Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бюджетпен есеп айырысу есебі




Салық кодексіне сәйкес сауда ұйымдары келесідей салық түрлерінің және міндетті төлемдермен сәйкесінше қаржылық органдар арқылы бюджетпен есеп айырысады: КТС, ЖТС,ҚҚС, акциздер,әлеуметтік салық, жер салығы,көлік салығы, мүлік салығы.

Осы аталған салық түрлері мен міндетті төлемдерді есептеудің тәртібі Салық кодексімен және Қаржы министрлігінің арнайы дайындалған нструкциясымен төленеді.

Бюджетпен есеп айырысу есебі келесідей шоттарда жүргізіледі:

«бюджетпен есеп айырысу» 6310

«ағымдағы төленетін табыс салығы» 4310

«кейінге калдырылған табыс салығы»

«ҚҚС» 3130

«басқа да» 3190

Негізгі салық түрлері мен міндетті төлемдердің бюджетке төленуінің тәртібі туралы қарастырайық:

КТС Сауда ұйымдарында КТС-ң объектісі болып салық салынатын табыс және төлем көзіне салынатын табысы табылады.

Салық салынатын табыс жылдық жынтық табыс пен салық кодексінде көрсетілген шегерімдердің арасындағы айырма. Сауда ұйымдары салық салынатын табысты анықтауы үшін жылдық жиынтық табыстың салықтық есебін және шегерімдер мен олардың түрлері бойынша шығындарды табуы керек.

Сауда ұйымдардың ЖЖТ барлық табыс түрлерін қамтиды: тауарды сатудан түскен табыс, тозуға жатпайтын ғимараттарды, құрылысты, активті сату кезінде оның құн өсімінен түскен табыс, күмәнді міндеттемелер бойынша табыс, мүлікті жалға беруден түскен табыс, қайтарымсыз активтер, жасалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер, дивидендтер, сыйақы, оң курстық айырма: ЖЖТ-ты түзету Салық кодексінің 91 бабына сәйкес жүргізіледі.

Шегерімдерге жазалау немесе мойындалған айыппұлдар, пенялар, тұрақсыздықтар жатады.

Шегерімдер ЖЖТ-ты алумен байланысты шығындарды растайтын құжаттардың негізінде жасалады. Болашақ кезең шығындарын қоспағандағы бұл шығындар өздері нақты болған кездегі салық кезеңінің шегеріміне жатады. Болашақ кезең шығындары өзі қатысы бар кезеңнің салық шегеріміне жатқызылады.

Егер бір шығын түрі шығынның барлық статьясында көрсетілсе, онда ССТ-ны анықтаған кезде бұл шығын бір рет қана шегеріледі.

Болжанған ЖЖТ-тың шегерімдер мен зияндардың оперативті есебі негізінде сауда ұйымдары жыл басында «КТС бойынша салық салу мақсаты үшін қаржылық қорытындының алдын ала есебін» құрады және оны ай сайын және квартал сайын сәйкес салық органдарына береді.

Алдын ала есептеуде мыналар көрсетіледі:

  1. қаржылық қорытынды;
  2. салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатына жүргізілетін түзетулер;
  3. зияндарды қоса есептегендегі болжанған салық салынатын табыс;
  4. есепті жылдағы КТС-ның болжанған саласы;
  5. есепті жылдағы КТС бойынша аванстық төлемдер;
  6. нақты төленген аванстық төлемдердің саласы;
  7. уақытында төлеуге жатуы;
  8. төмендетілуі.

Сауда ұйымы есепті жыл соңында салық органына «ЖЖТ-ның және есепті жылдағы заңды тұлғаның өндірістік шегерімдерінің декларациясын» тапсыру керек. Мұнда табыс пен шегерімнің түрлері, жүргізілген түзетулер мен салық кодексіне сәйкес шеккен зияндарының сомасын төмендетуі негізінде есептелген ССТ-тың сомасы көрсетіледі. КТС бойынша декларациядан және оған қоса салық салынатын объекті мен КТС бойынша салық салумен байланысты объектінің ақпараты туралы қосымшадан турады. ССТ-тың сомасына бекітілген қойылым бойынша салық салынады.

КТС бойынша салық кезеңі болып күнтізбелік күн саналады. Егер ұйым күнтізбелік жылдың басынан кейінгі күні құрылса, онда 1-салық кезеңі болып, ол құрылған күннен күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт болып табылады.

Салық кезеңі ішіндегі ұйымдар КТС-ты аванстық төлем негізінде төлеп отырады. Ұйымның төлейтін деп отырған аванстық төлем сомасы салық кезеңі ішінде тең бөліктермен төленеді.

Бухгалтерлік есеп стандартының 1.1. «Табыс салығының есебі» талабы бойынша, міндеттеме әдісі бойынша табыс салығы заңды тұлғалардың табысына салынатын және табыс пайда болған кезеңде есептелетін шығын ретінде қарастырылады.

КТС бойынша ай сайынғы аванстық төлемді төлеу есеп айырысу негізінде келесідей бухгалтелік жазу жүргізіледі

Дт: КТС бойынша шығындар 7710

Кт: Төленуге тиісті КТС 6310

Сауда ұйымдарындағы есеп саясатының өзгерісіне немесе қателерді жөндеумен байланысты бөлінбеген пайданың бастапқы қалдығына түзету енгізуге қатысты КТС-ң соңғы қаржылық қорытындыға тәуелді түрде келесідей бухгалтерлік жазу қолданылады:

а) есептегенге дейін:

Дт: Алдыңғы жылдың бөлінбеген пайдасы 5430

Кт: Төленуге тиісті КТС 6310

б) Төмендетілген жағдайда:

Дт: Төленуге тиісті КТС 6310

Кт: Алдыңғы жылдың бөлінбеген пайдасы 5430

Операцияның тоқтатылуы мен кездейсоқ жағдайларға байланысты алынған табыстан КТС-ті есептеу кезіндегі бухгалтерлік жазу:

