Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Парламенттік режим

Президенттік режим

Президенттік режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады.

Парламенттік режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы бар; және т.б.

Маңызды қызығушылық қазіргі демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді: Ол А. Лейпхарттың «вестминистерлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы.

Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжирибесінде атқарушы биліктің концентрациясын сипаттайды (бір патиялық кабинет немесе «таза көпшілік кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметрикалық екіпалаталы парламент; партиялырдың біртүрлілігі; плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық және орталықтанған басқару;

парламент суверениеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде бар.

Негізгі әдебиеттер: 1,2

Қосымша әдебиеттер: 4,5

 

4 тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі

Дәріс жоспары:

1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.

2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.

3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.

 

1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.

Басқарушылық тәжірибеде басқарушылық қызметті жүзеге асыру негізгі 2 бағытта дамыды: 1) Мемлекеттік басқару; 2) Қоғамдық басқару. Олар өте тығыз байланысады, бірін-бірі толықтырады және бірегей басқарушылық «қалыпқа келтіруді» құрайды, әлеуметтік жүйені толығы мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Дәл сол уақытта мемлекеттік және қоғамдық басқару өзара бөлінеді. Алайда қоғамдық органдардың басқарушылық қызметінің көлемі және сәйкесінше мемлекеттік аппарат қызметі жетекшілік етуде ұйымдастырудың әртүрлі деңгейінде орналасқан. Мемлекеттік басқарудың маңыздылығы әлеуметтік рөлі мен қоғамдағы мемлекеттің орнынан бастау алады. Тек қана қоғамдық өмірдің қайта құруда экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар, әлеуметтік үрдістердің кешенін жалпы реттеуде, мемлекеттің алатын орны зор. Мемлекет экономика салаларымен, әлеуметтік қабаттар және жалпы қоғам масштабында әкімшілік-саяси құрылыс арқылы басқаруды қамтамасыз етеді. Азаматтардың қоғамдық бірігуінде басқару, осы ұйымның масштабымен шектеледі. Мемлекет (оның мекемелері орнында) көптеген және күрделі қоғамдағы қызметтерді атқарады, соған байланысты әлеуметтік жүйені басқару оның жүрегі болып саналады.

Егер мүмкін емес іс демесек, онда әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқарудағы мемлекет ролінің сандық айтылуы тіпті қиын. Ол соншалық кең және көп бейнелі, өйткені оны қандай да болмасын, сандық немесе статистикалық бірліктерінің өлшемдерімен көрсету мүмкін емес. Үкіметтің қамқорлығымен өндірілетін ұлттық өнімнің көлемін, мемлекеттік инвестициялардың меншікті салмағы мен абсолюттік өлшемдерін, білім мен ғылыми зерттеулерді, халықтың, жоқ-жітік топтарына әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтауды және сол сияқты дұрыстығын анықтау мүмкін. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау, жұмысшылардың еңбегі мен денсаулығын қорғау, тұтынушылардың мүдделерін қорғау, экономиканың белгілі салаларында баға белгілеу үшін бақылау мен бос жұмыс орындарына бірден кіргізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекет шараларының пайдалы коэффициент әсерін өлшеу мен нақты анықтау күмәнді. Бір жағынан, мемлекет құқықтық нормалардың және «ресми (заңды) зорлық-зомбылық» пайдаланудың көмегімен елге қажетті тәртіп белгілейді және қуаттайды. Екінші жағынан, ол өзі қоғамға бағынады, қоғамға қызмет көрсетеді, қоғаммен сайланады. Басқаша айтқанда, кез келген қоғамда қоғам мен мемлекет арасында пайда болатын өзара іс-қимыл болады, оның сапасы мен деңгейі басқару саласындағы саясаттың тиімділігімен анықталады. Қоғам мемлекетке тәуелді, онсыз екеуі де өзінің тиімді қалыптасуына, ал экономика азды-көпті тұрақты пайдасына кепілдік бере алмайды.

 

2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.

Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мұмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті жағдайларын да ескерген жөн. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр. Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзен: «мемлекет түсінігін анықтаудағы қиыншьылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі» деп атап өтеді.

Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның қандай да бір ерекше нысанын айтады. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субъектілері, ұлттар, белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.

