Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайд 1Лекция 4 (часть 1). Макроэкономическое равновесие




ЛЕКЦИЯ

Беру жүйелерінің дамуы және түрлері

 

Мазмұны:

1. Ауа тораптары тізбектерінің алғашқы параметрлері;

2. Симметралы кабельдер тізбегі алғашқы параметрлері;

3. Ауа және кабельдік тізбектері толқындық параметрлері;

4. Құрылымдалынған кабельдер айнымалы жұбы алғашқы параметрлері;

5. Құрылымдалынған кабельдер айнымалы жұбы екінші параметрлері.

 

Ауа тораптары тізбектерінің алғашқы параметрлері

 

Ауа торабы - екі өткізгішті сым тізбегі. Алғашқы параметрлерді анықтағанда тізбектер оқшауланған деп саналады. Алғашқы параметрлер 1 км ұзындыққа жатқызады. Сонымен тұрақты тоққа кедергі анықтамасынан шығады ρ0 - меншікті кедергі, l – линия ұзындығы км-да, S - қиынды мм2.

Сонда 1 км екі өткізгішті сымдар тізбегі.

 

, (3.1)

d – сым диаметрі мм.

 

Кедергі металдық сымдар үшін температураға тәуелді:

R'0=R0 [1 + α'(t0-200) ], (3.2)

R0 - 20º С кедергі.

Екі өткізгішті сымдарда кедергі тұрақты тоққа [Ом/км] диаметрі d=4 мм болғанда:

дағдылы құрыш - 22 Ом/км,

жезді құрыш - 23,3 Ом/км,

жұмсақ жез - 2,8 Ом/км,

қатты жез - 2,84 Ом/км,

алюмини - 4,66 Ом/км,

биметалл (құрыш-жез) - 4 Ом/км,

Торап кедергісі жақындық эффект есебімен мынадай формуламен шешіледі

 

, (3.3)

 

функция F(x) – график түрінде көрсетіледі, x = | ka | = | k |, .

Екі өткізгішті сымдар бір текті дөңгелек өткізгіштермен индуктивтігі [28]

 

, Гн/км (3.4)

а – өткізгіш сымдардың өз ара қашықтығы, d – өткізгіш сымдары диаметрі, Q(x) - үстіңгі эффект есепке алынатын функция, оның графигі [1] көрсетілді, x = | k | d. Бірінші қосылғыш – бұл сыртқы индук­тивтік, екіншісі - ішкі.

Екі өткізгішті сымдар тізбегі сиымдылығы мына формуламен есептелінеді

 

, Ф/км (3.5)

ε r – ортаның салыстырмалы диэлектрикалық өткізгіштігі.

1,05 коэффициенті – ауа тізбектері үшін енгізіледі және изоляторды есепке алады. Бұдан көрінгендей сиымдылық жиелікке тәуелді емес.

Ауа тізбектері сымдары арасындағы оқшаулықтар өткізгіштігі көптеген факторлармен анықталады. Сондықтан оны эмпирикалық формуламен анықтайды:

G = G0+kf, См/км (3.6)

G0 тұрақты тоққа өткізгіштік, k – оқшаулық күиің есепке алатын кейбір коэффициенттер, ƒ – ауыспалы тоқ жиелілігі, Гц.

G0 ≈ 0,01·10-6 См/км, k ≈ 0,05·10-9 – құрғақ ауа райында.

G0 ≈ 0,05·10-6См/км, k ≈ 0,25·10-9 – ылғал ауа райында.

Симметралы кабельдер тізбегі алғашқы параметрлері

 

Кабельдердің ауа торабынан айырмашылығы, олардың ішіндегі тарамдардың ара қашықтығы сол тарамдардың диаметріне және көрші жұпқа дейінгі қашықтыққа пара пар. Сондықтан жақындық эффектісі үлкен рөль атқарады. Сонымен қатар барлық тарамдар түйіндері бұралады, себебінде тарамдар ұзындығы кабель ұзындығынан асып кетеді.

