардын бірі, ол ұлт –азаттық қозғалыстар жайында архивтік материалдарды жинақтау болып келді. Нәтижесінде, Бөкей ордасында болған көтеріліс жайында архивтік материалдар жинағы толық шықты, оның атауы «Национально-освободительное движение казахов в 1830-1838гг(документы, материалы, статьи)». Кенесары көтерілісі туралы деректер жинағы бертінде шықты, оның атауы «Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова», бұл жинақта 1837-1855 жж архивтік құжаттары жарияланған. Жинақта көтеріліс сипаты, белсенді қатысқан рулардын атауы, Кенесарының император Николайға жазған хаттары келтірілген.

ХХғ 80 ж Қазақстан тарихының деректану қоры Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар жайындағы деректер жинағымен тлықтырылды. Ол «ХҮІІІғ екінші жартысы мен ХІХ ғ бірінші ширегіндегі қазақ хандығы мен Цин империсы» атты жинақпен шықты.

ХІХ ғ деректану қорын Ш. Уалихановтын «Шығармалар жинағы», Ы. Алтынсариннің «3 томдық шығармалар жинағы», М.С. Бабаджановтын «Лошади и их испытание во внутренней орде», «Коневодство у киргизов»; К. Халидидің «Таварих и Хамса», С. Жанториннің «Очерки киргизского коневодства» т.б еңбектері толықтырды. Бұлардын еңбектерінде қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен шаруашылығы, әлемге деген көзқарасы сипатталады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан тарихының жаңа заман кезеңіне жататын қандай деректері бар?

2.ХХғ жататын Қазақстан жайында деректерге сипат бер.

3. ХҮІІІ-ХХғ жататын деректерді топтастыр.

Тақырып 14. Ауыз тарихы мен әдебиеті

 

Мақсаты: Қазақ халқына тән ауыз әдебиетіне сипат беру және тарихи дерек көзі ретінде қарастыру.

Жоспар:

1. Қазақ халқының ХҮІІІ-ХХғ ауыз әдебиетінің дамуы.

2. Ауыз әдебиеті тарихи дерек ретінде.

3. Шежіре тарихи дерек ретінде.

 

Қазақ халқының рухани мәдениетінің, ауыз әдебиетін жинап зерттеуші алғашқы ғалымдардың бірі-Шоқан Уәлиханов (1835-1865ж).Оның ғылыми мақалалары Орыстың географиялық қоғамының «Запискаларында» басылып тұрды. Қайтыс болғаннан кейін, Орыстың географиялық қоғамы оның еңбегін жинастырып, өз алдына кітап етіп бастырып шығарды.

Шоқанның тарих, этнография тақырыбына жазған «Жоңғар очерктері», «Қырғыздың ата тегі», «Қырғыздар арасындағы шамандықтың қалдықтары», «Шора батыр», «Тәңір шамандары туралы» және басқа да еңбектерінде қазақ халқының ауыз әдебиеті материялдары көптен пайдаланылған.

Ш.Уәлиханов ауыз әдебиеті шығармаларының мазмұнын өмірде болған тарихи шындық деп біліп, жазулары болмаған көшпелі халықтар мен тайпалардың тарихы үшін негізгі дерек деген тұжырым жасаған.

Қазақ әдебиетінің нұсқаларын жинауда орыс ғылымы елеулі үлес қосты. Орыс археологиялық қоғамының Шығыс бөлімі, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы, әсіресе орыстың географиялық ғылымының көптеген бөлімдері мен бөлімшелері таңдаулы ғылыми күштерді топтастырды. Олар материялдар жинауға арналған экспедициялар жабдықтады.

Ресей Ғылым академиясының сериялық басылымдары мен журналдарында («Археология, тарих және этнография қоғамының хабары», «Жаратылыс, нтропология және этнографиямен әуестенушілер қоғамының хабаршысы», «Орыстың археологиялық қоғамы Шығыс бөлімінің жазбалары», «Этнографиялық шолу» т.б) жие басылып тұрған. Осы ғылыми қоғамдардың үлісімен Ташкентте, Орынборда, Семейде, Верныйда(Алматыда) Орынбордың ғылыми архив комиссиясы мен Түркістандық археологиямен әуестенушілер үйірмесі сияқты ғылыми үйірмелер, қоғамдар және комиссиялар пайда болды. Орыс географиялық қоғамының Семей, Орынбор, Түркістан және Батыс Сібір бөлімдері мен бөлімшелері де қыруар жұмыстар атқарған.