Қазіргі заманғы мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып, олар оны бірнеше мағынада, атап айтқанда, зандық, әлеуметтік, нормативтік және органикалық мағынада қарастырады. Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға, «құқықтық феномен», ерекше корпорация ретінде қарастырылып, басқа корпорациялардан тек ұлт немесе ел масштабында белгіленген қүқықтық тәртіппен ерекшеленеді. Осыған сәйкес мемлекет мәселелері белгілі жағдайда ұлттық қүқықтық тәртіп мәселелері ретінде қарастырылып, адам-дардың дұрыс іс-әрекетін және тәртібін бейнелейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.

Мемлекет пен құқық арасындағы қатынастар жеке адам мен құқық арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады. Бүл Кельзеннің ойы бойынша мемлекет құқықты шығаруы

мен бекітуіне қарамастан, жеке тұлға ретінде өзінің тәртібі мен іс-әрекетінде қүқықпен байланысты болу қажет екендігін білдіреді.

Әлеуметтік аспектіде мемлекет өзінің қүқықтық тәртібі мен құқықтық өміріне тәуелсіз болатын небір «әлеуметтік жалпыға бірдейлілік», әлеуметтік қоғам болып саналады және оған (оның пайда болуы және қызмет ету кезінен бастап) түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты тән. Автордың көзқарасы бойынша «барлық іс-әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын және билікті де өз қолында шоғырландыратын бір де бір мемлекет жоқ». Қоғамда әр кезде бірнеше әкімшілдік құрылымдар болған және бар. Олардың қызметінің нәтижесіңде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап, басқару мен бағындыру актілерінің көбі пайда болды. Ал олардың жиынтығы «әлеуметтік мемлекет» деген ұғымды білдірді.

Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.

3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.

Мемлекеттік басқару – көптеген әр түрлі функцияларды орындауға талапталған күрделі институт. Ол мемлекеттік-әкімшілдік, мәдени-әлеуметтік және өндірістік құбылыстарды, сонымен бірге табиғи, экономикалық, техникалық және басқадай құбылыстарды қамтиды. Көптен көп, қазіргі жоғары дамыған қоғамдарда басқарудың көп деңгейінің жүйесі құрылады, оған жататындар: 1)дәстүрлі адамдық қатынастар (жанұя); 2)кәсіпшілдік қатынастар; 3)нарықтық (бәсекелестік) қатынастар; 4)мемлекеттік реттеу; 5)идеологиялық қатынастар мен жаппай ақпараттық құралдар.

Осының барлығын есептегеннің қажеттісі, мемлекеттік басқарудың әр түрлі органдарының тік және көлденең өзара қатынастарының сипатын анықтайтын үйлесімдері, құрылымдық кепілдері көптеген оъективтік және субъективтік факторлармен ескеріледі. Сондықтан таңданатыны жоқ, өйткені әр түрлі мемлекеттерде олар өзіндік өзгешеліктерімен болады. Мемлекеттік басқару жүйесіне мемлекеттік биліктің басқару түрін, қызметін, құрылымын және басқадай өлшемдерін таңдау елеулі әсерін тигізеді. Басқару түрінен және оның қызметіне әжептәуір дәрежеде әртүрлі мемлекеттік органдардың тиімді қызмет істеуі байланысты болады.

Қазіргі жағдайда сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының қызметінің күрделілігі мен құқықтық реттеу көлемі, оған сәйкес жекеленген лауазымды адамдар мен әкімшілдік мекемелердің жазылған құқықтық нормалардың бұзылуының саны өседі. Саяси плюрализм ұсынылатын шаралардың тиімділігін күшейте отырып, қабылданатын шешімдердің сипатына әсер етеді. Ол әртүрлі түрдегі ықпалды мүдделі топтардың саяси әсерін күшейтуге әкеліп соғады.

Мемлекеттік басқарудың мәні оның ұйымдастырылуының мақсатының, қызметінің қағидаларында, басқару үрдістерінде, қызмет сипатында, ставкасы мен динамикасында, көлденең және тік құрылымында ашылады. Осы элементтердің әрбіреуі азды-көпті күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйелер өзара тығыз байланыста және олардың қандай болмасын бірінің өзгеруі немесе жаңаруы басқаларында сондай не басқадай өзгерістер туғызуы мүмкін. Олардың бәрі жиынтық жүйе құрайды. Әрбір элементтерді жеке алып қарауға және жүйеден бөлек бағалауға, талдауға болмайды.