Кабельдік жұптың тұрақты тоққа кедергісі және ауа торабы үшін де осы формуламен есептелінеді, алайда бұрылған жағдайда ұзарғандығы есепке алынады, яғни

 

, Ом/км (3.7)

χ сым диаметріне D тәуелді өзгереді. Егер D =30÷80 мм болса, онда χ =[1,01÷1,07]. Кабельдік жұптың айнымалы тоққа кедергісі

 

, Ом/км (3.8)

 

Мұнда G (x) және Н (х) графикпен анықталады және сымдардың жақындығы есепке алынады. Р параметрі бұралу түрі:

Р=1 жұпты бұралуда (3.1 сүгірет)

3.1 Сүгірет – Жұпты бұралу

Р=2 қос жұпты бұралу (3.2 сүгірет)

3.2 Сүгірет– Қос жұпты бұралу

 

Р=4+ жұлдызды бұралу (3.3 Сүгірет)

 

3.3 Сүгірет– Жұлдызды бұралу

Δ R – вихрлық тоқтардан туындайтын қосымша кедергілер және ƒ>30 кГц болғанда есепке алынады, мысалға, [1] кестемен.

 

Белсенді кедергінің жиелікке тәуелділігін келтіреміз (3.4 Сүгірет).

 

3.4 Сүгірет – Белсенді кедергінің жиелікке тәуелділігі

 

Кабельдік жұптың индуктивтігі:

 

, Гн/км (3.9)

χ– қатты бұралу коэффициенті. Яғни бұл ауа торабына болатындай дәл сондай формула. Повива диа­метре D =30÷80 мм болғанда, онда χ =[1,01÷1,07]. L – дің жиелікке тәуелділігін көрсетеміз (3.5 сүгірет).

3.5 сүгірет –Индуктивтіктің жиелілікке тәуелділігі

 

Кабельдік тізбек сиымдылығы көрші тарамның әсерін есепке алғанда:

 

Ф/км (3.10)

 

Мұнда χ – қатты бұралу коэффициенті, ψ тарамдардың жақындығы [1]. есебінен сиымдылықтың ұлғаюын есепке алушы коэффициент. εр компинацияланған оқшаулау жұбы үшін қорытындылаушы диэлектрикалық өткізгіш:

 

. (3.11)

εr1 қатты диэлектриктердің салыстырмалы диэлектрикалық өткізгіштігі, εr2 ауаның салыстырмалы диэлектрикалық өткізгіштігі, V1 диэлектрик көлемі, V2 ауа көлемі. ψ - d1/d, d1 тәуелді оқшаулау тарамы диаметрі және d – жалаң тарамдардың диаметрі.

Кабельдік тораптағы оқшаулықтардың өткізгіштігі ауаға қараған көп мәрте аз болып келеді және олар анықталады

G = ωСtgδр, См/км (3.12)

С – тізбек сиымдылығы [Ф/км], tgδp - компинацияланған оқшаулау шығындалу тангенс бұрышы:

 

. (3.13)

 

Ауа және кабельдік тізбектері толқындық параметрлері

 

Тораптардың толқындық немесе екінші параметрлері белгілі болғандай толқындық кедергі Zв және γ таралу коэффициенті. Екі өткізгішті сымдар тізбектері үшін, кабельдік және ауалық бағыттаушы жүйеге кіретін нақты түрлерін жазамыз.

Жез сымнан тұратын (тоқ жүретін тарам) екі өткізгішті торапты аламыз. Сонда толқындық кедергі болады

 

, Ом (3.14)

 

мұнда r0 сым радиусі, а – сымдар арасы қашықтығы.

Жез сымдары торабы өшу коэффициенті

 

, дБ/км (3.15)

 

Фазалар коэффициенті

 

, C – желдің жылдамдығы. (3.16)

 

Тораптағы толқын топтық және фазалық жылдамдығы

 

. (3.17)

 

Жалпы түрде екі өткізгішті торабы аз жоғалтумен өшу коэффициентін жазуға болады

 

. (3.18)

 

Алғашқы параметрлер арасындағы оптималдық қатынастар, α - ең кіші мәнде болғанда оптимальдық қатынасы. Ол үшін теңдеу жазамыз

 

. (3.19)

 

Бұдан оптимальды қатынас .

Алайда нақты желілерде әр қашан , сондықтан белгіленген қашықтықтар арқылы индуктивтік катушканың қосылумен индуктивтік ұлғаяды (пупинизация тәсілі).

 

Құрылымдалынған кабельдер айнымалы жұбы алғашқы параметрлері

 

Айналу жұбы таралған параметрлермен тиіптік тізбек болып табылады. Оның эквиваленттік сызбасы 3.6 сүгіретте көрсетілген

3.6 Сүгірет– Эквиваленттік сызба

 

Айналым жұбы электрлік қасиеттері басқа кез келген электромагниттік тербеліс бағыттаушы жүйесі сыяқты, толықтай олардың алғашқы параметрлерімен сипатталады: омдық кедергі R, индуктивтікL, сиысдылық C және оқшаулықтың өткізгіштігі G.