Қазақтың ауыз әдебиетінің материялдары орталық және жергілікті журналдар мен газеттердің («Вестник Европы», «Русский вестник», «Отечествененые записки», «Дала уалаяты», «Тургайская газета» және облыстық түрлі ведомстволар т.б) арнаулы жинақтар шыға бастады.

Фольклор және этнография материялдарын сақтайтын архивтер құрылды(Петербургте Азия музейі, Петербургтің Орыс географиялық қоғамына қарасты Қазандағы Археология тарих және этнография архиві, Орынбордағы Ғылыми архив комиссиясы) арнаулы жинақтар шыға бастады.

Шежірелердің тарихи деректік сипаты.

Қазақтардың жаңа заман тарихы көбінесе шежіре арқылы зерттеледі. Дәстүрлі қазақ шежіресінің ғылыми дерек ретінде қалыптасуы ХІХғ екінші жартысы мен ХХғ басына жатады. Ауызша таратылған шежіре, жазба түріне көшуі Машхур Копеев, Шакарім Құдайбердиев, Нуржан Наушабай, Қурбанғали Халид, Мухамеджан Тынышбаев, Алихан Бокейхановтын еңбектеріне байланысты. Көшпелі қоғамның тарихи білімінің қалыптасуы, басқа өркениетпен салыстырғанда өте ерекше. Мысалы, христиан мен мұсылман әлемінде тарихи ақпарат тархи кезеңмен байланыстырылса, көшпелі қоғамда, ол тарихи тұлғамен бекітіледі. Шежіреде басты орынды-тұлға алады. ХҮІІІ және ХХ ғасырлар, қазақ тарихында тұлғалардын жасаған іс-шараларымен белгілі.

Қазақ халқы тарихының ертедегі дәуірін зерттеуде шежірелер ерекше орын алады.Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде беріліп келе жатқан тарихи шығармалар-шежірелер ел арасында осы күнге дейін сақталып келеді.

Қазақтар ішінде әрбір отбасының өз шежәіресі болуымен бірге, әр ру, тайпа және жүзді өз шежірелері болады.

Ресми шежірені тарих ғылымының бір тармағы деуге болады. Дегенмен, қазақ елі шежірені тарихи фактілер тізімі ретінде емес, тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деп те таныған. Оған шежіре алғашқы бетте ресми тарих ретінде жазылғанмен, кейін оның таратушы-айтушылардың бірте-бірте әдеби өңдеулеріне түсіп, кәдімгі тарихи жыраға айналып кетіп отырғаны себеп болған. Бірақ баяндауы біршама көркем тіл стиліне көшкенмен, шежіренің негізгі сюжеті, тарихи фактілері көбіне дерлік өзгеріске түспей, сол күйінде сақталып қалып отырған.

Шежіре, жазушылар белгілі бір мағынада өз заманының тарихшы-ғылыми, саяси қайраткері сияқты болды. Олар сан алуан тарихи құжаттарды, өздерінен бұрын жазылған жылнама-шежірелерді жинақтьап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қосып отырды. Шежірелер бірнеше дана етіліп көшірілген. Көп қолжазба-кітаптар осылайша пайда болды. Бұл шежірелерде белгілі жүз, тайпа олардың қандай аталар мен ұрпақтардың таралғаны айтылуымен қатар, сол замандардағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, ірі-ірі тарихи оқиғалар, елдің бір жерге қоныс аударуы,бір ел мен екінші елдің арасындағы қарым-қатынастар, елжұртына еңбегі сінген тарихи адамдар: хандар, батырлар, билер, шешендер, ақын-жыраулар және олардың ел есінде қаларлық деректер сақталып отырды.

Сондықтан шежіре-құрғақ хронология немесе адам аттарының жалаң тізімі емес, ол-ұрпақтардың өткен өмірінен алуан түрлі тарихи мағлұматтар беретін құнды дерек. Шежіре деректері ру мен тайпалардың, жүздердің өзара, сол сияқты қазақтардың көршілес елдермен арасындағы қарым-қатынастары, қандастық, туысқандық жөн-жоралғы, әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалық, нормаларынан да мәліметтер береді. «Шежіре» деген термин арабтардың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген ұғымнан туындап, рудың, тайпаның, бүкіл бір халықтың шығу тегін, таралуын баяндайды.