Егер мүмкін емес іс демесек, онда әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқарудағы мемлекет ролінің сандық айтылуы тіпті қиын. Ол соншалық кең және көп бейнелі, өйткені оны қандай да болмасын, сандық немесе статистикалық бірліктерінің өлшемдерімен көрсету мүмкін емес. Үкіметтің қамқорлығымен өндірілетін ұлттық өнімнің көлемін, мемлекеттік инвестициялардың меншікті салмағы мен абсолюттік өлшемдерін, білім мен ғылыми зерттеулерді, халықтың, жоқ-жітік топтарына әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтауды және сол сияқты дұрыстығын анықтау мүмкін. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау, жұмысшылардың еңбегі мен денсаулығын қорғау, тұтынушылардың мүдделерін қорғау, экономиканың белгілі салаларында баға белгілеу үшін бақылау мен бос жұмыс орындарына бірден кіргізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекет шараларының пайдалы коэффициент әсерін өлшеу мен нақты анықтау күмәнді. Бір жағынан, мемлекет құқықтық нормалардың және «ресми (заңды) зорлық-зомбылық» пайдаланудың көмегімен елге қажетті тәртіп белгілейді және қуаттайды. Екінші жағынан, ол өзі қоғамға бағынады, қоғамға қызмет көрсетеді, қоғаммен сайланады. Басқаша айтқанда, кез келген қоғамда қоғам мен мемлекет арасында пайда болатын өзара іс-қимыл болады, оның сапасы мен деңгейі басқару саласындағы саясаттың тиімділігімен анықталады. Қоғам мемлекетке тәуелді, онсыз екеуі де өзінің тиімді қалыптасуына, ал экономика азды-көпті тұрақты пайдасына кепілдік бере алмайды.

Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:

- елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі

бағыттарын жоспарлау мен даярлау;

- адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе

ұйымдастыру;

- қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;

- еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;

- ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;

- барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;

- әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,5

Қосымша әдебиеттер: 6,7

5 тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі

Дәріс жоспары:

1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері

2. Мемлекеттік билік түсінігі.

 

1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері

Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және ішкі үрдістерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады. Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз етеді.

Алдымен мемлекеттік басқарудың мақсатын ерекше атап өту керек. Берілген мақсат мемлекет және қоғамның стратегиялық бағытының дамуын білдіреді. Ерекше әлеуметтік маңызын ескере отырып, стратегиялық мақсат Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Берілген мақсат қоғаммен бекітілген, өйткені Конституция халықпен 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Халық мемлекет билігінің қайнар көзі ретінде республикалық референдум арқылы оны іске асырады және өзінің қатынасы арқылы мемлекет дамуының стратегиялық бағытын анықтайды.

Сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның болашақтағы жағдайын анықтайды.

Стратегиялық мақсат жоғарғы заңдық күшіне ие болады және басқа деңгейдегі мақсаттарды қалыптастыру негіз болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың негізгі функционалдық құрылымы бойынша мемлекеттің функциялары заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылауды жатқызады.

Келесі басқару функциалары былай бөлінген: ұсыныс (басқару жүйесі), жоспарлау, кадрларды қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Берілген функциялардың мазмұнды талдау арқылы мемлекеттің әлеуметтік үрдістерге қатысты оның мінезін типтік көріністі, басқару ізбасарды алуға болады.

Ұйым, құрылым жұмысын еңгізеді және мемлекет басқару субъектісінің құқықтық мәртебесін (мемлекеттік органдардың), қоғамдық жүйе объектісінің құқықтық мәртебесін анықтайды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілердің арасындағы өзара байланысын қалыптастырады (басқару үрдістерін).

Жоспарлауға алдын-ала белгіленген шаралардың жүйесі, тәртіпті сақтау, жұмыстық қорытынды түрін және орындалу уақыты кіреді.

Жоспарлау 2-ге бөлінеді:

1. болжау;

2. жобалау.

Болжауға арнайы ғылыми зерттеулердің негізінде қоғам жұмысының дамуы жатады.

Жобалауға мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше мақсатын жүзеге асыруға байланысты шаралардың жүйесін қалыптастыру үрдіссі жатады.

Кадрлық қамтамасыз етуге мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды тиімді қолдану, бөлу, дайындауға байланысты сұрақтардың жиынтығын шешу жатады.

Реттеу қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, адамдардың және олардың ұжымдарының мүмкін болатын және міндетті әрекеттерінің шегін анықтайды.

Әсіресе құқықтық реттеуді бөліп қарастыруға болады. Азаматтардың тәртібін заңдық нормалар арқылы мемлекет жүзеге асырады. Сонымен қатар, құқықтық реттеу пәнін анықтайды, әдісін реттейді, қоғамдық қатынастардың, субъектілердің құқықтық жағдайын және құқықтық қатынастарын қалыптастырады.