Дт: Сәйкес шот:

Апатты жағдайларға байланысты табыс (шығын) 7513

Операцияның тоқтатылуына байланысты табыс (шығын) 5700

Кт: Төленуге тиісті КТС 6310

КТС-ын төлеу кейінге қалдырылса

Дт: Ктс бойынша шығындар 7710

Кт: Кейінге қалдырылған КТС 4310

Бюджетке төленетін КТС-ын кейінге қалдырылса

Дт: Кейінге қалдырылған КТС 4310

Кт: Төленуге тиісті КТС 6310

КТС-тың есептелген сомасы бюджетке төленсе, бухгалтерлік жазуы:

Дт: Төленуге тиісті КТС 6310

Кт: Есеп айырысу шотындағы ақша 1040

Жыл соңында КТС бойынша шығындар келесідей бухгалтерлік жазу бойынша шығысталады:

Дт: Қорытынды табыс (Зиян) 5410

Кт: КТС бойынша шығын 7710

Аналитикалық есеп «КТС бойынша шығын» 7710 шоты бойынша №14 журнал ордерде жүргізіледі. Журнал ордерде екі таблица көрсетілген: «Есепті кезеңдегі таза табыс есебі» және «Табыс салығының есебі». Таблица алғашқы құжат пен есеп регистрі кезінде толтырылады. Таза табыс пен табыс салығының есебін жүргізу тәсілі 3 «Қаржы шаруашылық қызметтің қорытындысы туралы есеп» және 11 «Табыс салығы есебі» бухгалтерлік стандарты есебімен анықталады.

Есепті компьютерлендірген кезінде аналитикалық мәліметтер «КТС бойынша шығындар» 7210 шоты бойынша ведомость түрінде №14 журнал ордерінде қалыптасады.

ЖТС. Сауда ұйымдарда ЖТС-ын төлеушілер болып төлем көзіне салынатын табысы бар қызметкерлер, жұмысшылар табылады. Салық төлеушінің табысына жұмысшылармен қызметкерлердің табысы мен әр түрлі төлем түріндегі табыстары жатады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысына сауда ұйымы төлейтін еңбек ақы, материалдық және әлеуметтік көмек түріндегі ұйымның көрсеткен пайдалары саналады. Әр түрлі төлем түріндегі табыстарына жұмысшының сауда ұйымымен ҚР-ның заңына сәйкес азаматтық құқықтық келісім сипаты жатады.

ЖТС бойынша бюджетпен есеп айырысу «Бюджетке төленетін басқа да салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» 3190 шоты бойынша жүргізіліп, мынадай субшот ашылады «ЖТС бойынша есеп айырысу»

Арнайы есеп негізінде ұсталған салық сомасын бухгалтерлік есепте былай көрсетеді.

Дт сәйкес шот:

«Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу» 3350

«Борышты тұлғалардың қарызы»

Кт: «Бюджетке төленетін басқа да салықтар, алымдар және міндеттемелер» 3190

Субшот «ЖТС бойынша шығындар»

Банк көшірмесі негізінде ЖТС-ты бюджетке төлеу.

Дт: «Бюджетке төленетін басқа да салықтар, алымдар және міндеттемелер» 3190

Кт: «Есеп айырысу шотындағы ақша» 1040

Әр тоқсан сайын ұйымдар салық органдарына келесі тоқсанның 15 дейін ЖТС-тың табыс бойынша төленгені туралы есебін көрсетуге міндетті.

ЖТС бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.

ҚҚС. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. ҚҚС-ң экономикалық мазмұны, мағынасы §10.4. Басқа да дебиторлық қарыздың есебі бөлімінде нақты қарастырылған.

ҚҚС тауарды өткізуде есептелген ҚҚС сомасы мен тауарды сатып алғандағы ҚҚС сомасының арасындағы айырма болып табылады.

ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі «ҚҚС» 3130 шоты бойынша жүргізіледі. Аталған шот дебетінде жеткізушілерге төлеген тауарлардың ҚҚС жазылады.

Дт: «ҚҚС» 3130

Кт: «Орны толтырылатын ҚҚС» 1420

Сатып алушылар тауарларды сатып алған соманы қайтарғанда ҚҚС-ның бухгалтерлік жазуы келесідей:

Дт: «ҚҚС» 3130

Кт: «Басқа да кредиторлық қарыздар» бөлімінің «Басқа да» шоты

ҚҚС-ның сомасын сатып алушыларға санап бергенде

Дт: «Басқа да кредиторлық қарыздар» бөлімінің «Басқа да» шоты

Кт: «Есеп айырысу шотындаңы ақша» 1040

«ҚҚС» 3130 шоты бойынша кредиті көрсетілген тауардың сатылуына байланысты есептелген ҚҚС сомасының бухгалтерлік жазуы

Дт: «Алынуға тиісті шоты» 1210

Кт: «ҚҚС» 3130

Салық сомасын жоғарылатқан кезде, салық кезеңіндегі есептелген салық сомасы бюджетке ҚҚС-мен алда төлеу шотында есептеледі немесе банк көшірмесі негізінде оны қайта есептеудің бухгалтерлік жазуы:

Дт: «ҚҚС» 3130

Кт: «Есеп айырысу шотындағы ақша» 1040

ҚҚС-ын төлеуші ұйымдар әрбір салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15 нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Акциздер – бұл жанама салық, олардың сомасы тауар бағасының құрамына қосылады және сатып алушы төлейді. ҚР-ның территориясында өндірілетін және ҚР-ның территориясында импортталатын тауарлар акцизделеді.

Салық кодексіне сәйкес келесідей тауарлар ацизделеді:

  • спирттің барлық түрі;
  • алкогольдік өнімдер;
  • темекі өнімдері;
  • құрамында темекі бар барлық өнім;
  • бекіре икрасы және арқан балығы;
  • алтын, күміс және платина әшекей бұйымдары;
  • бензин (авиядан басқа);
  • дизель отыны;
  • жеңіл автомобилі (мүгедектерге арналғанынан басқа);
  • от шашатын және газды қару.