Шежіре-ерекше этномәдениеттік құбылыс. Ол-көшпелі этностардың қоғамдық-саяси жүйесінің бір бөлігі ретінде қазақ халқының өміріне негізделіп қоғамдық сана-сезіммен қалыптасқан дерек.

Шежіренің идеологиялық функциясы – халықты біріктіру, татулық пен ынтымақтастықты сақтау, мысалы мына халық аузында қалған шежіре үзіндісінде осы ой жақсы байқалады:

Руын – қазақ халқы, ұранын – Алаш!

Патшамен болған бастас, ханмен жолдас.

Өскенбіз Алаш ұлы бір ұядан,

Кемеңгер кеңес шыққан қариядан.

Көргенде бір біріңді мейірбан бол,

Қозыдай енесіне жамыраған.

Боларсың бірін артық, бірін кемде,

Бірінді бірін сүйе сүрінгенде.

Ынтымақ ауызбірлік етіп жүрсең,

Аз да болсаң тұрарсың азулы елге.

Еш уақытта кісі қақысына көзің салма,

Атаңа лағнат деген сөзге қалма.

Сұлтандық жеке жүріп өнер деме.

Жат жұртқа сүйек, тамыр бола көрме!

Ұмытпа қазақ «Алаш» ұраныңды,

Қойныңнан үзе көрме құраныңды.

Үйде бол, қырда бол,

Бір құдайға пенде бол.

Күн бар ма Қаратауға жиылатын?

Атаның татқан суы бұйыратын?

Оңдасын бір құдайым істің артын,

Жаратқан Аллаһ болсын сиынатың.

Дегенге Алаш ұлы кім нанады,

Хандардың қазынасы болған қазақ!

Шұбырып тозып жүрсің аш-жалаңаш,

Қай жерге болып кетесін күлкі-мазақ!

Қалады қандай жерде сүйек, жайын?!

Ұғып ал осы сөзді, миы барың!

Баршаңды асырайтын жалғыз Алла.

Сенбендер сірә зенһәр бөтен жанға!

Сіздерге айтатын насихат бұл.

Құдайым әр не салса шүкірлік қыл.

Қазақтың үш жүз баласының,

Ақтабан шұбырындыда сөйлегені бұл [14].

 

Көп заманнан бергі жазба түрге түсірілген шежірелерден қазақ ойшылдарының жақсы білгендерінің алғашқысы - Иранның ғұлама ғалымы, тарихшы Рашид ад-Диннің(1247-1318) парсы тілінде жазылған «Жами ат-тауарихы»(«Жылнамалар жинағы». Бұл шежіре Монғолдардың, Шыңғыс ханның және моңғолдар құрған мемлекеттердің тарихына арналып парсы, моңғол, қытай елдері ғалымдарының қатысуымен жазылған. Сонымен бірге онда моңғолдар жаулап алғынған дейінгі мұсылман елдерінің халықтары туралы да мол ақпарлар берілген. Атап айтқанда, «Жами ат-тауарихта» үйсін, қаңлы, арғын, дулат жалайыр, найман, керей, қыпшақ, қоңырат т.б ру-тайпалары, олардың елдерінен өзара және моңғолдармен, қытайлықтармен қарым-қатынастары сөз етіледі.

XVI ғасырдың 40-шы жылдары парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» шежіресінің қазақ халқының тарихына тікелей қатысты бар дерек. Оның авторы-Жетісудың ертедегі Дулат тайпасының әмірі Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551). Шығармада, негізінен, XIV-XVI ғасырларда Моңғолстан мен Қашғарияда болған тарихи уақиғалар баяндалады, қазақ тарихының көптеген мәселелері туралы құнды материялдар берілген. Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуының себептері, қазақтардың этникалық атаулары туралы Мұхаммед Хайдардың пікірлері хабарланған. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы кезендеріндегі қазақ хандары туралы кейбір мағлұматтар келтіріледі.

Бұл шығарманың қазақ тарихына қатысты материялдарын орыстың шығыстанушысы В.В.Вильяминов-Зернов –(1830-1904) орыс тіліне аударған.