2.Мемлекеттік билік түсінігі.

Билік жалпы түрде субъектінің (индивидтердің, ұйымдардың, ұжымдардың) басқа субъектінің тәртібін (жеке адамның, ұжымның, ұйымның) еркін жеке пайдасына не басқаның назарына бағындыру қабілеттілігі.

Билік құбылыс ретінде мынандай белгілермен сипатталады:

Билік әлеуметтік құбылыс, яғни қоғамдық;

Билік қоғамның барлық даму кезеңдеріндегі белгісі болып табылады.

Билік қоғамның тұрақты қосағы, себебі қоғамның өзі күрделі ұйымдасқан жүйе (әлеуметтік организм), ол әруақытта басқаруды қажет етеді, яғни жүйені жөнді қызметке қабілетті жағдайда болуын қолдау үрдіссін тәртіпке салу - қызмет істеу жағдайлары. Генезис көзқарасынан (пайда бөлу) қоғамды басқару қажеттілігі, онда мынадай феноменнің болуын қамтамасыз етеді, яғни биліктің. Бірақ керісінше емес, әлеуметтік үрдісстерді тәртіпке салу көзделіп жүргізіле бастағанда, себебі қоғамда билік және оның орындаушылары пайда болды. Билік әлеуметтік басқарудың нақты құралы себебі басқару тек әлеуметтік емес, көбінесе техникалық, яғни техникалық жүйені басқару (мысалы автомобиль жүргізу). Сонымен, басқару - өте үлкен (кең) құбылыс, таза әлеуметтік құбылыс болып табылады. Оның мәні биліктің белгілерінде толығырақ көрсетіледі.

Билік қоғамдық қатынастардың қалпында ғана өмір сүре алады, яғни адамдар арасындағы қатынастарда (жеке адамдардың олардың ұжымдарының, басқа да әлеуметтік құрылымдардың). Билік қатынастары адам мен заттың жне адам мен жануардың арасында болуы мүмкін емес (тіпті жануарлар адамдардың меншігінде болса да және оның болашағымен басқаруға құқығы болса да). Осындай қасиетгер биліктің келесі ерекшеліктерінің сипатына байланысты қамтамасыз етіледі.

Билікті іс жүзіне асыру интеллектуальды — ерекші үрдісс, билік импульс, билік ететін субъектіден шығатын, алдымен бағынушының еркін және тәртібін анықтаудан (камтамасыз ету, белгілеуден) бұрын, олар саналы түрде оны қабылдауы керек (түсінуі керек). Осыған байланысты билік катнасының субъектісі бола алмайтындарға санасы мен еріктерінің бұзылғандары жатады.

Қоғамдық қатнастардың қалпындағы биліктер өмір сүреді жэне іс жүзіне асырылады, коғамдык қатнастардың түрлеріне жатады және билік қатынастарының айтары бар. Билік қатнастары әруақытта екіжақты қатынастар, біреуі билік субъектісінен (билік етуші) субъектіден, ал екіншісі — билікке бағынушылар. Жалпы әлеуметтік тұрғыдан олар нағыз субъектілер, яғни санасы және еркі бар адамдар, дегенмен нақтылы билік катнастарында билікке бағынушы субъектілер билік етуші субъектінің билік ықпалын жүргізетін объект ретінде болады.

Биліктің маңызды белгілеріне оның әр уақытта өз күшіне негізделгендігі жатады. Нақтылы күштің болуы әрбір субъектінің билеушілік санасын белгілейді. Билік күшінің әртүрлі табиғаты болуы мүмкін: ол дене күші, мылтықтың күші (шоқпар, мылтық, атом бомбасы), интеллекіуальды күш, бедельдік күш, сеңціру, эстетикалык ықпал жасау (сүлулық ықпалы) т.с.с. Соған байланысты күшті мәжбүрлеумен ауыстыруға болмайды: «күштің беделі» және «беделдің күші» - бүлар әртүрлі заттар. Мәжбүрлеу алдын-ала субъектінің еркіне қарсы ықпалды дене күшін жұмсау арқылы жүргізуді болжайды не сондай корқыту арқылы мәжбүрлейді. Мұнда «қыстау» түсінігі төлеміне карай «мәжбүрлеуден» кендеу. Қыстау мәжбүрлеумен әр уақытта байланыста емес: оның өзінің жанама сипаты бар және өз негізінде белгілі тәуеклдіктегі ерікті бағынушылық жағынан болжайды, дегенмен, сондай тәуеділікті сендірушілікті болжайды. Сонда олардың айырмашылығы неде? Ойымызша, қыйнау үрдіссінің ерекшелік сипатына жататыны билікке бағынушы, биліктің ыкпалымен езінің ықыласына жэне бағалы бағдарына қарсы эрекетін саналы түрде сезінеді. Сендіру оқиғасында билікке бағынушы, билік субъектісімен ұсынылған тәртіп варианты екіжақтың да мүддесіне сай, билікке бағынушының бағалылықжүйесіне кіретіндігін болжайды Билік тек саналы-еріктегі қатнастарда болуы мұмкін болғандықтан, әруақытга билікке бағынушының еркінің билік етуші субъектіге бағынушылығын болжайды, ондай бағынушылық белгілі қатнастарда болмаса, мұндай қатнаста билік те болмайды. Басқа сөзбен, саналы бағынушылық биліктің нақты қатынастардағы берілген нақты субъектінің барлық жағдайы.