Акциз ставкаларын тауар құнына немесе заттай күйіндегі нақты көлеміне шаққанда пайызбен ҚР-ның үкіметі бекітеді. Алкогольдік өнімнің акциз ставкасы сусыз таза спирттің көлеміне байланысты бекітіледі.

Спирттің барлық түрлері үшін акциз құны дифференцияланады, яғни ары қарай оны пайдалану мақсатына қарай. Алкогольдік өнім үшін өндірілетін спиртке акциз ставкасы базалық ставкадан төмен мөлшерде қойылады.

Тұрақты акциз ставкасы бектітілген акцизделетін тауардың салықтық базасы, натуралды түрдегі тауарды өндіру, сату көлемі арқылы анықталады. Тұрақты акциз ставкасы бекітілген акцизделетін тауарларды ҚР-ң территориясындағы кеденге импорттауының салықтық базасы натуралды түрдегі импортталатын акцизделетін тауардың көлемі бойынша анықталады.

Адвалорлы акциз ставкасы бекітілген акцизделетін тауарларды импортаудағы салықтық база импортталған акцизделетін тауардың кедендік құнымен анықталады.

Еңбек және еңбекақы есебі

Заңға сәйкес жұмыс ұсынушылар, сауда ұйымдары және жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастары құқықтық нормативтік акт

Жеке еңбек келісім – шарты жұмыскер мен ұйым арасы шарты жұмыскер мен ұйым арасыдағы келісімді білдіреді, яғни жұмыс ұсынушы мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттемерлері, соның ішінде жұмыскерді өз қалауына, еңбек міндеттемесінің орындалуы, сонымен қатар еңбек дисциплинасының сақталуы, ал ұйым ҚР нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жұмыскерді қанағаттандыратындай етіп еңбекақымен қамтамасыз етілуі көрсетілуі тиіс.

Жеке еңбек келісім шартын қорытындылау үшін сауда ұйымының жетекшісі жұмскердің еңбек қызметін куәландыратын құжат, жеке куәлік, СИК, зейнетақы келісім шарты, білімі туралы құжат, еңбек стажына байланысты құжаттарды заңға сәйкес талап етуге толық құқығы бар.

Жеке еңбек келісім шарты жазбаша түрде толтырылады. Егер келісім шарттың қызмет ету мерзімі көрсетілмесе, онда келісім шарт мерзімі анықталмаған болып саналады. Ол екі дана етіп толтырылады және оған қол қою арқылы әзірленеді, бір данасы жұмыскерге беріледі.

Жұмыскердің еңбек қызметінің бастамасы болып, жеке еңбек келісім шартында көрсетілген жұмыс уақытының күні табылады. Жеке еңбек келісім шарты аяқталған соң сауда ұйымының жетекшісі жұмыскерді жұмысқа қабылдағаны жөнінде бұйрық шығаруға міндетті саналады.

Жеке еңбек келісім шартын қорытындылау барысында, еңбекақының алғашқы талабы болып, қойма жүйесі, оклад, еңбек нормасы (сұрыптау нормасы, қызмет көрсету уақыты), еңбекақының формасы мен жүйесі, кепілдік және компенсация төлеу табылады. Сонымен қатар әрбір сауда ұйымы міндетті түрде шартқа сәйкес еңбекақыны өз беттерінше қаржылық есеп жағдайын, қаржылық шаркашылық қызметті, аймақтағы жұмыссыздық деңгейін және сауда жұмыскерлерінің мамандығының сәйкес келуін, еңбекаөыны мемлекеттік реттеуді және т.б.қарастыруы тиіс.

Ұйым алдында саудадағы еңбекақыны қалыптастыру үшін еңбекақының әдістері мен формаларының неғұрлым сапалы, тауардың сату көлемін ұлғайтуды, неғұрлым төлемқабілеттілікті қанағаттандыруды, материалдық шығындардың ең төменгі қызмет көрсету мәдениетін жоғарлатуды, еңбектік және қаржылық ресурстарды жетілдіру қажет. Сондай – ақ еңбекақының принциптерін қатаң сақтауға, сәйкесінше өндірістік еңбекте жұмыскерлердің материалдық қызығушылықтарын жоғарлатуға, кәсіпорындары мен саудай ұйымдарының жұмыстарын ең жоғарғы сапада және сауда тиімділігін жақсарту керек.

Сауда ұйымының жұмыскерлерінің еңбекақысы мыналардан тұрады: тарифтік жүйе; еңбекақы формасы; еңбек нормасы(сұрыптау нормасы, уақыт, қызмет көрсету);

Тарифтік жүйе – бұлнормативі әртүрлі топтардың еңбекақысын реттеу және еңбектің қиындығына байланысты жұмыскерлер категориясы, еңбек шарты (ауыртпалық, зиян, климаттық шарт), еңбек мәні мен сипатының жиынтығы. Аталған жүйе тарифтік – кваливикациялық анықтама, класс бойынша тарифтік сетка, категория және т.б.қойылым сызбасы және оклад, аудандық коэффицент, еңбек шартына сәйкес зиян және күрделі жұмыс тізімінен тұрады.

Тарифтік – кваливикация анықтамасы барлық мамандықтар және олардың кваливикациялық сипатының тізімін, сондай – ақ әрбір класс бойынша жұмыскерлердің квалификациясының негізгі талаптарын көрсетеді. Осының негізінде жұмыскердің белгілі бір классын квалификациондық комиссия емденеді және жұмыскердің мамандығы бойынша функционалдық міндеттерін біліп және орындай білуге бағытталған.

Тарфтік сетка – класстың шкаласын көрсетеді, яғни тарифтік коэффицент арқылы еңбекақының әрбір классы бірінші классқа қатысты анықталады. Бірінші класс коэффиценті бірлікке, ал басқасы жұмыскердің еңбекақысынан қаншалықты жоғары екенін анықтайды.