R және G сымдағы, экран мен оқшаулықтағы энергия шығын көрсетеді. C және L параметрлері айналым жұбының реактивтігін анықтайды және олардың жиелік қасиеттерін көрсетеді.

Сиымдыдық. Айналым жұбы сиымдылық көлемі құрайды

 

, нф/м, (3.20)

 

ε - оқшаулау материалы салыстырмалы диэлектрикалық өткізгіштігі, D- жұптағы сымдар ара қашықтығы, d- өткізгіш сымы диаметрі.

TIA/EIA - 568-А стандарты бойынша 3 категориядағы кабельдер үшін 100м. ұзындыққа сиымдылық 6,6нф-дан асып кетпеуі тиіс, ал 4-5 категориядағы кабельдер үшін, 6нф. Экранды қолдану сиымдылықты шамамен 30% ұлғайтады.

Белсенді кедергі. Белсенді кедергі жасалған материлға, оның ұзындығына, қимасына, жиелік температурасына және т.б. тәуелді болып келеді.

TIA/EIA стандарты талаптарына сәйкес- 568-А t°=20° С температурада тұрақты тоққа кедергі кез келген айналым жұбы өткізгіштері 100м ұзындықта 9,38 Ом. аспауы тиіс. Кедергіде үстіңгі эффект әсері орнын толықтыру үшін сымдар диаметрі түрлі жиеліктер үшін әр түрлі таңдалады. Мысалға, 5 категориядағы өткізгіштердің диаметрі 100 МГц дейінгі жиелікте 0,51 ÷ 0,52мм болады, сонда 600-мегагерцелік кабельдерде өткізгіштер диаметрі шамамен 0,6мм. дейін ұлғайтылады.

Индуктивтік. Айналым жұбы индуктивтігі бірнеше құрамдастықтардан тұрады

 

L = L1+L2+L3 Гн/м (3.21)

 

мұнда L1 - сыртқы индуктивтік, ол сымдардың геометриясымен, сым материалдары магниттік қасиеттерімен. L2 – ішкі индуктивтік. Бұл құрамдастықтар жиелік өскен жағдайда азаяды. L3 – сыртқы орам индуктивтігі (егер жұп экрандалынсан). Бұл құрамдастар көзге көрінетін жиелік тәуелділікте болады. Қорытындылаушы L жиелікпен азаю тенденцияға ие.

Оқшаулықтың өткізгіштігі. Бұл параметрлер материал сапасының және жекеленген сымдардың оқшаулау орамдарын дайындау процесінің өлшемі болып табылады. Айналым жұбы изоляциясы қорытындылаушы өткізгіштігін екі құрамдық түрінде көрсетуге болады:

 

G = G0+Gf, См/м (3.22)

 

мұнда G 0- диэлектриктердің жетілмегендігінен тоқтың ағып кетуін есепке алады, Gf диэлектрикті поляризациялауға кететін энергия шығыны.

 

Құрылымдалынған кабельдер айнымалы жұбы екінші параметрлері.

Толқындық кедергі. Айналым жұбы толқындық кедергісі деп тораптағы толқындық процестері кедергісі аталады. Олар анықталады

 

, Ом (3.23)

 

мұнда ZB ажыратылған шексіз ұзындықтағы айналым жұбы кіріс кедергісіне санды тең.

Өшу. Кабельдік техникада жеке және жұмыс өшуі болып айрылады. Кабельдің жеке өшуі деп оның идеалды жағдайындағы өшуі айтылады. Олар идеалды келісім жағдайында таралу коэфициентінің нақты бөлігі ретінде анықталады.

 

. (3.24)

 

Кабельдерді нақты қолдану жағдайында келісім бұзылады және бұл өшудің өсуіне әкеліп соқтырады. Ондай өшу жысшлық деп аталады.

Сәуленелуге байланысты өшу. λ < a болғанда, мұнда а- сымдар арасы қашықтығы, бұл шығындар лезде өсіп кетеді. Айналым жұбы үшін а=2мм, сондықтан f = fкр = 15ГГц.

Жиеліктің өсуімен өшу де өседі. Бұл тәуелділік айналым жұбы үшін TIA/EIA - 568-А стандартымен 100м. ұзындыққа t°=20° болғанда мынадай формуламен көрсетіледі

 

, Дб (3.25)

 

A(f) – ең үлкен шекті өшу, f - жиелік МГц, k1, k2, k3 – кабел категорияларына тәуелді коэффициенттер. Мысалға, 5 кате­гориялы кабельдер үшін k1 = 1,967, k2=0,023, k3=0,050.