Биліктің бірнеше түрлері бар:

а) барлық коғам көлеміндегі билік;

ә) әртүрлі ұжымдардың ішіндегі билік;

б) екі адамның арасындағы қатнастар туралы билік;

Негізгі әдебиеттер: 1,2,5

Қосымша әдебиеттер: 6,7

 

6 тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу

Дәріс жоспары:

1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы

2. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері

3 Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері.

 

1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы

Мемлекеттік-құқықтық ілімдер тарихында құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғышарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың қоғамдық және жеке іс-әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктерімен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық үрдістердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік (парламент немесе президенттің) бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір-біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана-сезімінің, мінез-құлқының, қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі (компоненті).

Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің заңдық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндетгерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеу функциясы — нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу.

Құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжірибелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана-сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан (ережесінен) тұратын құжатты әзірлеу өткен кезеңдегі ақпараттар (қажеттіліктер, мұқтаждықтар), белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күнін «құра» алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік-әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) жэне заідылық түсініктерімен сипатталады. Егер заңдылық іс-әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимділік (заңға сәйкес келушілік) заңның құқық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің объективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.

Нормативтік аспект дегеніміз—адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, заңды түрде бекіту. Оның элементтері: 1)гипотеза-өмірдегі қарым-қатынастар мен әр түрлі жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі; 2) диспозиция - іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мэн-мазмұнын анықтайтын субъектінің заңды құқықтары мен міндеттері; 3) санкция - тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезаның орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.

 

2. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері

Мемлекеттік басқаруды қүқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық үрдістерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, қүралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық қүрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.

Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады:

1.Мемлекет пен қоғам, азаматтар арасындағы қатынастар;

2.Мемлекеттік органдар арасындағы билік бөлінісі және олардың құқықтық мәртебесін анықтауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

2.1.Мемлекетгік органдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын, рөлін, функциясын және мақсат-міндеттерін анықтау;

2.2. Мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын заңды түрде бекіту;

3. Мемлекеттік-басқарушылық үрдіске қатысушы адамдарарасындағы қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандай да бір мәселелеріншешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында

қалыптасатын қатынастар.

Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың ерік қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Ондағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазым иелері белгілі бағытта, нақты қызмет түрін атқаруға міндетті, себебі оларға адамдардың тіршілік-әрекетінің мемлекеттік, қоғамдық және жеке мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан өкілеттіктер берілген. Мемлекеттік басқарудың мәні оның басқарушылық ықпалының басқарылатын объектілерде басқаруға қажеттілік туындаған жағдайда ғана қалыптасып, жүзеге асырылатындығында. Сондықтан мемлекетгік басқаруда тиісті орғандардың қызмет ету аясы мен бағыты занды түрде белгіленуі тиіс.