Тарифтік қойылым сызбасы және оклад – бұл жетекші жұмыскердің, инженер – техникалық жұмыскердің және басқа мамандар, сауда ұйымдарына қызмет көрсетушілердің тарификациясы көрсетіледі. Дәреже оклады жалпы тауар айналымының жылдық көлеміне байланысты құралады. Сатушылар үшін оклад құру кезінде тек қана квалификация ескеріледі, яғни келесілерден тұрады: жоғарғы сатушы, сатушы, кіші сатушы.

Еңбекақы формасы және жүйесі

Жұмыскердің еңбекақысы жұмсалған еңбекақысына байланысты анықталады. Еңбек өлшемі ретінде кеткен жұмыс уақыты немесе өндірілген немесе сақталған өнім көлемі табылады. Осыдан келіп сауда ұйымының еңбекақысын есептеудің тәжірибе жүзінде есептеудің екі негізгі формасы мерзімді және кесімді деп қолданылады.

Мерзімді еңбекақы – бұл жұмыскердің еңбекақысы құрылған тарифтік сеткаға немесе окладқа байланысты есептен шығару формасы. Ол былай жіктеледі: жай мерзімді және еңбекақының мерзімді сыйақы жүйесі болып бөлінеді.

Жай мерзімді жүйесі – бұл жұмыскердің еңбекақысы тарифтік ставка немесе өндірілген уақыттың фактісінің оклады негізінде есепке алу.

Келісімді еңбекақы – бұл жұмыстың бірлігіне бағаланған көрсеткішке есептелген жұмыстың көлемінің сапасын айтамыз. Еңбекақының бұл түрі тауар айналымының өсуінде жұмыскердің қызығушылығын көбірек тудырады, себебі еңбекақы көлемге байланысты болады. Еңбеақының келісімдік түрі келесі жүйеде қолданылады: тікелей келісімдік, сыйақылық келісімдік, жанама келісімдік аккордтық. Осы көрсеткен еңбекақы жүйесінің саудада тікелей келісімдік түрі көбірек қолданылады.

Тікелей келісімдік жүйе – келісімдік баға бойынша әр тауардың бірлігінің төлемін орнықтырады.

Мысалы. Сатушының айлық табысы 7200 теңге, орташа айлық тауар айналымы бір жұмыскерге есептегенде 99000теңге тауар айналымының 100 теңге жеке бағасының көлемі 13 теңге (7200*100/99000)

Еңбекақының келісімдік сыйақы жүйесі – тек келісімдік бағаның негізіндегі еңбекақымен қатар қосымша сыйақының төлемін қарастырады. Ол екіге бөлінеді: орындау және қайта орындау сыйақысы.

Еңбек ұйымының формаларына байланысты жоғарыда көрсетілген жүйелер өз кезегінде жеке және ұйымдық болып бөлінеді.

Еңбекақының сыйақылық жүйесі жұмыскерлерге нақты орнықтырылған көрсеткіштерімен сыйақының байланысты сыйақылық төлемдер ұсынады. Сыйлық берудің негізгі көрсеткіштері ретінде орындалуы жұмыстың сапасына, сауда ұйымының қаржылық шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесінің жақсаруы және тиімділігі өсуінің орындалуына байланысты жұмыскердің негізгі қызметінің шарттары алынады. Алайда сыйлық берудің негізгі көрсеткіштерінің көлемі екі үш көрсеткіштен аспауы керек. Мұндай көрсеткіштерге динамикадағы тауар айналымының өсуі, құндылықтардың сақталуы, саудалық шығындарды реттеу және табыстардың өсуі жатады. Сыйлық берудің шарттарының осындай көп көрсеткішері жұмыскерлердің жұмыс нәтижесін жақсартуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Жұмыскерлердің материалдық қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымның соңғы нәтижесін жақсарту, еңбектік динамиканы ұлғайтумен қатар бір жылға арналған жұмыстың жалпы нәтижесіне сыйлықтар ұйымдастырылады.

Ұйымның жұмысының бір жылдық нәтижесіне сыйақы, еңбекақы қоры құралдарынан мақсатта көрсетілген соммада жұмыскерлерге сыйақы төленіп отырады.

Сауда ұйымының жұмыскерлерінің еңбекақысы екіге бөлінеді: негізгі және қосымша.

Негізгі еңбекақы тарифтік көрсеткіш бойынша жұмыскердің өндірілген, көрсетілген уақыт пен жұмыстің орындалуына байланысты еңбекақыны көрсетеді. Жұмыстың жауапкершілігі мен қиындығына,жұмыскердің тұрақты квалификациясының ерекшелігіне байланысты еңбекақының түрі.

Қосымша еңбекақы, ол тұрақты еңбекақы болып табылмайды негізгі еңбекақының үстінен мынадай төлемдер ретінде төленіп отырады. Қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижесіне байланысты сыйақы, белгілі бір уақыттағы сыйақы, мамандықты сәйкестендіруге қатысты сыйақы, профиссионалдық шеберлікке байланысты төлемдер, жұмыстан шығу кезіндегі жәрдемақылар, жас балалы аналарға жәрдемақылар, жас өспірімдерге, армияға кеткендерге жәрдемақы, қоғамдық және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға байланысты сыйақылар және т.б.

Негізгі және қосымша еңбекақылар еңбекақы қорына қаржыландыру көздері, смета статиясы және ақша қаражаттарының түрлеріне баланыссыз қосылады.

Еңбекақы қорына қосылмайтындар: уақытша еңбеккке жарамсыз болғандағы жәрдемақы, жүктілік және тууға байланысты жәрдемақы, жоғарғы оқу орынын енді аяқтаған жас мамандарға жәрдемақы, іс – сапар және мүгедектігіне байланысты жәрдемақы және т.б. бұлардың әр қайсысын жеке есепке алады.