Қазақ тарихының ертедегі дәуірінің құнды деректеріне толы «Тарих-и Рашиди» шежіресіне назар аудару XIX ғасырдың аяғында басталды. Англияның көрнекті тарихшысы Э.Денисон Росс (1871-1940) оны ағылшын тіліне аударып, 1895 ж. Лондонда бастырып шығарған.

Бүгінгі күнге келіп жеткен ертедегі қазақ шежірелерінің алғашқыларының бірі-орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайырдың (1530-1605) «Жами ат-тауарих» атты шежіресі

Бұл еңбек «Шежірелер жинағы» деген атпен шағатай тілінен алғаш рет қазіргі қазақ тіліне аударылып, баспадан 1997ж.жарық көрді.

«Жами ат-тауарихты» Ш.Уалиханов сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVII ғасырлардағы тарихи аңыздардың жиынтығы деп таныған. Кейін ол «Бабыр-наме»мен «Тарих-и Рашидиді» де терең оқып, өз еңбектерінде олардың деректерін пайдаланған.

ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрамын зерттеп, қазақтың шежіресін жазған тұңғыш ғалымдарының, бірі Әлихан Бөкейханов (1870-1937) болды. Оның Павлодар, Қарқаралы, Адай уездерін мекендеген қазақтар туралы шежіресі Ф.А.Щербина экспедициясы «Материялдарының» IV(1903ж) және VI(1903ж) томдарында жарияланады.

Ә.Бөкейхановтың шежіресін кейін баспадан Нұржан Наушабайұлының «Манзумат қазақиясы»(Қазан, 1903); Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі»(Орынбор 191); Ғұсманғали Садықовтың «Қырғыз-қазақ шадманиясы» (Уфа, 1914) атты еңбектері шықты.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресіндегі» материялдары, автордың ойлары мен жасаған тұжырымдары үлкен ізденістен туған ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы деуге болады. «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып-деп жазады Шәкәрім,-көп уақыттан бері және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым.Оқыған кітаптарының мұсылманшасы: «Тәбри-тарих ғумуми», «тарих ғусмани», «тарих антшар», Нәжип Ғасымбектің «Түрік тарихы», Аду Абылғазы Баһадұр ханның жазған «Шежіре түрік» және һәр түрлі кітаптардан алынған сөздері, орысша кітаптардан оқығаным: Радловтың «ұйғыр туралы», Аристовтың «Түркі нәсілі туралы». Дүниедегі һәр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежіре кітаптары «Құтадғу білігі», «Қошу чидам», деген кітаптардың сөздері және қытайдың Юуан-Шауу ми-ши жазушысының сөзі және араб-парсы, Еуропа жазушыларының сөздері».

Шәкәрімнің өз шежіресінде сипатталған тарихи оқиғаның бір көрінісін келтіруге болады. Ол, өз дерегінде: «1741ж Қалден Серен Ташкентте болып, өз нүкері Жалбыны қазақтын сұлтаны, оның баласы Шарышты өлтірген Абылайды ұстауды талап етеді. Қолға түскен Абылайға Қалден Серен мынандый сөз айтады: Мен сені өзімнің балам Шарыш үшін өлтіремін. Ажал алдында соңғы өтінішін қандай? Сонда Абылай былай депті: Тақсыр, өтінетін үш тілегім бар. Біріншісі, мен Шарышты жекпе- жекте өлтірдім, ал сендер мені ұйықтап жатқан жерден ұстадындар. Екіншісі, менім халқым көшпелі. Өз халқымды жер өндеуге үйреткім келіп еді. Үшіншісі, менім руымда әр атадан бір үрпақ қана туып отырыпты, егер мен өлсем менім руым үзіледі». Бұны естіген Қалден Серен көп отырып, өзінің уәзіріне, өз тілінде былай депті: «Мендн, өз руымның соңғы ұрпақтарының бірімін, егер менің ұлым Амурсанамен бір жағдай болса, менің руым тоқтайдығой». Естіп отырған Абылай: «О, Алдияр, мен өз балңызбан теңестіргеніңіз үшін мен еркндік сезіндім» депті. Бұл сөз Қалден Серенге ұнап, ол Абылайды өзінің баласы Маірсанамен достастырып, өз еліне жіберген. Шәкәрімнің еңбегінен алынған бұл үзінді, сол кездегі қоғамдық, саяси өмірді сипаттайды.