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекетгік органның құқықтық мәртебесіне (статтусына) басты мән беріледі. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі заңды мағынаға ие болатын үш элементтен тұрады. Оған біріншіден, мемлекет органдарының біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орнын және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады. Мемлекеттік органның қай билік түрін (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) атқаратындығы, қай деңгейде (орталық, жергілікті) орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандандырылған кіші жүйелерінің қайсысына жататындығы оның қүқықтық мәртебесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықтық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекетгік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік-құ-қықтық мән-мағынасы айқындауға және сипаттауға арналған. Мемлекеттік органның құзіреті, яғни жекелеген басқарылатын объектілерге қатысты атқаратын басқарушылық қызметтері мен өкілеттіктері жиынтығының заңды түрдегі көрінісі оның құқықтық мәртебесінің екінші элементін құрайды. Мұнда нақты мемлекеттік орган үшін басқарушылық қызметтердің жиынтығы, оның сәйкес өкілеттіктері, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру нысандарын, әдістерін қамтитын өкілеттіктер құрамы, басқарылатын объектілер мен қаралатын мәселелердің тізімі болмаса олардың қызмет ету жағдайлары заңды түрде бекітіледі. Мемлекеттік органның құқықтық статусының үшінші элементіне оның ұйымдық құрылымының, қызмет ету нысандарының, әдістерінің және процедураларының заңды түрде бекітілуі жатады. Себебі, мемлекеттік органның өкілеттіктерін жүзеге асыру сол органның сәйкес ұйымдық құрылымын (штаттық кестесін), оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуын талап етеді. Әрбір мемлекеттік органның құзіреті бекітілген құқықтық нысандарда және процедураларда құқыктық әдістерді қолдану арқылы нәтижелі түрде тиісті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылуы қажет. Жалпы құқықтық реттеу объектісінің құрамдас бөліктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары, функциялары, құрылымы, нысандары, әдістері, кезеңдері, процедуралары және қағидалары жатады.

Құқықтық реттеу нысандарына сәйкес құрылымы қалыптасады:

1.Конституция мен заң шығару негізінде бекітіліп, объективті түрде қалыптасқан;

2. Мемлекеттік басқару қатынастарының сипатына қарай: 2.1.3аң шығару арқылы реттеу;

2.2.Мемлекеттік басқарудың бірқатар элементтерін жергілікті басқару органдары арқылы нормативтік айқындау;

2.3.Жалпы (орталық) атқарушы билік арқылы ішкі жүйелік нормативтік реттеу;

2.4.Аумақтар шеңберіндегі халықтың еркін білідіретін өзін-өзі басқаруға негізделген реттеу;

2.5.Құқықтық қорғау негізіндегі реттеу.

Қорыта айтқанда қүқықтық реттеу үрдісі жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс, яғни қүқықтық нормаларды қабылдау уақыты, мазмұны, зандық күші және оларды жүзеге асыратын органдар арасында өзара тығыз байланыс болуы қажет.

 

3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері

Заңдылық дегеніміз қолданылып жүрген құқық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғалардың, азаматтар мен барлық жеке және заңды түлғалардың қатаң және бұлжытпай сақтауы. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудағы заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық-саяси өмірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылады. Заңдылықтың өзіне тән маңызды белгілері бар, атап айтқанда, тұтас мемлекетті, барлық мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымдарын толық қамтитын бірыңғайлығы, әр түрлі жағдайларда түрлі адамдар мен ұйымдық құрылымдардың оны бірдей түсініп, орындайтындығы, жаппай қамтитындығы, яғни мемлекетгік басқарудағы заңдардың тек мемлекеттік, жергілікті органдарына, ондағы қызметкерлерге ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға, азаматтарға таралуы, оның кепілдік беру мүмкіншілігі әрі тұрақты болуы.

Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету ең алдымен, мемлекеттік билікті қалыптастыруға байланысты. Заңдылық биліктің бірден бір құрылымы заңнан жоғары тұра алмайтындай жағдайда қалыптасады. Бүл билік бөлінісі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс, яғни заң шығарушы органдар атқарушы биліктің қызметін, ал атқарушы билік өзара бірін-бірі бақылауы қажет.

Құқықтық мемлекетте басқару ісіндегі зандылықты қамтамасыз етуде біріншіден, сот билігі (Қазақстан Республикасының жоғары соты, жергілікті соттар, конституциялық кеңес, прокуратура), екіншіден, атқарушы билік, үшіншіден, халықтың саяси белсенділігі маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету құралы ретінде бақылау механизмдерін атауға болады. Олар арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады. Бақылау механизмдерінің түрлері:

1. Сыртқы бақылау - бұл атқарушы биліктің бір органының екіншісін бақылауы;

2.Жалпы бақылау жоғары органның сәйкесінше төменгісін қадағалауы;

3.Мамандандырылған сыртқы бақылау, мысалы, кедендік бақылау,халық тұтынатын тағамдар мен тауарлардың сапасын бақылау, монополияға қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, радиациялық-экологиялық, жол қозғалысын бақылау;

4. Ішкі бақылау - мемлекеттік органдарда жетекшілерінің, арнайы топ бөлімдерінің бақылау функциясын атқаруы.