Еңбекақы формасы мен жүйесі сауда ұйымдарында өз бетінше бірлестік келісім шарты немесе жұмыскерлердің басқа да нормативтік актісі негізінде анықталынады.

Жеке құрам, жұмыс уақыты және өңдеудің есебі. Оларды құжаттау.

 

 

Бухгалтерияда немесе сауда ұйымдарының кадр бөлімдерінде персонал құрамы мен саны, сауда жөніндегі жүйелік ақпарат алу үшін жеке құрам есебі жүргізіледі. Жеке құрам есебі үшін еңбекақыны есептеп және төлеуде алғашқы құжаттардың бірегей формасы қолданылады.

Персонал санының есебі бойынша алғашқы құжаттар болып, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық (Ф.№Т – 1), басқа жұмысқа ауысу жөніндегі бұйрық (Ф. №Т – 5), демалыс беру жөніндегі хат (Ф.№Т – 6), еңбек келісім шартының тоқтатылуы жөніндегі бұйрық (Ф.№Т – 8). Демек, жеке кітапша, еңбек кітапшасы, жұмыс уақытын қолданудағы табель есебі және еңбек заңдылығына сәйкес келетін басқада құжаттар.

Материалдық жауапкершілікке байланысты жұмысқа қабылдау кезінде міндетті түрде бұйрық жобасы ұйымның бас бухгалтерінің келісімімен болуы керек. Жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық жобасы қызметке (еңбек, еңбекақы, бөлімше, жоспарлау бөлімі) сәйкес келісілуі керек., яғни ваканттық қызметтің бар болуын дәлелдейтін және штаттық кесте бойынша окладын орнату және т.б.

Жұмысқа қабылдау жөніндегі, басқа жұмысқа ауысу жөніндегі, демалыс беру жөніндегі бұйрықтың көшірмесі жұмыскерлер мен қызметкерлерімен еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін кадр бөлімінен бухгалтерияға жіберіледі. әрбір жұмысқа қабылданған жұмыскерге жеке кітапша толтырылады (Ф.№Т – 2). Кадрлар есебінің парағын және табель номерін бекітуде, яғни еңбек және еңбекақы, жеке құрам есебі бойынша барлық құжаттар көрсетіледі.

Жеке кітапша бір дана болып кадр бөліміне немесе басқа да өкілеттік тұлғада жұмыскерден сұрау жүргізу негізінде және жеке куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет, диплом, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауыстыру жөніндегі бұйрықтар және басқа да құжаттар негізінде толтырылады.

Жеке кітапша жеке құрам картотекасында жұмыскердің және қызметкердің фамилиясы бойынша алфавиттік тәртіппен толтырылады.

Бухгалтерияға келіп түскен жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесінің негізінде бухгалтер жеке карточкаға әрбір жұмыскер үшін тұлғалық шоттар немесе барлық анықтамалық мәліметтер енгізілген анықтама – карточка ашылады.

Еңбек және еңбекақы есебінің маңызды аймағы болып орындалған жұмыстың уақыты табылады, яғни жұмыскер мен қызметкердің жұмыс орнына уақытында келуін қадағалау және жұмыстан қайтуы және әрбір жұмыскер үшін орындалған жұмыстың уақыты. Жұмыс уақыты деп жұмыскердің өз міндетін атқарған уақыты, яғни еңбек келісім шартына және ішкі тәртіпке сәйкес атқарған уақытты айтамыз.

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының дұрыс қолданылуы жұмы графигіне сәйкес қарастырылады. Яғни жоғарғы кеңес комитетінің келісімен администрация бекіткен.

Еңбек дисциплинасының дұрыс сақталуын бақылау үшін барлық ұйымда жұмыс істейтін тұлғаларының жұмыс уақытының дұрыс пайдалануы үшін, сондай – ақ жұмыс уақытының режимін дұрыс қолданылуын бақылау үшін, орындалған жұмыс уақыты туралы мәліметтер алу және барлық категориядағы жұмыскердің жұмыс уақытына байланысты еңбекақымен есеп айырысу үшін «жұмыс уақытының қолдану есебінің табелі» (Ф.№Т – 13) жүргізіледі. Сонымен қатар уақыттың есебі жұмысқа уақытында келуді бағалаумен байланысты болып келеді. Табель бір дана етіп әзірленеді.

Жұмыскер мен қызметкерді табелге енгізу мен шығару жеке құрам есебінің құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Табелге ұйымның құрамының тізімінде бар тұрақты және уақытша жұмыс істейтін жұмыскерлердің барлығы енгізіледі. Бұнда жұмыскерлерді мамандығы бойынша топтастырады және онда табель номері немесе алфавит тәртібінде көрсетіледі.

Жұмыс уақытының қолдану есебінің табелі сауда ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің – қойма, дүкен, бөлімше, секция және т.б. меңгерушілерінің негізінде жүргізіледі.

Демалыс және мереке күндерінің есебі табелде ұйымның графигі мен жұмыс режиміне сәйкес жүзеге асырылады.

Табель, оны дайындауға жауапты тұлғалардың қолы қойылады және кадр бөлімінде нысаналанады, яғни ұйымның әрбір құрамының бөлімшелерінің жеке құрамы тексеріледі.

Жұмыс уақытының есебінің табелінің ақпараттары негізінде сауда ұйымының жетекшісі еңбек дисциплинасының жағдайына бақылау жүргізеді және жұмыскердің жұмыс уақытынан тыс қыдыруына, кешігуіне жұмыс күні аяқталмастан бұрын жұмыстан қайтып кеткен жағдайда және басқа да тәртіп бұзушылыққа қажетті шара қолдануда септігін тигізеді.

Табелді бекітілген тәртіп бойынша ұйымның бухгалтериясына айына екі рет, яғни айдың бірінші жартысына төлем соммасымен есеп айырысу үшін және ай соңында толық еңбекақымен есеп айырысу үшін тапсырылады. Егер ұйым еңбекақымен есеп айырысуды айына бір рет жүргізссе, онда табель бухгалтерияға ай соіында еібекақымен есеп айырысу үшін жіберіледі.