Өтпелі өшу. Берілетін дабыл деңгейі мен олардың көрші жұпта жасақтайтын кері әсері арасындағы айырмашылық өтпелі өшу деп аталады. СКС техникаларында жақын ұштағы өтпелі өшу NEXT (Near End Crosstalk) түрінде белгіленіледі, ал алыс ұштағы FEXT (Far End Crosstalk).

TIA/EIA - 568-А стандарты 100 м ұзындықтағы кабельдің жақын ұшындағы өтпелі өшудің ең кіші мәнін мөлшерлейді. Ол 0,772МГц жиеліктен көп келесі түрмен анықталады:

, дБ. (3.26)

3,4,5 категориялы кабельдер үшін NEXT (0,772) мәні 43, 58, 64дБ. тең қабылдайды

Қосымшаға және кабельдерді қолдану әдістеріне байланысты өтпелі өшудің мәндерін мөлшерлеу түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Қолда бар қабылдағыш пен таратқышты бір мезгілде ұсынғанда кері әсер жеке таратқыштың әсерінен өсіп кетуі мүмкін.

Қорғалуы. Қорғалу дегеніміз өтпелі кері әсерлерден сақтандыру деп түсіндіріледі. Бұл параметрлер ACR (Attenuation to Crosstalk Radio) түрінде белгіленіледі. Бұл параметрлер кері әсердің пайдалы дабылдардан асып кету мөлшерін анықтайды.

Олар былай анықталады

 

ACR=NEXT-A(f), дБ. (3.27)

 

Мысал үшін, TIA/EIA - 568-А стандартына сәйкес ұзындығы 100 ең кіші допустимое значение ACR шекті мәнен 3,4,5 категориялы кабелдер үшін 15, 34, 40 дБ. болады. 10МГц жиелікте.

Дабылдардың салыстырмалы таралу жылдамдығы (Параметр NVP) және дабыл өтуін кідірту (параметр Delay). Параметр NVP (Nominal Velociti of Propagation) айналмалы жұпты бойлай электромагниттік толқындар жылдамдығының бәсеңдеу өлшемі болып табылады. Ол нақты жылдамдықтың жарық жылдамдығының вакуумдағы жылдамдығы қатынасына тең болады және % белгіленіледі.

JSO/JEC -11801 стандартында NVP параметрі атап айтқанда анықталған, жиелік 1МГц болған жағдайда 3, 4, 5 категориялы кабельдер үшін 0,4, 0,6, 0,65 болып келеді.

NVP мәні айналмалы жұп үшін өткізгіш диаметріне, олардың ара қашықтығына және диэлектрик түрлеріне тәуелді болып келеді. СКС-та қолданылатын кадельдер үшін оқшаулау материалы басты анықтауыш болып табылады.

Электр магниттік толқындардың айналмалы жұп бойымен таралу ақырғы жылдамдығы қабылдағышқа түсетін дабылдарды олардың кіру торабына түскен соң кідіріске ұшырауына соқтырады. Кідірту мәні (delay параметрі) кейбір жоғарғы жылдамдықты ақпарттар алмасу қосымшаларында қиын сәтте болады.

JSO/JEC -11801 стандартына сай delay параметрі төменде көрсетілген мәннен асып кетпеуі тиіс

 

, нс/100, (3.28)

 

Мұнда f - МГц – тегі жиелік.

Айналмалы жұптардағы дабылдардың жүруіне кедергілердің шашылуы. (параметр Skew). Бірнеше айналмалы жұптардан тұратын кабельдерде, олардың әр біреуі таратқыштан қабылдағышқа дейінгі жеке уақыттарымен сипаттлады.

Барлық жұптардың арасындағы кедергілердің ең жоғарғы айырмашылығы skew параметрімен белгіленіледі:

 

Skew=max/ti-tj/, i, j = l, n (3.29)

 

мұнда n- тексерілетін кабелдегі жұптар саны (көбіне n=2). tk- айналмалы жұптардың ең соңғы ұшына импульстердің келу сәті.

Құрылымдық және дағдылы қайтарылынатын шығын. Нақты тораптарда шағылысқа әкеліп соқтыратын әр тектілер қатынасады. Нәтижесінде торапта екі қосымша зиянды ағыстар пайда болады, олар келісімді нашарлайды және қосымша сөну мен нашарлауға әкеліп соқтырады. Бұл кері ағыс, екі мәрте қайталап шағылысудан туындайтын шағылысқан толқындардан және ілеспе ағыстардан тұрады. Кері шағылысудың белсенділігі SRL (Structural Return Lose) параметрлерімен сипатталады, олар басты дабыл қуатының кері энергия ағысы қуатына қатынасымен анықталады.