Заңдылықты қамтамасыз етуде халықтың саяси белсенділігі дегеніміз өзінің заңды мүдделерін, Конституция бойынша кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған әрекеті. Сондай-ақ басқарушы органдардың заңға қайшы келетін шешімдеріне наразылық білдіруі. Бұл тұрғыда халықтың белсенділік танытуы демократиялық-құқықтық мемлекет құрудың кепілі болып табылады.

Мемлекеттік басқаруда заңдылық бір жағынан, болашақтағы қоғамдық қатынастардың логикалық моделін жасау мен оны заң нормаларында бекіту ретінде қалыптасса, екінші жағынан, заң нормаларын іске асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың нақты жағдайы ретінде көрініс табады. Заңдылықтың осы екінші жағдайда қалыптасуы құқықтық реттілік түсінігін білдіреді және ол мемлекетте, қоғамда, адамдар арасында болатын, олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын қамтамасыз ететін тұрақты құқықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. «Зандылық» және «құқықтықреттілік» түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда олардың арасында белгілі шек бар. Құқықтық реттілік заңдылық талаптарының орындалу деңгейін сипаттайтын зандылықгың нәтижесі болып табылады. Егер заңдылық белгілі талаптар қоятын, қоғамдық-саяси өмірдің тәртібін білдірсе, құқықтық реттілік - сол талаптарды орындау нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың тәртіпке келтірілген нақты «құқықтық жағдайы», бір қалыпты құқықтық өмірді білдіреді. Мемлекеттік басқаруда құқықтық реттіліктің сақталмауы қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың орын алып, кеңінен таралуына себепкер болады.

Мемлекеттік басқаруды тиімді ету үшін зандылық пен құқықтық реттіліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Оған мәжбүр етуден гөрі әркімнің өзі түсініп, саналы түрде орындау арқылы қол жеткізген абзал. Ал бұл мемлекеттік басқарудағы тәртіпке байланысты.

Тәртіп — әр адамның келісілген ережелерді, нормаларды орындау, пікір алмасу, нақтылы бір тапсырмаларды атқару процедураларын мойындап, қатаң сақтауында тұратын қоғамдық байланыстар нысаны. Ол заңдылықпен тығыз байланысты, әрі оны қамтамасыз ету құралы болып табылады. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп басқару шешімдері мен іс-әрекеттен және пікір алмасулардан байқалады. Ол көптеген құрылымдардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыратындықтан мемлекеттік басқарудың жүйелілік көрсеткішін, басқарушылық күш-жігер мен ресурстардың өнімділігін арттыратындықтан ұтымдылық керсеткішін, басқарушылық ықпалдарды үйлестіретіндіктен, олардың адамдарға әсерін арттыратындықтан тиімділік көрсеткішін қалыптастырады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,5

Қосымша әдебиеттер: 6,7

7 тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері

Дәріс жоспары:

1. ҚР мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.

2. ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі.

3. Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.

4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік

5.Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.

 

1. ҚР мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.

Мемлекеттік аппараттың толық жүйе секілді қосылуының өзінде әртүрлі ішкі жүйелерден тұрады, яғни топтық органдардың өз еріктері туралы, мемлекеттік қызметтің сәйкес ортасында өзінің міндетін іске асырып және сол бойынша есептерін шешу. Мемлекеттік аппарат өздерінің тәсілдері бойынша ерекшеленеді; білім беру, нысанның жете білуі мен мінезі; мемлекеттік қызметтің орындалуының әдістері мен түрлері және т.б.

Мемлекеттік аппараттың құрылымының астарында, оның ішкі қалыптасуының түсінушілігі қабылданып, аппарат түйінінің құрамының құрылу тәртібі мен олардың арақатынасы. Мемлекеттік аппараттың құрылымы, қандай органдардан тұратындығын, олардың байланысы мен ара қатынасын, мемлекеттік аппараттың қызметі мен құрылуының негізгі қағидалары қандай екенін көрсетеді.

Мемлекеттік аппараттың құрылымы негізінде мемлекеттік органдарды жіктеу мүмкіндігін беру көрсетіледі. Мемлекеттік тетіктер, жалпы басқару функциялары мен қызметінің салалары, территориялық қызметтің шегі, мінездің жете білушілігі мен функция мазмұны, материалдық құралдарды жүргізу әдісі мен қаржыландыру көздері және т.б. Мемлекеттік органдардың жіктелуі туралы айтылған ойларға шолу толық болмаса да, мемлекеттік тәжірибемен қолданыстағы заңның негізінде ілімнің қалыптасу мұқтаж мәселелерінің бар екенін куәландырады.