Сонымен қатар жұмыс уақытының есебінің табелінің ақпараттары еңбектері жай уақыт жүйесі бойынша, яғни қатаң оклад немесе тарифтік қойлымға байланысты еңбекақы есептелетін сауда жұмыскерлеріне қолданылады. Бірақ қазіргі уақытта саудада уақытша сыйақы және келісім сыйақы жүйесінің негізінде қабылданады. Сондықтан да еңбекақыны есептеу барысында табель есебінің ақпараттарымен қоса, сауда ұйымының және оның жеке бөлімшелерінің тауар айналымының жоспарының орындалғаны жөнініде және басқа да көрсеткіштер жөнінде ақпарат қажет.

Сауда қызметкерлеріне тауарлық бағамдар бойынша еңбекақыны есептеген кезде тауарлар ассартименті бойынша бөлшек тауар айналымы жөніндегі мәліметтерді тікелей бухгалтерлік есеп регистрлерінен алу мүмкін емес, өйткені онда ассартименттегі тауар соммасы көрсетілмейді, сонымен қатар бухгалтерлік есеп регистрлерінде басқада бөлшек сауда және қоғамдық тұтыну кәсіпорындарына тауарларды өткізу жөнінде, жабдықтаушыларға және өзінің қоймаларына халықтан қабылданған шыны ыдыстарын өткізу жөніндегі мәліметтер көрсетілмейді. Сондықтан оларды айдын басында және соңында тауарлардың сәйкес топтарының қалдықтарын, түсімдердің оперативті есебін, құжаттал,ан шы,ыс есебін енгізу жолымен анықтауға болады.

Бұл мақсатта сауда ұйымдарында әрбір бөлшек сауда кәсіпорыны (секция, бөлімше) үшін бір ай мерзімде арнайы тауарларды сату есебі карточкасында немесе арнайы кітабында оперативті есеп ұйымдастырлады.

Әрбір жеке тауарды сату есебінің кітабында (карточкасында) әрбір тауар тобына жеке шоттар ашылады. Онда кіріс және шығыс құжаттарының тауарлық есептері қосымша ретінде тіркелген, сонымен қатар бөлшек сауда кәсіпорынының (секцияның, бөлімшенің) басшысының мүліктік тізімдері және анықтамалары негізінде сәйкес тауар тобының қозғалысы жөнінде жазулар жүзеге асырылады.

Тауарлардың түсуі және өткізілуі сонымен қатар әрбір тауар есебіне құжатталған шығыс жөнінде жазулар үшін бір жол тағайындалады, сауда кәсіпорнының басшысы ұсынатын тауарлық есептер көлем іне байланысты әрбір айға жолдар тағайындалады, оған қоса айдың соңынан қалдықты түсімнің қорытындысы өткізудің және қолма қол ақшаға сатылған тауарлардың сатылуын және есептен шығуын тіркеу үшін тағы бір жол тағайындалады.

Ағымдағы жылдыі бірінші айында «айдың басына және соңына есептелген қалдық» қатарында есепті айдың басына сәйкес тауарлар тобының қалдықтары, ал болашақ уақыттарда тек ай соғына бөлшек сауда кәсіпорынның басшысының сәйкес тауарлар тобының мүліктік тізімін жүргізу арқылы анықтайтын қалдықтары көрсетіледі. Жеке тауарларды сату есебі кітабының барлық тауар топтары бойынша айналымның жалпы қорытындысын әрбір бөлшек сауда кәсіпорны бойынша бухгалтерлік есеп регистрінде көрсетілген жалпы айналым соммасымен салыстырылады.

Тауарларды өткізу қабылдау және құжаттандырылған шығысы және өзгеде тауарлық операциялар туралы жазулар тауарлық есепкетіркелген әрбір кірістік және шығыстық құжат бойынша емес, барлық сәйкес құжаттар бойынша жалпы соммалармен анықталынады. Ол үшін кітапты жүргізетін жауапты адам сәйкес құжаттың көрінетін жерінде әрбір түскен және өткізілген тауардың құнын жазуға, содан кейін бірыңғай тауарлық операциялардың соммасын есептеп, жеке тауарларды сату есебінің кітабына сәйкес тауар тобының жалпы шоттарына жиындық соммаларды жазуы міндетті. әрбір айдың соңында кітаптың барлық қатарлары бойынша қорытындылар есептелінеді.

Бұл мәліметтердің негізінде қолма қол ақшаға сатылған тауарлардың соммасын былайша есептейді: айбасындағы тауарлар қалдығына сол ай ішіндегі тауарлардың түсімін қосып, айдың соңына есептелген тауарлар қалдығын шегеріп тастағанға тең.

Ағымдағы бухгалтерлік және оперативтік есеп мәліметтерінің негізінде экономист немесе есептеуші қызметкер ай сайын бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметкерлері үшін еңбекақыны есептеу үшін анықтаманы құрастырады.

Жұмыс уақытын есептеу табелдерінің және тауар айналымы жоспарын орындау жөніндегі анықтамалардығ негізінде сауда ұйымының бухгалтериясы еңбекақыны есептеуді жүргізіеді.

Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу.

Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу сауда ұйымдарында қолданылатын есеп айырысу-төлем ведомості, есеп айырысуды ортақтастыратын төлем ведомості, сонымен жұмысшылармен қызметкерлердің шот беті. Сондықтан бұнда жазуға графалар қаралған: тегі, аты, табельдік нөмірі, істелген жұмыстың сағат саны, еңбек төлеміне есептелген барлық түріне, тауар айналымына, орындалған жұмыстың пайызы,сыйақы сомасы және жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа төлемдері, сонымен ұсталымның және шегерімнің барлық түрлері, заңнамалық іс-әрекетке сәйкес өндіретін, берілетін сомма және еңбекақыны алу туралы қолхат.Есеп айырысу төлемінің ведомость формасы төменде көсетілген.