Бұл параметрлер түрлі стандарттармен әр түрлі кабелдер категориялары үшін мөлшерленіледі. Атап айтқанда 1-10МГц жиелікте қайтарылатын шығын мәні 100, 120 Ом толқындық кедергілерімен, категориялары 3, 4, 5 болатын кабельдер үшін 12, 21, 23 дБ. мәнді құрайды.

Байланыс кедергілері. Байланыс кедергілері экрандалған кабельдің экран жасау сапасы мөлшері болып табылады. Бұл параметрлер экранда, кабель ұзындығы бірлігіне мөлшерленілген бағытталғын тоқпен I1 кернеу U2 қатынастары ретінде анықталады.

 

 

, мОм/м. (3.30)

 

Бұл мән мөлшерленіледі. Мысалға 10МГц жиелікте дағдылы экрандар осы параметрдің 30 мОм/м мөлшеріне ие болады, ал құрама экрандар үшін Rk <25мОм/м.

 

Несимметрияның өшуі. Нақты айналмалы жұптар жекелеген өздерінің өткізгіштері жерге салыстырмалы қарағанда және түрлі белсенді кедергілермен үлкен немесе кіші несимметриямен иемделеді. Бұл құбылыс толық емес өтемдермен қосақтала жүреді және сәулелердің туындауына соқтырады және айналмалы жұптарда сыртқы электрмагниттік өрістер әсерінен электр тоғының жүруіне әкеліп соқтырады. Несимметрия мәнінің интегральдық мөлшерлік көлемі несимметрияның өшу мәні болып табылады. Бұл мәндер жақын және алыс ұштарда анықталады. Жақын ұштағы несимметрия өшу параметрлері белгіленіледі

 

, дБ. (3.31)

 

Мұнда U1, U3, U4 3.7. сүгіретте көрсетілген

3.7 сүгірет–Несимметрия кернеуі

 

Алыс ұштағы үшін дәл сондай

 

, дБ. (3.32)

 

JSO/JEC -11801 стандарттарына сай несимметрияның өшу параматрлері LCL жәнеLCTL 1МГц жиелікте А, В, С, Д тораптар кластары үшін 30, 20, 30, 40 дБ құрайды.

Қосымша шығындар. (JLD Insertion Loss Deviation). Аталған сипаттама әр түрлі тораптар қондырылғын жекеленген компоненттерді жазу үшін қолданылады. Аталған шығындардың шығу себебі жекеленген компоненттердің толқындық кедергісінің күшті вариясясы әсерінен туындайды, олардың тізбектеліп жалғануы еспе жұбы негізінде кабельдік тракт құрайды. Аталған шығындар көлемі өте үлкен болмайды, түрлі жиелікте және әр түрлі тораптарда 1 ден 2 дБ-ға дейін құрайды.

Сыртқы электромагниттік сәулелерден шығатын шу. Еспе жұбында теңдестірудің төмендігінен сыртқы электромагниттік өрістерден келеңсіз әсерлер туындауы мүмкін. Ондай өрістер электрқозғалтқыштарынан, күштік кабельдерден, флуоресценттік шамдар стартерлерінен, ұялы радио телефондардан, радио және теле апараттарынан және басқа көздерден таралатын сәулелер әсерінен болуы мүмкін. Жалпы алғанда еспе жұптары ондай факторларға тұрақты болып келеді және сондықтан аталған әсерлерге арнайы нормативтер қаралмаған.

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Тораптың алғашқы және екінші параметрлері дегеніміз не?

2. Как параметры линий зависят от частоты, геометрических и физических параметров линии?

3. Первичные и вторичные параметры структурированных кабелей.

 

 

Әдебиеттер

1. Виноградов В.В., Кустышев С.Е., Прокофьев В.А. Темір жол автоматикалары, телемеханикалары және байланысы торабы. М.: Маршрут, 2002, 416бет.

 

4.1.1 Совокупный спрос и факторы, его определяющие

4.1.2 Совокупное предложение в подходах классической и кейнсианской школы

4.1.3 Графическая взаимосвязь совокупного спроса и совокупного предложения в модели общего макроэкономического равновесия

4.1.4 Виды макроэкономического равновесия и математические модели механизма макроравновесия

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 586; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.