Мемлекеттік органның жіктелуінің маңызы, көбіне танушылық мақсатқа сай. Оның нәтижесінде мемлекеттік органның жіктелуі түрлі негізде болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда, оқу баспасында мемлекеттік органның жіктелуінің сапасы негізі бар, қызмет бабы өзіне функционалдық белгілеу мен мемлекеттік органның құзыреттілігін енгізеді.

Мемлекеттік билік мемлекеттік аппарат шегінде мемлекеттік органның құзыреттілігін билеу түрін көрсетеді. Бұл жерде ерекше көрсету керек, мемлекеттік билік мемлекеттік органның арасында таратылып үйлестіріледі.

Мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағида, билікті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар мен лауазымды адамдар. Бұл орайда, олардың әрқайсысы дербес, әрі бірін-бірі тежеуші, әрі тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі мен ерекшеліктер нысандар арқылы жүзеге асырылады.

Алдында айтылып кеткендей, мемлекеттік аппарат өзіне органдардың ауқымды санын енгізеді. Бірін-бірі функционалдық белгілері, құзыреттілігі, әдісі мен қызмет түрлері бойынша айрықшаланады. Осы уақытта мемлекеттік органдар жалпы нышандарды иемденеді. Осымен байланысты мемлекеттік органдардың дербес түсінігі мен қалыптасуының негізделуі анықталады, сондай-ақ факторлы жағдайлар, ұйымның қайта құрылуын іске асырады немесе органды ыдыратады.

Басқару ілімі мен мемлекеттік тәжірибеде, мемлекеттік орган құрылымының құрылу қағидаларының анықталуы және олардың негізінде осы құрылымдардың түрлері жасалады. Мемлекеттік аппараттың құрылуы саналы негіздегі ұйымдық-техникалық қағидада бір деңгейде есептеу қабылданған, функционалды және сызықты-функционалды.

Мемлекеттік тәжірибеде олар еңбекті басқару негізіне сәйкес түрде бөліп, түрлі органдар мен ішкі органдарды құрып іспеттейді. Оларға мемлекеттік органның үш түрлі құрылымы сәйкес келеді: сызықты, функционалды және сызықты функционалды. Әрбір көрсетілген түр өзінің ерекшелігі мен белгілері бар. Бұл бір жағынан, мемлекеттік органның ішкі бөлімдерінің құрылымдарының ерекшеліктерімен байланысты, ал екінші жағынан, сыртқы ұйымдармен өзара қатынаста болады (төменгі, жоғарғы және т.б.).

2. ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі.

Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі таңда Еуропанын, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.

Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдай-ды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырларымен сипатталады:Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады; Президент зандар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған зандарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға кұқылы; Президент өз қалауымен заң, күші бар Жарлықтар шығаруға құқылы; Президент лауазымыбойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады; Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға, Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент сайлауын тағайындауға құқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге және басқаларына құқылы. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Казақстан Республикасынын, 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға бағыттады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.

Н.Ә. Назарбаев баскарудың президенттік жүйесін: "мемлекеттің бүгінгі тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет" деп жазды. 12-шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және Президентке заң шығару органынын кейбір өкілеттігі уакытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша жедел және сапалық деңгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық және жай зандык күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бүл заң шығармашылық салада президенттікқабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституциянын, Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның көрсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады.

 

3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.

Мемлекеттік органдарын мемлекеттік басқару әртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, көбінесе төрт әдіс қолданылады: тік директивті (міндетті) нұсқама, басқа органдармен координация, көмек және бақылау. Егер де мемлекет органы басқа жоғары тұрған мемлекетті органға бағынышты болса, онда бұйрық, инспекциялау, қарау жолымен басқарудың иерархиялық схемасы әрекет етеді. Төменде тұрған орган басшылары, олардың қызметкерлері бастықтың бұйрығын орындау қажет. Бұған заң міндеттейді. Тек сотқа арыз беру ғана бұйрықты орындауды тоқтатады.

Мемлекеттік органдар құрылымының иерархиялық жүйесі атқарушы билік саласында қызмет етеді. Ал өкілеттілік, соттық және кейбір басқа органдарға келсек, оларды басқару басқа ережелермен жүргізіледі.

Жоғары және төмен тұрған органдардың қатынас специфкасы мемлекеттің

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мемлекеттік айыптаушы | Введение. 1. Основы экономической теории
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 4164; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.164 сек.