Солай болғандықтан қызметкерлерге еңбекақы есептеу (төраға және басқарма мүшесі, баұылау кеңесінің мүшесі және тексеру комиссиясы), мамандар және бөлшек және көтерме сауда кәсіпорынының жұмысшылары (қойма меңгерушісі,дүкендер, сатушылар,қоймалар және басқа), бухгалтерлік есептің әр-түрлі шоттарында есептеледі (шот 3350 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» және 3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы») және сауда ұйымының шығын есебіне байланысты әр-түрлі шоттарға қатысты (7210 шотына байланысты «Әкімшілік шығындар» және 7110 «Дайын өнімді сату бойынша шығындар»(тауар, жұмыс,қызмет), бухгалтерлік жазуды жеңілдету мақсатына есепайырысу-төлемінің ведомостін бөлек,сауда кәсіпорынының жұмысшыларына әкімшілік басқару шотымен жүргізу керек.

Қорытынды мәліметтер есеп айырысу төлемінің ведомості жыл сайын журнал ордер №10 ведомостіне және №5 жазылуы керек. Айдың аяқталуына байланысты бүкіл графадағы мәліметтер №10 және №5 ведомостінде есептелгенде және қорытынды көрсеткіштер бас кітапқа көшіріледі.

Жеке тұлғамен есеп айырысу есебі компьютерленген шарт бойынша еңбекақы төлеу есеп айырысу төлемі және төлем ведомості автоматты түрде құрастырылады. Бүкіл төлем ведомості автоматты түрде шығарылады Қазіргі уақытта көпжақты автоматтандыру программасының болуымен еңбекақы есебін сауда ұымы қайсысы келетінін өзі таңдайды.

Бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарына байланысты еңбекақы бойынша жеке тұлғамен есеп айырысу есебі пассивті шотта белгіленеді 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу», қызметтегі тұлғамен есеп айырысу есебі-пассивті шот 3351 «Алашақтардың басқалай қарыздары»

Кредит бойынша белгіленген шоттарда еңбекақы есептеудің барлық соммасы, сыйақы, зейнетақы және есептеудің басқа түрлеріне барлық жұмысшылар және қызметкерлер төлемдері көрсетіледі. Сонымен еңбекақыны есептеу және сауда ұйымдарының шығындары сыйақы болып табылады, онда олардың өткізу щығындарының құрамы болып саналады, ортақ және ұымның ортақ шығындары және сауда кәсіпорыны.

Дебет бойынша шот 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу», міндет атқарушы тұлғалармен есеп айырысу есебі-пассивті шот 3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы» барлық ұсталымдармен төлемдердің соммасы, заңнамалық өндірістік орындалуымен байланысты (жеке табыс салығы,міндетті зейнетақы салымы жұмысшылардың кредитке алынған төлемдері), барлық сомма еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы, зейнетақы және басқа төлемдер, жұмысшылар мен қызметкерлердің, сонымен қатар жұмысшылардың уақытында алынған еңбекақысы.

Бухгалтерлік жазудың негізі және негізгі операциялық шоттарда тұлғалармен есеп айырысуда төлем ведомості қызмет етеді.

Кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы есептелген соммасы көтерме және бөлшек сауда және әкімшілік сауда ұйымының басқару аппараты бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен

Кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы есептелген соммасы көтерме және бөлшек сауда және әкімшілік сауда ұйымының басқару аппараты бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен беріледі.

Дебет шотына сәйкес:7110 «Тауарларды сатудың шығындары (тауар, жұмыс,қызмет)», 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар»-әкімшілік-сауда ұйымының басқару аппаратындағы жұмысшыларға еңбекақы есептеу соммасы. Кредит шоты 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»

Еңбек демалысының кезектесіп берілген күндеріне еңбекақы есептеу ерте пайда болған резерв шоты келесі бухгалтелік жазумен беріледі:

Дебет шоты 3352 «Жұмысшылардың демалыс қарыздары»

Кредит шотына сәйкес:

3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»

3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы»

Жұмысшылар кірісінің әлеуметтік салық соммасы, жұмысшылар кірісінің тұрақты қойылым қолданылатын жолымен есептелінеді, төлем көзімен, арнайы есеп айырысуға сәйкес бухгалтерлік есеп шоттары келесі жазулармен беріледі:

Дебет шоттарына сәйкес: 7110 «Тауарларды сатудың шығындары (тауарлар, жұмыс, қызмет)», 7210«Жалпы және әкімшілік шығындар»- еңбекақы есептеу әлеуметтік салық соммасына. Кредит шоты 3150 «

 

Төлем ведомостінің беткі жағында сауда кәсіпорынының басшысымен рұқсат берілген.

Төлем ведомостіне басшы және бас бухгалтер қол қояды,содан кейін орындауғға кассирге береді.

Жұмысшыларға және қызметкерлерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақы уақытша жарамсыздық төлем ведомостінде кассадан қолхат арқылы беріледі. Еңбекақы жұмыс күндері үш күн арасында беріледі, банктен алған күнін есептегенде белгіленген 3 жұмыс күні бітуімен кассир төлем ведомстін «жабады»: тұлғаның фамилиясына қарсы, еңбекақы алмаған өз қолымен жазады немесе арнаулы штамп қояды: «Депоненттелген». Алынбаған еңбекақы соммасы әрбір тұлғаға кассир депоненттелген еңбекақы реестрі бойынша болек енгізеді (формасы төменде көрсетілген), екі дана көшірмесінен құралған.

Бірінші дана кассирдің есебіне негізделген және аудару соммасына негізгі қызмет ететін3230 «Өзге» бөлімдер «Алашақтардың басқалай қарыздары»,субшот «Депоненттермен есеп айырысу». Реестердің екінші данасы бухгалтерияға берілетін депоненттермен есеп айырысуда қолданылады. Депоненттелген еңбекақы берілгенде ақырғы екі кестеде күні және шығыс касса ордерінің номері көрсетіледі.