Тоқсан жыл өткеннен соң Әлихан Бөкейхановтың шежіресі 1995 жылы екінші рет жарық көрді.1990 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі»(қазақ,орыс тілдерінде)1993жылы Мүшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», Мұқаметжан Тынышбаевтың және т.б еңбектері қайта басылып шығарылды.

Сонымен қатар өткен заманның шежіре материялдарының негізінде шежірелердің жаңа нұсқалары да жасала бастады. Олардың қатарына Серғали Толыбековтің «Қазақ шежіресі»(Алматы,1992), Бейсенбай Жарылғаповтың «Қазақ шежіресі»(Алматы,1994ж), Хамит Мадановтың «Кіші жүздің шежіресі»(Алматы,1994ж) т.б жатады.

ХҮІІІ ғасырға ауыз әдебиетінің тағы бір түрі, - толғаулар жатады. Қазақ жыраулары - Ақтамберді, Татиқара-ақын, Умбетей-жырау, Бухар-жырау, Көтеш-ақын, Шал-ақын өз шығармаларымен көшпелі халықтын әлеуметтік идеологиясын қалыптастырған.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің тағы бір түрі, ол айтыстар. Бұл жанырдын өкілі ретінде- ХІХ ғасырдын айтыскері ретінде Дулат Бабатаевты алуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауыз әдебиетіне не жатады?

2. Шежірелердін түрлерін ата.

3. Шежірелердін деректік мәні неде?

Тақырып 15. Кеңес дәуірінде Қазақстанның қоғамдық өмірін реттеген заң деректері

 

Мақсаты: Казіргі кезде пайда болған заң деректерімен танысу, сипат беру.

Жоспар:

1. Жаңа заман Қазақстан тарихының деректері.

2. Қазақстан Социалистік Республикасының деректері.

3. Кеңес заманындағы деректер түрлері, зерттеу проблемасы.

 

Кеңес өкіметінің заңдарының материалдары Кеңес мемлекеті тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіп, оның принциптерін ашуға мүмкіндік береді. Заңдар мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық негізін зерттеудің негізгі деректері болып табылады. Олар өкімет еркі мен саясатының реалды өмірде жүзеге асырылуын көрсетеді. Заңдар мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдардың құқық тәртібінің ережелік нормаларын анықтайды.

Кеңес мемлекетінің тарихы «социалистік» деп аталған қоғамдық құрылыспен тығыс байланысты болды. Кеңес тарихнамасы бойынша, ол үшін дәуірмен сипатталады: біріншісі – капитализмнен социализмге өту кезеңі. (30 жылдың ортасына дейін), екіншісі –«социализмнің толық және түпкілікті жеңісінің», үшіншісі –«дамыған социализм» дәуірлері. Бұл дәуірлер мемлекет құрылысындағы ерекшеліктермен (мысалы, КСРО-ның құрылуы) немес мемлекеттік басқару жұмысы тәсілдерінің өзгеруімен (мысалы, азамат және Ұлы Отан соғыстары уақытында) сипатталатын кезеңдерден тұрды.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарының заңдық актілерін Советтердің бүкілресейлік съезі, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті (ЦИК) мен РСФСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі (Совнарком) қабылдады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, Ресей империясының шет аймақтарында Кеңестер съезінің, республикалардың Орталық Атқару Комитеттері мен олардың үкіметінің заңдық актілері түріндегі өздерінің шығару ісі қалыптасты.

1924 жылғы Конституция бойынша заң шығару жұмысын КСРО Советтерінің съездері, КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумы, КСРО-ның Халық Комиссарлар Советі және осыларға сәйкес одақтық, автониялық республикалардың жоғарғы органдары атқарады. 1936 жылғы Конституция негізінде заңдар КССРО-ның Жоғарғы Советімен (соған сәйкес одақтық және автоноиялық республикалардың Жоғарғы Кеңестерімен) қабылданды. Осы заңдардың негізінде өкіметтің басқа органдары нормативтік актілерін, яғни негізінен заңдардың орындалуына арналған құжаттарды, жариялап отырды. Заң шығарудың мұндай тәртібі 1977 жылғы қабылданған Конституцияға дейін сақталды.

Көрсетілген кезеңдерде, әсіресе заң актілерінің дайындалуы мен жариялануының өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында заң актілерін әскери-ревалюциялы

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Методика синтеза модального регулятора | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1027; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.222 сек.