Үш жұмыс күнінің депоненттелген еңбекақы соммасының өтіп кетуімен және әлеуметтік жәрдемақы уқытша жұмысқа қабілетсіздік банке өткізеді.

Еңбекақы ортақ соммаға берілген және әлеуметтік жәрдемақы шығыс касса ордерімен жасалынады және келесі жазудың негізі бойынша бухгалтерлік есеп шотында өндіріледі.

Дебет шотына сәйкес:

3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»

3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы»

Кредит шоты 1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша»

 

Еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақы халық банкіне есептелгенде, көптеген ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары еңбекақыны сол арқылы алады, банктің негізгі келесі бухгалтерлік проводкалардан құралады.

Дебет шоттарына сәйкес.

3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»

3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы»

Кредит шоты 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақшаөқаражаты»

Еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақы уақытша жұмыссыздықтың депоненттелген соммасы келесі бухгалтерлік жазулардан жасалады:

Дебет шотына сәйкес:

3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»

3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы»

Кредит шоты 3230 «Өзге» бөлімдер 32 «Өзге кредиторлық қарыздар және аударым», субшот «Депоненттермен есеп айырысу»

 

 

7 тақырып. Табыстар мен шығыстарды тану

Табыс дайын өнiмдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келiсiмшартта анықталады: ал мәмiледен шығатын табыс сомосы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңiлдiктерiн ескере отырып; олардың құндарын өлшейдi. Сатып алушылардың алған активтер үшiн төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде. Тараптар өздерiнiң келiсшартында бухгалтерлiк есептiң мынындай басты қағидаларына көңiл бөледi: есептеу, шындық, аламалау, яғни, екi жақты да бiрдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесi жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағалағанда, яғни екi тапрап та мәмiлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сүрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтiндiгiн бiлген жағдайда, мәмiлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектiнiң алу ықтималдығы бар болуы мүмкiн. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшiн келiсiм – шартта көрсетiлген соманы сатып алушының төлейтiндiгiн туралы сенiмiн бiлдiредi.

Келесi шарт сатушыдан сатып алушыға өтетiн меншiк құқығы болып табылады, бұл әдетте берiлген кезден басталады, ал егер сатушы меншiк иесi ретiнде құқығын және мiндеттемесiн сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәмiле бойынша күтiлетiн шығын үлкен нөлдiк деңгейдегi бағалауды қажет етедi.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынатын табыс ретiнде танылады:

- есеп беру күнiне мәмiленiң аяқталу кезеңi үлкен деңгейдегi дәлдiкпен анықталса;

- мәмiленi жүргiзу кезiнде жұмсалған шығыстары да, мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығыстары дв үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағаланса.

Субъект барынша дәлдiк деңгейде табысын анықтай алады, ол мәмiлеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсiлiне, күтiлетiн компенсациясына әрбiр тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмiлеге қатысушылармен ортақ шешiмге кеоген жағдайда қол жеткiзедi.

Мәмiленiң сипатына қарап оның аяқталу кезеңiн анықтаған кезде мына әдiстерiнiң бiрiн пайдаланады:

- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;

- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша орындалған қызметтiң пайыздық қатынасы;

- орындалған жұмысты талдау.

Аралық негiзде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетудеiң, яғни мәмiленiң нәтижесiнде үлкен деңгейдегi дәлдiкпен табысты анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерiнде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі ХҚЕС бойынша 60-бөлiмшесiнiң шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:

6010 – "Өнiмдерді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс" шоты. Бұл шотта өнiмдi сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетiлген қызметтерден түсетiн табыстар көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 6010-шоттың кредитiнде дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.

6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтiрiлген.

Кесте 1. «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шотының корреспонденциялары

Қатар № Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
       
1. Салықтық шот – фактураларының және накладнойдың негізінде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылды 1210,2110      
ҚҚС, сомасына, 14% 1210,2110    
2. Жұмыстары қабылдау актіслурінің негізінде, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер 1210,2110    
ҚҚС сомасына, 14% 1210,2110    
3. Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті    

 

Дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен сомасы есептi кезеңнiң аяғында Жиынтық табыс (залал) шотына көшiрiлiп жазылады. Бұл кезде 6010-шоты дебеттеледi де, 5410-шоты кредиттелiнедi.

Қаржыландырудан түсетін табыстардың есебiн есептеу үшiн типтік шоттар жоспарының "Қаржыландырудан түсетін табыс" деп аталатын бөлiмшесi арналған және оған келесi пассивтiк күрделi шоттар жатады. 6110,6120 – "Акциялар бойынша дивиденттер және сыйақы түріндегі табыстар" шоты ұзақ мерзiмдi жалға берiлген қарыздары (заемдары), сатып алынған бағалы қағаздары, пайыз түрiнде табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттердi есептеуге арналған.

Пайыз түрiнде алынатын табыстар ХҚЕС 33 сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уқытша қатынастық негiзiнде ескередi. Мысал, субьектiң тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегi векселi бар делiк. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайынғы табысы 2% (24/12) құраған. Табыстан төленетiн дивидендтер акционерлердiң оны алуы туралы құқы белгiленсе ғана танылады.

Шығындарды жіктеу әртүрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және косымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар:

өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу- келген және шыккан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу- реттелетін және реттелмейтін.

Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс - болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық"деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім турлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мумкіндік бермейтін.

1887 ж. ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтүге мумкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты- тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты тұрақты және шарты-озгермелі

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты- өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Шығындар - басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс.

Халықаралық қаржылық есептіліктің 2 «Қорлар» стандартына сәйкес жоспарлау және талдау кезінде өнімнің өзіндік құнының өндірістік шығынын құрайтын мынадай топтау түрлері қолданылады:

1) шығынның пайда болу орны бойынша(өндіріс, цех, бөлімше ж. т.б.).

2) өнімнің, жұмыстың ж&




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 6789; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.21 сек.